Еуразиялық экономикалық одақтың өнімге қойылатын міндетті талаптарын, оның ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкестігін міндетті бағалау бөлігінде оңтайландыру жөніндегі шаралар тізбесін бекіту туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 33 өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 9 тапсырмасын техникалық реттеу саласында келісілген шараларды әзірлеу және осы саладағы Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын жетілдіру, Еуразиялық экономикалық одақ нарығын қауіпті өнім айналымынан қорғаудың тиімділігін арттыру және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бөлігінде орындау мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың өнімге қойылатын міндетті талаптарын, оның ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкестігін міндетті бағалау бөлігінде оңтайландыру жөніндегі шаралар тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп жедел дайындықты қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қарауына тізбеде көзделген шараларды іске асыруға бағытталған актілердің жобаларын енгізу сұралсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы тізбеде көзделген шараларды іске асыру мониторингін және қажет болған кезде тізбені өзектендіруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық комиссия
  Кеңесінің 2022 жылғы 17 қазандағы
  №33 өкімімен
  БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың өнімге қойылатын міндетті талаптарын, оның ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкестігін міндетті бағалау бөлігінде оңтайландыру жөніндегі шаралар ТІЗБЕСІ

Еуразиялық экономикалық одақтың өнімге қойылатын міндетті талаптарын, оның ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкестігін міндетті бағалау бөлігінде оңтайландыру жөніндегі шаралар Шараларды іске асыру жөніндегі
іс-шаралар
Жауапты орындаушы (бірлесіп орындаушы) Орындау мерзімі Іске асыру нысаны

I. Сәйкестікті бағалау мақсатында, оның ішінде айналымға шығарылатын өнім түріне қарай "өнім партиясы" ұғымын нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу
 

Еуразиялық экономикалық комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) органдарының актілеріне сәйкестікті бағалау мақсаттары үшін, оның ішінде айналымға шығарылатын өнім түріне қарай "өнім партиясы" ұғымын нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беру

Одаққа мүше мемлекеттер

2023 жылғы шілде
 
 
 
 

Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары
 

сәйкестікті бағалау мақсаттары үшін, оның ішінде айналымға шығарылатын өнім түріне қарай "өнім партиясы" ұғымын нақтылауды көздейтін Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде Одақ органдары актілерінің жобаларын дайындау

Еуразиялық экономикалық комиссия

2024 жылғы желтоқсан
 

Одақ органдары актілерінің жобалары

II. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды жосықсыз алуға қарсы іс-қимыл жөніндегі тетіктерді әзірлеу

Еуразиялық экономикалық комиссияға сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды жосықсыз алуға қарсы іс қимыл тетіктері бөлігінде ұсыныстар беру
 

Одаққа мүше мемлекеттер

2023 жылғы мамыр
 
 
 
 

Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары
 

сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды жосықсыз алуға қарсы іс қимыл тетіктерін қалыптастыру туралы баяндама

Еуразиялық экономикалық комиссия

2024 жылғы наурыз
 
 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында баяндама

III. Өнімнің жекелеген санаттары (түрлері) бойынша Одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау нысандарын, схемаларын және рәсімдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу
 

Еуразиялық экономикалық комиссияға Одақ органдарының актілеріне өнімнің жекелеген санаттары (түрлері) бойынша Одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау нысандарын, схемалары мен рәсімдерін жетілдіру бөлігінде өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беру

Одаққа мүше мемлекеттер

2023 жылғы шілде
 
 
 
 

Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары
 

Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде өнімнің жекелеген санаттары (түрлері) бойынша Одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау нысандарын, схемаларын және рәсімдерін жетілдіруді көздейтін өзгерістер енгізу туралы Одақ органдары актілерінің жобаларын дайындау (қажет болған жағдайда)

Еуразиялық экономикалық комиссия

2024 жылғы желтоқсан
 

Одақ органдары актілерінің жобалары

IV. Одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстар шеңберінде зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер хаттамаларының ұлттық тізілімдерінің базасында бірыңғай тізілімді (бұдан әрі – бірыңғай тізілім) құру
 

бірыңғай тізілім қалыптастырылғанға дейін Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша өнімнің Одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер туралы жедел ақпарат алмасуды жүзеге асыру

Одаққа мүше мемлекеттер

тұрақты негізде

өнімнің Одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер туралы Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша ақпарат алмасу
 
 

бірыңғай тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібінің жобасын әзірлеу және келісу

Еуразиялық экономикалық комиссия,
Одаққа мүше мемлекеттер

2023 жылғы желтоқсан
 
 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімі

Одақ шеңберінде Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен жалпы процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттардың жобасын әзірлеу

Еуразиялық экономикалық комиссия,
Одаққа мүше мемлекеттер

2024 жылғы желтоқсан
 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімі

V. Тәуекелдерді талдау негізінде сәйкестікті бағалауды жүзеге асыру бөлігінде Одақ құқығын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау
 

Еуразиялық экономикалық комиссияға тәуекелдерді талдау негізінде сәйкестікті бағалауды жүзеге асыру бөлігінде Одақ органдарының актілерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру

Одаққа мүше мемлекеттер
 
 

2023 жылғы шілде
 

Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары

Одаққа мүше мемлекеттердің тәуекелдерді талдау негізінде сәйкестікті бағалауды жүзеге асыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ұсыныстары негізінде Одақ органдары актілерінің жобаларын дайындау
 

Еуразиялық экономикалық комиссия
 

2024 жылғы желтоқсан
 

Одақ органдары актілерінің жобалары

VI. Өнімді сәйкестендіру тәсілдерін жетілдіру және сәйкестендіру белгілері, қауіпті факторлар мен өнімге қойылатын талаптар арасында өзара байланыс орнату жөніндегі шараларды әзірлеу

Еуразиялық экономикалық комиссияға өнімді сәйкестендіру тәсілдерін жетілдіру және сәйкестендіру белгілері, қауіпті факторлар мен өнімге қойылатын талаптар арасында өзара байланыс орнату жөніндегі іс-шаралар бөлігінде ұсыныстар беру
 

Одаққа мүше мемлекеттер
 

2023 жылғы мамыр
 

Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары


өнімді сәйкестендіру тәсілдерін жетілдіру және сәйкестендіру белгілері, қауіпті факторлар мен өнімге қойылатын талаптар арасында өзара байланыс орнату жөніндегі шараларды қалыптастыру туралы баяндама

Еуразиялық экономикалық комиссия
 

2024 жылғы наурыз
 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында баяндама


Об утверждении перечня мер по оптимизации обязательных требований Евразийского экономического союза к продукции, в том числе в части ее обязательной оценки соответствия установленным требованиям

Распоряжение Совета Евразийской экономической комиссии от 17 октября 2022 года № 33.

      В целях исполнения поручения Совета Евразийской экономической комиссии от 17 марта 2022 г. № 9 в части выработки согласованных мер и совершенствования права Евразийского экономического союза в сфере технического регулирования, повышения эффективности защиты рынка Евразийского экономического союза от обращения на нем небезопасной продукции и создания благоприятных условий для развития предпринимательской деятельности:

      1. Утвердить прилагаемый перечень мер по оптимизации обязательных требований Евразийского экономического союза к продукции, в том числе в части ее обязательной оценки соответствия установленным требованиям (далее – перечень).

      2. Просить государства – члены Евразийского экономического союза обеспечить оперативную подготовку совместно с Евразийской экономической комиссией и внесение на рассмотрение органов Евразийского экономического союза проектов актов, направленных на реализацию мер, предусмотренных перечнем.

      3. Коллегии Евразийской экономической комиссии обеспечить мониторинг реализации мер, предусмотренных перечнем, и актуализацию перечня при необходимости.

      4. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза.

      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации
М. Григорян И. Петришенко С. Жумангарин А. Касымалиев А. Оверчук

  УТВЕРЖДЕН
распоряжением Совета
Евразийской экономической комиссии
от 17 октября 2022 г. № 33

ПЕРЕЧЕНЬ
мер по оптимизации обязательных требований Евразийского экономического союза к продукции, в том числе в части ее обязательной оценки соответствия установленным требованиям

Меры по оптимизации обязательных требований Евразийского экономического союза к продукции, в том числе в части ее обязательной оценки соответствия установленным требованиям

Мероприятия по реализации мер

Ответственный исполнитель (соисполнитель)

Срок исполнения

Форма реализации

I. Выработка предложений по уточнению понятия "партия продукции" для целей оценки соответствия, в том числе в зависимости от вида выпускаемой в обращение продукции
 

представление в Евразийскую экономическую комиссию предложений по внесению изменений в акты органов Евразийского экономического союза (далее – Союз) в части уточнения понятия "партия продукции" для целей оценки соответствия, в том числе в зависимости от вида выпускаемой в обращение продукции

государства – члены Союза

июль
2023 г.
 

предложения государств – членов Союза

подготовка на основании предложений государств – членов Союза проектов актов органов Союза, предусматривающих уточнение понятия "партия продукции" для целей оценки соответствия, в том числе в зависимости от вида выпускаемой в обращение продукции

Евразийская экономическая комиссия

декабрь
2024 г.
 

проекты актов органов Союза

II. Выработка механизмов по противодействию недобросовестному получению документов об оценке соответствия

представление в Евразийскую экономическую комиссию предложений в части механизмов по противодействию недобросовестному получению документов об оценке соответствия
 

государства – члены Союза

май
2023 г.
 

предложения государств – членов Союза

доклад о формировании механизмов по противодействию недобросовестному получению документов об оценке соответствия

Евразийская экономическая комиссия

март
2024 г.
 

доклад на заседании Коллегии Евразийской экономической комиссии
 

III. Выработка предложений по совершенствованию форм, схем и процедур оценки соответствия требованиям технических регламентов Союза (Таможенного союза) по отдельным категориям (видам) продукции
 

представление в Евразийскую экономическую комиссию предложений по внесению изменений в акты органов Союза в части совершенствования форм, схем и процедур оценки соответствия требованиям технических регламентов Союза (Таможенного союза) по отдельным категориям (видам) продукции

государства – члены Союза

июль
2023 г.
 

предложения государств – членов Союза

подготовка на основании предложений государств – членов Союза проектов актов органов Союза о внесении изменений, предусматривающих совершенствование форм, схем и процедур оценки соответствия требованиям технических регламентов Союза (Таможенного союза) по отдельным категориям (видам) продукции (при необходимости)

Евразийская экономическая комиссия

декабрь
2024 г.
 

проекты актов органов Союза

IV. Создание единого реестра на базе национальных реестров протоколов исследований (испытаний) и измерений в рамках работ по оценке соответствия требованиям технических регламентов Союза (Таможенного союза) (далее – единый реестр)
 

до формирования единого реестра осуществление оперативного обмена информацией о проведенных исследованиях (испытаниях) и измерениях при оценке соответствия продукции требованиям технических регламентов Союза (Таможенного союза) по запросу уполномоченных органов государств – членов Союза
 

государства – члены Союза
 

на постоянной основе

обмен информацией по запросу уполномоченных органов государств – членов Союза о проведенных исследованиях (испытаниях) и измерениях при оценке соответствия продукции требованиям технических регламентов Союза (Таможенного союза)
 

разработка и согласование проекта порядка формирования и ведения единого реестра

Евразийская экономическая комиссия,
государства – члены Союза

декабрь
2023 г.
 

решение Коллегии Евразийской экономической комиссии

разработка проекта технологических документов, регламентирующих информационное взаимодействие при реализации средствами интегрированной информационной системы Союза общего процесса в рамках Союза

Евразийская экономическая комиссия,
государства – члены Союза

декабрь
2024 г.
 

решение Коллегии Евразийской экономической комиссии

V. Подготовка предложений по совершенствованию права Союза в части осуществления оценки соответствия на основе анализа рисков
 

представление в Евразийскую экономическую комиссию предложений по совершенствованию актов органов Союза в части осуществления оценки соответствия на основе анализа рисков

государства – члены Союза
 

июль
2023 г.
 

предложения государств-членов Союза
 

подготовка проектов актов органов Союза на основании предложений государств – членов Союза о внесении изменений в части осуществления оценки соответствия на основе анализа рисков
 

Евразийская экономическая комиссия
 

декабрь
2024 г.
 

проекты актов органов Союза

VI. Выработка мер по совершенствованию подходов к идентификации продукции и установлению взаимосвязи между идентификационными признаками, опасными факторами и требованиями к продукции

представление в Евразийскую экономическую комиссию предложений в части мероприятий по совершенствованию подходов к идентификации продукции и установлению взаимосвязи между идентификационными признаками, опасными факторами и требованиями к продукции
 

государства – члены Союза
 

май
2023 г.
 

предложения государств – членов Союза
 


доклад о формировании мер по совершенствованию подходов к идентификации продукции и установлению взаимосвязи между идентификационными признаками, опасными факторами и требованиями к продукции

Евразийская экономическая комиссия

март
2024 г.
 

доклад на заседании Коллегии Евразийской экономической комиссии