Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылған өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің ІІ бөлімінің 11-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 28 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабының 1-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылған өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің ІІ бөлімінің 11-тармағындағы кестеге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) бірінші графаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕАЭО СЭҚ ТН коды";

      б) 29-топта "2935 00-ден" позициясында "2935 00-ден" сөздері "2935-тен" сөздерімен ауыстырылсын;

      в) 34-топта ЕАЭО СЭҚ ТН "3402 20-дан" коды бар позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "3402 20" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "3402 50 000" кодымен ауыстырылсын;

      г) 48-топта:

      "4803 00-ден" позициясында "немесе жаялықтар" сөздері алып тасталсын;

      "4818-ден" позициясында "тампондар," сөзі алып тасталсын;

      "9619 00-ден" позициясы алып тасталсын;

      д) 96-топта (9619 00-ден" позициясы "тампондар деген сөзден кейін "жаялықтар, жаялықшалар" деген сөздермен толықтырылсын.

      2.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан М.Григорян

Беларусь Республикасынан И.Петришенко

Қазақстан Республикасынан Б.Сұлтанов

Қырғыз Республикасынан А.Кожошев

Ресей Федерациясынан А.Оверчук


О внесении изменений в пункт 11 раздела II Единого перечня продукции (товаров), подлежащей государственному санитарно-эпидемиологическому надзору (контролю) на таможенной границе и таможенной территории Евразийского экономического союза

Решение Совета Евразийской экономической комиссии от 17 марта 2022 года № 28.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.2

      В соответствии с пунктом 1 статьи 57 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года и пунктом 44 приложения № 1 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Совет Евразийской экономической комиссии решил:

      1. Внести в таблицу в пункте 11 раздела II Единого перечня продукции (товаров), подлежащей государственному санитарно-эпидемиологическому надзору (контролю) на таможенной границе и таможенной территории Евразийского экономического союза, утвержденного Решением Комиссии Таможенного союза от 28 мая 2010 г. № 299, следующие изменения:

      а) наименование графы первой изложить в следующей редакции:

      "Код ТН ВЭД ЕАЭС";

      б) в группе 29 в позиции "Из 2935 00" слова "Из 2935 00" заменить словами "Из 2935";

      в) в группе 34 в позиции с кодом "3402 20" ТН ВЭД ЕАЭС код "3402 20" ТН ВЭД ЕАЭС заменить кодом "3402 50 000 0" ТН ВЭД ЕАЭС;

      г) в группе 48:

      в позиции "Из 4803 00" слова "или пеленки" исключить;

      в позиции "Из 4818" слово "тампоны," исключить;

      позицию "Из 9619 00" исключить;

      д) в группе 96 позицию "Из 9619 00" после слова "тампоны" дополнить словами ", пеленки, подгузники".

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации
М. Григорян И. Петришенко Б. Султанов А. Кожошев А. Оверчук