Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 112-бабы 1 – 4-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:
1. 2018 жылғы 28 тамыздағы №142 Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының "Тасымалдаушы тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып, экспресс-жүк ретінде жеткізетін тауарларды кедендік декларациялау туралы" шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №147 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кіріспедегі "және 4-тармағымен" деген сөздер "және 1 – 4 тармақтарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі.".
3. Көрсетілген шешіммен бекітілген Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуді толтыру тәртібінің 19-тармағының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден органының лауазымды тұлғасы қағаз нұсқасындағы құжат түріндегі ЭЖТДТ-ның тіркеу нөмірімен ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізген кезде тауарлар шығарылғанға дейін ЭЖТДТ берілген күні мен уақыты, ал тауарлар шығарылғаннан кейін – ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтінішті тіркеу күні немесе егер мұндай өтініш ұсынылмаса, ЭЖТДТ берілген күні жазылады.".
4. Мынадай мазмұндағы Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібімен толықтырылсын:
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы №142 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау ТӘРТІБІ
I. Жалпы қағидалар
1. Осы Тәртіп тауарларды шығарғанға дейін және шығарғаннан кейін экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясында (бұдан әрі – ЭЖТД) мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын айқындайды.
2. ЭЖТД-да мәлемделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) үшін осы Тәртіптің 29-тармағының үшінші абзацында көрсетілген жағдайды қоспағанда, экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзету (бұдан әрі – ЭЖТДТ) қолданылады.
ЭЖТДТ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен бекітілген Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуді толтыру тәртібіне сәйкес толтырылады (бұдан әрі – ЭЖТДТ толтыру тәртібі).
ЭЖТДТ электрондық құжат түрінде ұсынылады.
Келесі жағдайларда ЭЖТДТ-ны қағаз нұсқасындағы құжат түрінде ұсынуға жол беріледі:
кеден органында электрондық құжат түріндегі ЭЖТДТ-ны қабылдау үшін техникалық мүмкіндіктің болмауы;
3. ЭЖТД -да мәлімделген мәліметтерге енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) растайтын құжаттар, егер мұндай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 80-бабының 2-тармағына сәйкес алу мүмкін болмаса, кеден органына оның сұрау салуы бойынша ұсынылады.
Құжаттар электрондық құжаттар түрінде немесе қағаз нұсқасындағы құжаттар түрінде ұсынылады (ЭЖТДТ қандай түрде берілгеніне байланысты).
4. ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операциялар өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін ЭЖТД тіркелген кеден органында, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) аумағында жасалады.
5. Кеден органына ЭЖТД-ны беруді кеден өкілі жүзеге асырады.
6. Тауарлар шығарылғанға дейін ЭЖТД-ны беруге, тіркеуге, тіркеуден бас тартуды рәсімдеуге, ЭЖТДТ-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талапты (бұдан әрі – талап) жіберуге байланысты кедендік операциялар туралы мәліметтер (бұдан әрі-талап), ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге тауарлар шығарылғаннан кейін өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешімдер кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып тіркеледі.
II. Кеден органының рұқсатымен кеден өкілінің өтініші бойынша тауарлар шығарылғанға дейін ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
7. Кеден өкілінің дәлелді өтініші (бұдан әрі – өтініш) (оның ішінде Кодекстің 114-бабының 2-тармағына сәйкес ЭЖТД-ға мәліметтерді мәлімдеу немесе ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді нақтылау қажет болған кезде, оның сипаты бойынша алдын ала кедендік декларациялау кезінде ЭЖТД-ны берген кезде кеден өкіліне белгісіз болуы мүмкін) бойынша тауарлар шығарылғанға дейін ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
8. ЭЖТД -да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) өтініш бойынша Кодекстің 112-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттар мен осы тармақтың екінші абзацында көзделген шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімінің "а" тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары мен "б" тармақшасының ережелерін сақтамауға әкеп соқтырмайды.
9. ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін кеден өкілі тауарлар шығарылғанға дейін ЭЖТД-да тіркелген кеден органына толтырылған ЭЖТДТ түріндегі өтініш береді.
10. Кеден органы ЭЖТДТ-ны беру күні мен уақытын бекітеді.
ЭЖТДТ-ны электрондық құжат түрінде берген кезде кеден органы кеден өкіліне ЭЖТДТ-ны беру күні мен уақыты туралы мәліметтерді электрондық нысанда жібереді.
ЭЖТДТ-ны қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берген кезде кеден органының лауазымды адамы (бұдан әрі – лауазымды адам) ЭЖТДТ-ға оны беру күні мен уақытын ЭЖТДТ-ны толтыру тәртібінің 19-тармағының жетінші абзацына сәйкес көрсетеді.
11. Осы Тәртіптің 2 – 5 және 7 – 9 – тармақтарының ережелері сақталған жағдайда кеден органы Кодекстің 119-бабының 3-тармағында (ал тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде – 6-тармағында) белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде ЭЖТДТ тіркейді.
Осы Тәртіптің 2 – 5 және 7 – 9-тармақтарының ережелері сақталмаған жағдайда кеден органы Кодекстің 119-бабының 3-тармағында (ал тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде – 6-тармағында) белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде ЭЖТДТ-ны тіркеуден бас тартуды рәсімдеу жолымен ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуден (толықтырудан) бас тартады (бас тарту себептерін, кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) пішіміндегі күндерді, және hh:mm (сағаттар мен минуттар) пішіміндегі шешім қабылдау уақытын көрсете отырып).
12. Кеден органының ЭЖТДТ-ны тіркеуі оған ЭЖТДТ-ны толтыру тәртібінің 19-тармағының екінші-алтыншы абзацтарында айқындалған тәртіппен қалыптастырылатын тіркеу нөмірін беру арқылы жүзеге асырылады.
ЭЖТДТ-ны электрондық құжат түрінде берген кезде кеден органы кеден өкіліне тіркеу күні мен уақытын, сондай-ақ осындай ЭЖТДТ-ның тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді электрондық нысанда жібереді.
ЭЖТДТ-ны қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берген кезде кеден органы ЭЖТДТ-ның "А" бағанына ЭЖТДТ-ны толтыру тәртібінің 19-тармағына сәйкес оны тіркеу туралы белгіні қояды.
13. Электрондық құжат түрінде берілген ЭЖТДТ-ны тіркеуден бас тарту электрондық құжат түрінде рәсімделеді.
Кеден өкілінің ЭЖТДТ-ны тіркеуден бас тартуды алған күні мен уақыты туралы мәліметтерді олар электрондық нысанда кеден органына жібереді. Армения Республикасында және Беларусь Республикасында көрсетілген мәліметтерді кеден өкілі жібермейді.
14. Қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берілген ЭЖТДТ-ны тіркеуден бас тарту ЭЖТДТ даналарының соңғы парақтарының сыртқы бетінде немесе А4 пішіміндегі қағаз парақтарында 2 данада рәсімделеді (егер ЭЖТДТ-ның соңғы парағының артқы жағында орын жеткіліксіз болған жағдайда) және лауазымды адамның қолымен куәландырылады, тегі мен аты-жөні көрсетіледі және жеке нөмірлік мөрдің баспа-таңбасы қойылады. Беларусь Республикасында ЭЖТДТ-ны тіркеуден бас тарту лауазымды адамның жеке нөмірлік мөрінің баспа-таңбасын қою арқылы ғана расталады.
ЭЖТДТ-ның оны тіркеуден бас тартылған бір данасы, сондай-ақ құжаттардың көшірмелері (егер құжаттар осы Тәртіптің 3-тармағына сәйкес кеден органына ұсынылған жағдайда) кеден органында қалады және кедендік мақсаттар үшін пайдаланылады.
ЭЖТДТ-ның оны тіркеуден бас тартылған екінші данасы, сондай-ақ құжаттардың көшірмелері (егер құжаттар осы Тәртіптің 3-тармағына сәйкес кеден органына ұсынылған жағдайда) кеден өкіліне тапсырылады немесе тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі (Беларусь Республикасында бұл құжаттар жай пошта жөнелтілімімен жіберіледі).
ЭЖТДТ-ға тіркеуден бас тартуды тапсырған кезде оны алған адам кеден органында қалатын ЭЖТДТ данасына ЭЖТДТ-ға тіркеуден бас тартуды алудың кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) пішіміндегі күнін және hh:mm (сағаттар мен минуттар) форматындағы уақытын қояды және бұл жазбаны өз қолымен (тегі мен аты-жөнін көрсете отырып) куәландырады.
III. Кеден органының талабы бойынша тауарлар шығарылғанға дейін ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
15. Кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттілігі анықталған кезде, Кодекстің 112-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, кеден органы кодекстің 119-бабының 3-тармағында (ал тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде – 6-тармағында) белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде кеден өкіліне электрондық құжат немесе қағаз нұсқасындағы құжат түріндегі талап жібереді (тапсырады) (ЭЖТД қандай түрде берілгеніне байланысты).
16. Қағаз нұсқасындағы құжат түріндегі талап № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша А4 пішіміндегі қағаз парағында 2 данада рәсімделеді.
Электрондық құжат түріндегі талап осы Тәртіпке тіркелген № 1 қосымшада көзделген мәліметтерді қамтуға тиіс.
17. Қағаз нұсқасындағы құжат түріндегі талап кеден өкіліне қол қойғызып тапсырылады немесе кеден өкіліне электрондық пошта адресіне немесе ЭЖТД-ның "ЭЖТД-ны толтырған тұлға туралы мәліметтер, күні" бағанында көрсетілген факс нөмірі бойынша жіберіледі.
Талап берілген кезде оны алған адам оған кк.аа.жжжж пішіміндегі күнді (күн, ай, күнтізбелік жыл) және оны алған hh:mm пішіміндегі уақытты (сағаттар мен минуттар) қояды және бұл жазбаны өзінің қолымен (тегі мен аты-жөнін көрсете отырып) куәландырады.
18. Кеден өкілі электрондық құжат түріндегі талапты алған кезде талапты алған күні мен уақыты туралы мәліметтер оларға электрондық нысанда кеден органына жіберіледі. Армения Республикасында және Беларусь Республикасында көрсетілген мәліметтерді кеден өкілі жібермейді.
19. Кеден өкілі кодекстің 119 – бабының 3-тармағында (ал тауарларды шығару мерзімі ұзартылған жағдайда – 6-тармағында) белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде кеден органына тиісінше толтырылған ЭЖТДТ-ны, ал кедендік төлемдер төленген жағдайда – олардың төленгенін растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынуға міндетті (егер оларды ұсыну мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе).
Кедендік төлемдердің төленгенін растайтын құжаттар және (немесе) мәліметтер (егер оларды ұсыну мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе) электрондық құжаттар немесе қағаз нұсқасындағы құжаттар түрінде ұсынылады (ЭЖТДТ қандай түрде берілгеніне байланысты).
20. Кеден өкілі ЭЖТДТ-ға талапта көрсетілгендерден басқа, егер олар талапқа сәйкес өзгертуге (толықтыруға) жататын мәліметтермен байланысты болса ғана, өзге де өзгертілген (толықтырылған) мәліметтерді мәлімдей алады.
Егер өзгертілген (толықтырылған) мәліметтер талапқа сәйкес өзгертуге (толықтыруға) жататын мәліметтермен байланысты болмаса, оларды кеден өкілі жеке ЭЖТДТ түрінде береді.
21. Егер кеден өкілі Кодекстің 119-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде кеден органына ЭЖТДТ-ны бере алмайтын болса, ол мұндай мерзім өткенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей бұл туралы кеден органына электрондық құжат түрінде хабарлама жіберуге міндетті.
Егер талап кодекстің 119-бабының 3-тармағында белгіленген тауарларды шығару мерзімі аяқталғанға дейін 2 сағаттан аз уақыт бұрын кеден өкіліне жіберілген (тапсырылған) жағдайда көрсетілген хабарлама талап етілмейді.
22. Осы Тәртіптің 21-тармағында көзделген жағдайларда кеден органы кодекстің 119-бабының 3-тармағында белгіленген тауарларды шығару мерзімі аяқталғанға дейін Кодекстің 4-тармағының 2-тармақшасының негізінде және кодекстің 119-бабының 5-тармағына сәйкес тауарларды шығару мерзімін ұзартады және және кеден өкіліне кодекстің 119-бабының 9-тармағында көзделген мерзімде электрондық құжат немесе қағаз нұсқасындағы құжат түрінде (электрондық құжат түрінде хабарлама жіберу үшін техникалық мүмкіндік болмаған кезде) тауарларды шығару мерзімін ұзарту туралы хабарлама жібереді.
23. Кеден органы ЭЖТДТ-ны беру күні мен уақытын белгілейді.
ЭЖТДТ-ны электрондық құжат түрінде берген кезде кеден органы кеден өкіліне ЭЖТДТ-ны беру күні мен уақыты туралы мәліметтерді электрондық нысанда жібереді.
ЭЖТДТ-ны қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берген кезде кеден органы ЭЖТДТ-ны толтыру тәртібінің 19-тармағының жетінші абзацына сәйкес оны берген күні мен уақыты туралы ЭЖТДТ-ға белгі қояды.
24. Кеден органы кодекстің 119- бабының 3-тармағында (ал тауарларды шығару мерзімі ұзартылған жағдайда – 6-тармағында) белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде ЭЖТДТ-да мәлімделген мәліметтердің жіберілген талапқа сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
25. Егер ЭЖТДТ жіберілген талапқа және ЭЖТДТ-ны толтыру тәртібіне сәйкес толтырылған жағдайда, кеден органы ЭЖТДТ-ны осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес тіркейді.
ЭЖТДТ-ті электрондық құжат түрінде берген кезде кеден органы кеден өкіліне ЭЖТДТ-ны тіркеу күні мен уақыты, оның тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді электрондық нысанда жібереді.
ЭЖТДТ-ны қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берген кезде кеден органы ЭЖТДТ-ның "А" бағанына оны тіркеу туралы белгіні ЭЖТДТ-ны толтыру тәртібінің 19-тармағына сәйкес қояды.
26. Егер ЭЖТДТ ЭЖТДТ-ны толтыру талабына немесе тәртібіне сәйкес келмеген жағдайда, кеден органы осы Тәртіптің 13 және 14-тармақтарына сәйкес ЭЖТДТ-ны тіркеуден бас тартуды рәсімдеу жолымен ЭЖТДТ-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуден (толықтырудан) бас тартады (бас тарту себептерін кк.аа.жжжж пішіміндегі күнді (күн, ай, күнтізбелік жыл) және шешім қабылдаудың hh:mm пішіміндегі уақытын (сағаттар мен минуттар) көрсете отырып).
IV. Тауарлар шығарылғаннан кейін ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) жағдайлары
27. Тауарлар шығарылғаннан кейін ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
а) Кодекстің 325-бабының 17 және 18-тармақтарында көзделген жағдайлар;
б) кеден органдары өз құзыреті шегінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын кедендік бақылаудың (оның ішінде кеден өкілінің ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттілігі туралы өтінішіне байланысты жүргізілген кедендік бақылаудың) немесе өзге де мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) нәтижелері бойынша анықтау:
ЭЖТД-да мәлімделген анық емес мәліметтер;
ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтердің ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмеуі;
ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді толықтыру қажеттілігі;
в) кеден органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау нәтижелері бойынша немесе мүше мемлекеттердің сот органдарының заңды күшіне енген шешімдері негізінде ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттілігін анықтау;
г) кедендік төлемдерді төлеу және (немесе) өндіріп алу, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін өсімпұлдарды және (немесе) пайыздарды есептеу және төлеу;
д) лауазымды тұлға толтыратын ЭЖТД-ның бағандарындағы жазбаларға (белгілерге) өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттілігін анықтау.
V. Кеден органының рұқсатымен өтініш бойынша тауарлар шығарылғаннан кейін ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
28. Өтініш бойынша тауарлар шығарылғаннан кейін ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
29. ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кеден өкілі кеден органына өтініш және тиісінше толтырылған ЭЖТДТ-ны береді.
Өтініш осы Тәртіптің 27-тармағының "г" тармақшасында көзделген жағдайларда ұсынылмайды. Мұндай жағдайларда кеден өкілі тек ЭЖТДТ тапсырады.
ЭЖТДТ лауазымды адам толтыратын ЭЖТД-ның бағандарындағы жазбаларға (белгілерге) ғана өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажет болған жағдайда берілмейді.
30. Кеден өкілі өтінішті және ЭЖТДТ-ны электрондық құжаттар түрінде береді.
Өтініш және ЭЖТДТ егер кеден органында өтініш пен ЭЖТДТ-ны электрондық құжаттар түрінде қабылдау үшін техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда қағаз нұсқасындағы құжаттар түрінде беріледі.
31. Еркін нысанда жасалған өтініште ЭЖТДТ-ның тіркеу нөмірі, ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге енгізілген өзгерістердің (толықтырулардың) тізбесі және осындай өзгерістердің (толықтырулардың) қажеттігінің негіздемесі көрсетіледі.
32. Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында, егер өтініште мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік төлемдерді қайтару (есепке жатқызу) үшін қажетті мәліметтер қамтылған жағдайда, егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік төлемдерді қайтару (есепке жатқызу) төлеушінің өтініші бойынша жүргізілетін болса, ол қайтаруға (есепке жатқызуға) өтініш ретінде қаралады.
33. Өтініш пен ЭЖТДТ (немесе егер өтініш осы Тәртіптің 29-тармағының екінші абзацына сәйкес берілмесе тек ЭЖТДТ ғана, немесе егер ЭЖТДТ осы Тәртіптің 29-тармағының үшінші абзацына сәйкес берілмесе тек өтініш қана) мәліметтері өзгертілетін (толықтырылатын) ЭЖТД тіркелген кеден органына немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған өзге кеден органына беріледі.
Кеден органы өтінішті тіркейді.
Өтінішті электрондық құжат түрінде берген кезде кеден органы өтінішті тіркеу күні туралы мәліметтерді электрондық нысанда кеден өкіліне жібереді.
Өтініш қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берілген кезде кеден органы өтінішпен бірге ұсынылған ЭЖТДТ-да ЭЖТДТ-ны толтыру тәртібінің 19-тармағының жетінші абзацына сәйкес өтінішті тіркеу күнін көрсетеді.
Кеден органы осы Тәртіптің 29-тармағының екінші абзацына сәйкес өтінішпен бірге немесе өтінішсіз берген кезде ЭЖТДТ берілген күнді белгілейді.
34. Кеден органының өтінішті қарауы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Кеден органының осы Тәртіптің 29-тармағының екінші абзацына сәйкес өтінішсіз берілген ЭЖТДТ-ны қарауы, егер мүше мемлекеттің заңнамасында кемінде ұзақ мерзім белгіленбесе, оны берген күннен кейінгі 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
35. Өтінішті пен ЭЖТДТ-ны (немесе егер өтініш осы Тәртіптің 29-тармағының екінші абзацына сәйкес берілмесе тек ЭЖТДТ-ны ғана, немесе егер ЭЖТДТ осы Тәртіптің 29-тармағының үшінші абзацына сәйкес берілмесе тек өтінішті ғана) қарайтын кеден органы Кодексте белгіленген тәртіппен кедендік бақылауды жүргізеді.
36. Кеден органы мынадай шарттар сақталған жағдайда ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) рұқсат береді:
а) өтініш пен ЭЖТДТ (немесе егер өтініш осы Тәртіптің 29-тармағының екінші абзацына сәйкес берілмесе тек ЭЖТДТ ғана, немесе егер ЭЖТДТ осы Тәртіптің 29-тармағының үшінші абзацына сәйкес берілмесе тек өтініш қана) Кодекстің 310-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалған кедендік бақылауды жүргізу мерзімі шегінде осы Тәртіптің 33-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органына келіп түскен жағдайда;
б) ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімінің "а" тармақшасының төртінші абзацы мен "б" тармақшасының ережелерін сақтамауға әкеп соқпайтын жағдайда;
в) осы Тәртіптің 2 (ЭЖТДТ-мен бірге өтініш берілген кезде), 3-5 және 28-31-тармақтарында көзделген талаптар орындалған жағдайда;
г) кеден органы тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізу кезінде ЭЖТД-ға енгізу үшін ұсынылған және өтініште және ЭЖТДТ-да (немесе егер өтініш осы Тәртіптің 29-тармағының екінші абзацына сәйкес берілмесе тек ЭЖТДТ-да ғана, немесе егер ЭЖТДТ осы Тәртіптің 29-тармағының үшінші абзацына сәйкес берілмесе тек өтініште ғана) көрсетілгендерден басқа өзге мәліметтерді анықтамаған жағдайда;
37. Кеден органы осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес ЭЖТДТ-ны тіркейді.
38. Лауазымды тұлға толтыратын электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-ның бағандарындағы жазбаларға (белгілерге) ғана өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажет болған жағдайда, мұндай өзгерістерді (толықтыруларды) лауазымды тұлға кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, ЭЖТД-ға енгізеді. Енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар электрондық құжат түріндегі ЭЖТД немесе осындай өзгерістер (толықтырулар) туралы ақпарат осы өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық нысанда кеден өкіліне жіберіледі.
Лауазымды тұлға толтыратын ЭЖТД-ның бағандарындағы жазбаларға (белгілерге) ғана өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажет болған жағдайда қағаз нұсқасындағы құжат түрінде мұндай өзгерістерді (толықтыруларды) лауазымды тұлға ЭЖТД-ға қолмен енгізеді және өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күнді көрсете отырып, жеке қолымен және және жеке нөмірлік мөрдің баспа-таңбасымен (бар болған жағдайда) куәландырылады.
Кеден органы куәландырған, лауазымды адам енгізген өзгерістері (толықтырулары) бар қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-ның көшірмесі кеден өкіліне қол қойғызып тапсырылады немесе осы өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі. Беларусь Республикасында аталған құжат жай пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
39. Осы Тәртіптің 36-тармағында көзделген шарттар сақталмаған жағдайда кеден органы осы Тәртіптің 13 және 14-тармақтарына сәйкес ЭЖТДТ-ны тіркеуден бас тартуды ресімдеу жолымен ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуден (толықтырудан) бас тартады (бас тарту себептері мен кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) пішіміндегі шешім қабылдау күнін көрсете отырып).
Осы Тәртіптің 29-тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайда, лауазымды тұлға толтыратын ЭЖТД-ның бағандарындағы жазбаларды (белгілерді) өзгертуден (толықтырудан) бас тарту өтінішті қарастыру нәтижелері бойынша кеден өкіліне жауап жіберу жолымен рәсімделеді.
VI. Кеден органының шешімі бойынша тауарлар шығарылғаннан кейін ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
40. Кеден органының тауарлар шығарылғаннан кейін ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешімі (бұдан әрі-шешім) электрондық құжат немесе қағаз нұсқасындағы құжат түрінде (ЭЖТД қандай түрде берілгеніне байланысты) рәсімделеді.
41. Қағаз нұсқасындағы құжат түріндегі шешім № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша А4 пішіміндегі қағаз парағында ресімделеді.
Электрондық құжат түріндегі шешім осы Тәртіпке тіркелген № 2 қосымшада көзделген мәліметтерді қамтуға тиіс.
42. Электрондық құжат түріндегі шешім қабылданған күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей кеден өкіліне жіберіледі.
Кеден өкілінің электрондық құжат түріндегі шешімді алған күні мен уақыты туралы мәліметтер оларға электрондық нысанда кеден органына жіберіледі. Армения Республикасында және Беларусь Республикасында көрсетілген мәліметтерді кеден өкілі жібермейді.
Қағаз нұсқасындағы құжат түріндегі шешім кеден өкіліне қол қойғызып тапсырылады немесе тапсырылған пошта жөнелтілімімен тапсырылғаны туралы хабарлама қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.
43. Шешім ретінде кеден органының кедендік бақылау нәтижелері бойынша қабылданған өзге шешімі қарастырыла алады, егер мұндай шешімде:
ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талап;
ЭЖТД-ның тіркеу нөмірі туралы мәліметтер, ДТЭГ-те мәлімделген мәліметтерге енгізілетін өзгерістердің (толықтырулардың) тізбесі;
ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) үшін негіздеме болса;
44. Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында шешіммен бір мезгілде лауазымды тұлғамен электрондық құжат немесе қағаз нұсқасындағы құжат түрінде ресімделеді (шешімнің қалай ресімделгеніне байланысты) және ЭЖТДТ-ны толтыру тәртібінің 19-тармағының екінші-алтыншы абзацтарында айқындалған тәртіппен қалыптастырылатын тіркеу нөмірін беру жолымен тіркелген ЭЖТДТ-ның кеден өкіліне жіберіледі.
45. Беларусь Республикасында кеден өкілі шешімде кеден органы көрсеткен мәліметтерге сүйене отырып, кеден өкілі шешімді алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мәліметтері өзгертілетін (толықтырылатын) ЭЖТД тіркелген кеден органына ЭЖТДТ-ны, ал кедендік төлемдер төленген жағдайда – сонымен қатар құжаттарды және (немесе) олардың төленгенін растайтын мәліметтерді береді.
Егер ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу кедендік төлемдерді төлеуге әкеп соқтыратын болса, кеден өкілінің көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді жіберу мерзімі, егер бұл Беларусь Республикасының заңнамасында көзделген болса, осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімнен асып кетуі мүмкін.
Кеден органы осы Тәртіптің 10-тармағына сәйкес ЭЖТДТ-ны беру күнін бекітеді.
Егер ЭЖТДТ шешімге сәйкес толтырылған жағдайда, лауазымды тұлға ЭЖТДТ кеден органына ұсынылған күннен кейінгі күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес ЭЖТДТ-ны тіркейді.
ЭЖТДТ-ны электрондық құжат түрінде берген кезде кеден органы кеден өкіліне тіркеу күні мен уақыты, сондай-ақ ЭЖТДТ-ның тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді электрондық нысанда жібереді.
ЭЖТДТ қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берген кезде кеден органы ЭЖТДТ-ны толтыру тәртібінің 19-тармағына сәйкес ЭЖТДТ-ның "А" бағанына оны тіркеу туралы белгіні қояды.
Егер ЭЖТДТ шешімге сәйкес келмесе немесе ЭЖТДТ кеден органына осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзім немесе осы тармақтың екінші абзацына сәйкес өзге мерзім шегінде берілмесе, ЭЖТДТ лауазымды адаммен толтырылады.
Лауазымды тұлға осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзім өткен күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе осы тармақтың екінші абзацына сәйкес өзге де мерзімде немесе егер ол қағаз нұсқасындағы құжат түрінде жіберілген болса, адресатқа шешімді тапсырмағаны туралы белгісі бар пошта жөнелтілімінің кеден органына келіп түскен күннен бастап ЭЖТДТ-ның кеден өкіліне жібереді.
Егер ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу кедендік төлемдерді төлеуге әкеп соғатын жағдайда, егер мұндай мерзім Беларусь Республикасының заңнамасында көзделген болса, ЭЖТДТ-ны кеден өкіліне жіберу мерзімі осы тармақтың сегізінші абзацында белгіленген мерзімнен асып кетуі мүмкін.
Лауазымды тұлға толтыратын ЭЖТД-ның бағандарындағы жазбаларға (белгілерге) ғана өзгерістер (толықтырулар) енгізу осы Тәртіптің 38-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне № 1 ҚОСЫМША |
(нысан)
Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясында мәлімделген мәліметтерге тауарлар шығарылғанға дейін өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы ТАЛАП
20 ___ жылғы "___" ____________ бастап
Кеден органының коды | Кеден өкілі |
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексінің 112-бабының 2-тармағына сәйкес тіркеу нөмірі ________________________________ экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясында мәлімделген тауарлар мен мәліметтерге қатысты кедендік бақылау жүргізу барысында мыналар анықталғанын хабарлаймыз:
ЭЖТД-да мәлімделген мынадай мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттілігіне байланысты 20___ жылғы "___"____________ дейін кеден органына Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен бекітілген Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуді толтыру тәртібіне сәйкес толтырылған экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуді ұсыну қажет:
р/р | Тауардың реттік нөмірі | Бағанның/бағананың бағанның/ жолдың нөмірі | ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтер | Өзгертілген (толықтырылған) мәліметтер |
1. | ||||
… |
______________________________________ __________________ | Жеке нөмірлік мөрі |
Талап алынды:
_______________________________ ___________ ___________________________________(кеден өкілі қызметкерінің Т. А. Ә.) (қолы) (талапты алған күні мен уақыты)
____________________
* Беларусь Республикасында қолданылмайды.
Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне № 2 ҚОСЫМША |
(нысан)
Тауарларды шығарғаннан кейін экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясында мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы кеден органының ШЕШІМІ
20 ___ жылғы "___" ____________ бастап
Кеден органының коды | Кеден өкілі |
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен бекітілген Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібінің 27-тармағының ___-тармақшасының негізінде тіркеу нөмірі _____________________________________________________ экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясына ______________________________________________________________
(ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін негіздер)
байланысты қоса беріліп отырған ЭЖТДТ-ға сәйкес өзгерістер (толықтырулар) енгізілді*
мынадай өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажет**:
р/р | ЭЖТД-ның тіркеу нөмірі | Тауардың реттік нөмірі | Бағанның/бағананың бағанның/ жолдың нөмірі | ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтер | Өзгертілген (толықтырылған) мәліметтер |
1. | |||||
… |
20 жылғы " " дейін
( Экспресс-жүктерге арналған тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібінің 45-тармағына сәйкес мерзім)
ЭЖТДТ-ны, ал кедендік төлемдер төленген жағдайда – олардың төленгенін растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну қажет**
______________________ ________________
(кеден одағының лауазымды (қолы)*
тұлғасының Т. А. Ә.)*
ЭЖТДТ-ны, ал кедендік төлемдер төленген жағдайда – олардың төленгенін растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну қажет**
_________________________ ____________________
(кеден одағының лауазымды (қолы)*
тұлғасының Т. А. Ә.)*
__________________________ ____________ ___________(кеден өкілі қызметкерінің (қолы) (рұқсат алған
Т. А. Ә.) күні)
___________________
* Беларусь Республикасында қолданылмайды.
** Беларусь Республикасы үшін.".