Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2006 жылғы 17 қаңтардағы N 276-III Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 2-тармағына және Парламент Сенаты Регламентінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламенті мынадай мазмұндағы 81-1, 81-2 және 81-3-тармақтармен толықтырылсын:

"Әлеуметтік-экономикалық блок министрлері қызметтеріне
кандидатураларды алдын ала талқылау

      81-1. Премьер-Министрдің әлеуметтік-экономикалық блок министрінің кандидатурасы жөніндегі ұсынымын Сенаттың тиісті бейіндік комитеті өзінің отырысында қарайды.
      81-2. Әлеуметтік-экономикалық блок министрі қызметіне кандидатура жөніндегі ұсыным Парламент Сенатына жазбаша нысанда енгізіледі.
      81-3. Мәселені комитет отырысында қараған кезде кандидатураны қызметке Премьер-Министр немесе ол уәкілдік берген лауазымды адам ұсынады.
      Ұсынылған кандидатура жөнінде комитеттің қорытындысы қабылданады, ол Премьер-Министрге жіберіледі.".

      Қазақстан Республикасы
      Парламенті Сенатының
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады