2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ шартына № 1 қосымша), 2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 4 және 132-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 53 300 0 кодымен сыныпталатын қызылша сабағын кесетін машиналарға және қызылша жинайтын машиналарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2024 жылғы 30 маусым аралығында кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 53 300 0 коды бар позиция төртінші бағанда "68С)"ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 68С ескертпемен толықтырылсын:
"68С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 100 шешімі күшіне енген күннен бастап 30.06.2024 аралығында қолданылады.".
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы шешімімен бекітілген, Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баж ставкалары мөлшерлерінің тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
А) ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 53 300 0 коды бар позиция үшінші бағанда "19" сілтеме белгісімен толықтырылсын;
б) мынадай мазмұндағы 19-сілтемемен толықтырылсын:
"19 Кедендік әкелу бажының ставкасы 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылады.".
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Б. Сұлтанов | А. Касымалиев | А. Оверчук |