Қызылша сабағын кесетін машиналар мен қызылша жинайтын машиналарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы және Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалар мөлшерлерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 100 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ шартына № 1 қосымша), 2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 4 және 132-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 53 300 0 кодымен сыныпталатын қызылша сабағын кесетін машиналарға және қызылша жинайтын машиналарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2024 жылғы 30 маусым аралығында кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 53 300 0 коды бар позиция төртінші бағанда "68С)"ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 68С ескертпемен толықтырылсын:

      "68С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 100 шешімі күшіне енген күннен бастап 30.06.2024 аралығында қолданылады.".

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы шешімімен бекітілген, Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баж ставкалары мөлшерлерінің тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      А) ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 53 300 0 коды бар позиция үшінші бағанда "19" сілтеме белгісімен толықтырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы 19-сілтемемен толықтырылсын:

      "19 Кедендік әкелу бажының ставкасы 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылады.".

      4.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Касымалиев

А. Оверчук


Об установлении ставки ввозной таможенной пошлины Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза в отношении машин свекловичных ботворезных и машин свеклоуборочных и о внесении изменений в перечень товаров, в отношении которых Республикой Казахстан в соответствии с обязательствами, принятыми в качестве условия присоединения к Всемирной торговой организации, применяются ставки ввозных таможенных пошлин, более низкие по сравнению со ставками пошлин Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза, и размеров таких ставок пошлин

Решение Совета Евразийской экономической комиссии от 21 июня 2022 года № 100.

      В соответствии со статьями 42 и 45 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, пунктом 16 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года), статьей 3 Протокола о некоторых вопросах ввоза и обращения товаров на таможенной территории Евразийского экономического союза от 16 октября 2015 года и пунктами 4 и 132 приложения № 1 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Совет Евразийской экономической комиссии решил:

      1. Установить ставку ввозной таможенной пошлины Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза, утвержденного Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 г. № 80, в отношении машин свекловичных ботворезных и машин свеклоуборочных, классифицируемых кодом 8433 53 300 0 ТН ВЭД ЕАЭС, в размере 0 процентов от таможенной стоимости с даты вступления в силу настоящего Решения по 30 июня 2024 г. включительно.

      2. Внести в Единый таможенный тариф Евразийского экономического союза, утвержденный Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 г. № 80, следующие изменения:

      а) позицию с кодом 8433 53 300 0 ТН ВЭД ЕАЭС в графе четвертой дополнить ссылкой на примечание "68С)";

      б) примечания к Единому таможенному тарифу Евразийского экономического союза дополнить примечанием 68С следующего содержания:

      "68С) Ставка ввозной таможенной пошлины в размере 0 (ноль) % от таможенной стоимости применяется с даты вступления в силу Решения Совета Евразийской экономической комиссии от 21 июня 2022 г. № 100 по 30.06.2024 включительно.".

      3. Внести в перечень товаров, в отношении которых Республикой Казахстан в соответствии с обязательствами, принятыми в качестве условия присоединения к Всемирной торговой организации, применяются ставки ввозных таможенных пошлин, более низкие по сравнению со ставками пошлин Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза, и размеров таких ставок пошлин, утвержденный Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 октября 2015 г. № 59, следующие изменения:

      а) позицию с кодом 8433 53 300 0 ТН ВЭД ЕАЭС в графе третьей дополнить знаком сноски "19";

      б) дополнить сноской 19 следующего содержания:

      "19 Ставка ввозной таможенной пошлины применяется с 1 июля 2024 г.".

      4. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики Армения

От Республики Беларусь

От Республики Казахстан

От Кыргызской Республики

От Российской Федерации

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Султанов

А. Касымалиев

А. Оверчук