Навигациялық пломбаларды қолдана отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бақылаушы органдары арасында мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалданатын тауарларға (өнімдерге) қатысты тасымалдау процесінде қабылданған бақылау шаралары мен нысандары туралы ақпарат алмасу тәртібі туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 130 шешімі

      2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің 2-бабы 4-тармағының жетінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Навигациялық пломбаларды қолдана отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бақылаушы органдары арасында мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалданатын тауарларға (өнімдерге) қатысты тасымалдау процесінде қабылданған бақылау шаралары мен нысандары туралы ақпарат алмасу тәртібі бекітілсін.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 22 тамыздағы
№ 130 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Навигациялық пломбаларды қолдана отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бақылаушы органдары арасында мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалданатын тауарларға (өнімдерге) қатысты тасымалдау процесінде қабылданған бақылау шаралары мен нысандары туралы ақпарат алмасу ТӘРТІБІ

      1.  Осы Тәртіп 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүргізу мониторингі мақсатында бақылаушы органдар арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумақтары бойынша тасымалданатын тауарларға (өнімдерге) қатысты кедендік және өзге де мемлекеттік бақылау (қадағалау) түрлерін жүргізуді қамтамасыз ететін қабылданған шаралар және осындай бақылау нысандары (бұдан әрі – бақылау шаралары мен нысандары) туралы ақпарат алмасу қағидаларын айқындайды.

      2.  Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімде айқындалған мәндерде қолданылады.

      3.  Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін айқындағанға дейін бақылау шаралары мен нысандары туралы ақпарат алмасуды бақылаушы органдар өз мүше мемлекеттерінің уәкілетті операторлары (органдары) арқылы жүзеге асырады.

      4. Бақылау шаралары мен нысандары туралы ақпарат алмасу мақсатында осындай бақылау шаралары мен нысандарын қолданған бақылаушы орган мынадай мәліметтерді қамтитын хабарлама қалыптастырады:

      а) навигациялық пломбаның бірегей сәйкестендіру нөмірі;

      б) бірегей тасымалдау нөмірі;

      в) бақылау шаралары мен нысандарын қолдану үшін негіздеме;

      г) бақылау шаралары мен нысандарын қолдану туралы шешім қабылдаған бақылаушы органның атауы;

      д) тасымалдаушының атауы;

      е) тасымалдаушыны тіркеу елі;

      ж) көлік құралының тіркеу нөмірі;

      з) бақылау шаралары мен нысандарын қолдану туралы шешім қабылдау күні мен уақыты;

      и) бақылау шаралары мен нысандарын қолданудың басталу күні мен уақыты;

      к) бақылау шаралары мен нысандарын қолдану нәтижелері бойынша ресімделген құжаттың нөмірі;

      л) бақылау шаралары мен нысандарын қолданудың аяқталу күні мен уақыты;

      м) бақылау шаралары мен нысандарын қолдану нәтижелері;

      н) мекенжайы (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және т.б.), елді мекен, көше, үй нөмірі, корпустың (құрылыстың) нөмірі) бақылау шаралары мен нысандарын қолдану орны.

      5. Бақылау шаралары мен нысандарын қолдану аяқталғаннан кейін бақылау шаралары мен нысандарын қолданған бақылаушы орган өз мүше мемлекетінің уәкілетті операторына (органына) осы Тәртіптің4-тармағында көрсетілген хабарламаны жібереді.

      6. Осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес хабарламаны алғаннан кейін бақылаушы органы бақылау шаралары мен нысандарын қолданған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) оны мүмкіндігінше қысқа мерзімде аумақтары бойынша тауарлар (өнімдер) тасымалданатын (тасымалданатын) басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторларына (органдарына) жібереді.

      Мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) көрсетілген хабарламаны мүмкіндігінше қысқа мерзімде өз мүше мемлекеттерінің бақылаушы органдарына жібереді.

О Порядке обмена информацией о принятых в процессе перевозки мерах и формах контроля между контролирующими органами государств – членов Евразийского экономического союза в отношении товаров (продукции), перевозимых по территориям государств-членов с применением навигационных пломб

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 22 августа 2023 года № 130.

      В соответствии с абзацем седьмым пункта 4 статьи 2 Соглашения о применении в Евразийском экономическом союзе навигационных пломб для отслеживания перевозок от 19 апреля 2022 года Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Утвердить прилагаемый Порядок обмена информацией о принятых в процессе перевозки мерах и формах контроля между контролирующими органами государств – членов Евразийского экономического союза в отношении товаров (продукции), перевозимых по территориям государств-членов с применением навигационных пломб.

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович

  УТВЕРЖДЕН
Решением Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 22 августа 2023 г. № 130

ПОРЯДОК

обмена информацией о принятых в процессе перевозки мерах и формах контроля между контролирующими органами государств – членов Евразийского экономического союза в отношении товаров (продукции), перевозимых по территориям государств-членов с применением навигационных пломб

      1. Настоящий Порядок определяет правила обмена между контролирующими органами информацией о принятых мерах, обеспечивающих проведение таможенного и иных видов государственного контроля (надзора), в отношении товаров (продукции), перевозимых по территориям государств – членов Евразийского экономического союза (далее – государства-члены) в соответствии с Соглашением о применении в Евразийском экономическом союзе навигационных пломб для отслеживания перевозок от 19 апреля 2022 года, и формах такого контроля (далее – меры и формы контроля) в целях мониторинга проведения государственного контроля (надзора).

      2. Понятия, используемые в настоящем Порядке, применяются в значениях, определенных Соглашением о применении в Евразийском экономическом союзе навигационных пломб для отслеживания перевозок от 19 апреля 2022 года.

      3. До определения Евразийской экономической комиссией порядка межгосударственного информационного взаимодействия с использованием интегрированной информационной системы Евразийского экономического союза обмен информацией о мерах и формах контроля осуществляется контролирующими органами через уполномоченных операторов (органы) своих государств-членов.

      4. В целях обмена информацией о мерах и формах контроля контролирующий орган, применивший такие меры и формы контроля, формирует сообщение, содержащее следующие сведения:

      а) уникальный идентификационный номер навигационной пломбы;

      б) уникальный номер перевозки;

      в) основание для применения мер и форм контроля;

      г) наименование контролирующего органа, принявшего решение о применении мер и форм контроля;

      д) наименование перевозчика;

      е) страна регистрации перевозчика;

      ж) регистрационный номер транспортного средства;

      з) дата и время принятия решения о применении мер и форм контроля;

      и) дата и время начала применения мер и форм контроля;

      к) номер документа, оформленного по результатам применения мер и форм контроля;

      л) дата и время завершения применения мер и форм контроля;

      м) результаты применения мер и форм контроля;

      н) адрес (краткое наименование страны, административно-территориальная единица (регион, область, район и т. д.), населенный пункт, улица, номер дома, номер корпуса (строения)) места применения мер и форм контроля.

      5. После завершения применения мер и форм контроля контролирующий орган, применивший меры и формы контроля, направляет уполномоченному оператору (органу) своего государства-члена сообщение, указанное в пункте 4 настоящего Порядка.

      6. После получения сообщения в соответствии с пунктом 5 настоящего Порядка уполномоченный оператор (орган) государства-члена, контролирующим органом которого были применены меры и формы контроля, в возможно короткий срок направляет его уполномоченным операторам (органам) других государств-членов, по территориям которых будут перевозиться (перевозятся) товары (продукция).

      Уполномоченные операторы (органы) государств-членов в возможно короткий срок направляют указанное сообщение контролирующим органам своих государств-членов.