Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1134 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң орнауы құрметiне қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясы тағайындалсын.

      Осы аталған стипендия Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң неғұрлым дарынды - 8 магистрантына, жоғары оқу орындарының 1080 студентiне берiлетiн болсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.07.05 N 1399, 2005.04.21 N 1558, 2010.08.02 N 1032 Жарлықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясы магистранттар мен жоғары оқу орындары студенттерiнiң стипендияларының ең аз мөлшерiнен 100 процент жоғары белгiленсiн.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.08.02 N 1032 Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендияларын тағайындау жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми және педагогикалық кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде жүргiзiледi.

      4. Стипендияларды министрлiктер мен ведомстволардың арасында бөлудi - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, ал жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында бөлудi солар қарайтын министрлiктер мен ведомстволар жүзеге асырады.

      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендияларын тағайындау 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап енгiзiлсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бәсiре стипендияларды тағайындау тәртiбi туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтсiн және олардың тiзбесi мен саны жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзсiн.

Қазақстан Республикасының
Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады