Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:
1. 1 және 6 сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидаларына сәйкес өсімдіктерді тарақпен тарау арқылы тікелей комбайнмен дәнді дақылдар мен шөп тұқымын жинауға арналған, негізгі компоненттер ретінде жақтау, қақпақыл-шағылдырғыш, тарақ барабаны, иірлік, қорғаныс қаптамалары, жетекші механизмдерін қамтитын астық жинайтын комбайнға комбайнның көлбеу камерасына ілу арқылы орнатылатын құрылғы болып табылатын, астық жинайтын комбайнға арналған тарау үлгісіндегі қосбарабанды дестелегіш Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8433 59 субпозициясында жіктеледі.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |