Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес поликристалды алмас кескіштерді сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 25 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22 бабы 1 тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Тау жыныстарын бұзатын бұрғылау құралына орнатуға арналған, жасанды алмастардан жасалған жұмыс беті бар пластиналар, қайрақтар, ұштар және ұқсас бұйымдар түріндегі металл керамикадан жасалған поликристалды алмас кескіштер, 1 Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8209 00 тауар позициясында сыныпталады.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады