Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22 бабы 4 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Күші жойылды деп тану:
"Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кеме дизельді қозғалтқышын сыныптау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 15 шешімі;
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 15 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 20 шешімі.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
М. Мясникович |