1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 26 өкіміне | |
ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың
2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістер
1. 4.1.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
" | 4.1.3. Одақ органдарының техникалық реттеу саласындағы актілерінің орындалуына мониторинг жүргізу тәртібін қабылдау | одақ органдарының техникалық реттеу саласындағы актілерінің орындалуына мониторинг жүргізу тәртібі бойынша ұсынымдар қабылдау |
Техникалық реттеу жөніндегі алқа мүшесі (Министр), | 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
Алқа | |
осы жоспардың 9.1.1-тармағында көзделген мониторинг жүргізу тәртібінің құрамында техникалық реттеу саласындағы Одақ органдары актілерінің орындалуына мониторинг жүргізу тәртібін айқындау | Хаттама күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде | Кеңес шешімі |
|
2. 4.1.5 және 4.1.6-тармақтарда төртінші бағандағы "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 4.5.1-тармақтағы төртінші бағандағы "жыл сайын, 2023 жылдан бастап" деген сөздер "тұрақты негізде (өзара салыстырмалы бағалау жүргізу нәтижелері бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 4.5.2-тармақта төртінші бағандағы "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 4.7.1-тармақта төртінші бағандағы "2021 ж. 31 желтоқсанға дейін**" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін**" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 4.7.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
" | 4.7.2. Мүше мемлекеттерде референттік зертханалар жүйесін құру үшін негіздер қалыптастыру | мүше мемлекеттерде референттік зертханалар жүйесін құру үшін жалпы тәсіл бойынша ұсынымдар қабылдау |
Техникалық реттеу жөніндегі алқа мүшесі (Министр), | 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
Алқа |
|
7. 4.7.3-тармақта төртінші бағандағы "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін**" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін**" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 4.9.1-тармақта төртінші бағандағы "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.