Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына және 106-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған:
Экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияның нысаны;
Экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияның нысанын толтырудың тәртібі бекітілсін.
2. Мынадай:
а) осы тармақтың б) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, тасымалдаушы (бұдан әрі – экспресс тасымалдаушы) экспресс-жүк ретінде жеткізетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде, егер бір мезгілде мынадай шарттар сақталатын болса:
тауарларды кедендік декларациялауды кеден өкілі жүзеге асыратын;
жеке бір жүкқұжат бойынша өткізілетін тауарлардың жалпы кедендік құны 200 еуроға баламалы сомадан аспайтын (ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты жалпы кедендік құн Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 2-бабы ескеріле отырып айқындалады) не егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген - 1000 еуро болса;
ішкі тұтыну үшін тауарлар шығару кедендік рәсімімен немесе экспортқа кедендік рәсімімен не кері экспорт кедендік рәсімімен немесе кері импорт кедендік рәсімімен (егер бұрын тауарлар ЭЖТД ұсыныла отырып кедендік рәсімімен орналастырылса) не кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын болса (егер кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, бұрын тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылса) экспресс-жүкке арналған тауарлардың декларациясы (бұдан әрі - ЭЖТД) осы Шешіммен бекітілген нысан бойынша пайдаланылады;
б) ЭЖТД эксперсс-тасымалдаушы жеткізетін тауарлардың мынадай санаттарын:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар;
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 301-бабында белгіленген ерекшеліктермен өткізілетін тауарлар;
оларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлар;
жарылу қауіптілігі бар заттар, жарылғыш, улайтын, қауіпті химиялық және биологиялық заттар (биологиялық үлгілерді қоспағанда), есірткі құралдары, психотропты, қатты әсер ететін, улы, уытты, радиоактивті заттар, ядролық материалдар;
құбыржол көлігімен және электр беру желілерімен өткізілетін тауарлар;
акцизделетін тауарлар, сондай-ақ оларға қатысты кеден баждары, салықтар төлеу бойынша жеңілдіктер, тарифтік квоталар, тарифтік преференциялар қолданылатын тауарлар және оларға қатысты қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық шаралар және (немесе) ішкі нарықты қорғаудың өзге де шаралары қолданылатын тауарлар;
оларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу кейінге қалдырылған тауарлар (Беларусь Республикасы үшін);
оларға қатысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген, тауардың шығарылған жерінде келісілген ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылатын тауарларға ұқсас тауарларды (Беларусь Республикасы үшін) кедендік декларациялау кезінде пайдаланылмайды;
в) егер экспресс тасымалдаушы жеткізетін тауарларды, сондай-ақ осы тармақтың "б" тармақшасында көрсетілген тауарларды кедендік декларациялау кезінде "а" тармақшасында көзделген талаптар сақталмайтын болса, тауарларға арналған декларация Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген нысан бойынша пайдаланылады деп белгіленсін.
3. Осы Шешім 2019 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияның НЫСАНЫ
Экспресс жүкке арналған тауарлардың декларациясы | |||||||||||||||||
Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша) | Алушы (жалпы жүкқұжат бойынша) |
А | ЭЖТД | Ерекшелігі | |||||||||||||
Парақтар саны | Рәсімі | ||||||||||||||||
Жалпы мәліметтер | Тауарлар туралы мәліметтер | Құжаттар туралы мәліметтер | Ескерту | ||||||||||||||
Жалпы жүкқұжат | Жеке жүкқұжат | Жеке жөнелтуші | Жеке алушы | № р/с | Атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Саны | Салмағы | Валюта құны | Кедендік құны | Коды, белгісі | Күні, нөмірі | |||||
брутто | нетто | ||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |||
1 | 1 | ||||||||||||||||
2 | |||||||||||||||||
Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны) | |||||||||||||||||
2 | 3 | ||||||||||||||||
4 | |||||||||||||||||
Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны) | |||||||||||||||||
Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны) | |||||||||||||||
500 | |||||||||||||||
Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны) | |||||||||||||||
Барлығы экспресс-жүкке арналған тауар декларациясы бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны) | |||||||||||||||
В. Төлемдерді есептеу | ЭЖТД толтырған тұлға туралы мәліметтер. датасы | |||||
Тауар | Түрі | Есептеуге арналған база | Есептеуге арналған базаның коды | Ставка | Сомасы | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
Барлығы жеке жүкқұжат бойынша | ||||||
Барлығы жеке жүкқұжат бойынша | С | |||||
Барлығы жеке жүкқұжат бойынша | ||||||
Барлығы экспресс-жүкке арналған тауар декларациясы бойынша | ||||||
B1. Төлеудің егжей-тегжейлігі | D |
1 Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткен кездегі декларант
2 Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген кездегі декларант
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Экспресс-жүк үшін тауарларға арналған декларацияны толтырудың ТӘРТІБІ
І. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп экспресс-жүк үшін тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі - ЭЖТД) электрондық құжат түрінде және қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде толтырудың қағидаларын айқындайды.
2. Бір ЭЖТД-да жеке жүкқұжат бойынша жалпы кедендік құны әрбір жүкқұжат бойынша 200 евроға баламалы болатын сомадан аспайтын тауарлар туралы және жеке жүкқұжат бойынша жалпы кедендік құны 200 еуроға баламалы болатын сомадан асатын, бірақ 1000 еуроға баламалы сомадан аспайтын тауарлар туралы мәліметтерді көрсетуге жол берілмейді.
3. Бір ЭЖТД-да 500 жеке жүкқұжаттан аспай өткізілетін тауарлар туралы мәліметтер көрсетіледі.
4. Электрондық құжат түріндегі ЭЖТД Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын құрылымға сәйкес толтырылады.
Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен бекітілген нысан бойынша толтырылады.
5. ЭЖТД толтырған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын, Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес қалыптастырылуға және қолданылуға жататын анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.
6. Осы Тәртіптің мақсаты үшін графа деп электрондық құжат түріндегі ЭЖТД құрылымының деректемесі (деректемелері) немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД нысанының құрылымдық бірлігі қолданылады, ол кіші бөлімдерден, колонкалардан (бағандардан), элементтерден тұруы мүмкін. Осы Тәртіпке сәйкес бір графада бір белгісі бойынша біріктірілген мәліметтер көрсетіледі.
7. Электрондық құжат түріндегі ЭЖТД ЭЖТД-ны автоматты түрде өңдеу үшін қажетті техникалық сипаттағы мәліметтерді қамтуы мүмкін. Мұндай мәліметтерді ақпараттық жүйе
қалыптастырады. Аталған мәліметтердің құрамы Электрондық құжат түріндегі ЭЖТД құрылымында айқындалады.
Техникалық сипаттағы мәліметтер Электрондық құжат түріндегі ЭЖТД қағаз көшірмесін басқан кезде көрінбейді.
8. Қағаз жекізгіштегі ЭЖТД А4 форматындағы қағаз бетінде 2 данада жасалады, оның біреуі ЭЖТД берілетін кеден органына арналған, ал екіншісі кеден өкіліне беруге арналған. Тауарларды Одақтың аумағынан әкету мақсатында кедендік декларациялау кезінде қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД қағаз парақтарында А4 форматында 3 данада жасалады, олардың біреуі тауарлар Одақтың аумағынан кететін жерде орналасқан кеден органына беріледі.
9. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД графалары рет-ретімен толтырылады.
"Жөнелтуші жалпы жүкқұжат бойынша", "Алушы (жалпы жүкқұжат бойынша)", "А", "ЭЖТД", "Ерекшеліктер", "Алдыңғы құжат", "Парақтардың саны" және "Рәсім" графалары қағаз жеткізгіштегі ЭЖТД бірінші бетінде орналастырылады.
Егер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД толтыру кезінде "Жалпы мәліметтер", "Тауарлар туралы мәліметтер", "Құжаттар туралы мәліметтер", "Ескерту" деген графаларда "Барлығы бір жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны) және "Барлығы экспресс-жүкке арналған тауар декларациясы бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны)" жолдарда көрсету үшін орын жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-ның ажырамас бөлігі болып табылатын А4 форматындағы қағаздың екінші және келесі беттерінде көрсетіледі.
қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-нің екінші және одан кейінгі беттерін толтыру кезінде:
барлық парақтар нөмірленуге (нөмір парақтың үстіңгі жағының ортасына қойылады) тиіс;
әрбір парақтың төменгі оң жағына ЭЖТД толтырған адам қол қояды, егер кеден өкілінің мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мөрі болатын болса, мөр қою арқылы куәландырады.
"В. Төлемдарды есептеу", "ЭЖТД толтырған адам туралы мәліметтер", "С", "В1. Төлемдердің (өндіріп алудың) егжей-тегжейлігі" және "D" графалары қағаз жеткізгіштегі қжат түріндегі ЭЖТД соңғы парағының екінші бетіне орналастырылады.
10. "А", "С" және "D" графаларын кеден органы толтырады.
11. Егер бір жүкқұжат бойынша бір немесе бірнеше тауар орналастырылған болса, олар туралы мәліметтер жол-жолға жазылып көрсетіледі. Бұл ретте ЭЖТД "Жалпы мәліметтер" деген графасының 2 – 5 колонкалары (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелері) жеке жүкқұжат бойынша өткізілетін алғашқы тауарға қатысты мәліметтерді көрсету арқылы бір рет толтырылады.
12. ЭЖТД басып шығаратын құрылғылар пайдаланыла отырып, кіші әріптермен толтырылады.
Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД анық басылып жазылады және оларды тазартып өшіруге, қолмен жөндеуге және қолмен түзетуге болмайды.
Егер шетелдік тұлғалардың атауында, тауар белгілерінде, маркаларында, модельдерінде, артикулдарында, сорттарында, стандарттарында және с.с құжатқа сәйкес латын алфавиті пайдаланылған болса, мұндай мәліметтер ЭЖТД-да латын алфавиті пайдаланыла отырып көрсетілуге тиіс.
13. Орналасқан жері, тұрғылықты жері туралы мәліметтер - электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да ЭЖТД тиісті құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД ЭЖТД-ның тиісті графаларында үтір арқылы көрсетіледі және онда мыналар қамтылады:
а) әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің коды;
б) әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және с.с) (Қырғыз Республикасында тұрақты орналасқан және дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға туралы мәліметтерді көрсеткен кезде – әкімшілік-аумақтық және аумақтық бірліктер объектілерін белгілеу жүйесінің мемлекеттік сыныптауышына (ӘАОЖ МС) сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің коды) – Қырғыз Республикасы үшін);
в) елді мекен;
г) көше (бульвар, даңғыл және с.с.);
д) үйдің нөмірі;
е) корпустың (құрылыстың) нөмірі;
ж) пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірі.
14. Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер - ЭЖТД-ның тиісті құрылымының деректемелерінде электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал ЭЖТД-ның тиісті графасында қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да үтір арқылы көрсетіледі және онда мыналар қамтылады:
а) уәкілетті органы әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес жеке басын куәландыратын құжатты берген елдің коды;
б) жеке басын куәландыратын құжаттар түрінің сыныптауышына сәйкес құжаттың атауы немесе коды;
в) құжаттың сериясы (бар болса) және нөмірі;
г) кк.аа.жжжж. форматында (күні, айы, күнтізбелік жылы) құжаттың берілген күні.
15. Адамның салықтық нөмірі деп:
а) Армения Республикасында – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);
б) Беларусь Республикасында - салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН) (дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаны қоспағанда) не жеке тұлғаның сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
в) Қазақстан Республкасында - ұйым үшін және қызметті ортақ кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), соның ішінде қызметті дара кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлға үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
г) Қырғыз Республикасында заңды тұлға үшін немесе дара кәсіпкер үшін салық төлеушінің салықтық сәйкестендіру нөмірі (ССН) не қызметін Қырғыз Республикасында жүзеге асыратын және дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
д) Ресей Федерациясында - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН), ал заңды тұлға үшін - есепке қою себебінің коды (ЕСК) (заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі үшін оқшауланған бөлімшенің орналасқан жерінде берілген ЕСК қойылады). Есепке қою себебінің коды (ЕСК) ЭЖТД-ның тиісті құрылымының деректемелерінде электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да бөліп көрсету белгісі арқылы көрсетіледі.
16. Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша), алушы (жалпы жүкқұжат бойынша) және кеден өкілі туралы мәліметтер - ЭЖТД-ның тиісті құрылымының деректемелерінде электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал ЭЖТД-ның тиісті графаларында қағаз жеткізгіштегі ЭЖТД-да жеке жолдармен көрсетіледі және онда:
а) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға үшін:
қысқа (қысартылған) немесе толық атауы;
салықтық нөмірі (осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес);
байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес);
б) шетелдік ұйым үшін:
қысқа (қысартылған) немесе толық атауы;
орналасқан жері (осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес);
байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес);
в) заңды тұлға болып табылмайтын және мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға (ұйым) атынан жұмыс істейтін оқшауланған бөлімше үшін:
оқшауланған бөлімше (ұйым) болып табылатын заңды тұлғаның қысқа (қысартылған) немесе толық атауы;
оқшауланған ұйымның қысқа (қысартылған) немесе толық атауы (бар болса);
оқшауланған ұйымның орналасқан жері (осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес);
оқшауланған ұйымның салықтық нөмірі (осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес);
оқшауланған бөлімше (ұйым) болып табылатын заңды тұлғаның салықтық нөмірі (осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес);
байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес);
г) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген дара кәсіпкер үшін:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
тұрғылықты жері (осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес);
салықтық нөмірі (осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес);
байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес) қамтылады.
17. Тұлғаның байланыс деректемелері туалы мәліметтер мыналарды қамтиды:
байланыс түрінің атауы (телефон, факс, электрондық почтасы және с.с);
байланыс арнасының сәйкестендіргіші (телефон, факс нөмірлері, электрондық почтасының адресі және т. с. с).
Тұлғалардың байланыс деректемелері туралы мәліметтер - ЭЖТД-ның тиісті құрылымының деректемелерінде электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал ЭЖТД-ның тиісті құрылымының деректемелерінде қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да көрсетіледі, онда бір жолда байланыс түрі және бір ашық жер қалдырылып байланыс арнасының сәйкестендіргіші көрсетіледі. Бұл ретте қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-де әрбір байланыс деректемесі туралы мәліметтер үтір арқылы көрсетіледі.
18. ЭЖТД тауарларды Одақтың кеден аумағына әкелгенге дейін немесе жөнелтушінің кеден органы белгілеген жеткізу орнына дейін жеткізгенге дейін берілуі мүмкін, егер мұндай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 114-бабында белгіленген тәртіппен кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын болса (бұдан әрі – тиісінше алдын ала кедендік декларациялау, Кодекс).
ІІ. Кеден өкілінің ЭЖТД толтыруы
19. "Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойыша)" графасында осы Тәртіптің 16-тармағына сәйкес көліктік (тасымалдаушы) құжаттарда (жалпы жүкқұжат бойынша) жөнелтуші ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.
20 "Алушы (жалпы жүкқұжат бойынша)" графасында осы Тәртіптің 16-тармағына сәйкес көліктік (тасымалдаушы) құжаттарда (жалпы жүкқұжат бойынша) оған сәйкес тауарларды тасымалдау аяқталған (аяқталатын) алушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.
21. "ЭЖТД" графасы мынадай тәртіппен толтырылады:
Электрондық құжат түріндегі ЭЖТД толтырған кезде ЭЖТД құрылымының деректемесінде "ЭЖТД" тиісті графасында "ЭД" деген қысқарған сөз көрсетіледі. Электрондық құжат түріндегі ЭЖТД толтырған кезде графа толтырылмайды.
22. "Ерекшелігі" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.
Алдын ала кедендік декларациялау кезінде тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сыныптауышына сәйкес тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктерінің коды көрсетіледі. Өзге жағдайларда графа толтырылмайды.
23. "Алдыңғы құжат" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.
Егер тауарлар ЭЖТД берілгенге дейін кедендік рәсімге орналастырылған болса (кеденік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда) графада құжаттар түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжаттың коды және ЭЖТД туралы мәліметтер мен тауарларды алдындағы беру үшін ЭЖТД кедендік рәсіміне орналастырған кезде берілген тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Егер тауарлар ЭЖТД берілгенге дейін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған болса, соның ішінде егер транзиттік декларация ретінде көліктік (тасмыладау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттар пайдаланылған болса, графада алдындағы беру үшін ЭЖТД кедендік рәсіміне орналастырған кезде (кеденік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда) берілген тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Егер тауарлар бұрын кедендік рәсімге орналастырылмаған болса, соның ішінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылмаған болса, графада құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес алдын ала ақпараттың коды және ЭЖТД-да мәлімделген тауарларға қатысты ұсынылған алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Бұл мәліметтер - ЭЖТД-ның тиісті құрылымының деректемелерінде электронды құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да тире "-" белгісі арқылы көрсетілуге тиіс.
24. "Парақтар саны" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.
Электрондық құжат түріндегі ЭЖТД толтырған кезде графа толтырылмайды. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД толтырған кезде графада ЭЖТД барлық парақтарының саны көрсетіледі.
25. "Рәсімі" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.
Графада мынадай схема бойынша жасалған код көрсетіледі:
XX XX
1 2
онда:
1-элемент - кедендік рәсімдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес мәлімделген кедендік рәсімнің 2 таңбалы коды;
2-элемент - егер тауарлар бұрын өзге кедендік рәсімге орналастырылған болса, кедендік рәсімдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес алдыңғы кедендік рәсімнің 2 таңбалы коды көрсетіледі. Егер тауарлар бұрын өзге кедендік рәсімге орналастырылмаған болса, кодтың орнына екі нөл: "00" қойылады.
26. "Жалпы мәліметтер" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.
1-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) жеке жүкқұжаттың реттік нөмірі көрсетіледі.
2 және 3-колонкаларда (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелеріне сәйкес) тиісінше жалпы жүкқұжаттың нөмірі мен жеке жүкқұжатының нөмірі көрсетіледі.
4 және 5-колонкаларда (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде) жеке жүкқұжатына сәйкес (осы Тәртіптің 16-тармағына сәйкес) тиісінше жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер көрсетіледі.
27. "Тауарлар туралы мәліметтер" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.
6-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде) тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.
7-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде):
тауардың атауы (саудалық, коммерциялық немесе өзге дәстүрлік атауы);
тауардың сипаттамасы (Беларусь Республикасы үшін);
тауар белгісі туралы, сондай-ақ кеден органына ЭЖТД берілетін мүше мемлекеттің кеден органы жүргізетін зияткерлік меншік объектілерінің тізбесіне енгізілген зияткерлік меншік объектілерінен тұратын тауарлар туралы зияткерлік меншік объектісінің тіркеу нөмірі (бар болса) туралы мәліметтер (Беларусь Республикасы үшін);
егер тауар кеден органына ЭЖТД берілетін мүше мемлекеттің кеден органы жүргізетін зияткерлік меншік объектілерінің тізбесіне енгізілген зияткерлік меншік объектісі болып табылса, тауардың тұрған жерінің атауы (Беларусь Республикасы үшін);
8-колонкада (ЭЖТД құрылымының тисті деректемесінде) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кемінде алғышқы 6 белгі деңгейінде тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН) көрсетіледі. Әрбір жеке жүкқұжат бойынша жалпы кедендік құны 200 еуроға баламалы сомадан асатын, бірақ 1000 еуроға баламалы сомадан аспайтын тауарларға қатысты ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес 10 белгі деңгейінде (бос орын қалдырылмай көрсетіледі) тауардың коды көрсетіледі.
9-колонкада, егер ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес декларацияланатын тауарға қатысты қосымша өлшем бірлігі қолданылатын болса, қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да өлшеу бірліктерінің сыныптауышына сәйкес қосымша өлшем бірлігінің шартты белгілері "/" бөлу белгісі арқылы, тиісті өлшеу бірліктерінің сыныптауышына сәйкес қосымша өлшем бірлігінің коды және қосымша өлшем бірлігіндегі тауардың саны көрсетіледі. Әрбір жүкқұжат бойынша жалпы кедендік құны 200 еуроға баламалы сомадан асатын тауарларға қатысты 9-колонка (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесі) толтырылмауы мүмкін (Беларусь Республикасы үшін).
10 және 11-колонкаларда (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде) тауарлардың тиісінше масса бруттасы (кг) және неттосы (кг) көрсетіледі. Әрбір жүкқұжат бойынша жалпы кедендік құны 200 еуроға баламалы сомадан асатын тауарларға қатысты 10-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) жеке жүкқұжат бойынша жалпы масса брутто (кг) көрсетіледі, ал 11-колонка (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесі) толтырылмайды. Көрсетілген мәндер үтірден кейін математиканың ережелері бойынша нақты 3-ке дейінгі санмен, ал тауардың жалпы массасы 1 грамнан кем болған жағдайда үтірден кейін 6 белгіге дейін дәл дөңгелектенеді.
12-колонкада қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да валюталардың сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік коды және коммерциялық құжаттарға сәйкес тауардың құны "/" бөлу белгісі арқылы цифрлармен көрсетіледі. Тауар құнының мәні математиканың ережелері бойынша үтірден кейін 2 белгіге дейін дәл дөңгелектенеді.
13-колонкада қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да құжаттар түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжаттың коды "/" бөлу белгісі арқылы және ЭЖТД туралы мәліметтер мен тауарларды валюталардың сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік коды және тауарлардың кедендік құны Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарға және актілерге сәйкес айқындалатын, ЭЖТД берілетін мүше мемлекеттің валютасында цифрмен көрсетіледі. Тауардың кедендік құнының мәні үтірден кейін математиканың ережелері бойынша үтірден кейін 2 белгіге дейін дәл дөңгелектенеді, ал Армения Республикасы үшін тұтас шамаға дейін дөңгелектенеді.
28. "Құжаттар туралы мәліметтер" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.
Тыйым салулар мен шектеулерді растайтын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл ретте құжаттар туралы мәліметтер құжаттың Кодекстің 80-бабының 2-тармағының негізінде ЭЖТД-мен қоса берілетін немесе берілмейтініне қарамастан графада көрсетілуге жатады.
Белраусь Республикасында коммерциялық құжаттар туралы мәліметтер (бар болса) және егер Беларусь Республикасының кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес осындай құжаттар туралы мәліметтерді көрсету қажет болса өзге де құжаттар қосымша көрсетіледі.
14-колонкада қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде құжаттар түрінің сыныптауышына сәйкес "/" бөлу белгісі арқылы құжаттың коды және ЭЖТД берілген не берілмегенін растайтын мәліметтер мен белгілер көрсетіледі:
"0" - ЭЖТД мәлімдеген мәліметтерді растайтын құжат берілген жоқ.
"1" - ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын құжат берілді.
15-колонкада қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде электрондық құжат түріндегі ЭЖТД құжаттың кк.аа.жжжж. (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында датасы және нөмірі "/" бөлу белгісі арқылы көрсетіледі. Егер құжатта датасы және (немесе) нөмірі көрсетілмесе "-" сызықша белгісі қойылады.
29. "Ескерту" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.
Графада ЭЖТД толтырушы тұлғаның қалауы бойынша қосымша мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
30. Егер бір жүкқұжат бойынша екі және одан да көп тауар өткізілетін болса, осындай өткізілетін тауарлардың жалпы кедендік құны туралы мәліметтерде мүше мемлекеттің валютасы және жалпы салмағының бруттосы электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да ЭЖТД-ның тиісті графасының жеке жолдарында көрсетіледі.
ЭЖТД мәлімделген барлық тауарлардың мүше мемлекеттің валютасындағы жиынтықты кедендік құны және брутто салмағы туралы мәліметтер - ЭЖТД тиісті деректемелік құрылымындағы электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да ЭЖТД-ның тиісті гарафасында жеке жолдарда көрсетіледі.
31. "В. Төлемдерді есептеу" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.
Графада кедендік баждардың, салықтардың, кеден органдарының тауарлар шығарумен байланысты әрекеттері үшін кедендік алымдардың (бұдан әрі – кедендік алымдар) есептелгені туралы, егер осындай кедендік алымдар мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген болса, сондай-ақ өсімпұлдар мен пайыздардың есептелгені туралы мәліметтер көрсетіледі.
Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды, өсімпұлдар мен пайыздарды (бұдан әрі - төлемдер) есептеу төлемнің әрбір түрі бойынша жеке жүргізіледі. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды есептеу кедендік баждар, салықтар төлем төлеуге жататын әрбір тауар бойынша, ал кедендік алымдарды есептеу – әрбір жеке жүкқұжат бойынша жүргізіледі.
Егер тауарларға қатысты төлем есептелетін ставка белгіленбеген, не төлемнің осы түрі бойынша нөл ставка белгіленген болса, не төлем төлеу бойынша міндеттілік туындамайтын болса, графада төлемнің түрі бойынша мәліметтер көрсетілмейді.
Адвалорлық және айрықша күрделі ставкаларды немесе екіншісінен біріншісін есептен шығару ставкаларын көздейтін аралас ставкаларды қолданған жағдайда мұндай төлемді есептеу туралы мәліметтер ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да көрсетіледі, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да әрқайсысы үшін 2 жолда бөлек көрсетіледі.
Графалардың колонкаларында (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде) сандық және символдық белгілер бос орын қалдырылмастан көрсетіледі.
1-колонкада қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелеріндегі электрондық құжат түріндегі ЭЖТД "Жалпы деректер" деген 1-графада оларға қатысты кедендік баждар, салықтар есептелетін тауар бойынша жеке жүкқұжатының реттік нөмірі және ЭЖТД-ның "Тауарлар туралы мәліметтер" деген 6-колонкасында көрсетілген тауардың реттік нөмірі "/" бөлу белгісі арқылы көрсетіледі.
2-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) алынуы кеден органдарына жүктелетін салықтар түрлерінің сыныптауышына сәйкес төлем түрінің коды көрсетіледі.
3-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) мүше мемлекеттің Кодексіне және (немесе) заңнамасына сәйкес анықталатын төлемдерді есептеуге арналған база көрсетіледі.
Егер төлемді есептеуге арналған база ақша бірлігінде көрсетілсе, оның мәні төлем ставкасы белгіленген бірлікке қатысты бірліктерде көрсетіледі және үтірден кейін математиканың ережелері бойынша 2 белгіге дейін дәл, ал Армения Республикасы үшін тұтас шамаға дейін дөңгелектенеді;
Егер төлемді есептеуге арналған база ақшалай бірліктегілерден өзгеше көрсетілген болса, оның мәні төлем ставкасы белгіленген бірлікке қатысты бірліктерде көрсетіледі және математиканың ережелері бойынша нақты:
Армения Республикасы мен Беларусь Республикасында үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектенеді. Егер үтірден кейін 2 белгіге дейін дәл дөңгелектенгені туралы мәліметтер болмаса, үтірден кейін нөл қойылады.
Егер дөңгелектеу 0,10 деген саннан кем болуға әкеп соқса және бұл ретте төлем ставкасы бегіленген тауар бірліктерінің саны туралы нақты мәліметтер бар болса, санды дөңгелектеу үтірден кейін 4 белгіге дейін дәл жүзеге асырылады. Егер үтірден кейін 4 белгіге дейін дәл дөңгелектенген осындай сан туралы мәліметтер жоқ болса, үтірден кейін 4-разрядта "0" саны қойылады;
Егер төлем есептеуге арналған база масса бірліктерінде (тауардың жалпы массасына қарамастан) көрсетілген болса, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында - үтірден кейін 2 белгіге дейін немесе үтірден кейін 6 белгіге дейін дөңгелектенеді. Егер төлемді есептеуге арналған базаның мәні ақшалай бірлікке және масса бірлігіне қарағанда басқадай көрсетілсе, үтірден кейін 2 белгіге дейін дәл көрсетілсе, үтірден кейін нөл қойылады.
4-колонка (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесі) егер төлемді есептеуге арналған база ақшалай бірліктегілерден басқаша көрсетілген болса толтырылады. Кіші бөлімде өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес өлшем бірлігінің коды немесе қосымша сипаттама коды немесе қосымша сипаттамалар мен параметрлердің сыныптауышына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде пайдаланылатын қосымша сипаттамалар мен параметрлердің коды көрсетіледі.
5-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) төлем ставкасының белгіленген мөлшері көрсетіледі.
6-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) ЭЖТД берілген мүше мемлекеттің кедендік органына төленуге тиіс сома көрсетіледі. Мәні үтірден кейін математикалық ережелер бойынша 2 белгіге дейін дәл, ал Армения Республикасы үшін тұтас шамаға дейін дөңгелектенеді.
"Барлығы жеке жүкқұжат бойынша" деген жолда (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) бір жеке жүкқұжаты бойынша төленуге жататын кедендік баждар, салықтар сомасы, сондай-ақ кедендік алымдарды төлеу, өсімпұлдарды, пайыздарды есептеу туралы мәліметтер көрсетіледі.
Төленуге жататын кедендік баждар, салықтар туралы мәліметтерді көрсеткен кезде:
2-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес алынуы кеден органдарына жүктелген төлем түрлерінің коды көрсетіледі;
3-5-колонкалар (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде) толтырылмайды;
6-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) өлшемнің тиісті түрі бойынша бір жеке жүкқұжатында көрсетілген тауарлардың бәрі үшін төленуге жататын осындай төлемнің сомасы көрсетіледі.
Кедендік алымдарды есептеу туралы мәліметтерді көрсеткен кезде:
2-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес алынуы кеден органдарына жүктелген төлем түрінің коды көрсетіледі;
3-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес анықталатын төлемдерді есептеу базасы көрсетіледі. Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында бұл кіші бөлім (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесі) толтырылмайды;
4-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес өлшем бірлігінің коды немесе қосымша сипаттама коды немесе қосымша сипаттамалар мен параметрлердің сыныптауышына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде пайдаланылатын қосымша сипаттамалар мен параметрлердің коды көрсетіледі;
5-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) төлем ставкасының белгіленген мөлшері көрсетіледі;
6-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) кедендік алымдардың есептелген сомасы көрсетіледі.
Есептелген өсімпұлдардың, пайыздардың есептелген сомасы туралы мәліметтерді көрсеткен кезде:
2-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрінің сыныптауышына сәйкес алынуы кеден органдарына жүктелген төлемдер түрінің коды көрсетіледі;
3-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) өсімпұлдар, пайыздар есептелетін төлем сомасы көрсетіледі;
4-колонка (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) толтырылмайды;
5-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) үтірден кейін нақты 2 белгіге дейін қайта қаржыландыру ставкасының мөлшері және "х" белгісі арқылы – өсімпұлдар, пайыздар есептелетін кезеңнің күндер саны көрсетіледі;
6-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелері) өсімпұлдардың, пайыздардың есептелген сомасы көрсетіледі.
"Барлығы экспресс-жүкке арналған тауар декларациясы бойынша" деген жолда:
2-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес алынуы кеден органдарына жүктелген төлем түрлерінің коды көрсетіледі;
3-5-колонкалар (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) толтырылмайды;
6-колонкада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) тиісті төлем түрі бойынша ЭЖТД-да көрсетілген барлық тауарлар үшін төленуге жататын осындай төлемнің сомасы көрсетіледі.
32. "В. Төлеудің егжей-тегжейлігі (өндіріп алу)" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.
Графада ЭЖТД-да көрсетілген барлық тауарлар үшін кедендік баждардың, салықтардың кедендік алымдардың төленген (өндіріп алынған) сомалары, сондай-ақ өсімпұлдардың, пайыздардың сомалары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Төлем сомалары математикалық қағидалар бойынша үтірден кейін 2 белгіге дейін дәл дөңгелектенеді, ал Армения Республикасы үшін тұтас шамаға дейін дөңгелектенеді.
Төлемдердің (өндіріп алудың) төленгені туралы мәліметтер әрбір төлем бойынша олардың төленгенін (өндіріп алынғанын) растайтын құжаттар шегінде жеке көрсетіледі. ЭЖТД электрондық құжат түрінде толтыру кезінде мәліметтер ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі. ЭЖТД қағаз жеткіштегі құжат түрінде толтыру кезінде мәліметтер жеке жолдармен көрсетіледі, элементтердің бәрі өзара "-" белгісімен бөлініп көрсетіледі, элементтер арасында бос жолдар қалдыруға жол берілмейді.
Төлемдердің (өндіріп алудың) төленгені туралы мәліметтер мынадай схемамен қалыптастырылады:
1-элемент - салықтар, алымдар және өзге де төлем түрінің сыныптауышына сәйкес алынуы кеден органдарына жүктелген төлем түрінің коды;
2-элемент төлемнің төленген (өндіріп алынған) сомасы;
3-элемент – валюталардың сыныптауышына сәйкес төлемді (өндіріп алуды) төлеу валютасының коды;
4-элемент – төлемнің төленгенін (өндіріп алынғанын) растайтын құжаттың нөмірі. Ресей Федерациясында толтырылмаған жағдайда 2 нөл "00" қойылады;
5-элемент – Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында - төлемнің (өндіріп алудың) кк.аа.жжжж. (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында төленгенін растайтын құжаттың нөмірі, Беларусь Республикасында - төлемнің төленгенін (өндіріп алынғанын) растайтын құжат бойынша төлемнің (өндіріп алу) кк.аа.жжжж. (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында төленген күні. Ресей Федерациясында толтырылмаған жағдайда 2 нөл "00" қойылады;
6-элемент - өндіріп алу кеден органдарына жүктелетін кедендік және өзге де төлемдерді төлеу тәсілдерінің сыныптауышына сәйкес төлемді төлеу тәсілі;
7-элемент – төлемді ақша қаражаты немесе төлем сомасы өндіріп алынған салықтың есебінен кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз ету үшін ұсынған өзге мүлкі есебінен төлеген тұлғаның салықтық нөмірі (Тәртіптің 15-тарамғына сәйкес).
Егер төлемді ақша қаражаты немесе төлем сомасы өндіріп алынған салықтың есебінен кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз ету үшін ұсынған басқа мүлкі есебінен төлеген тұлға ретінде шетелдік тұлға не кеден өкілі ЭЖТД толтырған мүше мемлекеттің емес басқа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген тұлға болса, онда 7-элемент толтырылмайды.
33. "ЭЖТД толтырған адам туралы мәліметтер, күні" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.
Графада ЭЖТД толтырған адам туралы мәліметтер және толтырылған күні көрсетіледі.
Бұл мәліметтер мыналарды қамтиды:
адамды кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы куәландыратын құжаттың немесе құжаттар мен мәліметтердің сыныптауышына сәйкес кеден өкілдерінің тізіліміндегі тұлғаның нөмірі және үтір арқылы тұлғаның кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілуін куәландыратын құжаттың нөмірі немесе кеден өкілдерінің тізіліміндегі тұлғаның тіркеу нөмірі;
ЭЖТД толтырушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер (осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес);
кеден өкілінің штаттық кестеге сәйкес атқаратын лауазымы;
егер ЭЖТД кеден өкілінің басшысы толтыратын болса құжаттар мен мәліметтердің сыныптауышына сәйкес кеден өкілі басшысының өкілеттігін, куәландыратын құжаттың не кеден өкілінің атынан әрекеттер жасауға берілген сенімхаттың коды, кеден өкілі басшысының өкілеттігін немесе кеден өкілінің атынан әрекеттер жасауға берілген сенімхатты растайтын құжаттың нөмірі, сондай-ақ кеден өкілі басшысының өкілеттігін, куәландыратын құжаттың не кеден өкілінің атынан әрекеттер жасауға берілген сенімхаттың кк.аа.жжж. (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматындағы датасы, кеден өкілінің атынан әрекеттер жасауға берілген сенімхаттың қолданылауының кк.аа.жжжж. (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматындағы мерзімі, егер мұндай мерзім белгіленген болса (бұл мәліметтер ЭЖТД құрылымының деректемелеріндегі электрондық құжат түріндегі ЭЖТД, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да үтір арқылы бір жолда көрсетіледі);
кеден өкілінің байланыс деектемелері (осы Тәртіптің 17-бабына сәйкес).
Осы тармақта көзделген мәліметтер - ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да жеке жолдарда көрсетіледі.
Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да графада көрсетілген ЭЖТД толтырушы адам өзінің қолтаңбасын, ЭЖТД толтырған кк.аа.жжжж. (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматындағы датасын ұсынады және егер мүше мемлекеттің заңнмасына сәйкес кеден өкілінің мөрі болса, ЭЖТД-да көрсетілген мәліметтерді кеден өкілінің мөрін қою арқылы куәландырады.
ІІІ. Кеден органының ЭЖТД толтыруы
34. "А", "С" және "D" графалары тиісінше кеден органының ЭЖТД тіркеу нөмірін, тауарлардың шығарылуы туралы немесе тауарларды шығарудан бас тарту туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді көрсетуге арналған және олар Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтырудың тәртібі туралы нұсқалықтың тауарларға арналған "А", "С" және "D" графаларын толтыруға қатысты бөлігінде айқындалған тәртіппен толтырылады.