Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 31 қаңтардағы №15 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 20 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 31 қаңтардағы "Кеменің дизельдік қозғалтқышын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы" №15 шешімінің 1-тармағындағы "кеменің іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін де, сол сияқты кемені қозғалысқа келтіретін электрқозғалтқыштарды қамтамасыз ету үшін де пайдаланылатын электр энергиясы" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады