Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22 бабы 1 тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Белгілі бір құрылыс және реконструкция объектісіне қатысты сәулет, функционалдық-технологиялық, конструктивтік және инженерлік-техникалық шешімдерді іске асыруға арналған қағаз жеткізгіште нөмірленген басып шығарылған құжаттар жиынтығы болып табылатын, құрамында графикалық материалдар (мысалы, сызбалар, схемалар) және түсіндірме мәтіндік материалдар (мысалы, спецификациялар, тізімдемелер) бар жобалау-сметалық құжаттама 1 Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 4901 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |