2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабының 1-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылған өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің ІІ бөлімінің 11-тармағындағы кестеге мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) бірінші графаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕАЭО СЭҚ ТН коды";
б) 29-топта "2935 00-ден" позициясында "2935 00-ден" сөздері "2935-тен" сөздерімен ауыстырылсын;
в) 34-топта ЕАЭО СЭҚ ТН "3402 20-дан" коды бар позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "3402 20" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "3402 50 000" кодымен ауыстырылсын;
г) 48-топта:
"4803 00-ден" позициясында "немесе жаялықтар" сөздері алып тасталсын;
"4818-ден" позициясында "тампондар," сөзі алып тасталсын;
"9619 00-ден" позициясы алып тасталсын;
д) 96-топта (9619 00-ден" позициясы "тампондар деген сөзден кейін "жаялықтар, жаялықшалар" деген сөздермен толықтырылсын.
2.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан М.Григорян | Беларусь Республикасынан И.Петришенко | Қазақстан Республикасынан Б.Сұлтанов | Қырғыз Республикасынан А.Кожошев | Ресей Федерациясынан А.Оверчук |