Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45 баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 3212 10 000 0 кодымен жіктелетін бедерлеуге арналған фольгаға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы шешім күшіне енген күннен бастап 2026 жылғы 31 наурызды қоса алғанға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 3212 10 000 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "12С)" сілтеме "76С)"сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:
12С ескертпесінің күші жойылды деп танылсын;
мынадай мазмұндағы 76С ескертпемен толықтырылсын:
"76С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 13 Шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.03.2026 дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |