Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 91 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы 19 сәуірдегі келісіді іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесінің XVII бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) атауы ",сондай-ақ навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдауды қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы 732-тармақпен толықтырылсын:

"732. Еуразиялық экономикалық одаққа бір және одан көп мүше мемлекеттерінің аумағы бойынша навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдауды қадағалау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арасында ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

2024 ж.
ІІ тоқсан ".

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады