"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 2-тармағына және Парламент Сенаты Регламентінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламенті мынадай мазмұндағы 81-1, 81-2 және 81-3-тармақтармен толықтырылсын:
"Әлеуметтік-экономикалық блок министрлері қызметтеріне
кандидатураларды алдын ала талқылау
81-1. Премьер-Министрдің әлеуметтік-экономикалық блок министрінің кандидатурасы жөніндегі ұсынымын Сенаттың тиісті бейіндік комитеті өзінің отырысында қарайды.
81-2. Әлеуметтік-экономикалық блок министрі қызметіне кандидатура жөніндегі ұсыным Парламент Сенатына жазбаша нысанда енгізіледі.
81-3. Мәселені комитет отырысында қараған кезде кандидатураны қызметке Премьер-Министр немесе ол уәкілдік берген лауазымды адам ұсынады.
Ұсынылған кандидатура жөнінде комитеттің қорытындысы қабылданады, ол Премьер-Министрге жіберіледі.".
Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының
Төрағасы