Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес фреза-қопсытқышты сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 12 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22 бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Ауыл шаруашылығында, орман шаруашылығында және құрылыста пайдаланылатын, өздігінен жүретін техникаға арналған, ағаш кесу қалдықтарын, бұталар мен діңгектерді ұнтақтауға, тыңайған жерлерді қалпына келтіруге, топырақты орман екпелеріне дайындауға, қысқы жолдарды салуға, құрылысқа арналған учаскелерді тазартуға арналған аспалы құрылғы болып табылатын, ауыстырылатын конустық карбидті кескіштері бар ротормен, сақтандырғыш муфтамен, тиеу құрылғысымен және тығыздағыш катокпен жабдықталған фреза-қопсытқыш, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8432 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады