Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң орнауы құрметiне қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясы тағайындалсын.
Осы аталған стипендия Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң неғұрлым дарынды - 8 магистрантына, жоғары оқу орындарының 1080 студентiне берiлетiн болсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.07.05 N 1399, 2005.04.21 N 1558, 2010.08.02 N 1032 Жарлықтарымен.2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясы магистранттар мен жоғары оқу орындары студенттерiнiң стипендияларының ең аз мөлшерiнен 100 процент жоғары белгiленсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.08.02 N 1032 Жарлығымен.3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендияларын тағайындау жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми және педагогикалық кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде жүргiзiледi.
4. Стипендияларды министрлiктер мен ведомстволардың арасында бөлудi - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, ал жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында бөлудi солар қарайтын министрлiктер мен ведомстволар жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендияларын тағайындау 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап енгiзiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бәсiре стипендияларды тағайындау тәртiбi туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтсiн және олардың тiзбесi мен саны жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының |