Жіптердің жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкаларын белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 22 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 5402 44 000 0 және 5404 11 000 0 кодтарымен сыныпталатын жіптердің жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 5402 44 000 0 және 5404 11 000 0 кодтары бар позиция төртінші графада "49С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 49С ескертпесімен толықтырылсын:

      "49С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 21 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2025.31.12. дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

В. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук


Об установлении ставок ввозных таможенных пошлин Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза в отношении отдельных видов нитей

Решение Совета Евразийской экономической комиссии от 18 февраля 2022 года № 22.

      В соответствии со статьями 42 и 45 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, пунктом 16 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и пунктом 4 приложения № 1 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Совет Евразийской экономической комиссии решил:

      1. Установить ставки ввозных таможенных пошлин Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза, утвержденного Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 г. № 80, в отношении отдельных видов нитей, классифицируемых кодами 5402 44 000 0 и 5404 11 000 0 ТН ВЭД ЕАЭС, в размере 0 процентов от таможенной стоимости с даты вступления в силу настоящего Решения по 31 декабря 2025 г. включительно.

      2. Внести в Единый таможенный тариф Евразийского экономического союза, утвержденный Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 г. № 80, следующие изменения:

      а) позиции с кодами 5402 44 000 0 и 5404 11 000 0 ТН ВЭД ЕАЭС в графе четвертой дополнить ссылкой на примечание "49С)";

      б) примечания к Единому таможенному тарифу Евразийского экономического союза дополнить примечанием 49С следующего содержания:

      "49С) Ставка ввозной таможенной пошлины в размере 0 (ноль) % от таможенной стоимости применяется с даты вступления в силу Решения Совета Евразийской экономической комиссии от 18 февраля 2022 г. № 22 по 31.12.2025 включительно.".

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики Армения

От Республики Беларусь

От Республики Казахстан

От Кыргызской Республики

От Российской Федерации

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Султанов

А. Кожошев

А. Оверчук