Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 26 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 26 өкіміне
  ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың
2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістер

      1. 4.1.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"

4.1.3. Одақ органдарының техникалық реттеу саласындағы актілерінің орындалуына мониторинг жүргізу тәртібін қабылдау

одақ органдарының техникалық реттеу саласындағы актілерінің орындалуына мониторинг жүргізу тәртібі бойынша ұсынымдар қабылдау

Техникалық реттеу жөніндегі алқа мүшесі (Министр),
мүше мемлекеттер
 
бірлесіп орындаушы:
Комиссияның Құқықтық департаменті

2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Алқа
ұсынымы
 



осы жоспардың 9.1.1-тармағында көзделген мониторинг жүргізу тәртібінің құрамында техникалық реттеу саласындағы Одақ органдары актілерінің орындалуына мониторинг жүргізу тәртібін айқындау

Хаттама күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде

Кеңес шешімі

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
".

      2. 4.1.5 және 4.1.6-тармақтарда төртінші бағандағы "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 4.5.1-тармақтағы төртінші бағандағы "жыл сайын, 2023 жылдан бастап" деген сөздер "тұрақты негізде (өзара салыстырмалы бағалау жүргізу нәтижелері бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 4.5.2-тармақта төртінші бағандағы "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 4.7.1-тармақта төртінші бағандағы "2021 ж. 31 желтоқсанға дейін**" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін**" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 4.7.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"

4.7.2. Мүше мемлекеттерде референттік зертханалар жүйесін құру үшін негіздер қалыптастыру

мүше мемлекеттерде референттік зертханалар жүйесін құру үшін жалпы тәсіл бойынша ұсынымдар қабылдау

Техникалық реттеу жөніндегі алқа мүшесі (Министр),
мүше мемлекеттер
 
 

2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Алқа
ұсынымы
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
".

      7. 4.7.3-тармақта төртінші бағандағы "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін**" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін**" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 4.9.1-тармақта төртінші бағандағы "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады