Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 45-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының халықаралық негізінің өзгеруіне байланысты (ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары кеңесінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 1/75 Шешімі) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 субпозициясынан кейін кодталмаған кіші субпозиция алынып тасталсын;
б) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 210 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"– – – қалдықтар мен сынықтар:";
в) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 210 1 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"– – – – германий";
г) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 210 8 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"– – – – өзгелері";
д) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 210 кіші субпозициясынан кейін кодталмаған кіші субпозицияның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"– – – өзгелері:";
е) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 410 0 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"– – – – ниобий (колумбий)";
ж) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 810 0 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"– – – – индий";
з) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 890 0 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"– – – – галлий";
и) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 910 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"– – – – ванадий:";
к) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 910 1 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"– – – – – титан құймаларын, қорытпаларын және слябтарын5) өндіруге арналған ванадий-алюминий лигатурасы";
л) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 910 9 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"– – – – – өзгесі";
м) ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 950 0 кіші субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"– – – – германий".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |