Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламенті

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысы.


      Регламентті

      Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

      1996 жылғы 8 ақпанда қабылдады

      Парламент Сенатының

      13.05.1996 ж., 03.06.1998 ж., 17.05.2000 ж., 06.06.2002 ж.,

      17.01.2006 ж., 29.06.2006 ж., 26.06.2007 ж., 20.09.2007 ж., 11.12.2009 ж., 24.03.2016 ж., 26.12.2019 ж., 22.12.2022 № 404-VII ПС қаулыларымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

МАЗМҰНЫ

      1-БӨЛІМ. Жалпы ережелер

      2-БӨЛІМ. Парламент Сенатының отырыстарын өткізу тәртібі

      1-тарау. Парламент Сенатының отырыстары

      2-тарау. Дауыс беру және шешімдер қабылдау тәртібі

      3-тарау. Парламент Сенатының заң шығару қызметі

      3-1-тарау. Мәжіліс өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуынан туындаған оның уақытша болмауы кезеңінде конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау бойынша Республика Парламентінің функциясын орындау

      4-тарау. Кодекстерді, оларға өзгерістер мен толықтыруларды қараудың тәртібі

      5-тарау. Республикалық бюджетті бекіту және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылау тәртібі

      6-тарау. Халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою

      7-тарау. Парламент Сенатының ерекше қарауына жатқызылған мәселелерді қарау тәртібі

      1-параграф. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Жоғарғы Сот судьяларын сайлау және қызметтерінен босату, олардан ант қабылдау

      1-1-параграф. Республика Президентінің ұсынуы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілді лауазымға сайлау және оны лауазымынан босату

      2-параграф. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банк Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру

      3-параграф. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді ешкімнің тиіспеуі құқығынан айыру

      8-тарау. Парламент Сенатының дербес қарауына жатқызылған мәселелерді қарау тәртібі

      1-параграф. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін лауазымға тағайындау, олардың өкілеттіктерін тоқтату және лауазымнан босату

      2-параграф. алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 ж. Қаулысы.

      3-параграф. Алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      4-параграф. Конституцияның 47-бабы 1-тармағында көзделген жағдайда, Парламент құратын комиссия мүшелерін жіберу

      5-параграф. Палаталардың бірлескен комиссияларын сайлау

      5-1-параграф. Сенат депутаттарының ант беруі

      6-параграф. Депутаттардың өкілеттігін тоқтату және оларды ешкімнің тиіспеуі құқығынан айыру

      7-параграф. Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің есептерін тыңдау және Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы Республика Президентіне өтініштер қабылдау

      8-параграф. Парламенттік тыңдаулар өткізу

      9-параграф. "Үкімет сағаттарын", конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу

      3-БӨЛІМ. Парламент Сенатының органдарын құру және олардың қызметін ұйымдастыру

      9-тарау. Парламент Сенатының Бюросы және оның құзыреті

      10-тарау. Парламент Сенатының жұмыс органдары

      10-1-тарау. Сенат жанындағы консультативтік-кеңесші органдар

      4-БӨЛІМ. Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігін іске асыру тәртібі және олардың жауапкершілігі

      11-тарау. Заң шығару бастамасы құқығын іске асыру

      12-тарау. Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі және олардың жауапкершілігі

      13-тарау. Депутаттық сауалдар мен сұрақтар

      14-тарау. Депутаттық бірлестіктер

      5-БӨЛІМ. Парламент Сенатының лауазымды адамдары және олардың өкілеттігі

      15-тарау. Парламент Сенатының Төрағасы

      16-тарау. Парламент Сенаты Төрағасының орынбасарлары

      16-1-тарау. Парламент Сенатының шет мемлекеттер парламенттерімен және халықаралық парламенттік ұйымдармен ынтымақтастығы

      6-БӨЛІМ. Қорытынды ережелер

1-БӨЛІМ.
Жалпы ережелер

      1. Сенаттың Регламенті Сенат отырыстарын өткізу, оның органдарын құру мен олардың қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ Сенат депутаттары мен лауазымды адамдарының өкілеттігін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін белгілейді.

      Сенат Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар Палата отырыстарында Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және Сенат қаулысымен ресімделеді.

      2. Сенат отырыстары ашық жүргізіледі. Осы Регламентте көзделген жағдайларда Палата жабық отырыстар өткізуге құқылы.

      3. Сенаттың ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, басқа да заң актілерімен және осы Регламентпен белгіленеді.

      Сілтеме. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      4. Сенатта жұмыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Отырыстар, әдетте, мемлекеттік тілде өткізіледі.

      Сілтеме. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 және 20.09.2007 қаулыларымен.

2-БӨЛІМ.
Парламент Сенатының отырыстарын өткізу тәртібі

      Сілтеме. 2-бөлімнің тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

1-тарау. Парламент Сенатының отырыстары

      Сілтеме. 1-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      5. Палатаның отырысын Сенат Төрағасы шақырады.

      Сенат отырыстары сағат 12-ден 12 сағат 30 минутқа және сағат 14-тен 16-ға дейін үзілістер жасала отырып, сағат 10-нан 18-ге дейін өткізіледі. Төрағалық етуші отырыстарда өз бастамасы бойынша немесе Сенат отырысына қатысып отырған депутаттар саны көпшілігінің ұсынысы бойынша үзілістер жариялайды.

      Сенат отырысты өткізудің өзге де уақыты туралы шешім қабылдай алады.

      Қажет болған жағдайда, депутаттардың басқа мәселелер бойынша сөз сөйлеуі үшін отырыстың соңында 30 минутқа дейін уақыт бөлінеді.

      Сілтеме. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 13.05.1996; 17.05.2000; 20.09.2007 және 11.12.2009 № 526-IV ПС; 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулыларымен.

      6. Палатаның отырыстары депутаттардың дербес тіркелуінен басталады. Егер Сенат отырысына Палата депутаттары жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысса, ол заңды деп саналады. Отырыстың заңдылығын анықтау үшін әрбір үзілістен кейін депутаттардың қайта тіркелуі өткізіледі.

      Сілтеме. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      7. Отырыстың күн тәртібі алдын ала Сенат Бюросында қаралады және Палатаның талқылауына енгізіледі.

      Бюро ұсынған күн тәртібіне депутаттар өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.

      Кезегі бойынша бірінші болып Бюро енгізген мәселелер, сонан соң – түсу тәртібімен депутаттар енгізген ұсыныстар қаралады және дауысқа салынады.

      Сенат отырысының күн тәртібі Палата депутаттары жалпы санының көпшілігімен ашық дауыс беру арқылы бекітіледі.

      Сілтеме. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 және 20.09.2007 қаулыларымен.

      8. Жабық отырыс өткізу туралы шешім Сенат депутаттары жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Сенаттың жабық отырыстарының мазмұны туралы деректерді, мемлекеттік, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді Сенат депутаттары Парламенттегі қызметі үшін ғана пайдалана алады.

      Сілтеме. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 және 11.12.2009 № 526-IV ПС қаулыларымен.

      9. Сенат отырыстарында сөз сөйлеудің мынадай түрлері көзделеді: талқыланып жатқан мәселе бойынша баяндама, қосымша баяндама, қорытынды сөз, талқыланып жатқан мәселенің мазмұны, талқыланатын кандидатуралар бойынша жарыссөздер, ұсыныстар енгізу кезінде дауыс беру жағдаяттары жөнінде, отырысты жүргізу тәртібі жөнінде сөйленетін сөздер, сондай-ақ сауалдар, сұрақтар, сұрақтарға жауаптар, анықтамалар, ақпараттар, мәлімдемелер, үндеулер.

      Сенат отырысында, осы Регламенттің 3-1 және 5-тарауларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бас комитет уәкілеттік берген депутат Мәжіліс қабылдаған заң бойынша баяндама жасайды.

      Осы Регламенттің 3-1 және 5-тарауларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мәжіліс қабылдаған заң бойынша Сенат отырысында қосымша баяндама жасау көзделмейді.

      Палатаның шешімі бойынша бас комитет уәкілеттік берген депутат негізгі және ілеспе заңдар бойынша бір баяндама жасай алады.

      Заң жобасының бастамашысы не оның өкілдері, Сенат отырысына шақырылған өзге де лауазымды адамдар қажет болған жағдайда түсініктеме береді және депутаттардың сұрақтарына жауап береді.

      Сілтеме. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      10. Баяндамалардың, қосымша баяндамалар мен қорытынды сөздің ұзақтығын Сенат отырысында төрағалық етуші баяндамашылармен және қосымша баяндамашылармен келісе отырып белгілейді, оның ұзақтығы баяндама үшін 30 минуттан, қосымша баяндама үшін - 15 минуттан аспауға, жарыссөзде сөйлеу үшін - 7 минутқа және қорытынды сөз үшін 10 минутқа дейін болуға тиіс.

      Сұрақтарға жауап қайтару үшін бір сағаттан аспайтын, ал жарыссөздер үшін - бір жарым сағаттан аспайтын уақыт бөлінеді.

      Дауыс беру жағдаяттары, отырысты жүргізу тәртібі, талқыланатын кандидатуралар жөнінде сөз сөйлеу үшін, мәлімдемелер жасап, сұрақтар қою, ұсыныстар, хабарламалар жасап, анықтамалар беру үшін 3 минутқа дейін уақыт беріледі.

      Сенат отырысқа қатысып отырған Палата депутаттары санының көпшілік даусымен сөз сөйлеу жөнінде өзге де уақыт шектерін белгілеуге құқылы.

      Баяндамалар мен қосымша баяндамалардың мәтіндері (қазақ және орыс тілдерінде) ілеспе аударма үшін алдын ала, отырыс басталардан кем дегенде екі сағат бұрын Сенат Аппаратына беріледі.

      Сенат депутаттары мінберден немесе отырған орындарында сөйлейді. Белгіленген уақыт біткеннен кейін төрағалық етуші бұл туралы сөз сөйлеушіге ескертіп, осыдан кейін оның сөзін үзіп жіберуге құқылы.

      Талқыланып отырған мәселе бойынша депутаттың әрі кеткенде екі рет сөз сөйлеуге құқығы бар.

      Сенат отырысында төрағалық етушінің рұқсатынсыз ешкімнің де сөз сөйлеуге құқығы жоқ. Бұл ережені бұзған адам сөзден айрылуы мүмкін.

      Жарыссөздің аяқталуына байланысты сөз сөйлей алмай қалған Сенат депутаттары өз сөздерінің қол қойылған мәтіндерін Сенат отырысының стенограммасына қосуға құқылы.

      Отырыстар өткізіліп жатқан уақытта отырыс залында ұялы телефондарды, радиотелефондарды және басқа да байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

      Сілтеме. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 және 20.09.2007; 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулыларымен.

      11. Сенат пен оның жұмыс органдарының отырыстарына қатысушылардың сөйлеген сөздерінің мазмұнында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.

      Сенатта сөз сөйлеушінің өз сөзінде Парламент депутаттары мен басқа да адамдардың ар-ожданы мен қадір-қасиетіне кір келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздер айтуға, заңсыз әрекеттерге шақыруға, көрінеу жалған ақпаратты пайдалануға, кімнің болсын атына негізсіз айып тағуға құқығы жоқ. Сөз сөйлеуші осы нұсқамаларды бұзған жағдайда төрағалық етуші бұл жөнінде оған әуелі ескерту жасайды, ал жоғарыда аталған нұсқамаларды қайталап бұзған кезде ол ескерту жасамай-ақ оны сөзден айырады.

      12. Сөз сөйлеушіні төрағалық етуші де, басқа депутаттар да сөзден айыра алмайды, бұған:

      - сөз сөйлеу немесе алдын ала келісілген уақыты біткен;

      - талқыланып жатқан мәселе тақырыбынан көрінеу ауытқыған;

      - 11-тармақта көзделген талаптар бұзылған жағдайлар кірмейді.

      Сілтеме. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      13. Жарыссөз барысында төрағалық етуші талқыланып жатқан мәселе бойынша әралуан пікірлердің анықталуын қамтамасыз етеді.

      14. Талқыланып жатқан мәселе бойынша жарыссөз уақыт біткеннен кейін не Сенат отырысына қатысып отырған депутаттар санының көпшілік даусымен қабылданған Сенат шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.

      Жарыссөзді тоқтату туралы шешім қабылдаудың алдында төрағалық етуші сөзге жазылып, бірақ сөз сөйлемегендердің қайсысы сөз беруді талап ететінін анықтайды, сөйтіп қатысып отырғандардың көпшілігінің келісімі бойынша оған сөз береді.

      Баяндамашы мен қосымша баяндамашының қорытынды сөз сөйлеуге құқығы бар.

      Сілтеме. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      15. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Мемлекеттік кеңесшінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының ашық отырыстарға да, жабық отырыстарға да қатысуға және сөзін тыңдатуға құқығы бар.

      Қазақстан Республикасының Президентіне оның өтініші бойынша кез келген уақытта сөз беріледі.

      Жоғарғы Соттың Төрағасы, Конституциялық Соттың Төрағасы Сенаттың шешімі бойынша Палатаның кез келген отырыстарына қатысуға құқылы.

      Басқа адамдар Сенаттың жабық отырыстарына Сенат Төрағасының немесе оның тапсыруымен Сенаттың басқа лауазымды адамының қолы қойылып берілетін арнайы шақыруы бойынша ғана қатыса алады.

      Сілтеме. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      16. Отырысқа қатысуының қажеттігі туралы жай көпшілік дауыспен Палатаның шешімі қабылданған мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдары Сенатқа келіп, өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер беруге міндетті.

      Күн тәртібінің қаралып отырған мәселелері бойынша Сенаттың отырысына лауазымды адамдар Бюроның, Палатаның тұрақты комитеттерінің шешімі бойынша шақырылуы мүмкін.

      Сенаттың отырысына шақырылатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, сарапшылар мен мамандардың жеке құрамын тиісті комитет белгілейді.

      Қазақстан Республикасының Президентіне қатысты Палатаның мұндай шешімдер қабылдауға құқығы жоқ.

      Шақырылған адамдардың Сенат қызметіне араласуға құқығы жоқ, олар оның жұмысын мақұлдағандық немесе мақұлдамағандық көрсетуден тартынуға, белгіленген тәртіпті сақтауға және төрағалық етушінің билігіне бағынуға міндетті, ол бұл туралы оларға ескертеді.

      Шақырылған адамдардың Сенат отырыстары залына келу тәртібін Сенат Аппаратының Басшысы белгілейді.

      Шақырылған адамдарды Сенат отырыстарының өткізілетін күні мен уақыты туралы хабардар ету Сенат Аппаратына жүктеледі.

      Депутаттар қызметін қамтамасыз ету мақсатында Сенат Аппаратының мемлекеттік қызметшілері Сенат Аппаратының Басшысы белгілейтін тәртіппен Палата отырыстарына қатысады.

      Сілтеме. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      17. Сенаттың отырыстарына стенограмма жасалады және олардың бейнежазбасы жүргізіледі. Стенограммаға Сенаттың отырысына төрағалық етуші қол қояды. Сенаттың ашық отырыстарының стенограммалары Сенаттың интернет-ресурсында орналастырылады. Парламенттің және Сенат отырыстарының стенограммаларын Сенат депутатының талап етуі бойынша Сенат Аппараты береді.

      Сілтеме. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      17-1. Сенаттың ашық отырыстары Сенаттың интернет-ресурсында онлайн режимде трансляцияланады.

      Сілтеме. 1-тарау 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      18. Төрағалық етуші Сенат отырысы барысында:

      отырыстың жалпы барысында басшылық етеді, осы Регламент ережелерінің сақталуын қадағалайды;

      күн тәртібіне, осы Регламенттің талаптарына сәйкес не Сенат шешімдерімен белгіленген өзге тәртіппен тіркелген өтінімнің келіп түсу кезегінің ретіне қарай сөйлеу үшін сөз береді;

      Сенат депутаттарының әрбір ұсынысын (түзетуін) келіп түсу ретіне қарай дауысқа қояды;

      дауыс беру мен дауыстарды санауды ұйымдастырады, дауыс беру нәтижелерін жария етеді;

      Сенаттың ұйымдық шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      осы Регламенттің ережелерін бұзған жағдайда Сенат депутатына ескертпе жасауға құқылы, ал қайталап бұзған жағдайда оны сөзден айыра алады;

      Сенат жұмысына кедергі жасаушы шақырылған адамдарды отырыс залынан шығарып жібере алады;

      рәсімдік мәселелер бойынша кезектен тыс сөз береді.

      Сілтеме. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      19. Сенат отырысында төрағалық етушінің отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздеріне түсініктеме беруге, сөз сөйлеушілерге мінездеме беруге құқығы жоқ.

      Егер Сенат Төрағасы (төрағалық етуші) қандай да бір мәселені талқылауға қатысуды қажет деп есептесе, ол (талқыланып жатқан мәселе бойынша шешім қабылданғанға дейін) төрағалық етуші міндетін өзінің орынбасарына (басқа төрағалық етушіге) бергеннен кейін сөз алады.

      Электрондық жүйені пайдаланбай жүзеге асырылатын ашық дауыс беруге қатысқан кезде төрағалық етуші ең соңынан дауыс береді.

      Төрағалық етуші 18 және 19-тармақтардың талаптарын бұзған жағдайда талқыланып жатқан мәселені қарау аяқталғанға дейін Сенат өз шешімімен оның міндетін басқа төрағалық етушіге беруге құқылы.

      20. Сенат отырыстарында электрондық жүйе:

      Сенат мүшелерін тіркеу;

      сөз сөйлеу, ұсыныстар мен түзетулер енгізу үшін Сенат депутаттарын жазу;

      дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін анықтау;

      отырыстардың барысы туралы анықтамалық және статистикалық ақпаратты жинақтау және жедел беру;

      тізімдер мен басқа да құжаттарды жасау және басып шығару;

      Палата отырыстарын ақпаратпен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      Электрондық жүйені пайдалану техникалық жағынан мүмкін болмаған жағдайда Сенат депутаттарын тіркеу, депутаттарды сөз сөйлеуге жазу, ұсыныстар мен түзетулер енгізу, дауыс беру нәтижелерін анықтау тәртібін Палата отырысында сайланатын Хатшылық жүзеге асырады.

      Сілтеме. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      21. Сенат отырыстарында электрондық жүйенің пайдаланылуына және оның қызмет көрсетуші адамдарының жұмысына бақылау жасауға байланысты мәселелерді шешу үшін Палата депутаттар арасынан комиссия құруға құқылы.

      22. Электрондық жүйенің пайдаланылуына бақылау жасау жөніндегі комиссия мүшелерінің бақылауға қажетті барлық ақпаратты кедергісіз алуға құқығы бар.

      Комиссияның өз қарауына жатқызылған мәселелер бойынша шешімі Сенат Аппаратының барлық қызметкерлері мен Сенаттың электрондық жүйесіне қызмет көрсетуші техникалық қызметкерлер үшін міндетті.

      23. Электрондық жүйенің пайдаланылуына бақылау жасау жөніндегі комиссия Сенат депутаттарының дербес дауыс беру нәтижелері тізіміндегі қателер, сөйлеген сөздер жазбасының бұрмалануы және электрондық жүйе жұмысындағы басқа да қателер туралы мәлімдемелерінің негізділігін қарап, тексереді.

      Комиссия өз жұмысына мамандарды, сарапшыларды тарта алады.

      24. Тіркеу нәтижелері, сөз сөйлеуге және сауалдар енгізуге берілген жазбалар, дауыс беру және Сенат отырысының барысы туралы цифрлық деректер, тізімдер түріндегі басқа да деректер стенографиялық есепке енгізілуге тиіс.

      Барлық деректер электрондық жүйенің жадында сақталады.

      25. Электрондық жүйенің жадында сақтаулы ақпаратты алуға рұқсатты Сенаттың Төрағасы береді.

2-тарау. Дауыс беру және шешімдер қабылдау тәртібі

      26. Сенат өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Сенат үндеулерді, декларацияларды, мәлімдемелер мен заң сипатында болмайтын өзге де актілерді Сенат Төрағасының, Сенат тұрақты комитетінің немесе Палата депутаттары жалпы санының бестен бір бөлігінің ұсынуымен қабылдайды. Олардың қабылдануы Регламентте белгіленген шарттар мен талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      27. Осы Регламентте дауыс беру нәтижелерін анықтау үшін пайдаланылатын мынадай ұғымдар қолданылады:

      а) Сенат депутаттарының жалпы саны – әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттары депутаттарының қатарынан сайлаушылар сайлаған, сондай-ақ Республика Президенті тағайындаған депутаттар саны;

      б) отырысқа қатысып отырғандардың саны - әрбір отырыстың алдында және дауыс беруді өткізудің алдында тіркеуден өткен Сенат депутаттары;

      в) жай көпшілік дауыс - қаралып отырған мәселеге байланысты Сенат депутаттары жалпы санының, отырысқа қатысып отырған депутаттар санының жартысынан асатын дауыстар саны;

      г) басым көпшілік дауыс - қаралып отырған мәселеге байланысты Сенат депутаттары жалпы санының төрттен үшін, не үштен екісін құрайтын дауыстар саны.

      Сілтеме. 27-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007; 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулыларымен.

      28. Сенат Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдайды, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қаулылар мен өзге де актілерді қабылдайды.

      Сілтеме. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      29. Рәсімдік мәселелер бойынша Сенаттың шешімдері отырысқа қатысып отырған депутаттар көпшілігінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады, жеке қаулы қабылданбай, хаттама арқылы отырыстардың стенограммасында жазылады.

      Сілтеме. 29-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      30. Рәсімдік мәселелер: үзіліс, отырысты кейінге қалдыру туралы, отырысты жүргізу тәртібі туралы, мәселелерді талқылаудың кезектілігі туралы, жарыссөзді тоқтату туралы, сөз сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту туралы, дауыс беру тәсілі туралы, кворумға көз жеткізу және дауыстарды қайта санау туралы, бұрын қабылданған шешімдерге қайта оралу және (немесе) қаралып отырған мәселелер бойынша қайтадан дауыс беруді өткізу туралы мәселелер.

      Сілтеме. 30-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000; 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.

      31. Дауыс беру басталар алдында төрағалық етуші дауысқа қойылған ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың тұжырымдамаларын нақтылайды, депутаттардың қайсысы өз түзетуін алып тастайтынын анықтайды, қандай көпшілік дауыспен (депутаттардың жалпы санының, қатысып отырғандары санының жай көпшілік даусымен, басым көпшілік даусымен) шешім қабылдануы мүмкін екендігін еске салады.

      Депутат әрбір мәселе бойынша дауыс беру кезінде шешім қабылдауға "жақтап" немесе "қарсы" дауыс бере отырып не шешім қабылдаудан қалыс қала отырып, бір дауысқа ие болады.

      Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін төрағалық етуші дауыс беру нәтижелерін хабарлайды.

      Сілтеме. 31-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      32. Сенат өз шешімдерін дауыс беру арқылы қабылдайды. Оны өткізу үшін Сенатта дауыс берудің электрондық жүйесі пайдаланылады.

      Дауыс беруді өткізу үшін Палата дауыс берудің басқа тәсілдерін қолдануы мүмкін. Бұл орайда Сенат дауыстарды санау үшін Санақ комиссиясын құруға құқылы.

      Дауыс беру кезінде болмаған Сенат депутатының өз даусын дауыс беру аяқталғаннан кейін не белгілі бір мәселе бойынша дауыс беру үшін Сенат қабылдағаннан өзгеше тәсілмен беруге құқығы жоқ.

      Дауыс беруді өткізу үшін депутаттардың қажетті саны болмаған жағдайда төрағалық етуші кворумды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады. Кворумды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда төрағалық етуші дауыс беруді келесі отырысқа ауыстырады.

      Сілтеме. 32-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 ж. Қаулысы.

      33. Мәселелерді қарау кезінде, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданған Сенаттың шешімі бойынша жасырын дауыс беру қолданылуы мүмкін.

      Жасырын дауыс беру бюллетеньдер пайдалану арқылы өткізіледі. Жасырын дауыс беруді өткізу және оның нәтижелерін анықтау үшін Сенат депутаттар арасынан Санақ комиссиясын сайлайды. Кандидатуралары сайланатын органдардың құрамына немесе лауазымды адамдардың қызметіне ұсынылған депутаттар Санақ коммиссиясына кіре алмайды. Санақ комиссиясын құру туралы Сенат қаулы қабылдайды.

      Санақ комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды. Санақ комиссиясының шешімдері комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің даусы тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші дауыс болады.

      Дауыс беру бюллетеньдері Санақ комиссиясының бақылауымен ол белгілеген нысанда және мөлшерде әзірленеді. Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерде дауыс беру үшін қажетті ақпарат болуға тиіс.

      Дауыс берілетін уақыт пен орынды, оны өткізу тәртібін Санақ комиссиясы белгілейді және оны Санақ комиссиясының төрағасы хабарлайды.

      Сілтеме. 33-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 ж. Қаулысы.

      34. Сенат қарап отырған мәселе бойынша дауыс беру үшін әрбір депутатқа бір бюллетень беріледі. Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді депутаттарға Санақ комиссиясының мүшелері Сенат депутаттарының тізіміне сәйкес олар депутаттық куәліктерін көрсеткеннен кейін береді.

      Депутат бюллетеньдерді жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады.

      Сілтеме. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      35. Белгіленбеген нысандағы бюллетеньдер, сондай-ақ:

      1) Санақ комиссиясы мүшесінің қолы қойылмаған;

      2) бірнеше кандидат (жауап нұсқасы) белгіленген (таңдалған) не белгіленген (таңдалған) кандидаттардың (жауап нұсқаларының) саны бос лауазымдар (қойылған мәселелер) санына сәйкес келмейтін;

      3) дауыс берушілердің еркін білдіруін анықтау мүмкін болмаған;

      4) белгі қарындашпен қойылған, өшірілген іздері бар бюллетеньдер жарамсыз деп саналады.

      Толтырылмаған бюллетеньдер жарамды деп танылады, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайды.

      Сілтеме. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      36. Жәшікті ашу комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Жасырын дауыс беру нәтижелері туралы Санақ комиссиясы хаттама жасайды, оған Санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Санақ комиссиясының баяндамасы бойынша Сенат ашық дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен Санақ комиссиясының хаттамасын бекітеді.

      Өткізілген дауыс беру рәсімінде қате кеткендігі анықталған жағдайда Сенаттың шешімімен қайтадан дауыс беру өткізіледі.

      37. Сенаттың бұрын қабылданған шешімдерінің күшін жою, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бұрын қалай қабылданса, тап солай дауыс беру арқылы жасалады.

3-тарау. Парламент Сенатының заң шығару қызметі

      38. Сенат Мәжіліс қабылдаған заңдарды (бұдан әрі – заңдар) мақұлдайды.

      Сілтеме. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      39. Заң Парламент Регламентінің талаптарына сәйкес Сенатқа жіберіледі.

      Сілтеме. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      40. Заңды алғаннан кейін Сенат Аппаратында белгіленген тәртіпке сәйкес, бірақ бір жұмыс күнінен кешіктірмей оның толықтығына және оған қосымшалардың дұрыстығына тексеру жүргізіледі және тіркеледі.

      Халықаралық шартты ратификациялау немесе оның күшін жою туралы заңды алған кезде, заңмен бірге халықаралық шарттың және оған қосымшаның тиісті уәкілетті орган куәландырған көшірмесі ұсынылады.

      Егер халықаралық шартты ратификациялау немесе оның күшін жою кезінде қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі мәтіндеріне қол қойылмаса, онда заңмен бірге оның аталған тілдерге аударылған, тиісті уәкілетті орган куәландырған тең түпнұсқалық аудармасы қоса беріледі.

      Қажет қосымшалар болмаған жағдайда Сенат Аппараты белгіленген талаптарды орындау үшін құжаттарды тіркеместен Мәжіліске қайтарады.

      Мәжілістен келіп түскен заң Сенат Аппаратында тіркелген күннен бастап, Парламент сессияларының аралығындағы уақытты есептемегенде, Сенатта алпыс күннен кешіктірілмей қаралады.

      Егер Сенат заң тіркелген күннен бастап алпыс күн ішінде тиісті шешім қабылдамаған жағдайда, заң Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына ұсынылады.

      Сілтеме. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      41. Мәжілістен келіп түскен заң Сенатта тіркелгеннен кейін Сенат Бюросы ол бойынша қорытынды дайындау мерзімін және Палатаның оны дайындауға жауапты бас комитетін белгілейді және Сенат Аппараты арқылы заңды Сенаттың комитеттері мен Аппаратының бөлімдеріне жібереді.

      Бас комитет Сенат комитеттерінің және Сенат Аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелерінің заң бойынша қорытынды ұсыну мерзімін белгілейді, егер Палата Бюросы өзгеше белгілемесе, ол заң Сенатта тіркелген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кем болмауға және күнтізбелік он күннен аспауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының Президенті заң жобасын қарауды басым деп айқындаған жағдайда, қорытынды дайындау үшін қажетті мерзім күнтізбелік бес күннен аспауға тиіс.

      Сенат Бюросы заң бойынша бірнеше бас комитет белгілеуге құқылы.

      Сілтеме. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      41-1. Палатаның шешімімен заңдар екі және одан да көп оқылымдарда қаралуы мүмкін.

      Сілтеме. Регламент 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 ж. қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      41-2. Бас комитеттің шешімі бойынша заңды қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылады.

      Бас комитеттер болып табылмайтын тұрақты комитеттер заңды қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіретін депутатты (депутаттарды) айқындайды.

      Жұмыс тобына жергілікті өкілді органдардың депутаттары, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, мамандар мен ғалымдар тартылуы мүмкін.

      Жұмыс тобының отырыстарына жұмыс тобының құрамына кірмейтін Сенат депутаттары қатысуға құқылы.

      Бас Комитетте және жұмыс тобында заңды талқылау ашық түрде өтеді.

      Сілтеме. Регламент 41-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      41-3. Бас комитет болып табылмайтын тұрақты комитеттің отырысында заң бойынша Комитет уәкілеттік берген депутат баяндама жасайды.

      Тұрақты комитеттің заң бойынша қорытындыны белгіленген мерзімде ұсынбауы оның алдын ала мақұлданғанын білдіреді.

      Сілтеме. Регламент 41-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      42. Талқылау қорытындылары бойынша Сенат мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) заң бірінші оқылымда мақұлдансын;

      2) заң мақұлдансын;

      3) заң тұтастай мақұлданбасын және Мәжіліске қайтарылсын;

      4) заңның жекелеген баптары мақұлданбасын және заң Мәжіліске қайтарылсын. Бұл ретте Сенат Мәжіліске заңның жекелеген баптарының жаңа редакциясын ұсынуға құқылы.

      Палатаның шешімі Сенаттың тиісті қаулысымен ресімделеді.

      Заңның жекелеген нормаларын қосымша зерделеу қажеттігі туындаған ерекше жағдайларда, Сенат оны қарау үшін Палатаға бөлінген жалпы конституциялық мерзімдердің шеңберінде оны әзірлеуге арналған мерзімді белгілей отырып, осы мәселені қарауды кейінге қалдыруға не комитетке пысықтауға қайтаруға құқылы.

      Сілтеме. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      43. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда шешім қабылданған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде заң Мәжіліске қайтарылады.

      Заңға Сенаттың қаулысы, Сенат отырысының стенограммасы, сондай-ақ заң тұтастай мақұлданбаған кезде дәлелді қорытынды қоса беріледі. Заңның жекелеген баптарының жаңа редакциясы ұсынылған жағдайда тиісті салыстырма кесте қоса беріледі.

      Сілтеме. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      44. Мәжіліс келіскен жекелеген баптардың ұсынылған редакциясымен Сенат Мәжіліске қайтарған заңдар Мәжіліс жаңа редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледі.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген заңдарға әрбір Палата төрағалары виза қояды және күнтізбелік он күн ішінде Сенат Төрағасының ілеспе хатымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына жіберіледі.

      Егер заңмен халықаралық шарт ратификацияланса, онда осы шарттың куәландырылған көшірмесі заңмен бірге беріледі.

      Конституциялық Сот Сенат Төрағасының не Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігін құрайтын Сенат депутаттарының өтініші бойынша Парламент қабылдаған заңдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін қарайды.

      Мұндай өтініш болған жағдайда тиісті актілерге қол қою мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.

      Сілтеме. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      44-1. Заңдардың қаралуына байланысты Сенат отырыстарына олардың әзірлеушілері болып табылатын немесе Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен оларды әзірлеу тапсырылған орталық органдардың лауазымды адамдарының қатысуы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) жұмыс топтарына – департамент директорлары немесе комитет төрағалары;

      2) бас комитеттердің отырыстарына – бірінші басшылардың орынбасарлары;

      3) Сенат отырыстарына – мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары, ал Сенат басшылығының шешімі бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысады.

      Ескерту. 3-тарау 44-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС; жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.

      45. Заңға жасалған барлық түзетулер бас комитеттің жұмыс тобына ескертпелер мен ұсыныстар түрінде табыс етіледі және жұмыс тобы бұларды салыстырма кестеге енгізеді. Депутаттардың жеке өздері берген түзетулер негізделуге, олардың бастамашылары қол қоюға және онда заңның не оның жекелеген құрылымдық элемнттерінің ұсынылатын редакциясы қамтылуға тиіс.

      Түзетулер республикалық бюджет туралы заңның немесе республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның қосымшасына берілген жағдайда, түзетулерде түсімдер санаттарының, олардың сыныптарының, кіші сыныптардың және (немесе) функционалдық топтың, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, бюджеттік бағдарламаның немесе тұтастай қосымшаның санаттарының редакциясы қамтылуға тиіс.

      Бас комитеттің отырысында комитет уәкілеттік берген депутат (жұмыс тобының жетекшісі) заң бойынша баяндама жасайды.

      Заң жобасының бастамашысы не оның өкілдері, бас комитеттің отырысына шақырылған өзге де лауазымды адамдар қажет болған кезде түсініктемелер береді және депутаттардың сұрақтарына жауап береді.

      Бас комитет кеңейтілген отырыста түзетулерді қарайды, оларды комитет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылдайды немесе қабылдамай тастайды және оларды қабылдау не қабылдамай тастау жөніндегі ұсыныстарды негіздей отырып, салыстырма кестені, бас комитеттің қорытындысын және Сенат қаулысының жобасын Палата отырысының қарауына ұсынады.

      Заң нормаларының құқықтық мазмұнын өзгертпейтін редакциялық сипаттағы ескертпелер бас комитеттің салыстырма кестесіне енгізілмейді және қол қойылатын құжат ресімделген кезде ескеріледі.

      Заң бойынша бас комитетке енгізілген түзетулерді олардың бастамашылары ғана алып тастай алады.

      Ұсынысы тұрақты және бас комитеттердің қолдауына ие болмаған депутат оларды Палата отырысының талқылауына енгізе алады. Бұл жағдайда депутат ұсынған түзету дауысқа бірінші қойылады.

      Егер бас комитет тұрақты комитет, депутат қабылдануын талап етіп отырған тұрақты комитеттің, депутаттың түзетуін қабылдамай тастауды ұсынса, онда осы түзету дауысқа қойылады.

      Егер отырыста қараған кезде Сенат комитет немесе депутат ұсынған түзетуді қабылдамаса, заңның құрылымдық элементі немесе тұтастай заң бас комитет ұсынған редакцияда дауысқа қойылады.

      Заңның түзету енгізілмеген құрылымдық элементтері Мәжілістің редакциясында дауысқа қойылады.

      Сенаттың отырыстарында бас комитеттің салыстырма кестесіне енгізілген түзетулер ғана қаралады. Ерекше жағдайларда Палатаның шешімі бойынша депутаттың салыстырма кестеге енгізілмеген ұсынысы қаралуы мүмкін. Бұл ретте түзету кесте түрінде ресімделеді және онда ұсыныс беріліп отырған заңның құрылымдық элементінің мәтіні мен түзету енгізудің негіздемесі қамтылуға тиіс. Мұндай жағдайда Сенат, әдетте, бұл ұсынысты бас комитетке жібереді және ол комитетте талқыланғаннан кейін шешім қабылдайды.

      Егер заңның сол бір құрылымдық элементіне бірнеше түзету енгізу ұсынылса, онда олардың қабылдануы немесе қабылданбауы басқа түзетулер туралы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіндері Сенаттың шешімімен алдымен талқылануы және дауысқа қойылуы мүмкін.

      Палата отырысында шешім қабылдау барысында Сенат отырысы жүріп жатқан кезде заңға ауызша нысанда енгізіліп отырған түзетулерге дауыс беруге жол берілмейді.

      Сілтеме. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      46. Заң жобасының бастамашысы оны қараудың кез келген сатысында кері қайтарып алуға құқылы.

      Кері қайтарып алу жазбаша түрде ресімделуге және Сенатқа енгізілуге тиіс. Заңнамалық бастама құқығын бірнеше депутат пайдаланған жағдайда, кері қайтарып алу оның барлық бастамашы-депутаттарының қолдарымен расталады.

      Аса қажеттілік туындаған жағдайда Сенат Мәжіліске жіберілген заңды бас комитеттің ұсынысы бойынша кері қайтарып алу туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Сілтеме. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      47. Алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      48. Алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      49. Алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      50. Егер Мәжіліс көпшілік дауыспен заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына қарсы болса, сондай-ақ Сенат заңды тұтастай мақұлдамаған жағдайда Палаталар арасындағы келіспеушіліктер Парламент Регламентіне сәйкес келісу рәсімдері арқылы шешіледі.

      Келісу комиссиясы Палата депутаттары арасынан тепе-теңдік негізде құрылады. Келісу комиссиясының мүшелерін Палата Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайлайды.

      Сілтеме. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      51. Алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      52. Заңның немесе оның жекелеген бөліктерінің келісу комиссиясының редакциясындағы мәтіні оны Мәжіліс қабылдағаннан кейін осы Регламенттің 39 және 40-тармақтарына сәйкес Сенатқа енгізіледі.

      Келісу комиссиясының қаулысына заңның өзгерістер мен толықтырулар енгізілген баптарының салыстыру кестесі қоса тіркеледі.

      Сілтеме. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      53. Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қайталап талқылау мен дауысқа салу қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде өткізіледі. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді.

      Егер Мәжіліс Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, онда заң Президент қарсылықтарымен қоса әрі қарай қарау үшін Сенатқа беріледі.

      Сенаттың тиісті тұрақты комитеті қорытынды әзірлегеннен кейін заң немесе оның баптары Президенттің қарсылықтарын қоса Сенаттың жалпы отырысына шығарылады. Егер Сенат дауыс беру қорытындылары бойынша Президенттің қарсылықтарын еңсермесе, онда заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.

      Егер Сенат Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, онда Президенттің заң бойынша қарсылықтары еңсерілді деп есептеледі. Бұл жағдайда заң немесе тиісінше оның баптары Парламент бірінші рет қабылдаған редакциясында қабылданды деп есептеледі және Сенат оны Президентке қол қоюға ұсынады.

      Егер Президенттің қарсылықтары Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға енгізілген жағдайда, онда бұл қарсылықтар Парламент Регламентінде көзделген тәртіппен қаралады.

      Сілтеме. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      54. Алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      54-1. Республикалық референдумды тағайындау туралы бастама жасауды бұл мәселе Мәжілісте қаралғаннан кейін Палата отырысында Сенат жүзеге асырады және ол тиісті қаулымен ресімделеді.

      Республикалық референдумды тағайындау туралы бастама жасау Сенаттың тиісті комитетінің отырысында алдын ала қаралады, ол талқылау қорытындысы бойынша Сенаттың отырысына осы мәселе бойынша қорытынды мен Сенат қаулысының жобасын енгізеді.

      Сілтеме. Регламент 54-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      55. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар Сенаттың отырысында бұл мәселе бойынша шешім қабылданбай қаралуы мүмкін.

3-1-тарау. Мәжіліс өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуынан
туындаған оның уақытша болмауы кезеңінде конституциялық заңдар
мен заңдарды қабылдау бойынша Республика Парламентінің
функциясын орындау

      Сілтеме. Регламент 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 26.06.2007 қаулысымен.

      55-1. Сенат конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау бойынша Парламенттің функциясын орындайтын кезеңде заң шығару бастамасы құқығының субъектісі конституциялық заң немесе заң жобасының (бұдан әрі – осы тармаққа қатысты заң жобасы) мәтінін Сенатқа қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық жеткізгіштерде ресми түрде енгізеді.

      Заң жобасына:

      1) заң жобасын енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған шешім;

      2) егер заң жобасын Үкімет енгізсе, Үкіметтің қаулысы;

      3) егер заң жобасына Сенат депутаттары бастамашы болса, олардың ұсынуы;

      4) заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін жағдайлардан басқа, заңды қабылдау қажеттігінің негіздемесі, қабылданатын заң мақсаттарының, міндеттерінің, негізгі ережелерінің және болжамды экономикалық, әлеуметтік, заңдық, экологиялық салдарларының жан-жақты сипаттамасы бар түсіндірме жазба;

      5) заңнамалық актілер Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін жағдайлардан басқа, қаржы-экономикалық есептер;

      6) Сенат депутаттары бастамашы болған, мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды көбейтуді көздейтін заң жобасы бойынша Үкіметтің оң қорытындысы;

      7) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары келісу рәсімінен өтпеген жағдайларды, сондай-ақ заңнамалық актінің жобасы Сенат депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін жағдайларды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы;

      8) халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобасы енгізілген кезде халықаралық шарттардың жасалу тілдерінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған олардың (депозитарий ресми куәландырған халықаралық шарттардың) көшірмелері, сондай-ақ халықаралық шарттардың жасалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы ресми куәландырған олардың қазақ және орыс тілдеріне, егер олар жасалу тілі болып табылмаған жағдайда, аудармалары;

      9) заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін жағдайларды қоспағанда, ғылыми сараптаманың қорытындысы, бар болған кезде сараптама кеңесі мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындылары, қоғамдық кеңестердің ұсынымдары;

      10) жобаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган; жұмыс тобының құрамы (егер ол құрылса); заң жобасы бойынша баяндамашы туралы мәліметтер көрсетілген анықтама парақ;

      11) Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша баптардың қолданыстағы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі;

      12) ұсыну қажеттігі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құжаттар қоса беріледі.

      Заң жобасымен бірге тәуелсіз сараптаманың қорытындысы ұсынылуы мүмкін.

      Заң жобасы Сенатқа енгізілгеннен кейін Сенат Аппараты белгіленген тәртіпке сәйкес, бірақ он жұмыс күнінен кешіктірмей оның толықтығын және оған қосымшалардың дұрыстығын тексеруді және тіркеуді жүргізеді.

      Қажетті қосымшалардың бірі болмаған, сондай-ақ олардың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері теңтүпнұсқалы болмаған жағдайда Сенат Аппараты құжаттарды тіркемей, осы Регламентте белгіленген талаптарды орындау үшін заң жобасының бастамашысына қайтарады.

      Сілтеме. 55-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      55-2. Сенат Парламенттің функцияларын орындаған кезеңде:

      1) заң шығару бастамасы құқығы субъектілерінен Сенатқа келіп түскен заң жобаларын;

      2) Мәжіліс қабылдаған заңдарды;

      3) Мәжілісте оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанға дейін тіркелген заң жобаларын;

      4) Сенат Мәжіліске қайтарған заңдарды қарайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заң жобалары мен заңдарды Сенат Төрағасының шешімі бойынша Сенат Аппараты Мәжіліс Аппаратынан талап ете алады.

      Сілтеме. 55-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      55-3. Заң жобасын не осы Регламенттің 55-2-тармағында көрсетілген заңды Сенат Аппаратында тіркегеннен кейін Сенат Бюросы бас комитетті айқындайды, қорытынды әзірлеу мерзімін белгілейді және оны Сенаттың тұрақты комитеттері мен Аппаратына жібереді.

      Сілтеме. 55-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      55-4. Осы Регламенттің 55-2-тармағында көрсетілген актілерді қарау қорытындылары бойынша Сенат мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) Мәжіліс қабылдаған заң бірінші оқылымда мақұлдансын;

      2) Мәжіліс қабылдаған заң мақұлдансын;

      3) Сенат немесе келісу комиссиясы ұсынған заңның немесе оның жекелеген баптарының жаңа редакциясымен Мәжіліс қабылдаған заң мақұлдансын;

      4) Мәжіліс қабылдаған заң тұтастай мақұлданбасын;

      5) заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдансын;

      6) заң қабылдансын;

      7) заң Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен қабылдансын;

      8) заң жобасы қабылданбасын.

      Сілтеме. 55-4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      55-5. Қабылданып, Сенат Төрағасының қолы қойылған заң он күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына жіберіледі.

      Сілтеме. 55-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      55-6. Сенат Парламенттің функциясын орындаған кезеңде Президенттің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қайталап талқылау және дауысқа салу Президенттің қарсылықтары жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді.

      Сілтеме. 55-6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      55-7. Президенттің қарсылығын туғызған заң немесе заңның баптары қайталап талқыланған жағдайда жұмыс тобы құрылмайды.

      Сілтеме. 55-7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      55-8. Президенттің қарсылықтарымен қайтарылған заңдар немесе заңның баптары Сенат Бюросының шешімімен Сенаттың тиісті тұрақты комитетінің қарауына беріледі, ол Президент өкілінің қатысуымен қорытынды дайындайды және оны заңмен немесе тиісінше оның баптарымен және Президенттің қарсылықтарымен Сенаттың қарауына енгізеді.

      Сілтеме. 55-8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      55-9. Егер қарсылықтарды Сенаттың тұрақты комитетінде және Сенаттың отырысында қарау нәтижелері бойынша Президент Сенат депутаттарының ұсыныстарын ескере отырып, қарсылықтарында тұтастай заңның не тиісінше оның жекелеген баптарының өзі ұсынған редакциясын өзгертсе, Сенат отырысында төрағалық етуші Президент өзгерістерімен қаралған қарсылықтарды бірден дауысқа қоюға құқылы.

      Сілтеме. 55-9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      55-10. Сенат отырысында қайталап талқылау Президент уәкілеттік берген лауазымды адамның сөз сөйлеуінен басталады, содан кейін талқылау үшін сөз бас комитеттің өкіліне және депутаттарға кезек ретімен беріледі.

      Сілтеме. 55-10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      55-11. Заңды немесе оның жекелеген баптарын Сенат отырысында қайталап талқылау және дауысқа салу кезінде, егер заң тұтастай Президенттің қарсылықтарын туғызған болса, дауысқа салу заң бойынша тұтастай не Президенттің қарсылықтарын туғызған баптар бойынша жүргізіледі.

      Сілтеме. 55-11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      55-12. Егер Сенат депутаттардың жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен, ал конституциялық заңдарға – төрттен үшінің көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, Президенттің заңдарға қарсылықтары еңсерілген болып есептеледі. Бұл жағдайда конституциялық заң, заң немесе оның баптары Парламент оны бірінші рет қабылдаған редакцияда қабылданған болып есептеледі және Президенттің қол қоюына беріледі.

      Сілтеме. 55-12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      55-13. Егер Президенттің қарсылықтары еңсерілмесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.

      Сілтеме. 55-13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      55-14. Мәжіліс депутаттары сайланып, жаңа шақырылымдағы Парламенттің жұмысы басталғаннан кейін Мәжіліс өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуынан туындаған оның уақытша болмауы кезеңінде келіп түскен және Сенат қарамаған конституциялық заңдар мен заңдардың жобалары Мәжіліске беріледі.

      Сілтеме. 55-14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      55-15. Алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      55-16. Алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      55-17. Алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      55-18. Алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

4-тарау. Кодекстерді, оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарау тәртібі

      Сілтеме. Регламент 4-тараумен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 06.06.2002; жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.

      56. Мәжіліс қабылдаған Кодекстерді, оларға өзгерістер мен толықтыруларды (бұдан әрі – кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар) Сенат кемінде екі оқылымда қарайды.

      57. Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Сенат Регламенті 40, 41-1, 41-2, 41-3, 117 және 118-тармақтарының талаптарына сәйкес қаралады.

      58. Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар бірінші оқылымда тұжырымдамалық тұрғыдан талқыланады. Талқылау нәтижелері бойынша Сенат бірінші оқылымда мақұлдау және оны екінші оқылымға әзірлеу немесе қабылдамау туралы қаулы қабылдайды. Бұл ретте дауыс беру Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Кодексті, оған өзгерістер мен толықтыруларды Сенат бірінші оқылымда мақұлдаған жағдайда бас комитет оларды екінші оқылымға дайындайды.

      Бас комитет бірінші оқылымнан кейін кодексті, оған өзгерістер мен толықтыруларды, комитеттер мен депутаттар енгізген түзетулерді қайтадан қарайды, оларды салыстырма кестеге енгізеді және қорытынды дайындайды.

      Кодексті, оған өзгерістер мен толықтыруларды екінші және одан кейінгі оқылымдарда талқылау осы Регламенттің 45 және 46-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      Сенат талқылау қорытындылары бойынша осы Регламенттің 42-тармағында көзделген шешімдердің бірін қабылдайды.

5-тарау. Республикалық бюджетті бекіту және республикалық
бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылау тәртібі

      Сілтеме. Тараудың тақырыбы өзгертілді - ҚР Парламенті Сенатының 06.06.2002 және 20.09.2007 қаулыларымен.

      59. Сенатқа келіп түскен жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң бойынша Сенат Бюросының шешімімен бас комитет айқындалады.

      Республикалық бюджет туралы заңды талқылау: республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы мен жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы бойынша – Үкімет уәкілеттік берген адамның, ақша-кредит саясаты бойынша Ұлттық Банкі Төрағасының баяндамаларын және Сенаттың бас комитеті өкілінің қосымша баяндамасын қамтиды.

      Әрбір сөз сөйлеушінің баяндамасы осы Регламенттің 10-тармағына сәйкес талқылануы тиіс.

      Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңды қарау және оны мақұлдау осы Регламенттің 3-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Палатаның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Сенат отырысында Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары бойынша баяндама жасайды.

      Сілтеме. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      60. Республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қарау және оны мақұлдау осы Регламенттің 59-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      Сілтеме. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      61. Үкіметтің аяқталған қаржы жылы бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі ол Мәжілісте қаралғаннан кейін талқыланады.

      Үкіметтің аяқталған қаржы жылы бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау Жоғары аудиторлық палатаның есебін қараумен бірге өткізіледі.

      Осы мәселелерді талқылау: Қаржы министрінің, Республика Ұлттық Банкі Төрағасының, Жоғары аудиторлық палата Төрағасының баяндамаларын және Сенаттың бас комитеті өкілінің қосымша баяндамасын қамтиды. Бас комитет шақырған тәуелсіз сарапшылардың баяндамалары да тыңдалуы мүмкін.

      Әр сөз сөйлеушінің баяндамасы осы Регламенттің 10-тармағына сәйкес талқылануы тиіс.

      Жобаны талқылау қорытындылары бойынша Сенат қаулы қабылдап, ол Мәжіліске жіберіледі. Сенаттың қаулысында: Сенаттан Парламент Палаталарының бірлескен отырысында есептер жөнінде қосымша баяндама жасау тапсырылған Сенат комитеті және сөз сөйлеу тапсырылған депутат көрсетіледі.

      Сілтеме. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 06.06.2002; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.

6-тарау. Халықаралық шарттарды ратификациялау және
олардың күшін жою

      Сілтеме. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 06.06.2002 қаулысымен.

      62. Сенат Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялау және олардың күшін жою туралы заңдарды мақұлдайды.

      Халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы заңдарды қарау осы Регламенттің 3-тарауында белгіленген тәртіпппен жүзеге асырылады.

      Сілтеме. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      63. Сенат Төрағасы Республиканың халықаралық шарттары ратификацияланғанға дейін олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау үшін Конституциялық Сотқа жүгінуге құқылы.

      Осы шарттың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі мәселесі бойынша Конституциялық Сотқа жүгінген жағдайда тиісті актілерді ратификациялау мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.

      Парламент депутаттары жалпы санының кем дегенде бестен бір бөлігін құрайтын Сенат депутаттары Республиканың халықаралық шарттары ратификацияланғанға дейін олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау үшін Конституциялық Сотқа жүгінуге құқылы.

      Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған халықаралық шарттар ратификацияланбайды және қолданысқа енгізілмейді.

      Сілтеме. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

7-тарау. Парламент Сенатының ерекше қарауына жатқызылған
мәселелерді қарау тәртібі
1-параграф. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша
Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Жоғарғы Сот судьяларын
сайлау және қызметтерінен босату, олардан ант қабылдау

      Сілтеме. 7-тараудың 1-параграфының тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 06.06.2002 қаулысымен.

      64. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Жоғарғы Сот судьяларын Республиканың Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуы бойынша Сенат сайлайды және қызметтерінен босатады.

      Республика Президенті Палатаға тиісті жазбаша ұсыныс енгізеді, соның негізінде тиісті мәселені Сенаттың күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданады.

      Сілтеме. 64-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 және 20.09.2007 қаулыларымен.

      65. Мәселені Сенат отырысында қарау кезінде қызметке сайлау және қызметтен босату үшін кандидатураны Республика Президенті немесе ол уәкілдік берген лауазымды адам ұсынады.

      Сенат отырысында:

      кандидатқа және кандидатты ұсынған адамға сұрақтар қойылуы;

      депутаттар ұсынылған кандидатураны "жақтап" немесе оған "қарсы" пікірлер айтуы мүмкін.

      Егер депутаттар талап етпесе, ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашылмауы мүмкін.

      Сілтеме. 65-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      66. Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Жоғарғы Сот судьялары қызметіне сайлау және қызметінен босату үшін ұсынылған кандидатуралар, мәселе Сенат отырысында қаралғанға дейін Палата Бюросының шешімімен белгіленетін Сенаттың тиісті комитетінің отырысында талқылануға тиіс.

      Комитет кандидатураларды қарау нәтижесі бойынша олардың әрқайсысы жөнінде Сенат отырысында жарияланатын қорытынды жасайды.

      Сілтеме. 66-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 және 20.09.2007 қаулыларымен.

      67. Парламент Сенатының отырысында Сенат Жоғарғы Сот судьяларынан ант қабылдайды. Ондай отырысты өткізуді дайындаумен Сенаттың тиісті комитеті айналысады.

      Сілтеме. 67-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      68. Жоғарғы Соттың Төрағасын, судьяларын тұтқындауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды, бұған қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасалған реттер кірмейді.

      Сілтеме. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      69. Сенаттың қызметке сайлау және қызметтен босату туралы шешімі Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      Егер Сенат дауыс берудің өзгеше тәртібін белгілемесе, кандидатура (кандидатуралар) бойынша шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына баламалы негізде сайлау үшін кандидатураларды ұсынған кезде бас комитет сайлау жөнінде ұсыным берген кандидатура бірінші болып дауысқа қойылады.

      Шешім Сенат қаулысымен ресімделеді.

      Қазақстан Республикасының Президенті қызметке сайлау және қызметтен босату үшін ұсынған кандидатуралар қабылданбаған жағдайда Сенаттың шешімінде, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қабылдамаудың жан-жақты дәлелі болуға тиіс.

      Сілтеме. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

1-1-параграф. Республика Президентінің ұсынуы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілді лауазымға сайлау және оны лауазымынан босату

      Ескерту. 7-тарау 1-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      69-1. Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Республика Президентінің ұсынуымен Сенат бес жыл мерзімге лауазымға сайлайды және лауазымынан босатады.

      Республика Президенті Палатаға тиісті жазбаша ұсыну енгізеді, соның негізінде тиісті мәселені Сенаттың күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданады.

      69-2. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайлау үшін ұсынылған кандидатура Сенат отырысында мәселе қаралғанға дейін Палата Бюросының шешімімен айқындалатын Сенаттың тиісті комитетінің отырысында талқылануға жатады.

      Комитет кандидатураны қараудың нәтижесі бойынша ол жөнінде Сенат отырысында жарияланатын қорытынды шығарады.

      69-3. Сенат отырысында мәселені қарау кезінде лауазымға сайлау және лауазымнан босату үшін кандидатураны Республика Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам таныстырады.

      Сенат отырысында:

      кандидатқа және кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қойылуы;

      депутаттар ұсынылған кандидатураны "қолдап" немесе оған "қарсы" пікір айтуы мүмкін.

      Егер депутаттар талап етпесе, ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз болмауы мүмкін.

      69-4. Кандидатураны талқылау үшін 20 минутқа дейін уақыт беріледі. Сенат Палата депутаттарының ұсынысы бойынша өзге уақыт белгілеуге құқылы.

      Егер Палата дауыс берудің өзге тәртібін айқындамаса, шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Сенаттың лауазымға сайлау және лауазымнан босату туралы шешімі Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      Шешім Сенат қаулысымен ресімделеді.

2-параграф. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банк Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру

      Сілтеме. Сілтеме. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Парламенті ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      70. Республика Президенті қызметке тағайындауға Сенаттың келісімін алу үшін Палатаға тиісті жазбаша ұсыныс енгізеді, соның негізінде тиісті мәселені Сенаттың күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданады.

      71. Келісім беру кандидатуралар Сенаттың тиісті комитетінің отырысында алдын-ала қаралғаннан кейін Сенат отырысында жүзеге асырылады. Талқылау қорытындысы бойынша комитет қорытынды жасайды және осы мәселе бойынша Сенат қаулысының жобасын әзірлейді. Отырысқа Республика Президентінің өкілі қатысады. <*>

      Сілтеме. 71-тармақ толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 ж. Қаулысы.

      72. Мәселені Сенат отырысында қарау кезінде қызметке кандидатураларды Республика Президенті немесе ол уәкілдік берген лауазымды адам ұсынады.

      Сенат отырысында:

      кандидатқа және кандидатты ұсынған адамға сұрақтар қойылуы;

      депутаттар ұсынылған кандидатураны "жақтап" немесе оған "қарсы" пікірлер айтуы мүмкін.

      Егер депутаттар талап етпесе, ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашылмауы мүмкін.

      Талқылау қорытындысы бойынша комитет қорытынды жасайды және осы мәселе бойынша Сенат қаулысының жобасын әзірлейді.

      73. Қызметке тағайындауға келісім беру туралы Сенат шешімі Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      Егер Сенат дауыс берудің өзгеше тәртібін белгілемесе, әрбір кандидатура жөніндегі шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Шешім Сенат қаулысымен әр кандидатура бойынша жеке-жеке ресімделеді.

      Қызметке тағайындау үшін келісім беруге Президент ұсынған кандидатуралар қабылданбай қалған жағдайда Сенаттың шешімінде қабылданбаудың жан-жақты дәлелі болуға тиіс.

3-параграф. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді ешкімнің тиіспеуі құқығынан айыру

      Сілтеме. Сілтеме. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Парламенті ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      74. Бас Прокурорды ешкімнің тиіспеуі құқығынан айыру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      Бас Прокурордың бірінші орынбасары Сенаттың келісімін алу үшін Палатаға тиісті жазбаша ұсыну енгізеді, ол келіп түскен күннен бастап екі апта мерзімнен кешіктірілмей қаралады.

      Келісім беру Палата Бюросының шешімімен айқындалатын Сенаттың тиісті комитетінің отырысында мәселе алдын ала қаралғаннан кейін Сенат отырысында жүзеге асырылады.

      Комитет қараудың нәтижелері бойынша Сенат отырысында жарияланатын қорытынды шығарады.

      Комитеттің және Сенаттың отырыстарына Бас Прокурордың бірінші орынбасары қатысады.

      Сенат отырысында:

      тиісті лауазымды адамдарға сұрақтар қойылуы;

      депутаттар енгізілген ұсынуды "қолдап" немесе оған "қарсы" пікір айтуы мүмкін.

      Егер депутаттар талап етпесе, ұсыну бойынша жарыссөз болмауы мүмкін.

      Сенат тиісті лауазымды адамдардан қосымша ақпарат ұсынуды талап етуге құқылы.

      Сенат тиісті қаулымен ресімделетін шешім қабылдайды және оны үш күн мерзімде Бас Прокурордың бірінші орынбасарына жібереді.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      75. Жоғарғы Сот Төрағасын және Жоғарғы Сот судьяларын ешкімнің тиіспеуі құқығынан айыру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      Бас Прокурор Сенаттың келісімін алу үшін Палатаға тиісті жазбаша ұсыну енгізеді, ол келіп түскен күннен бастап екі апта мерзімнен кешіктірілмей қаралады.

      Келісім беру Палата Бюросының шешімімен айқындалатын Сенаттың тиісті комитетінің отырысында мәселе алдын ала қаралғаннан кейін Сенат отырысында жүзеге асырылады.

      Комитет қараудың нәтижелері бойынша Сенаттың отырысында жарияланатын қорытынды шығарады.

      Сенаттың отырысына Бас Прокурор қатысады.

      Сенат отырысында:

      тиісті лауазымды адамдарға сұрақтар қойылуы;

      депутаттар енгізілген ұсынуды "қолдап" немесе оған "қарсы" пікір айтуы мүмкін.

      Егер депутаттар талап етпесе, ұсыну бойынша жарыссөз болмауы мүмкін.

      Сенат тиісті лауазымды адамдардан қосымша ақпарат ұсынуды талап етуге құқылы.

      Сенат тиісті қаулымен ресімделетін шешім қабылдайды және оны үш күн мерзімде Бас Прокурорға жібереді.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.

      75-1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді ешкімнің тиіспеушілігі құқығынан айыру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      Бас Прокурор Сенаттың келісімін алу үшін Палатаға тиісті жазбаша ұсыну енгізеді, ол келіп түскен күннен бастап екі апта мерзімнен кешіктірілмей қаралады.

      Келісім беру Палата Бюросының шешімімен айқындалатын Сенаттың тиісті комитетінің отырысында мәселе алдын ала қаралғаннан кейін Сенат отырысында жүзеге асырылады.

      Комитет қараудың нәтижелері бойынша Сенат отырысында жарияланатын қорытынды шығарады.

      Сенаттың отырысына Бас Прокурор қатысады.

      Сенат отырысында:

      тиісті лауазымды адамдарға сұрақтар қойылуы;

      депутаттар енгізілген ұсынуды "қолдап" немесе оған "қарсы" пікір айтуы мүмкін.

      Егер депутаттар талап етпесе, ұсыну бойынша жарыссөз ашылмауы мүмкін.

      Сенат тиісті лауазымды адамдардан қосымша ақпарат ұсынуды талап етуге құқылы.

      Сенат тиісті қаулымен ресімделетін шешім қабылдайды және оны үш күн мерзімде Бас Прокурорға жібереді.

      Ескерту. 3-параграф 75-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      76. Алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.
      Сілтеме. 7-тараудың 4, 5, 6-параграфтары және 77, 78, 79, 80-тармақтар алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

8-тарау. Парламент Сенатының дербес қарауына жатқызылған
мәселелерді қарау тәртібі
1-параграф. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін лауазымға тағайындау, олардың өкілеттіктерін тоқтату және лауазымнан босату.

      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      Сілтеме. 1-параграф толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      81. Сенат Палата Төрағасының ұсынуы бойынша Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Конституциялық Соттың үш судьясын, Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін қызметке тағайындайды.

      Сенат Төрағасы ұсынған кандидатураларды тиісті комитет өзінің отырысында алдын ала талқылайды. Кандидатураларды қарау қорытындылары бойынша комитет әрбір талқыланған кандидатура жөнінде қорытынды жасап, ол Сенат отырысында жария етіледі.

      Қызметке тағайындау туралы мәселені Палата отырысында қарау кезінде қызметке кандидатураларды Сенат Төрағасы таныстырады.

      Сенат отырысында:

      кандидатқа және кандидатты таныстырған адамға сұрақтар берілуі;

      депутаттар ұсынылған кандидатураны "жақтап" немесе "қарсы" пікір білдіруі мүмкін.

      Ұсынылған кандидатура бойынша, егер депутаттар мұны талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкін.

      Әрбір кандидатураны талқылау үшін 20 минутқа дейін уақыт бөлінеді. Сенат Палата депутаттарының ұсынысы бойынша өзге де уақыт белгілеуге құқылы.

      Егер Палата дауыс берудің өзге тәртібін белгілемесе, шешімдер әр кандидатура бойынша жеке, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Шешімдер Парламент Сенатының қаулыларымен әр кандидатура бойынша жеке-жеке ресімделеді.

      Егер Парламент Сенаты ұсынылған кандидатуралар бойынша қызметке тағайындау туралы шешім қабылдамаса, Сенат Төрағасы Палатаға сол адамдарға немесе жаңа кандидатураларға жазбаша ұсыныстар енгізеді. Бұл жағдайда Парламент Сенатының шешімінде қабылдамаудың жан-жақты дәлелі болуға тиіс.

      Сілтеме. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.

      81-4. Сенат тағайындаған, Конституциялық Сот судьяларының, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палата мүшелерінің өкілеттіктерін Сенат Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша тоқтатады және лауазымнан босатады.

      Лауазымнан босатылатын Конституциялық Сот судьясының, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палата мүшесінің кандидатурасы мәселе Сенат отырысында қаралғанға дейін Палата Бюросының шешімімен айқындалатын Сенаттың тиісті комитетінің отырысында алдын ала талқылауға жатады.

      Кандидатураны қарау нәтижелері бойынша комитет ол жөнінде Сенаттың отырысында жарияланатын қорытынды шығарады.

      Егер депутаттар талап етпесе, талқыланатын кандидатура бойынша жарыссөз болмауы мүмкін.

      Егер Палата дауыс берудің өзге тәртібін айқындамаса, шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Шешім Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      Шешім әрбір кандидатура бойынша Сенат қаулысымен жеке-жеке ресімделеді.

      Ескерту. 8-тарау 81-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.
      Сілтеме. 8-тараудың 2-параграфы алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

3-параграф. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне
кандидатураны қарау бойынша консультациялар беру

      Ескерту. 3-параграф алып тасталды - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

4-параграф. Конституцияның 47-бабы 1-тармағында көзделген
жағдайда, Парламент құратын комиссия мүшелерін жіберу

      84. Парламент Сенатынан комиссия мүшелерінің кандидатураларын тікелей Палата депутаттары ұсынады.

      Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысын алғандары сайланған болып есептеледі.

      Сілтеме. 84-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

5-параграф. Палаталардың бірлескен комиссияларын сайлау

      85. Бірлескен комиссиялар Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін құрылады.

      Олардың құрылуы мен қызметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентімен белгіленеді.

5-1-параграф. Сенат депутаттарының ант беруі

      Ескерту. 8-тарау 5-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      85-1. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше тәртіпті көздемесе, Сенат депутаттары Сенат отырысында Қазақстан халқына ант береді.

      Парламент депутаты антының мәтіні "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.

      Сенат депутатының тиісінше ресімделген және мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде басылған антының мәтіні депутаттың таңдауы бойынша осы тілдердің бірінде айтылады.

      Ант беру рәсімі Сенат отырысында төрағалық етушінің кіріспе сөзімен басталады. Депутат мінберге шақырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына қолын қойып тұрып, ол анттың мәтінін айтады немесе оқып береді.

      Ант беру күні көрсетіле отырып, депутат қол қойған ант мәтіні оның жеке ісінің материалдарында сақталады.

6-параграф. Депутаттардың өкілеттігін тоқтату және
оларды ешкімнің тиіспеуі құқығынан айыру

      86. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға байланысты мәселелер әзірлеуді Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады. Депутаттардың Сенат пен оның органдарының отырыстарына келуін, сондай-ақ депутаттың өз даусын басқаға беруіне болмайтындығын бақылауды Орталық сайлау комиссиясының мүшелері жүзеге асырады.

      87. Бас Прокурор депутатты қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге немесе сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға келісім алу үшін Сенатқа ұсыну енгізген кезде Сенат ұсынуды Республиканың Орталық сайлау комиссиясына жібереді.

      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      88. Ұсыну депутатты күдіктінің іс-әрекеттерін саралау туралы қаулымен таныстырудың алдында, ұстап алудың, оны күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге санкция беру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінудің, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi сотқа жiберудiң алдында енгiзiледi.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      89. Бас Прокурордың ұсынуы мен Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы келіп түскен күннен бастап екі апта мерзімнен кешіктірілмей қаралады. Сенат тиісті лауазымды адамдардан қосымша ақпарат беруді талап етуге құқылы.

      Сенат уәжді шешім қабылдайды және оны үш күн мерзім ішінде Бас Прокурорға жібереді.

      Депутат өзіне ешкімнің тиіспеу құқығы туралы мәселені Сенат қарағанда қатысуға құқылы. Дәлелді себеппен келмей қалған жағдайда мәселені қарау Палатаның келесі отырысына ауыстырылады.

      Орталық сайлау комиссиясы іс бойынша шешім қабылдаған тиісті соттан істі қарау нәтижелері туралы ақпаратты сұратып алады және айыптау үкімі шығарылған жағдайда Сенатқа депутаттық мандаттан айыру туралы ұсыну енгізеді.

      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

7-параграф. Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің
есептерін тыңдау және Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы
Республика Президентіне өтініштер қабылдау

      90. Сенат Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен оны қызметінен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға құқылы.

      Бұл жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметтен босатады. Үкімет мүшесінің есебін тыңдау туралы шешім қабылдау кезінде Сенат оны дайындау жөніндегі арнайы уақытша комиссия құруға немесе Палатаның тиісті комитетіне мәселені дайындауды тапсыруға құқылы.

      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      91. Сенат Үкімет мүшесінің есебін тыңдау туралы мәселе қабылдаған жағдайда Палата белгілеген мерзімде Сенат есебі тыңдалатын Үкімет мүшесіне Палатаның шешімі туралы және оның есебі тыңдалатын күн туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      Үкімет мүшесі дәлелсіз себеппен Сенаттың отырысына келмеген жағдайда Сенат бұл мәселені оның қатысуынсыз қарауға құқылы.

      Үкімет мүшесі өзінің қызмет мәселесі бойынша тыңдауға негіз болған құжаттармен танысуға құқылы. Қажет болған жағдайда ол Сенатқа өзінің есебін тыңдау мерзімін өзгерту туралы өтініш жасауға құқылы.

      Сілтеме. 91-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      92. Сенат отырысында Үкімет мүшесінің есебін тыңдау есеп беруді өткізудің бастамашысына сөз беруден басталады. Бұдан кейін тыңдалатын Үкімет мүшесіне сөз беріледі. Олардың сөз сөйлеу уақыты алдын ала келісіледі.

      Сенат тыңдау қорытындылары бойынша тиісті қаулы қабылдайды.

      Сілтеме. 92-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

8-параграф. Парламенттік тыңдаулар өткізу

      93. Қазақстан Республикасы Конституциясы 57-бабының 5) тармақшасына сәйкес Парламент Сенаты өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізеді.

      Сенатта парламенттік тыңдауларды Сенат Бюросының шешімі бойынша тұрақты комитеттер өткізеді және олар ашық және жабық түрде өткізілуі мүмкін.

      Парламенттік тыңдаулар Палаталардың бірлескен немесе бөлек отырыстары күндерінде өткізілмейді.

      Сілтеме. 93-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      94. Парламенттік тыңдаулар Сенат қызметінің ұйымдық нысаны болып табылады, бұл қызметтің мақсаты заң жобаларының тұжырымдамаларын алдын ала талқылау, заңдардың іске асырылу, Үкімет, министрліктер мен ведомстволар қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша жалпыұлттық және өңірлік бағдарламалардың орындалу барысы туралы жан-жақты және объективті ақпарат алу, сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының түйінді мәселелеріне терең талдау жасау.

      95. Парламенттік тыңдаулар өткізуді ұйымдастыру Сенат Бюросының шешімімен Сенаттың тиісті комитеттеріне жүктеледі.

      Парламенттік тыңдауларға шақырылған адамдардың құрамын осы тыңдауларды өткізуді ұйымдастыру жүктелген комитет белгілейді. Сенат Төрағасы шақырылған адамдардың тізімін толықтыруға құқылы.

      Парламенттік тыңдауларға шақырылған адамдарға комитет ресми хабарламалар жібереді.

      96. Парламенттік тыңдаулар, әдетте, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен жұртшылық үшін ашық болады.

      Жабық парламенттік тыңдауларда мемлекеттік, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға байланысты мәселелер талқыланады. Баспасөздің және жұртшылықтың өкілдері жабық парламенттік тыңдауларға жіберілмейді.

      97. Парламенттік тыңдаулар төрағалық етушінің 5 минутқа дейінгі кіріспе сөзімен басталады, ол талқыланатын мәселенің мәні, отырысты өткізу тәртібі, шақырылған адамдардың құрамы туралы хабарлайды. Бұдан кейін баяндама жасау және сөз сөйлеу үшін тыңдауға қатысып отырған депутаттар мен шақырылған адамдарға сөз беріледі.

      Парламенттік тыңдаулардың ұзақтығы талқыланатын мәселелердің сипатына қарай белгіленеді. Комитет парламенттік тыңдауларға үзіліс жасау және оны басқа уақытта өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Ескерту. 97-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      98. Парламенттік тыңдауларға шақырылған адамдардың сөздерінен кейін оларға ауызша нысанда да, жазбаша нысанда да сұрақтар қойылуы мүмкін.

      Сілтеме. 98-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      99. Парламенттік тыңдаулардың нәтижелері бойынша тыңдауға қатысқан Сенат депутаттарының көпшілігімен талқыланған мәселелер шеңберінде ұсынымдар қабылдануы мүмкін.

      Парламенттік тыңдауларда қабылданған ұсынымдар тиісті мемлекеттік органдардың назарына жеткізіледі және Сенаттың интернет-ресурсында орналастырылады.

      Парламенттік тыңдаулар өткізуді ұйымдастыру жүктелген тұрақты комитет өзінің отырысында парламенттік тыңдауларда қабылданған ұсынымдарды іске асыру мәселелері бойынша есептер тыңдауға құқылы. Тыңдау нәтижелері бойынша тұрақты комитет тиісті шешім қабылдайды, оны Сенат Төрағасына ұсынады.

      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      100. Парламенттік тыңдауларға стенограмма жасалып, олар хаттамамен ресімделеді. Стенограмма мен хаттамаға парламенттік тыңдауларға төрағалық етуші қол қояды.

      Ашық парламенттік тыңдаулардың материалдары Сенат депутаттарына және мемлекеттік органдардың парламенттік тыңдауларға қатысқан өкілдеріне арналады.

      Ашық парламенттік тыңдаулар Сенаттың интернет-ресурсында онлайн режимінде трансляцияланады.

      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

9-параграф. "Үкімет сағаттарын", конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу

      Ескерту. 8-тарау 9-параграфпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      100-1. Парламент Сенаты жұмыс жоспарына сәйкес "үкімет сағатын" өткізуі мүмкін.

      "Үкімет сағаты" Сенаттың Қазақстан Республикасы Үкіметімен өзара іс-қимыл нысанының бірі болып табылады және түсініктемелер алу мақсатында өткізіледі.

      Сенат Төрағасы ерекше жағдайларда тұрақты комитеттің ұсынысы бойынша Палатаның жұмыс жоспарында қарастырылмаған "үкімет сағатын" өткізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      "Үкімет сағаты" Парламент Палаталарының бірлескен отырысы және Парламент Сенатының отырысы күндері өткізілмейді.

      100-2. "Үкімет сағатын" өткізуді ұйымдастыру Сенат Бюросының шешімімен Сенаттың тиісті комитетіне жүктеледі.

      "Үкімет сағатына" шақырылған адамдардың тізімін тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатарынан тұрақты комитет айқындайды. Сенат Төрағасы шақырылған адамдардың тізімін өзгертуге құқылы.

      Қажет болған кезде "үкімет сағатына" өзге де адамдар шақырылуы мүмкін.

      Сенат комитеті "үкімет сағатына" шақырылған адамдарға "үкімет сағатын" өткізу туралы ресми хабарламалар жібереді.

      100-3. "Үкімет сағаты" барысында депутаттар Үкімет өкілінің баяндамасын және қажет болған кезде тиісті тұрақты комитеттің қосымша баяндамасын тыңдайды, содан кейін депутаттар баяндамашыға және басқа да шақырылған адамдарға сұрақтар қоюға құқылы.

      Талқыланатын мәселе бойынша баяндама үшін жиырма минтуттан аспайтын, қосымша баяндама үшін – он минуттан аспайтын, сұрақтар мен жауаптар үшін – бір жарым сағаттан аспайтын, ал талқылау үшін – бір жарым сағаттан аспайтын уақыт бөлінеді.

      "Үкімет сағатына" әдетте оны өткізуге жауапты тұрақты комитеттің төрағасы төрағалық етеді.

      100-4. "Үкімет сағатына" стенография жасалады. Стенограммаға "үкімет сағатына" төрағалық етуші қол қояды.

      100-5. "Үкімет сағатын" өткізудің нәтижелері бойынша оған қатысқан Сенат депутаттарының басым көпшілігі талқыланған мәселелер шеңберінде ұсынымдар қабылдауы мүмкін.

      "Үкімет сағатында" қабылданған ұсынымдар тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының назарына жеткізіледі және Сенаттың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      "Үкімет сағатын" өткізуді ұйымдастыру жүктелген тұрақты комитет өзінің отырысында "үкімет сағатында" қабылданған ұсынымдарды іске асыру мәселелері бойынша есептер тыңдауға құқылы. Тыңдау нәтижелері бойынша тұрақты комитет тиісті шешім қабылдайды, оны Сенат Төрағасына ұсынады.

      100-6. Палата Бюросының шешімі бойынша Палатаның жұмыс жоспарына сәйкес Сенатта конференциялар мен "дөңгелек үстелдер" өткізілуі мүмкін.

      Бұл іс-шараларды өткізуге Сенат Төрағасы, Сенат Бюросы немесе Сенаттың тұрақты комитеттері бастамашы бола алады.

      Конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастыру Сенат Бюросының шешімімен Сенаттың тиісті комитетіне жүктеледі.

      Конференциялар мен дөңгелек үстелдерге, әдетте, оны өткізуге жауапты тұрақты комитеттің төрағасы төрағалық етеді.

      Жұмыс тәртібін төрағалық етуші айқындайды.

      100-7. Конференциялар мен "дөңгелек үстелдер" өткізу нәтижелері бойынша тұрақты комитет шешім қабылдайды, оны Сенат Төрағасына ұсынады.

3-БӨЛІМ.
Парламент Сенатының органдарын құру және олардың
қызметін ұйымдастыру
9-тарау. Парламент Сенатының Бюросы және оның құзыреті

      101. Сенаттың Бюросы Парламент Сенатының үйлестіруші органы болып табылады, ол Сенат Төрағасының жанынан құрылады.

      Бюроның құрамына Сенат Төрағасының орынбасарлары, Сенаттың тұрақты комитеттерінің төрағалары кіреді.

      Сілтеме. 101-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      102. Сенаттың Бюросы:

      Сенаттың комитеттері мен комиссияларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;

      Сенат үшін отырыстарда қаралатын мәселелердің кезектілігі бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      Палата қызметін жоспарлау мәселесін қарайды және алдағы жылға Сенаттың Негізгі іс-шаралар жоспарын және басқа жоспарларды бекітеді;

      Мәжіліс Бюросымен келісу бойынша Парламенттің парламентаралық ынтымақтастық ұйымдарындағы өкілетті өкілін, әдетте, бес жыл мерзімге тағайындайды және оның өкілеттігін айқындайды, оны лауазымнан босатады;

      Сенаттың тұрақты комитеттерінің ұсынысы бойынша басқа мемлекеттердің парламенттерімен (парламенттер палаталарымен) және халықаралық парламенттік ұйымдармен ынтымақтастық топтарын құрады, сондай-ақ Сенат депутаттарын халықаралық, мемлекетаралық парламенттік ұйымдардың және органдардың құрамына қосады (жібереді), олардың құрамына өзгерістер енгізеді;

      бірнеше комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша комитеттердің бірлескен жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;

      Сенаттың тұрақты комитеттерінің парламенттік тыңдаулар өткізуі туралы шешім қабылдайды;

      Сенат Аппаратының құрылымы мен штат санын бекітеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де актілерді қабылдайды;

      қажет болған кезде Палата мен депутаттарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысын тыңдайды;

      Сенат талапкер немесе жауапкер ретінде қатысатын органдарға депутаттар, Аппарат қызметкерлері мен мамандар арасынан Сенат өкілдерін тағайындайды;

      азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырады;

      Палатаның тиісті комитеттерінің ұсынысы бойынша заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының құрамын және олардың қызметін қаржымен қамтамасыз етуді бекітеді;

      депутаттық топтарды тіркейді, бұл орайда тіркеу келу тәртібімен жүзеге асырылады және ақпараттық сипатта болады;

      консультативтік-кеңесші органдарын құрады және осы органдар туралы ережелерді бекітеді;

      депутаттардың өзінің өңіріне немесе өзге өңірге қызметтік іссапарға шығу кестесін бекітеді;

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Басшысы және оның орынбасарлары ант беретін лауазымды адамды айқындайды;

      "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен Сенаттың басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған Сенат жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелерін шешеді.

      Сенаттың Бюросы өз құзыреті шегінде қаулылар қабылдайды, Парламенттің Сенаты олардың күшін жоюға құқылы.

      Сілтеме. 102-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000; 06.06.2002; 20.09.2007; 24.03.2016 N 980-V ПС; 26.12.2019 № 641-VI ПС; 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.

      103. Сенат Бюросының отырыстарын қажет болуына қарай Сенаттың Төрағасы шақырады. Бюро отырыстарының уақыты мен күн тәртібі туралы Сенаттың барлық депутаттары хабардар етіледі. Сенат Бюросының отырыстары оның мүшелері жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады.

      Палата Бюросының шешімі оған оның мүшелері жалпы санының көпшілігі жақтап дауыс бергенде қабылданады. Берілген дауыстар саны тең болған жағдайда Палата Төрағасының даусы шешуші болып есептеледі.

      Сенат Бюросының отырысына Сенат депутаттары (кеңесші дауыс құқығымен), Президент пен Үкіметтің Парламенттегі өкілдері және Сенат Бюросының отырыстарына Сенаттың төрағасы шақырған адамдар қатысуға құқылы.

      Сенат Бюросының қарауына мәселе енгізудің бастамашысы Сенат Бюросы тиісті мәселелер бойынша бекіткен тізбеге сәйкес қажетті материалдарды әзірлейді және олар Сенат Бюросының отырысы басталардан кем дегенде үш күн бұрын Сенаттың Аппаратына берілуге тиіс.

      Материалдары толық көлемде берілмеген мәселелер күн тәртібіне енгізілмейді.

      Сенат Бюросы қараған мәселелер туралы және қабылданған шешімдер туралы Палата депутаттарына хабарланады.

      Бюро отырысы хаттамамен ресімделеді. Отырыс стенограммасы қажет болған жағдайда жасалады.

      Сенат Бюросы қараған мәселелер бойынша құжаттарды мәселені енгізу бастамашысы екі күн ішінде пысықтайды.

      Сілтеме. 103-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 және 06.06.2002; 26.12.2019 № 641-VI ПС; 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.

      104. Сенат Бюросының тапсыруы бойынша Сенат Аппараты депутаттарды Сенат пен Парламент қабылдаған құжаттармен, сондай-ақ Парламент пен оның органдары, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер ресми тарататын ақпараттық және анықтамалық материалдармен қамтамасыз етеді.

      Сілтеме. 104-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

10-тарау. Парламент Сенатының жұмыс органдары

      105. "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Сенат өзінің жұмыс органдарын - Палата депутаттарының арасынан тұрақты комитеттер құрады. Олардың саны жетіден аспауға тиіс. Сенаттың тұрақты комитеттері заң жобалары жұмысын жүргізу, Палатаның қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарап, әзірлеу үшін құрылады. Тұрақты комитеттерді құрған кезде Сенат олардың тізбесі мен сан құрамын белгілейді, содан соң Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы комитеттер төрағаларын және олардың мүшелерін сайлайды.

      Сандық құрамды қалыптастыру кезінде депутаттардың белгілі бір комитетте жұмыс істеуді қалайтыны ескеріледі. Сандық шектен асып кеткен немесе басқа комитеттерде мүшелер жетіспеген кезде, депутаттар өз тілегі бойынша басқа комитеттерге ауыса алады немесе бұл Сенат Төрағасының ұсынуы бойынша Сенаттың қаулысымен жасалады.

      Әр комитеттің сан құрамын Сенат белгілейді, бірақ ол алты депутаттан кем болмауға тиіс.

      Парламент Сенатының Төрағасы мен оның орынбасарлары Палата тұрақты комитеттерінің құрамына кіре алмайды.

      Сенат депутаты Палатаның бір комитетінің ғана мүшесі бола алады.

      Сілтеме. 105-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      106. Парламенттің кезекті шақырылымында Сенат депутаттарының жартысы сайланып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы тіркегеннен кейін, Сенаттың бірінші отырысында Палата тұрақты комитеттердің саны мен атауы, тұрақты комитеттердің төрағаларын және тұрақты комитеттердің мүшелерін сайлау туралы мәселені қарайды.

      Қажет болған жағдайда Сенат жаңа комитеттер құруға, бұрын құрылғандарын таратуға немесе оларды қайта ұйымдастыруды жүргізуге құқылы.

      Сенаттың тұрақты комитеттерін құру туралы Палата қаулы қабылдайды.

      Сілтеме. 106-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 06.06.2002 және 20.09.2007 қаулыларымен.

      107. Сенат тұрақты комитетінің төрағасы Палатаның отырысында Сенат депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

      Сілтеме. 107-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      108. Тиісті тұрақты комитет төрағасының қызметіне кандидатураларды Палата депутаттары ұсынады.

      109. Сенаттың тұрақты комитеті төрағасының қызметіне кандидатқа Палата алдында сөз сөйлеу құқығы беріледі. Сөз сөйлеу уақыты 10 минутқа дейін.

      Кандидат сөз сөйлегеннен кейін депутаттардың оған сұрақтар қоюға, кандидатура жөнінде өз пікірін айтуға құқығы бар.

      Палатаның тұрақты комитеті төрағасының қызметіне кандидатқа депутаттардың сұрақтарына жауап қайтару үшін 15 минутқа дейін уақыт бөлінеді.

      Кандидатураны талқылау үшін 20 минутқа дейін уақыт бөлінеді.

      Кандидатураларды талқылау бөлінген уақыт біткеннен кейін Сенаттың шешімімен немесе депутаттардың ұсынысы бойынша тоқтатылады.

      110. Тұрақты комитеттің төрағасы қызметіне екіден артық кандидат ұсынылып, олардың бірде-біреуі Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусын алмаған жағдайда ең көп дауыс санын алған екі кандидат бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.

      Қайтадан дауыс берген кезде ең көп дауыс санын алған кандидат тұрақты комитеттің төрағасы қызметіне сайланды деп есептеледі.

      111. Сенат тұрақты комитеті төрағасының сайлануы туралы Палата қаулы қабылдайды.

      112. Тұрақты комитеттің төрағасы:

      тұрақты комитеттің жұмысына басшылық жасайды;

      комитеттің жұмыс жоспарын және отырыстар күн тәртібінің жобасын жасайды;

      комитет мүшелеріне комитеттің жұмысына байланысты тапсырмалар береді;

      комитет отырыстарын, комитеттің кеңейтілген отырыстарын өткізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 112-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      113. Комитет мүшелері жалпы санының үштен екісінің ұсынуы бойынша комитеттер Сенаттың қарауына комитет төрағасын тиісті міндеттерін атқарудан босату туралы мәселе енгізуге құқылы. Сенат шешімді Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылдайды.

      Комитеттің төрағасы өз еркімен орнынан түсуге құқылы, ол Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      114. Сенат тұрақты комитетінің хатшысы комитет отырысында оның мүшелері арасынан комитет мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы сайланады.

      Тұрақты комитет хатшысының қызметіне кандидатураны Палатаның тиісті тұрақты комитетінің мүшелері ұсынады.

      Хатшы комитетте іс қағаздарының жүргізілуін және комитет отырыстарының хаттамаларын ресімдеуді ұйымдастырады, комитет төрағасы болмаған кезде оның міндетін атқарады.

      Тұрақты комитет төрағасының ұсынысы бойынша, егер оған комитет мүшелері жалпы санының көпшілігі жақтап дауыс берсе, комитеттің хатшысы қызметтен кері шақырылып алынуы мүмкін.

      Сілтеме. 114-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      115. Комитет өз қызметінің негізгі бағыттары бойынша өз ішінен комитеттер құра алады.

      Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар мен қорытындылар түрінде шешімдер қабылдайды.

      116. Заң жобалау жұмысын жүргізу, Палатаның қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарау мен әзірлеу үшін құрылған Сенат комитеттері:

      Мәжілістен келіп түскен заңдарға қорытындылар әзірлеуді жүзеге асырады;

      заң жобаларын әзірлеп, алдын ала қарайды;

      парламенттік тыңдаулар өткізуді ұйымдастырады;

      Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдардың ережелерін іске асыруға жәрдемдеседі;

      өз қызметі мен Палата қызметін ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

      Сенаттың қарауына жататын өзге де мәселелерді қарауға қатысады.

      Сенат комитеттерінің шешімдері комитет мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      Сілтеме. 116-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      117. Қорытындылар әзірлеу тапсырылған комитет Сенат Бюросы көрсеткен мерзім ішінде Сенаттың басқа комитеттерінің ескертулері мен ұсыныстарын жинақтайды, Мәжіліс қабылдаған заңды қарайды және ол жөнінде қорытынды қабылдайды.

      Қорытынды әзірлеу мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда комитет төрағасы Сенат Төрағасына мерзімді өзгерту жөнінде дәлелді өтініш жасайды.

      Заңды комитетте қарау ашық өткізіледі. Комитет өз отырыстарына заң жобасының бастамашысын, оның өкілдерін, жергілікті өкілді органдардың депутаттарын, сарапшы ретінде мамандар мен ғалымдарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін шақыра алады. Комитет, әдетте, кемінде үш күн бұрын депутаттар мен барлық мүдделі тараптарды отырысты өткізу уақыты мен орны туралы хабардар етеді.

      Егер заң бойынша қорытынды әзірлеу бірнеше комитетке тапсырылып, ортақ қорытынды алынбаса, әрбір комитет өз қорытындысын табыс етеді.

      Сілтеме. 10-тарау 117-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007; жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.

      118. Заңдар бойынша бас комитет мынадай шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:

      1) Сенатқа заңды бірінші оқылымда мақұлдауды ұсыну;

      2) Сенатқа заңды мақұлдауды ұсыну;

      3) Сенатқа заңды тұтастай мақұлдамауға және оны дәлелді қорытындымен Мәжіліске қайтаруды ұсыну;

      4) Сенатқа Заңның жекелеген баптарын мақұлдамауды және заңды дәлелді қорытындымен және бұл ретте Заңның осы баптарының жаңа редакциясымен Мәжіліске қайтаруды ұсыну.

      Қорытынды әзірлеуге жауапты комитеттің қорытындысы заңның мәтініне комитеттің пікірі бойынша барлық қажетті өзгерістермен және толықтырулармен қоса Сенаттың Төрағасына табыс етіледі. Комитет Сенаттың тиісті қаулысын да әзірлейді.

      Сілтеме. жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      119. Комитет мүшелері жалпы санының кем дегенде үштен екісі болған жағдайда комитеттің отырысы заңды болады.

      Комитеттің отырыстары қажет болуына қарай, бірақ айына кем дегенде екі рет өткізіледі.

      Комитеттің төрағасы отырыстарды өз бастамасы бойынша да, комитет депутаттарының, Палата Төрағасының ұсынысы бойынша да шақырады.

      Отырысты комитеттің төрағасы немесе хатшысы жүргізеді. Комитеттің шешімі комитет мүшелері жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.

      Комитеттердің кеңейтілген отырыстарының хаттамалары Сенаттың автоматтандырылған жүйесінде және интернет-ресурсында орналастырылады.

      Сілтеме. 119-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 және 20.09.2007; 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулыларымен.

      120. Комитеттің Сенат отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар, бұл құқықты ол Сенат Бюросы арқылы іске асырады. Сенат Бюросы күн тәртібін жасау жөніндегі ұсыныстан бас тартқан жағдайда комитет мұны Сенат отырысында жасауға құқылы.

      Комитет өкілдерінің Сенат отырыстарында не басқа комитеттердің отырыстарында баяндамалар мен қосымша баяндамалар жасауға және жарыссөзде сөз сөйлеуге құқығы бар.

      121. Комитет отырыстарына осы комитеттің құрамына кірмейтін Сенат депутаттары кеңесші дауыс құқығымен қатысуы мүмкін.

      Отырыстарға Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі, Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ комитет төрағасының келісімімен өзге де мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысуға құқылы.

      Ескерту. 121-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС; 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.

      122. Комитет қаралатын мәселелерді дайындау және парламенттік тыңдауларды ұйымдастыру үшін Сенат депутаттарын, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың, ғылыми мекемелердің өкілдерін, сондай-ақ мамандар мен ғалымдарды тарта отырып, жұмыс топтарын құра алады.

      Комитет өз жұмысына сарапшылар ретінде әртүрлі бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ заң жобасына не қаралатын заңға тәуелсіз сараптама тағайындауға құқылы. Комитеттер бірлескен отырыстар өткізуге құқылы.

      Комитет нақты заң жобасы не заң бойынша келіп түскен азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын пайдалануға құқылы.

      Комитет әлеуметтік зерттеулер жүргізу туралы, сондай-ақ заң жобасын әзірлеу және ол бойынша тәуелсіз сараптама тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Сілтеме. 122-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      123. Комитеттер өздерінің қызметі үшін қажетті материалдар мен құжаттарды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан сұратып алуға құқылы. Сұратылған материалдар мен құжаттарды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар Сенаттың комитеттеріне заңмен қорғалатын құпияны ескере отырып, қазақ және орыс тілдерінде табыс етуге міндетті.

      Сілтеме. 123-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 11.12.2009 № 526-IV ПС қаулысымен.

      124. Комитет өз қызметінің бағытына сәйкес парламенттік тыңдаулар, "үкімет сағаттарын", конференциялар және дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастырады, оларға Парламенттің екі палатасының депутаттары, лауазымды адамдар, сарапшылар, әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық органдар мен ұйымдардың, ғылыми мекемелердің өкілдері шақырылуы мүмкін.

      Парламенттік тыңдаулар, "үкімет сағаттарын", конференциялар және дөңгелек үстелдер өткізу туралы ұсыныс Палатаның тиісті комитетінің мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және Сенат Бюросы арқылы іске асырылады.

      Ескерту. 124-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      125. Парламент Палаталарының бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе-теңдік негізінде Парламенттің жұмыс органы болып табылатын бірлескен комиссиялар құруға құқылы, олардың сан құрамы Палаталар арасындағы уағдаластық бойынша белгіленеді. Комиссиялар мүшелерін сайлауды әрбір Палата дербес жүзеге асырады.

      126. Республика Конституциясы 47-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

      Бұл жағдайда Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады.

      Парламент Сенатынан комиссия мүшелерінің кандидатураларын Палатаның отырысында тікелей Сенат депутаттары, Сенат комитеттері ұсынады.

      Қазақстан Республикасы Конституциясы 47-бабының 2-тармағында, 57-бабының 5) және 6) тармақшаларында көзделген Сенат өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында Сенат уақытша арнаулы комиссиялар құрады.

      Сілтеме. 126-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 және 20.09.2007 қаулыларымен.

      127. Тұрақты комитеттер мен комиссиялардың өкілеттігі мен қызмет тәртібі заңмен және осы Регламентпен белгіленеді.

10-1-тарау. Сенат жанындағы консультативтік-кеңесші органдар

      Ескерту. 3-бөлім 10-1-тараумен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      127-1. Сенаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды тұжырымдау үшін Сенат жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін, олардың шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

      127-2. Сенат жанындағы консультативтік-кеңесші органдарды құру тәртібі осы Регламентте айқындалады.

      127-3. Сенат жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың шешімі мәлімет үшін Сенат Төрағасына ұсынылады, сондай-ақ Палата жұмысында, оның ішінде парламенттік тыңдаулар мен "үкімет сағаттарын" дайындау кезінде ескеріледі.

      Сілтеме. 127-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      127-4. Сенат Аппараты Сенат жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс органы болып табылады.

4-БӨЛІМ.
Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігін
іске асыру тәртібі және олардың жауапкершілігі
11-тарау. Заң шығару бастамасы құқығын іске асыру

      128. Заң шығару бастамашысы болуға құқылы субъектінің Парламент міндетті түрде қарайтын заңның немесе Парламенттің өзге де заңнамалық актісінің жобасы мәтінін ресми түрде енгізуі заң шығару бастамасы болып табылады.

      129. Заң шығару бастамасы құқығын Сенат депутаттары Мәжіліске заң жобалары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін өзгерту, толықтыру немесе олардың күшін жою туралы жобаларды енгізу нысанында жүзеге асырады.

      Сілтеме. 129-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      130. Заң шығару бастамасы құқығы жоқ адамдар ұсынатын заң жобаларын Мәжіліске заң шығару бастамасы құқығы бар субъект, Сенат депутаты енгізуі мүмкін.

      130-1. Депутат заң жобасына бастамашылық жасау үшін Парламент пен жергілікті өкілді органдардың депутаттарын, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың, ғылыми мекемелердің өкілдерін, сондай-ақ мамандар мен ғалымдарды тарта отырып, заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құра алады.

      Ескерту. 11-тарау 130-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС; жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.

      131. Депутат бастамашылық жасаған заңнамалық актінің жобасы Мәжіліс Регламентіне сәйкес қағаз және электрондық жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдерінде Мәжіліске енгізіледі.

      Ескерту. 131-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      132. Заң бастамасы құқығын жүзеге асыру тәртібіне байланысты өзге мәселелер Мәжіліс регламентімен шешіледі.

12-тарау. Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі
және олардың жауапкершілігі

      133. Сенат депутаты Парламенттің, палаталардың және олардың өзі құрамына сайланған органдарының жұмысына қатысуға міндетті.

      134. Сенат депутаты Сенатта, сондай-ақ өзі мүшесі болып табылатын органда қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Сенат депутаты:

      Парламенттің және Сенаттың жұмыс органдарын сайлауға және оларға сайлануға;

      отырыстың күн тәртібі, талқыланатын мәселелердің қаралу реті мен мәні жөнінде ұсыныстар енгізіп, ескертпелер жасауға;

      Парламент Сенаты сайлайтын, қызметінен босататын немесе тағайындайтын, не тағайындау үшін Парламент пен оның Сенаты келісім беретін лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша өз пікірін айтуға;

      Парламент Палаталарының бірлескен отырысында және Парламент Сенатының отырысында қарауға ұсынылып отырған мәселелер бойынша Палата Бюросына ұсыныстар енгізуге, ал өз ұсыныстары қабылданбаған жағдайда оларды Сенаттың отырысының қарауына енгізуге;

      Парламент және Парламент Сенаты органдарының отырыстарында қарау үшін мәселелер ұсынуға;

      Парламент Палаталарына есеп беретін лауазымды адамдардың есебін немесе ақпаратын Парламент Палаталарының бірлескен отырысында тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;

      заңда белгіленген тәртіппен депутаттық сауал салуға;

      талқыланып отырған мәселе бойынша жарыссөзге қатысуға, баяндамашыларға, заң жобасы бастамашысының өкілдеріне сондай-ақ отырыста төрағалық етушіге сұрақтар қоюға;

      дауыс беру жағдаяттары бойынша өз ұсыныстарын негіздей отырып сөз сөйлеуге, анықтамалар беруге;

      заңдардың жобаларына және заңдарға, қаулылардың, Парламент қабылдайтын басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге;

      Парламент депутаттарын азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен таныстыруға;

      депутаттардың сөйлеген сөздерінің Парламент отырыстарының стенограммалары мен хаттамаларындағы мәтіндерімен танысуға;

      мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан өз қызметіне қажетті материалдар мен құжаттарды сұратып алуға құқылы. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар Сенат депутаттарына сұратылған материалдар мен құжаттарды заңмен қорғалатын құпияны ескере отырып табыс етуге міндетті;

      "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Парламент пен оның Палаталарының регламенттеріне сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асыруға құқылы.

      Сілтеме. 134-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 және 20.09.2007; 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.

      135. Депутаттық міндеттерді атқаруға кедергі жасау мақсатымен депутатқа, оның зайыбына (жұбайына) немесе оның жақын туыстарына қандай да болмасын нысанда ықпал ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.

      Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың депутат алдында өз міндеттерін орындамайтын, оған көрінеу жалған ақпарат беретін, депутаттық қызмет кепілдіктерін бұзатын лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      Ескерту. 135-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      136. Сенат депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, ақы төленетін өзге де жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе бақылау кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ережені бұзу Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соқтырады.

      Сілтеме. 136-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      137. Депутат өзінің дауыс беру құқығын тікелей жүзеге асырады. Жоқ депутат үшін дауыс беруге тыйым салынады.

      Депутат Сенат пен оның органдарының отырыстарында өз даусын басқаға берген жағдайда Палата Бюросының шешімімен депутатқа даусын басқаға беруге жол берілген күнгі жалақысын төлеуден, ал даусын басқаға қайталап берген жағдайда айлық жалақысын төлеуден бас тартылады.

      138. Депутаттық қызмет мәселелері бойынша депутат мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз бару құқығын, сондай-ақ олардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарының кезек күттірмей қабылдау құқығын пайдаланады. Оның баруы депутаттық куәлікті көрсету арқылы жүзеге асырылады.

      Депутаттың қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарда болу тәртібі заңмен белгіленеді.

      139. Депутаттың Палата Төрағасы рұқсат еткенде ғана Парламенттің бірлескен отырысында, Сенаттың отырысында және олардың органдарының отырысында болмауы немесе одан кетуі мүмкін.

      Сілтеме. 139-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 06.06.2002 қаулысымен.

      140. Депутат өз өңіріне немесе өзге өңірге Сенат Төрағасының іссапарға жіберу мәселелерін үйлестіретін орынбасарының келісімімен Сенат Бюросы бекітетін кесте бойынша қызметтік іссапарға барады. Бұл ретте депутат өз өңірінде тоқсанына бір реттен сиретпей ұзақтығы 10 күннен аспайтын уақыт болуға құқылы. Депутат сапарының қорытындылары бойынша ақпарат Сенаттың интернет-ресурсының басқы бетінде және депутаттың жеке парақшасында орналастырылады.

      Депутаттың Қазақстан Республикасы шегінде және шет мемлекеттерге жоспардан тыс қызметтік іссапарларға шығуы Сенат Төрағасының іссапарға жіберу мәселелерін үйлестіретін орынбасарының келісімімен (қажет болған кезде – Сенат Төрағасының келісімімен), шақырушы тарап хатының не Сенаттың тиісті тұрақты комитетінің төрағасы виза қойған қызметтік жазбаның негізінде жүзеге асырылады. Тұрақты комитет төрағасының іссапарға шығуы Сенат Төрағасының тиісті комитетке жетекшілік ететін орынбасарының келісімімен (қажет болған кезде – Сенат Төрағасының келісімімен) жүзеге асырылады.

      Заңнамада белгіленген нормалар бойынша іссапар шығындары депутат Сенат Бюросының, Палата Төрағасының, Палата Төрағасы орынбасарының шешімімен Парламенттің, Сенаттың және олардың органдарының тапсырмаларын орындау үшін ресми делегация құрамында Республиканың өзге өңіріне немесе Республикадан тыс жерлерге іссапарға жіберілген жағдайда төленеді.

      Бұл ретте депутаттарды іссапарға жіберу Парламент, Сенат және оның органдары отырыстарының кворумына әсер етпеуге тиіс.

      Депутаттың халықаралық парламенттік ұйымдарға және Сенаттың шет мемлекеттердің парламенттерімен ынтымақтастығы жөніндегі топтарға қатысу қорытындылары бойынша ақпарат Сенат Төрағасына ұсынылады.

      Ескерту. 140-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      141. Депутаттың ресми делегация құрамында немесе Парламенттің, Сенаттың, Сенат Төрағасының, Парламент пен Палатаның жұмыс органдарының тапсырмасымен кетуі салдарынан отырыста болмауы дәлелді себеп болып табылады.

      142. Депутат Палаталардың және олардың органдарының отырыстарында дәлелсіз себептермен бір айдың ішінде үш реттен астам болмаған жағдайда оған болмаған күндері үшін жалақы төлеуден бас тартылады.

      Депутат Палаталардың және олардың органдарының отырыстарында дәлелсіз себептермен бір айдан астам уақыт болмаған жағдайда ол өзі болмаған мерзімге "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 30-бабының 1, 3, 4, 5-тармақтарымен берілген материалдық, қаржылай және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету жағдайларының бәрінен:

      - жалақы төлеуден;

      - көлікпен жол жүру құжаттарын кезектен тыс алудан;

      - іссапар шығындарын төлеуден;

      - автомобиль көлігімен қызмет көрсетуден;

      - емдеу-сауықтыру және санаторий-курорт қызметін көрсетуден айрылады.

      Жазалау шаралары туралы шешімді Сенат депутаты Палаталардың бөлек немесе бірлескен отырыстарында болмаған кезде Сенат Төрағасы, ал Сенат немесе Парламент органдарының отырыстарында болмаған кезде - Сенат Бюросы қабылдайды.

      Сілтеме. 142-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      143. Парламент пен Сенаттың регламенттерімен белгіленген депутаттық әдеп ережелерін бұзған жағдайда Сенат Төрағасының шешімімен депутатқа мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:

      парламенттік бетке басу; жұрт алдында кешірім сұрауға мәжбүр ету; Палаталардың бірлескен немесе бөлек бір отырысында сөз сөйлеуден айыру; Палаталардың бірлескен немесе бөлек үш отырысында сөз сөйлеуден айыру; Палаталардың бірлескен немесе бөлек бір отырысы кезінде отырыс залынан шығарып жіберу; Палаталардың бірлескен немесе бөлек үш отырысы кезінде отырыс залынан шығарып жіберу; бір күндік жалақысынан айыру.

      Сілтеме. 143-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      144. "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабында көзделген депутаттарға жазалау шараларын қолдануға байланысты мәселелер әзірлеуді Республиканың Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады. Палаталар мен олардың органдарының бірлескен және бөлек отырыстарына депутаттардың келуін, сондай-ақ депутаттардың өз даусын басқа біреуге беруіне жол берілмеуін бақылауды Орталық сайлау комиссиясының мүшелері жүзеге асырады.

13-тарау. Депутаттық сауалдар мен сұрақтар

      145. Депутаттық сауал Парламент Палаталарының бірлескен және бөлек отырысында Сенат депутатының мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына депутаттық сауал салынған Парламент Палаталарының тиісті отырысында сол органның немесе лауазымды адамның құзыретіне жататын мәселелер бойынша негізді түсінік беруін немесе көзқарасын баяндауын ресми талап етуі болып табылады.

      Сенат депутаты Премьер-Министр мен Үкімет мүшелеріне, Ұлттық Банктің Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелеріне, Бас Прокурорға, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына және мүшелеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне сауал салуға құқылы. Бұл орайда Бас Прокурорға не құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына салынған сауал қылмыстық қудалау міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мәселелерге қатысты болмайды.

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына салынған сауал Палатаның жабық отырысында қаралады.

      Сілтеме. 145-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      146. Сауал жазбаша түрде енгізілуі мүмкін және Парламенттің немесе Палатаның отырысында жария етілуге тиіс.

      Сауалды жария ету үшін бес минут шегінде уақыт беріледі. Белгіленген уақыттан асып кеткенде микрофон автоматты түрде өшіріледі.

      Сауал салынған адам сол кезде отырыс залында отырған болса, сауал соның өзіне (немесе оның өкіліне) тікелей беріледі. Басқа жағдайлардың бәрінде депутат отырыста жариялаған сауалды Сенат Аппараты ол жарияланған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамына жібереді.

      Сілтеме. 146-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 06.06.2002 және 20.09.2007; 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулыларымен.

      147. Сауалға қайтарылған жауап бойынша жарыссөз өткізілуі мүмкін. Депутат сауалға қайтарылған жауапқа өзінің көзқарасын білдіруге құқылы.

      Сауалға қайтарылған жауап пен оны талқылау нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда Парламенттің немесе Сенаттың қаулысы қабылданады.

      Егер Парламенттің немесе Сенаттың қаулысымен өзгеше шешім қабылданбаса, депутаттық сауал салған депутаттың өтініші бойынша сауал мен жауап бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.

      Сілтеме. 147-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      148. Сенат депутаты Палаталардың бірлескен және бөлек отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкімет мүшелеріне, Ұлттық Банкінің Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелеріне, Бас Прокурорына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы мен мүшелеріне ауызша сұрақ қоюға құқылы. Жауап осы отырыста, ал жауап қайтаруға қосымша дайындалу қажет болған жағдайда - үш күн мерзімде қайтарылады.

      Сұрақтар бойынша жарыссөз өткізілмейді және түсініктеме берілмейді.

      Сілтеме. 148-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

14-тарау. Депутаттық бірлестіктер

      149. Сенат депутаттары, партияда болу принциптері бойынша топтарды қоспағанда, депутаттық топтар түріндегі депутаттық бірлестіктер құруға құқылы.

      Сілтеме. 149-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      150. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыруға арналған бірлестігі. Депутаттық топтың құрамында Парламенттің кем дегенде он бес депутаты болуға тиіс.

      Сенат Бюросында тіркелген депутаттық бірлестіктер өздерінің шешімдері туралы Сенат Төрағасына хабарлайды.

      Сілтеме. 150-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 және 20.09.2007 қаулыларымне.

      151. Депутаттық топтарды тіркеу Палата Бюросында жүзеге асырылады, тіркеу келу тәртібімен жүргізіледі және ол тек қана ақпараттық сипатта болады.

      Депутаттар депутаттық бірлестіктен шыққан жағдайда (және, егер оның құрамында тіркелу үшін қажетті мүшелердің саны аз болса) мұндай депутаттық бірлестік Палата Бюросының қаулысымен өз қызметін тоқтатады. Депутаттық бірлестікке мүшелігін өзгерткен депутат бұл туралы оның бұрынғы және жаңа бірлестігі тіркелген Палатаның Бюросына он күн ішінде хабарлайды.

      Сілтеме. 151-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      152. Депутаттық бірлестіктер өздері тіркелген Палатаның Бюросы арқылы өздері әзірлеген материалдарды Парламент депутаттарының арасында таратуға құқылы. Депутаттық бірлестіктердің мүшелері бірлестіктердің тапсыруымен жарыссөз тоқтатылған кезде өз өкіліне сөз беруді талап етуге құқылы. Бұл жағдайда төрағалық етуші оған сөз беруге міндетті.

      Депутаттық бірлестіктердің ішкі қызметін олар дербес ұйымдастырады.

      Сенаттағы депутаттық бірлестіктердің өкілеттігі, ұйымдастырылуы мен қызметі, олардың жұмысы Парламенттің Регламентімен және осы Регламентпен белгіленеді.

      Сілтеме. 152-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

5-БӨЛІМ.
Парламент Сенатының лауазымды адамдары және
олардың өкілеттігі
15-тарау. Парламент Сенатының Төрағасы

      153. Сенаттың Төрағасы Палатаның отырысында мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін Сенат депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

      Сілтеме. 153-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      154. Сенат Төрағасы қызметіне кандидатураны Республика Президенті ұсынады.

      155. Сенат Төрағасы қызметіне кандидатқа Палатаның алдында сөз сөйлеу құқығы беріледі. Сөз сөйлеу уақыты - 10 минутқа дейін.

      Кандидат сөз сөйлегеннен кейін депутаттар оған сұрақ қоюға, кандидатура жөнінде өз пікірін айтуға, ұсынылған кандидатураны "жақтап" немесе оған "қарсы" үгіт жүргізуге құқылы.

      Сенат Төрағасы қызметіне кандидатқа депутаттардың сұрақтарына жауап қайтару үшін 15 минутқа дейін уақыт бөлінеді.

      Кандидатураны талқылауға 20 минутқа дейін уақыт бөлінеді.

      156. Кандидатураны талқылау бөлінген уақыт біткеннен кейін немесе депутаттардың ұсынысы бойынша Сенаттың шешімімен тоқтатылады.

      157. Парламент Сенатының Төрағасы қызметіне ұсынылған кандидатура жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге енгізіледі, оны төрағалық етуші жария етеді.

      Кандидатты жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге енгізу туралы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Сенат қаулысы қабылданады.

      158. Палата жасырын дауыс беруді өткізу және оның нәтижелерін айқындау үшін Сенат депутаттарының арасынан бес адамнан тұратын Санақ комиссиясын сайлайды. Палата Санақ комиссиясын сайлау туралы Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қаулы қабылдайды.

      159. Санақ комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды. Санақ комиссиясының шешімдері комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

      160. Бюллетеньдер Санақ комиссиясының бақылауымен нысан бойынша және белгілі бір мөлшерде әзірленеді. Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерде дауыс беруге қажетті ақпарат болуға тиіс.

      Дауыс берілетін уақыт пен орынды, оның өткізілу тәртібін Санақ комиссиясы белгілейді және оны Санақ комиссиясының төрағасы хабарлайды.

      Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді Сенат депутаттарына Санақ комиссиясының мүшелері Палата депутаттарының тізіміне сәйкес олар депутат куәлігін көрсеткеннен кейін береді.

      Сенат депутаты бюллетеньдерді жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады.

      Белгіленбеген нысандағы бюллетеньдер жарамсыз деп есептеледі. Бюллетеньге қосымша жазылған тектер дауысты есептеген кезде ескерілмейді.

      Жасырын дауыс беру нәтижелері туралы Санақ комиссиясы хаттамалар жасайды, оған Санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Санақ комиссиясының баяндамасы бойынша Сенат ашық дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру нәтижелері туралы Санақ комиссиясының хаттамасын бекітеді.

      Дауыс беру кезінде болмаған Парламент Сенаты депутатының кейіннен дауыс беруге құқығы жоқ.

      Сілтеме. 160-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      161. Егер кандидат жасырын дауыс беру нәтижесінде Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусын алса, ол Парламент Сенатының Төрағасы қызметіне сайланды деп есептеледі.

      162. Сенат қабылдамай тастаған кандидатураның орнына жаңа кандидатураны Республика Президенті енгізеді.

      163. Сенат Төрағасының сайланғаны туралы Палата қаулы қабылдайды, оған отырыста төрағалық етуші қол қояды.

      Сілтеме. 163-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 және 20.09.2007 қаулыларымен.

      164. Сенат Төрағасы сайланғаннан кейін Палатаның отырысын Парламент Сенатының Төрағасы жүргізеді.

      Сілтеме. 164-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 және 20.09.2007 қаулыларымен.

      165. Сенаттың Төрағасы:

      Сенат отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;

      Сенаттың қарауына енгізілетін мәселелердің әзірленуіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      Палатаға Палата Төрағасының орынбасарлары қызметіне сайлауға кандидатуралар ұсынады, сондай-ақ олардың арасындағы міндеттерді бөледі;

      Сенат Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      Сенаттың үйлестіру органының қызметіне басшылық етеді;

      Сенат шығаратын актілерге қол қояды;

      Палатаға Конституциялық Соттың үш судьясын, Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін қызметке тағайындау үшін кандидатураларды ұсынады;

      Сенаттың кезекті отырысы күн тәртібінің жобасын әзірлейді;

      Сенаттың кезектен тыс отырыстарын шақырады;

      Мәжіліс қабылдаған және Сенат мақұлдаған заңдарды қол қою үшін Қазақстан Республикасының Президентіне жібереді;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ шет мемлекеттердің парламенттерімен өзара қатынастарда Сенаттан өкіл болады;

      Мәжіліс Төрағасымен бірге Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді;

      Сенаттың Конституциялық Соттағы өкілдерін белгілейді;

      Мәжіліс Төрағасымен келісу бойынша Сенат Бюросына Парламенттің парламентаралық ынтымақтастық ұйымдарындағы өкілетті өкілі лауазымына тағайындауға кандидатураны ұсынады;

      тұрақты комитеттің өтініші бойынша оған Палата депутаттарының мемлекеттік органдармен және лауазымды адамдармен кездесуін ұйымдастыруды жүктейді және Сенат Төрағасының Орынбасарына оған төрағалық етуді тапсырады;

      Заң шығарушылық жұмыстың тұжырымдамалық жоспарын келіседі;

      жеке мәселелер бойынша азаматтардың хаттарын, шағымдарын және басқа да өтініштерін қарауды Палата Аппаратына тапсырады; мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ азаматтардың заң шығарушылық жұмыс мәселелері бойынша өтініштерін комитеттердің шешуіне береді;

      өзіне Сенат Регламентімен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады;

      осы Регламентке және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Сенат қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін шешеді.

      Сенатта дауыс берген кезде депутаттардың даусы тең бөлінген жағдайда Сенат Төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Сенат Төрағасы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

      Ескерту. 165-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Сенатының 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.

      166. Егер Сенат депутаттары жалпы санының көпшілігі жақтап дауыс берсе, Сенат Төрағасы қызметінен кері шақырылып алынуы мүмкін, сондай-ақ орнынан түсуге құқылы.

      Сенат Төрағасын атқаратын қызметінен босату туралы мәселені Сенат Қазақстан Республикасы Президентінің Сенат Төрағасына ұсынысы, Сенат Төрағасының өз арызы түскен жағдайда қарайды.

16-тарау. Парламент Сенаты Төрағасының орынбасарлары

      Сілтеме. 16-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      167. Сенат Төрағасының орынбасарлары Сенат Төрағасының ұсынуы бойынша Палата депутаттары арасынан Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы Сенаттың отырысында сайланады.

      Сілтеме. 167-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      168. Сенат Төрағасының Орынбасары қызметіне кандидатқа Палата алдында сөз сөйлеу құқығы беріледі. Сөз сөйлеу уақыты 10 минутқа дейін.

      Кандидат сөз сөйлегеннен кейін депутаттар оған сұрақ қоюға, кандидатура жөнінде өз пікірін айтуға, ұсынылған кандидатураны "жақтап" немесе оған "қарсы" үгіт жүргізуге құқылы.

      Сенат Төрағасының Орынбасары қызметіне кандидатқа депутаттардың сұрақтарына жауап қайтару үшін 15 минутқа дейін уақыт бөлінеді.

      Кандидатураны талқылауға 20 минутқа дейін уақыт бөлінеді.

      169. Кандидатураны талқылау бөлінген уақыт біткеннен кейін немесе депутаттардың ұсынысы бойынша Сенаттың шешімімен тоқтатылады.

      170. Сенат Төрағасының орынбасары қызметіне кандидат сайлану үшін талап етілетін дауыс санын алмаған жағдайда Сенаттың Төрағасы жаңа кандидатура ұсынып, ол талқыланады және дауысқа салынады.

      171. Сенат Төрағасы орынбасарының сайлануы туралы Палата қаулы қабылдайды.

      172. Сенат Төрағасының орынбасары атқарып жүрген қызметінен Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданатын Сенат шешімімен босатылуы мүмкін.

      Сенат Төрағасының орынбасарларын атқарып жүрген қызметінен босату туралы мәселе Сенат Төрағасының ұсынысымен, Сенат Төрағасы орынбасарларының өз арызы бойынша қаралады.

      173. Сенат Төрағасының орынбасарлары Сенат Төрағасының уәкілдік беруімен оның жекелеген қызметін атқарады, ол болмаған кезде немесе оның өз міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған кезде Төрағаның міндетін атқарады, осы Регламентке сәйкес Сенат қызметінің ішкі тәртібі мәселелері бойынша басқа да өкілеттік атқарады.

      Сілтеме. 173-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

16-1-тарау. Парламент Сенатының шет мемлекеттер
парламенттерімен және халықаралық парламенттік ұйымдармен
ынтымақтастығы

      Сілтеме. Регламент жаңа 16-1-тараумен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      173-1. Парламент Сенаты шет мемлекеттер парламенттерімен және халықаралық парламенттік ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      Сілтеме. 16-1-тарау 173-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 қаулысымен.

      173-2. Парламент Сенаты басқа мемлекеттердің парламенттерімен (парламенттер палаталарымен) және халықаралық парламенттік ұйымдармен парламентаралық ынтымақтастық туралы келісімдер жасасуға құқылы.

      Сілтеме. 16-1-тарау 173-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 11.12.2009 ж. № 526-IV ПС; 24.03.2016 N 980-V ПС қаулыларымен.

      173-3. Сенат Төрағасы:

      парламентаралық алмасу шеңберінде жүзеге асырылатын ресми және жұмыс сапарлары туралы, сондай-ақ Парламент Сенатының депутаттарын шет елге іссапарға жіберу туралы өкімдер шығарады;

      басқа мемлекеттердің парламенттерімен (парламенттер палаталарымен) және халықаралық парламенттік ұйымдармен парламентаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды не бұл актіні жасауға Сенаттың өзге тұлғасына өкілеттік береді;

      Парламент Сенатының шет елге жіберілетін делегациясының құрамын, қажет болған кезде осы делегациялардың басшыларын, олардың орынбасарларын және олармен ілесе жүретін адамдарды бекітеді.

      Сілтеме. 16-1-тарау 173-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007; өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 11.12.2009 ж. № 526-IV ПС қаулыларымен.

6-БӨЛІМ.
Қорытынды ережелер

      174. Парламент Сенатының Регламенті қабылданған күнінен бастап Палатаның тиісті қаулысымен күшіне енгізіледі.

      175. Сенат Регламентін өзгерту мен толықтыру туралы Сенаттың Төрағасы, Сенат Төрағасының орынбасарлары, Сенаттың Бюросы, Палатаның комитеттері, депутаттық топтар, Палата депутаттары Сенат Төрағасына ұсыныстар жасай алады, олар қаралғаннан кейін Сенаттың Төрағасы оларды Сенат қарайтын мәселелердің жоспарына қосады және Палата отырысының қарауына енгізеді. Сенат Төрағасы Сенат Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тиісті ұсыныстар дайындау үшін жұмыс тобын – Комиссия құруы мүмкін. Сенат Төрағасы Регламентті өзгерту мәселесін отырыстардың күн тәртібіне енгізбеген жағдайда, оны енгізуге бастамашы бұл мәселені Палатаның алдына қоюға құқылы.

      Сілтеме. 175-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007; 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулыларымен.

      176. Осы Регламенттің ережелерін түсіндіруді Сенат жүзеге асырады.

      177. Сенат депутаттарының өзінің конституциялық өкілеттігін жүзеге асыруды мақсат ететін кез келген отырысы Регламенттермен белгіленген шарттар мен рәсімдер сақталмай өткізілсе, ол заңсыз болып табылады. Мұндай жиналыс қабылдаған актілер жарамсыз болады.

      178. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Сенаттағы өкілдерінің Палатаның, оның комитеттерінің, комиссияларының отырыстарына, парламенттік тыңдаулар өткізу кезіндегі отырыстарға қатысуға және сөзін тыңдатуға құқығы бар. Өкілдерге Сенаттың, Сенат Бюросының және оның жұмыс органдарының отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша қажетті материалдар беріледі.

      179. Сенаттың қызметін тікелей қамтамасыз етуді Сенат Аппараты жүзеге асырады.

      Сенат Аппаратының негізгі міндеттері:

      Сенаттың, оның органдары мен депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, құжаттамалық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;

      шешімдер мен келісімдік рәсімдердің алқалы түрде жасалуын қамтамасыз ету;

      құжат айналымының бірыңғай жүйесін қалыптастыру мен қамтамасыз ету;

      Сенат депутаттарын заңдар бойынша қазақ және орыс тілдерінде ақпараттық, ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз ету;

      Сенаттың жұмысын қамтамасыз ететін Сенат Аппараты бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру болып табылады.

      Сілтеме. 179-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 20.09.2007 ж. және 11.12.2009 ж. № 526-IV ПС; 26.12.2019 № 641-VI ПС; 22.12.2022 № 404-VII ПС (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.

      179-1. Сенат қызметін қаржылық, материалдық-техникалық, инженерлік, шаруашылық-тұрмыстық, көліктік және өзге де қамтамасыз етуді Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-бөлім 179-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Сенатының 26.12.2019 № 641-VI ПС қаулысымен.

      180. Сенат Аппаратының құрылымы мен штат санын белгілеуді, оны қалыптастыруды Сенат Бюросы жүзеге асырады.

      Парламент өкілеттігінің мерзімі аяқталғаннан кейін Парламент таратылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайда Парламент Сенатының Аппаратындағы мемлекеттік қызметшілердің қызметі тоқтатылмайды.

      Аппараттың қызметі мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Палата Бюросы бекітетін Сенат Аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      Сенат Төрағасының хатшылығы Сенат Аппаратының құрамына кіреді, ол тікелей Сенат Төрағасына бағынады.

      Сенат Аппаратының жұмысына Сенат Аппаратының Басшысы басшылық етеді, оны Сенат Төрағасы тағайындайды.

      Сілтеме. 180-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Сенатының 17.05.2000 қаулысымен.

      181. Сенат қызметіндегі жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында Сенаттың баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеуді және олармен жұмыс жүргізуді жүзеге асырады.

      Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері баспасөз орталығында орналасады.

      Сенат бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін Сенаттың отырыс залында орналастыру туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Сенаттың отырыстары кезінде өздері үшін бөлінген жұмыс орнында болуға тиіс. Оларға депутаттардың жұмыс орнында болуға және Сенаттың отырыстары кезінде Сенат депутаттарынан сұхбат алуға рұқсат етілмейді.

      182. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Сенаттағы өз қызметін "Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады