Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22 бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Ауыл шаруашылығында, орман шаруашылығында және құрылыста пайдаланылатын, өздігінен жүретін техникаға арналған, ағаш кесу қалдықтарын, бұталар мен діңгектерді ұнтақтауға, тыңайған жерлерді қалпына келтіруге, топырақты орман екпелеріне дайындауға, қысқы жолдарды салуға, құрылысқа арналған учаскелерді тазартуға арналған аспалы құрылғы болып табылатын, ауыстырылатын конустық карбидті кескіштері бар ротормен, сақтандырғыш муфтамен, тиеу құрылғысымен және тығыздағыш катокпен жабдықталған фреза-қопсытқыш, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8432 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |