Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 7202 93 000 0 кодымен жіктелетін феррониобийге қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі осы шешім күшіне енген күннен бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 7202 93 000 0 коды бар позиция төртінші бағанда "81С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 81С ескертпемен толықтырылсын:
"81С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 156-шешімі күшіне енген күннен бастап 31.12.2025 дейін қолданылады".
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |