Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы 19 сәуірдегі келісіді іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесінің XVII бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) атауы ",сондай-ақ навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдауды қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
б) мынадай мазмұндағы 732-тармақпен толықтырылсын:
"732. Еуразиялық экономикалық одаққа бір және одан көп мүше мемлекеттерінің аумағы бойынша навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдауды қадағалау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арасында ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету |
2024 ж. |
2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |