2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің 2-бабы 4-тармағының жетінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Навигациялық пломбаларды қолдана отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бақылаушы органдары арасында мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалданатын тауарларға (өнімдерге) қатысты тасымалдау процесінде қабылданған бақылау шаралары мен нысандары туралы ақпарат алмасу тәртібі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 130 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Навигациялық пломбаларды қолдана отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бақылаушы органдары арасында мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалданатын тауарларға (өнімдерге) қатысты тасымалдау процесінде қабылданған бақылау шаралары мен нысандары туралы ақпарат алмасу ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүргізу мониторингі мақсатында бақылаушы органдар арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумақтары бойынша тасымалданатын тауарларға (өнімдерге) қатысты кедендік және өзге де мемлекеттік бақылау (қадағалау) түрлерін жүргізуді қамтамасыз ететін қабылданған шаралар және осындай бақылау нысандары (бұдан әрі – бақылау шаралары мен нысандары) туралы ақпарат алмасу қағидаларын айқындайды.
2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімде айқындалған мәндерде қолданылады.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін айқындағанға дейін бақылау шаралары мен нысандары туралы ақпарат алмасуды бақылаушы органдар өз мүше мемлекеттерінің уәкілетті операторлары (органдары) арқылы жүзеге асырады.
4. Бақылау шаралары мен нысандары туралы ақпарат алмасу мақсатында осындай бақылау шаралары мен нысандарын қолданған бақылаушы орган мынадай мәліметтерді қамтитын хабарлама қалыптастырады:
а) навигациялық пломбаның бірегей сәйкестендіру нөмірі;
б) бірегей тасымалдау нөмірі;
в) бақылау шаралары мен нысандарын қолдану үшін негіздеме;
г) бақылау шаралары мен нысандарын қолдану туралы шешім қабылдаған бақылаушы органның атауы;
д) тасымалдаушының атауы;
е) тасымалдаушыны тіркеу елі;
ж) көлік құралының тіркеу нөмірі;
з) бақылау шаралары мен нысандарын қолдану туралы шешім қабылдау күні мен уақыты;
и) бақылау шаралары мен нысандарын қолданудың басталу күні мен уақыты;
к) бақылау шаралары мен нысандарын қолдану нәтижелері бойынша ресімделген құжаттың нөмірі;
л) бақылау шаралары мен нысандарын қолданудың аяқталу күні мен уақыты;
м) бақылау шаралары мен нысандарын қолдану нәтижелері;
н) мекенжайы (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және т.б.), елді мекен, көше, үй нөмірі, корпустың (құрылыстың) нөмірі) бақылау шаралары мен нысандарын қолдану орны.
5. Бақылау шаралары мен нысандарын қолдану аяқталғаннан кейін бақылау шаралары мен нысандарын қолданған бақылаушы орган өз мүше мемлекетінің уәкілетті операторына (органына) осы Тәртіптің4-тармағында көрсетілген хабарламаны жібереді.
6. Осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес хабарламаны алғаннан кейін бақылаушы органы бақылау шаралары мен нысандарын қолданған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) оны мүмкіндігінше қысқа мерзімде аумақтары бойынша тауарлар (өнімдер) тасымалданатын (тасымалданатын) басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторларына (органдарына) жібереді.
Мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) көрсетілген хабарламаны мүмкіндігінше қысқа мерзімде өз мүше мемлекеттерінің бақылаушы органдарына жібереді.