Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22 бабы 1 тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Тау жыныстарын бұзатын бұрғылау құралына орнатуға арналған, жасанды алмастардан жасалған жұмыс беті бар пластиналар, қайрақтар, ұштар және ұқсас бұйымдар түріндегі металл керамикадан жасалған поликристалды алмас кескіштер, 1 Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8209 00 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |