Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
"Мал дәрiгерлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын
U952376_
жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн:
республиканың мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi органдарының жүйесi туралы және мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау туралы Ережелердi, тиiстi бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi органдары жүргiзетiн iндетке қарсы, емдеу, лаборатория-диагностикалық, радиологиялық және басқа мал дәрiгерлiк-санитарлық шаралар тiзбесiн бекiтсiн;
мемлекеттiк шекара арқылы малды, мал өнiмдерi мен шикiзатын алып өту кезiнде мал дәрiгерлiк-санитарлық қадағалауды жүзеге асыру, жеке кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдану құқығына лицензия беру тәртiбiн белгiлесiн;
меншiк иесiнен малды оқшаулауға немесе оның пайдалануынан мал шаруашылығы өнiмдерiн алып қоюға жол беретiн мал ауруларының тiзбесiн бекiтсiн;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiн "Мал дәрiгерлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығымен сәйкестендiру туралы ұсыныс енгiзсiн;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Мал дәрiгерлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығымен сәйкестендiрсiн;
Республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының "Мал дәрiгерлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына қайшы келетiн нормативтiк актiлерiнiң қайта қаралуын және күшi жойылуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi