Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 9 тапсырмасын техникалық реттеу саласында келісілген шараларды әзірлеу және осы саладағы Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын жетілдіру, Еуразиялық экономикалық одақ нарығын қауіпті өнім айналымынан қорғаудың тиімділігін арттыру және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бөлігінде орындау мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың өнімге қойылатын міндетті талаптарын, оның ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкестігін міндетті бағалау бөлігінде оңтайландыру жөніндегі шаралар тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп жедел дайындықты қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қарауына тізбеде көзделген шараларды іске асыруға бағытталған актілердің жобаларын енгізу сұралсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы тізбеде көзделген шараларды іске асыру мониторингін және қажет болған кезде тізбені өзектендіруді қамтамасыз етсін.
4. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук
Еуразиялық экономикалық комиссия | |
Кеңесінің 2022 жылғы 17 қазандағы | |
№33 өкімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың өнімге қойылатын міндетті талаптарын, оның ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкестігін міндетті бағалау бөлігінде оңтайландыру жөніндегі шаралар ТІЗБЕСІ
Еуразиялық экономикалық одақтың өнімге қойылатын міндетті талаптарын, оның ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкестігін міндетті бағалау бөлігінде оңтайландыру жөніндегі шаралар |
Шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Жауапты орындаушы (бірлесіп орындаушы) | Орындау мерзімі | Іске асыру нысаны |
---|---|---|---|---|
I. Сәйкестікті бағалау мақсатында, оның ішінде айналымға шығарылатын өнім түріне қарай "өнім партиясы" ұғымын нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Еуразиялық экономикалық комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) органдарының актілеріне сәйкестікті бағалау мақсаттары үшін, оның ішінде айналымға шығарылатын өнім түріне қарай "өнім партиясы" ұғымын нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беру | Одаққа мүше мемлекеттер |
2023 жылғы шілде |
Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары |
сәйкестікті бағалау мақсаттары үшін, оның ішінде айналымға шығарылатын өнім түріне қарай "өнім партиясы" ұғымын нақтылауды көздейтін Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде Одақ органдары актілерінің жобаларын дайындау | Еуразиялық экономикалық комиссия |
2024 жылғы желтоқсан | Одақ органдары актілерінің жобалары | |
II. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды жосықсыз алуға қарсы іс-қимыл жөніндегі тетіктерді әзірлеу |
Еуразиялық экономикалық комиссияға сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды жосықсыз алуға қарсы іс қимыл тетіктері бөлігінде ұсыныстар беру | Одаққа мүше мемлекеттер |
2023 жылғы мамыр |
Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары |
сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды жосықсыз алуға қарсы іс қимыл тетіктерін қалыптастыру туралы баяндама | Еуразиялық экономикалық комиссия |
2024 жылғы наурыз | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында баяндама | |
III. Өнімнің жекелеген санаттары (түрлері) бойынша Одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау нысандарын, схемаларын және рәсімдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Еуразиялық экономикалық комиссияға Одақ органдарының актілеріне өнімнің жекелеген санаттары (түрлері) бойынша Одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау нысандарын, схемалары мен рәсімдерін жетілдіру бөлігінде өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беру | Одаққа мүше мемлекеттер |
2023 жылғы шілде |
Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары |
Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде өнімнің жекелеген санаттары (түрлері) бойынша Одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау нысандарын, схемаларын және рәсімдерін жетілдіруді көздейтін өзгерістер енгізу туралы Одақ органдары актілерінің жобаларын дайындау (қажет болған жағдайда) | Еуразиялық экономикалық комиссия |
2024 жылғы желтоқсан | Одақ органдары актілерінің жобалары | |
IV. Одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстар шеңберінде зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер хаттамаларының ұлттық тізілімдерінің базасында бірыңғай тізілімді (бұдан әрі – бірыңғай тізілім) құру | бірыңғай тізілім қалыптастырылғанға дейін Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша өнімнің Одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер туралы жедел ақпарат алмасуды жүзеге асыру | Одаққа мүше мемлекеттер | тұрақты негізде |
өнімнің Одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер туралы Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша ақпарат алмасу |
бірыңғай тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібінің жобасын әзірлеу және келісу |
Еуразиялық экономикалық комиссия, |
2023 жылғы желтоқсан | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімі | |
Одақ шеңберінде Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен жалпы процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттардың жобасын әзірлеу |
Еуразиялық экономикалық комиссия, |
2024 жылғы желтоқсан | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімі | |
V. Тәуекелдерді талдау негізінде сәйкестікті бағалауды жүзеге асыру бөлігінде Одақ құқығын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау | Еуразиялық экономикалық комиссияға тәуекелдерді талдау негізінде сәйкестікті бағалауды жүзеге асыру бөлігінде Одақ органдарының актілерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру |
Одаққа мүше мемлекеттер |
2023 жылғы шілде | Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары |
Одаққа мүше мемлекеттердің тәуекелдерді талдау негізінде сәйкестікті бағалауды жүзеге асыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ұсыныстары негізінде Одақ органдары актілерінің жобаларын дайындау |
Еуразиялық экономикалық комиссия |
2024 жылғы желтоқсан | Одақ органдары актілерінің жобалары | |
VI. Өнімді сәйкестендіру тәсілдерін жетілдіру және сәйкестендіру белгілері, қауіпті факторлар мен өнімге қойылатын талаптар арасында өзара байланыс орнату жөніндегі шараларды әзірлеу |
Еуразиялық экономикалық комиссияға өнімді сәйкестендіру тәсілдерін жетілдіру және сәйкестендіру белгілері, қауіпті факторлар мен өнімге қойылатын талаптар арасында өзара байланыс орнату жөніндегі іс-шаралар бөлігінде ұсыныстар беру |
Одаққа мүше мемлекеттер |
2023 жылғы мамыр | Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары |
өнімді сәйкестендіру тәсілдерін жетілдіру және сәйкестендіру белгілері, қауіпті факторлар мен өнімге қойылатын талаптар арасында өзара байланыс орнату жөніндегі шараларды қалыптастыру туралы баяндама |
Еуразиялық экономикалық комиссия |
2024 жылғы наурыз | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында баяндама |