Заң күшi бар Мал дәрiгерлiгi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 25 шiлде N 2376. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 339 Заңымен. ~Z020339


      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге
уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Заңының  

Z933600_

  1-бабына сәйкес және мал 
дәрiгерлiгi органдарының, мал дәрiгерлiгi ұйымдары мен мамандары 
қызметiнiң құқықтық жағдайларын анықтау мақсатында осы Жарлықты 
шығарамын.
                        I Тарау
                      Жалпы ережелер
     1-бап. Осы Жарлықтың реттеушiлiк мәнi


      Осы Жарлық мал ауруларының алдын алу мен оларды емдеу, малға және адамдарға ортақ аурулардан сақтандыру, iндетке қарсы шараларды ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейдi, мал дәрiгерлiк қадағалау негiздерiн белгiлейдi, мал дәрiгерлiгi органдарының, мал

дәрiгерлiгi ұйымдары мен мамандары қызметiнiң құқықтық жағдайларын
айқындайды.
     2-бап. Мал дәрiгерлiгi туралы заңдар
     Мал дәрiгерлiгi туралы заңдар осы Жарлықтан және Қазақстан
Республикасының басқа да нормативтiк актiлерiнен тұрады.
     3-бап. Мал дәрiгерлiгiнiң мiндеттерi
     Мал дәрiгерлiгiнiң негiзгi мiндеттерi:
     малды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан қорғау;
     малға және адамдарға ортақ аурулардан халықтың денсаулығын
сақтау;
     мал өнiмдерi мен шикiзатының сапасына мал дәрiгерлiк санитарлық
бақылау жасауды қамтамасыз ету;
     республика аумағын басқа мемлекеттерден мал ауруларының
әкелiнуiнен қорғау;
     мал дәрiгерлiгiнде пайдаланылатын диагностикалық, емдiк және
алдын алу құралдарының сапасына бақылау жасау;


      мал ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және

оларды пайдалану, мал өнiмдерi мен шикiзатының санитарлық сапасын
арттыруды қамтамасыз ету, айналадағы ортаның мал
дәрiгерлiк-санитарлық жағынан ластануынан сақтандыру болып табылады.
     4-бап. Мал дәрiгерлiгiн мемлекеттiк басқару
     Мал дәрiгерлiгiн мемлекеттiк басқаруды республикалық және
жергiлiктi мал дәрiгерлiгi қызметiн басқару органдары, сондай-ақ өз
құзыры шегiнде, арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге
асырады.
     5-бап. Мал дәрiгерлiгi қызметiмен айналысу құқығы
     Мал дәрiгерлiгi қызметiмен, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiк мал
дәрiгерлiгiмен айналысуға жоғары немесе арнаулы орта мал дәрiгерлiк
бiлiмi бар азаматтардың құқығы бар.
                             II Тарау
          Мал дәрiгерлiгi қызметiнiң ұйымдық құрылымы
                        мен функциялары
     6-бап. Мал дәрiгерлiгi қызметiнiң түрлерi
     Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiгi қызметi жалпы
мемлекеттiк (бұдан әрi текст бойынша мемлекеттiк), ведомстволық және
жеке кәсiпкерлiк болып бөлiнедi.
     7-бап. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi
     1. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметiнiң жүйесiне:
     мал дәрiгерлiгiн республикалық басқару органы;
     мал дәрiгерлiгi қызметiнiң жергiлiктi органдары;
     мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу ұйымдары;
     республикалық, облыстық және аудандық мал дәрiгерлiк
лабораториялары;
     мал ауруларына қарсы күрес жөнiндегi республикалық экспедиция;
     облыстық, аудандық және қалалық мал дәрiгерлiк емдеу ұйымдары;
     iндетке қарсы отрядтар және бруцеллез, туберкулез ауруларына
қарсы күрес жөнiндегi экспедициялар;
     мемлекеттiк шекарадағы және көлiктегi мал дәрiгерлiк қадағалау
қызметтерi;


      мал дәрiгерлiгiн мемлекеттiк басқару органдарына бағынысты мал дәрiгерлiк және мал дәрiгерлiк-санитарлық бейiмдегi басқа да ұйымдар кiредi.
      2. Мемлекеттiк Мал дәрiгерлiгi қызметi жөнiндегi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi республикалық органның басшысы сонымен бiрге лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiк инспекторы болып табылады, ал оның орынбасарлары Қазақстан Республикасы бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
      Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi жергiлiктi органының басшысы, сондай-ақ мемлекеттiк шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн қадағалау басқармасының бастығы сонымен бiрге лауазымы бойынша бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiк инспекторлары болып табылады, ал олардың орынбасарлары - облыстар, аудандар мен қалалардағы және мемлекеттiк шекара мен көлiктегi бас мемлекеттiк инспекторлардың орынбасарлары болып табылады.
      4. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметiнiң жергiлiктi органдарының, шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау органдарының басшыларын қызметке тағайындап, қызметiнен босатуды тиiстi жергiлiктi атқарушы органның келiсуi бойынша мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметiнiң жоғары тұрған органы жүзеге асырады.

      8-бап. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi
             органдары мен ұйымдарының функциялары

      1. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi органдарының жүргiзуiне:
      мал ауруларының алдын алу мен олардың диагностикасы және емдеу жөнiндегi шараларды ұйымдастыру мен олардың орындалуына бақылау жасау;
      iндеттiк жағдайларды зерделеу және жұқпалы аурулардың алдын алу мен оларды жою жөнiнде, сондай-ақ дезинфекция, дератизация, дезинсекция мәселелерi мен өзге де шаралар жөнiнде орындалуға мiндеттi өкiмдер шығару;
      мал дәрiгерлiк және санитарлық жағынан сапалы мал өнiмдерi мен шикiзат өндiруге бақылау жасау;
      базарларда малға мал дәрiгерлiк тексеру өткiзудi, мал шаруашылығы өнiмдерiне мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптауды жүзеге асыру;
      денсаулық сақтау органдарымен бiрлесе отырып, халықты малға және адамдарға да ортақ аурулардан қорғау мен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      республика аумағын малдың жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғауға бақылау жасау;
      ет-сүт кәсiпорындарының, қасапханалардың, цехтардың, мал фермаларының, кешендерiнiң, жәрмеңкелердiң, базарлардың, мал өнiмдерi мен шикiзатын сақтауға арналған қоймалар, жемшөп пен тасымалдау құралдарының мал дәрiгерлiк-санитарлық жағдайын тексеру;
      ет комбинаттарындағы, қасапханалардағы, цехтардағы, басқа да ұқсатушы ұйымдар мен базарлардағы мал өнiмдерiне мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама жүргiзу, сондай-ақ малдарды сойыс алдында тексеру;
      әр түрлi меншiк нысанындағы ұйымдарда жұмыс iстейтiн мал дәрiгерлiгi мамандарының қызметiне бақылау жасау мен оны үйлестiру;
      пышаққа iлiнген немесе өлген мал үшiн сақтандыру органдарына қорытындылар жасап беру;
      мал фермаларын, мал сою және оның өнiмдерi мен шикiзатын ұқсату жөнiндегi ұйымдарды жоспарлау мен құрылысының жобаларына, аталған объектiлерге және малға арналған су тарту құрылғылары құрылысы үшiн бөлiнген жер учаскелерiнiң жобаларына сараптама жасау;
      мал сою және оның өнiмдерi мен шикiзатын ұқсату жөнiндегi мал шаруашылығы объектiлерi мен ұйымдарын пайдалануға қабылдау жөнiндегi жұмыс комиссияларына және мемлекеттiк комиссияларға қатысу;
      мал сою және оның өнiмдерi мен шикiзатын ұқсату жөнiндегi мал шаруашылығы объектiлерi мен ұйымдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мал дәрiгерлiгi нормалары мен ережелерiн бұзған жағдайда оларды пайдалануға тыйым салу немесе олардың жұмысын уақытша тоқтату; <*>
      мал дәрiгерлiгi саласындағы ғылыми зерттеулерге тапсырыстарды қалыптастыру;
      жаңа мал дәрiгерлiк препараттарға, аспаптарға, құрал-саймандарға, үстеме азықтарға қорытындылар беру және олардың нормативтiк-техникалық құжаттарын бекiту;
      мал дәрiгерлiгi мақсатына арналған биологиялық, химиялық, фармацевтiк, үстеме азықтар мен басқа да препараттардың өндiрiлуiне, пайдаланылуына бақылау жасау, олардың малдың саулығына және мал өнiмдерiнiң сапасына әсерiн бағалауға қатысу;
      мал шаруашылығында пайдаланылатын мал дәрiгерлiк және басқа препараттарды өндiру және оларды қолдану жөнiндегi нұсқаулықтарды әзiрлеуге және бекiтуге қатысу;
      шетел мемлекеттерiнiң мал дәрiгерлiк ұйымдарымен және халықаралық мал дәрiгерлiк ұйымдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      халықтың арасында мал дәрiгерлiк-санитарлық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргiзу;
      белгiленген тәртiппен бекiтiлген мал дәрiгерлiгi мәселелерi жөнiндегi нормативтiк актiлерде көзделген өзге де функциялар жатады.
      2. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметiндегi мал мамандарының құқықтары мен мiндеттерi республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органы осы жарлыққа сәйкес шығаратын ережелермен реттеледi.
      3. Республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органы өз құзыры шегiнде шығарған мал дәрiгерлiгi мәселелерi жөнiндегi нормативтiк актiлер барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар орындау үшiн мiндеттi болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 8-бап сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1999.11.29. N 488 Заңымен. Z990488_

      9-бап. Ведомстволық мал дәрiгерлiгi қызметi

      1. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары ведомстволық мал дәрiгерлiгi қызметiн құра алады, олардың құрылымын осы министрлiктер мен ведомстволар белгiлейдi.
      2. Ведомстволық мал дәрiгерлiгi қызметiнiң мамандары мал дәрiгерлiк қадағалау мен мал дәрiгерлiк қызмет көрсетудi республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органының әдiстемелiк басшылығы мен бақылауы арқылы жүзеге асырады.
      3. Ведомстволық мал дәрiгерлiгi қызметiнiң негiзгi функциялары малды аурудан сақтандыру мен емдеу жөнiндегi шараларды ұйымдастыру мен өткiзу, мал дәрiгерлiк-санитарлық жағынан қауiпсiз мал өнiмдерi мен шикiзатын өндiрудi қамтамасыз ету, халықты малға және адамдарға ортақ аурулардан қорғау болып табылады.
      4. Ведомстволық мал дәрiгерлiгi қызметi мал дәрiгерлiгi мамандарының:
      өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде ведомствоға қарасты объектiлерде анықталған кемшiлiктердi жою туралы орындауға мiндеттi нұсқаулар беруге;
      заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардан мал ауруларының алдын алу мен оларды жоюды қамтамасыз ететiн шаралар жүргiзудi, мал дәрiгерлiк-санитарлық жағынан қауiпсiз мал өнiмдерi мен шикiзатын өндiрудi талап етуге құқықтары бар.

      10-бап. Жеке кәсiпкерлiк мал дәрiгерлiгi қызметi

      1. Жеке кәсiпкерлiк мал дәрiгерлiгi қызметiмен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар өз жұмысында республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органы мен оның жергiлiктi жерлердегi органдарының бақылауында болады.
      2. Жеке кәсiпкерлiк мал дәрiгерлiгi қызметiмен айналысушы заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар өз функцияларын атқару барысында республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органы бекiтетiн тиiстi ережелердi басшылыққа алады.

     11-бап. Жеке меншiктегi малды мал дәрiгерлiк қамту
     Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша емдеу
жұмысын республикалық бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк мал
дәрiгерлiгi ұйымдары жүзеге асыратын ерекше қауiптi жұқпалы мал
ауруларын қоспағанда, жеке меншiктегi малды мал дәрiгерлiк қамтуды
аумақтық мемлекеттiк, ведомстволық мал дәрiгерлiк ұйымдары, шарттық
негiзде мал дәрiгерлiгiмен өздiгiнен айналысатын мамандар жүзеге
асырады.
                              III Тарау
             Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау және
               ведомстволық мал дәрiгерлiк-санитарлық
                             қадағалау
     12-бап. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау


      1. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау - мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi басқару органдарының мал дәрiгерлiгi заңдарын және оларға сәйкес шығарылған нормативтiк актiлердi бұзудан сақтандыруға және жоюға бағытталған қызметi.
      2. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау:
      малдың саулығын қорғау мен жануарларға және адамдарға ортақ аурулармен күресуге бағытталған iндетке қарсы шараларды ұйымдастыру мен олардың орындалуына бақылау жасауды;
      барлық меншiк нысанындағы заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мал дәрiгерлiгi ережелерiн сақтауын бақылау функцияларын жүзеге асыруды;
      мал дәрiгерлiгiнде биологиялық, химиялық және басқа да препараттардың қолданылуына бақылау жасауды;
      мал дәрiгерлiк құқық бұзудың жойылуын және оларды бұзған адамдардың әкiмшiлiк жауапқа тартылуын қамтамасыз етедi.
      3. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау туралы ережемен белгiленедi.

      13-бап. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге
                асырушы лауазымды адамдардың құқықтары

      Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi инспекторының, облыстардың, аудандар мен қалалардың бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiк инспекторларының, сондай-ақ мемлекеттiк шекарадағы және көлiктегi бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiк инспекторы мен олардың орынбасарларының, сондай-ақ республикалық, жергiлiктi мал дәрiгерлiгi қызметi басқару органдары мен мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi ұйымдары мал дәрiгерлiгi мамандарының:
      мал дәрiгерлiк заңдар нормасының орындалуын және қолданылып жүрген мал дәрiгерлiгi ережелерiнiң сақталуын тексеру мақсатымен барлық меншiк нысанындағы ұйымдарға кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсету арқылы) кiрiп, тексеру жүргiзуге;
      заңды және жеке тұлғалардан iндетке қарсы және басқа да мал дәрiгерлiк шараларды жүргiзуге, мал дәрiгерлiк құқық бұзудың жойылуын талап етуге, сондай-ақ бұл талаптардың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      қора-жайларда, ферма аумақтарында, iндет ошақтарында және көлiкте малды вакциналау, дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау шараларын өткiзу туралы шешiмдер қабылдауға;
      мемлекеттiк шекараларды жұқпалы аурулар әкелуден және малдың жұқпалы ауруларының таралып кетуiнен қорғау жөнiндегi бақылау-өкiмдiк функцияларды жүзеге асыруға;
      ауру малды және жұқпалы ауруларға шалдыққан деп күдiктенген малды оқшаулап ұстау жайында орындауға мiндеттi нұсқаулар беруге;
      өкiлдi және атқарушы органдарға iндетке қарсы комиссиялар құру, жекелеген аумақтарда карантин енгiзу, заңды және жеке тұлғалар мал дәрiгерлiк заңдарын бұзған жағдайда олардың шаруашылық қызметiн тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзуге;
      заңды және жеке тұлғалар мал өнiмдерiн өндiру, сақтау, тасымалдау және өткiзу кезiнде мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелердiң бұзылуын жойғанға дейiн олардың шаруашылық қызметiн тоқтата тұруға және оған тыйым салуға; <*>
      мал дәрiгерлiгi ережелерiн бұзған лауазымды адамдар мен азаматтарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға құқығы бар.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң шаруашылық қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудегi, сақтаудағы, тасымалдаудағы және өткiзудегi мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелердiң бұзылуын жойғанға дейiн мемлекеттiк мал-дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өтiнiшi бойынша сот тәртiбiмен жүзеге асырылады. <*>
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi. <*>
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға жануарлардың және құстардың карантин белгiленетiн жұқпалы аурулары анықталған ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 13-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1999.11.29. N 488 Заңымен. Z990488_

      14-бап. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге
              асырушы лауазымды адамдар қызметiнiң кепiлдiктерi

      1. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асырушы лауазымды адамдар өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және осы Жарлықты, басқа заң актiлерiн, сондай-ақ белгiленген тәртiп бойынша шығарылған мал дәрiгерлiгi мәселелерi жөнiндегi өзге де нормативтiк актiлердi басшылыққа алады.
      2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың басшылары мен азаматтар мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi инспекторлары қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде оларға көмектесуге мiндеттi.
      3. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi инспекторларының қызметiне кедергi келтiретiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың лауазымды адамдары мен азаматтар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауап бередi.

      15-бап. Ведомстволық мал дәрiгерлiк-санитарлық қадағалау

      1. Мал дәрiгерлiгi ережелерiнiң сақталуына ведомстволық мал

дәрiгерлiк-санитарлық қадағалауды өз қызметiнде мемлекеттiк мал
дәрiгерлiгi органдарының бақылауындағы ведомстволық мал дәрiгерлiгi
қызметтерi жүзеге асырады.
     2. Ведомстволық мал дәрiгерлiгi қызметiнiң құқықтары мен
мiндеттерi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi
инспекторының келiсуiмен министрлiктер мен ведомстволар бекiтетiн
ведомстволық мал дәрiгерлiк-санитарлық қадағалау туралы ережелермен
белгiленедi.
                              IV Тарау
             Малдың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою
     16-бап. Заңды және жеке тұлғалардың малдың жұқпалы
             ауруларының алдын алу жөнiндегi мiндеттерi
     Малдың иесi болып табылатын заңды және жеке тұлғалар:
     мал ауруларының алдын алуды қамтамасыз ететiн шаруашылық және
мал дәрiгерлiк шараларды жүзеге асыруға;


      жемшөптi сақтау мен ұқсатуға арналған аумақты, мал қорлары мен құрылыстарын тиiстi санитарлық жағдайда күтiп ұстауға, айналадағы ортаның мал шаруашылығы қалдықтарымен ластануына жол бермеуге;
      мал күтiмiне, мал өнiмдерiн ұқсатуға және сақтауға арналған объектiлер мен құрылыстарды салу, оларды пайдалануға беру кезiнде зоогигиеналық және мал дәрiгерлiк-санитарлық талаптарды сақтауға;
      мал дәрiгерлiгi мамандарының талап етуi бойынша малды қарауға, диагностикалық зерттеулер мен сақтық егу жұмыстарын жүргiзуге беруге;
      малдың оқыс өлiм-жiтiмi, бiрнеше малдың бiр мезгiлде ауыруы немесе олардың әдеттен тыс мiнез көрсетуi туралы мал дәрiгерлiгi қызметiнiң мамандарына дереу хабарлауға, ауру деп күдiктенген малды мал дәрiгерлiгi мамандары келгенше оқшау ұстау шараларын қолдануға;
      малды айдау мен тасымалдаудың белгiленген мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелерiн сақтауға;
      өлген малды кәдеге жарату немесе зарарсыздандыру жөнiндегi мал дәрiгерлiгi мамандарының талаптарын орындауға;
      мал дәрiгерлiгi мамандарының рұқсатынсыз малды өзiнiң қажетi үшiн союға және сатуға жол бермеуге;
      мал дәрiгерлiк тексеруге қайтадан әкелiнген малды 30 күн бойы оқшау ұстауға;
      мал дәрiгерлiгi мамандарының мал ауруларының алдын алу және оларға қарсы күрес шаралары мен басқа да мал дәрiгерлiгi мәселелерi туралы нұсқауларын орындауға мiндеттi.

      17-бап. Карантин белгiлеу және оны тоқтату

      1. Белгiлi бiр аумақта және мекендерде малдың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi басқару органдарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар карантин белгiлейдi.
      Малдың карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбесiн республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органы белгiлейдi.
      2. Малдың жұқпалы аурулары таралуының алдын алу және олардың ошақтарын жою жөнiндегi кәсiпорындардың, ұйымдар мен азаматтардың жұмысына жедел басшылық жасау және оны үйлестiру үшiн аталған мемлекеттiк басқару органдары iндетке қарсы төтенше комиссиялар құрады.
      3. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметiнiң лауазымды адамдары мен мамандары жұқпалы аурулар ошағын жою жөнiндегi арнаулы шараларды ұйымдастырады және олардың жүзеге асырылуына бақылау жасайды.
      4. Карантин белгiленген орган арнаулы шаралар жүргiзiлгеннен кейiн мал дәрiгерлiгi қызметiнiң ұсынысы бойынша карантиндi тоқтату жөнiнде шешiм қабылдайды.

      18-бап. Республиканың аумағын шетел мемлекеттерiнен малдың
                  жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау

      1. Республика аумағына шетел мемлекеттерiнен тек сау малдың, сондай-ақ сау малдан және эпидемиологиялық жағынан кiнәратсыз аймақтардан алынған мал өнiмдерi мен шикiзатын республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органы белгiлейтiн мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелердi сақтай отырып әкелуге рұқсат етiледi.
      2. Малды, сондай-ақ мал өнiмдерi мен шикiзатын шетелден сатып алуға, оларды Қазақстан Республикасына әкелуге байланысты операцияларды жүргiзуге республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органының рұқсатымен жол берiледi.
      3. Республикаға басқа мемлекеттерден мал аурулары әкелiнуiнiң алдын алу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк шекарада республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен бiрлесе отырып, мал мен мал өнiмдерi әкелiнетiн жерлерде шекаралық мал дәрiгерлiк бақылау-өткiзу пункттерiн ұйымдастырады. <*>
      4. Малды, оның өнiмдерi мен шикiзатын мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу кезiнде мал дәрiгерлiк-санитарлық қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 338
               Заңымен. Z020338_

      19-бап. Мал өнiмдерiн дайындауға, ұқсатуға, сақтауға,
                тасымалдауға және сатуға қойылатын мал
                   дәрiгерлiк-санитарлық талаптар

      1. Қызметi мал өнiмдерi мен шикiзатын дайындауға, ұқсатуға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға байланысты заңды және жеке тұлғалар;
      технологиялық, гигиеналық және мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелердi орындауға;
      мал шаруашылығы өнiмдерiн өңдеуге және зарарсыздандыруға арналған үй-жайлар мен технологиялық жабдықтарды тиiстi мал дәрiгерлiк-санитарлық жағдайда күтiп ұстауға;
      мал дәрiгерлiк қызмет мамандарының талаптары бұлжымай орындауын қамтамасыз етуге, мал өнiмдерiн мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптамадан өткiзу үшiн көрсетуге мiндеттi.
      2. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi инспекторларына барлық меншiк нысанындағы ұйымдарда мал дәрiгерлiк-санитарлық нормаларға сәйкес келмейтiн мал өнiмдерi мен шикiзатын өндiру мен сатуға тыйым салу, сондай-ақ мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелер бұзылған жағдайда олардың жұмысын тоқтата тұру жөнiнде атқарушы органдарға ұсыныс енгiзу құқығы берiледi.

      20-бап. Базарлардағы мемлекеттiк мал дәрiгерлiк бақылау

      1. Малды, оның өнiмдерi мен шикiзатын сататын базарлар үшiн мемлекеттiк мал дәрiгерлiк бақылау мiндеттi болып табылады.
      Жергiлiктi атқарушы органдар мен базарлардың әкiмшiлiгi бұл бақылаудың жүзеге асырылуына жағдай жасауға мiндеттi.
      Мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама лабораторияларына қызметтiк үй-жайлар, қажеттi жабдықтар мен байланыс құралдарын беруге, сондай-ақ оларды пайдалануға жұмсалған шығындарға өтемақы төлеуге мiндеттi.
      2. Базардың мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама лабораториясы мал дәрiгерлiгi мамандарының адамның тағамына жарамсыз деп танылған мал өнiмдерiн алып қоюға және оларды кәдеге жарату жөнiнде шаралар қолдануға құқығы бар.
      3. Малмен, мал өнiмдерiмен және шикiзатымен сауда жасауға осындай мақсатқа арнайы бөлiнiп, жабдықталған жерлерде рұқсат етiледi.

      21-бап. Малды иесiнен айыру және мал өнiмдерiн алып қою

      1. Малдың жұқпалы аурулары анықталған жағдайда ол тиiстi Бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi инспекторларының қаулысы бойынша иесiнен алып қойылуға тиiс.
      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi инспекторының ұсынуы бойынша малды иесiнен айыруға жататын аурулар тiзбесiн, малды иесiнен айыру және мал өнiмдерiн алып қою тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Заңды және жеке тұлғалардың малды иесiнен айыру немесе мал өнiмдерiн алып қою нәтижесiнде өздерi шеккен шығын үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiп бойынша өтем алуға құқығы бар.

      22-бап. Аң аулау, балық аулау және жануарлар
              дүниесiн пайдаланудың басқа да түрлерi
              кезiнде мал дәрiгерлiгi ережелерiн сақтау

      1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жануарлар дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану саласында арнаулы уәкiлдiгi бар республикалық мемлекеттiк бақылау органының келiсуi бойынша республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органы бекiткен мал дәрiгерлiгi ережелерiн сақтауға мiндеттi.
      2. Кәсiпшiлiк аң аулау және кәсiпшiлiк балық аулау iсiмен айналысатын заңды және жеке тұлғалар ауланған жабайы аң құстар мен ауланған балықтарды ұқсатуға арналған орындарды мал дәрiгерлiк-санитарлық талаптарға сәйкес жабдықтауға және жабайы аң-құстар мен балықтарға мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама өткiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

                            V Тарау
          Мал шаруашылығында емдiк, алдын алу, диагностикалық,
           және ықпал ету препараттарын өндiру мен қолдану
                 және олардың пайдаланылуын бақылау

      23-бап. Мал дәрiгерлiк препараттарын өндiруге
                   қойылатын талаптар

      Мал дәрiгерлiгiнде қолданылатын препараттар республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органы бекiткен нормативтiк-техникалық құжаттама негiзiнде жасалады.

      24-бап. Мал шаруашылығында мал дәрiгерлiк
                препараттарды қолдану

      1. Мал шаруашылығында республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлігін басқару органында тiркелген дәрi-дәрмектердi, үстеме азықтарды, микроэлементтердi, вакциналарды, басқа да биологиялық препараттар мен реагенттердi қолдануға рұқсат етiледi.
      Үстеме азықтарды антибиотиктер мен гормондар түрiнде қолдануға денсаулық сақтау органдарының келiсуi бойынша жол берiледi.
      2. Қазақстан Республикасында шығарылатын биологиялық

препараттардың стандарт талаптарына сәйкестiгi мiндеттi түрде
бақылауға алынуға тиiс.
     3. Мал дәрiгерлiгi препараттарының қолданылуын мемлекеттiк
бақылау функциясын республикалық мал дәрiгерлiгiн басқару органының
шешiмi бойынша мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу ұйымдары атқарады.
     4. Шеттен әкелiнетiн препараттар сапа сертификаты және
экспорттаушы елдерде тиiстi бақылаудан өткендiгi туралы белгiсi
болған жағдайда мал шаруашылығында пайдаланылады.
                         VI Тарау
           Азаматтардың денсаулығын малға және адамдарға
                     ортақ аурулардан қорғау
     25-бап. Азаматтардың денсаулығын малға және адамдарға
                 ортақ аурулардан қорғау тәртiбi


      1. Азаматтардың денсаулығын малға және адамдарға ортақ аурулардан қорғау мал дәрiгерлiк-санитарлық шаралар, мал өнiмдерiн сараптау, мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бiрлесе отырып жүзеге асыратын жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеу жөнiндегi шаралар жиынтығымен қамтамасыз етiледi.
      2. Мал шаруашылығында және мал өнiмдерiн ұқсату, сақтау, тасымалдау мен өткiзу саласында жұмыс iстейтiн адамдар денсаулық сақтау органдарының мерзiмдi медициналық байқаулар мен иммундауды өткiзу туралы нұсқамасын орындауға, сондай-ақ ең төменгi санитарлық сынақ бойынша арналуы даярлықтан өтуге мiндеттi.

     26-бап. Мал өнiмдерiнiң мал дәрiгерлiк-санитарлық
                          сараптамасы
     1. Сойылған малдың етi мен басқа да ет өнiмдерi, сүт және сүт
өнiмдерi, жұмыртқа, балық, бал және өзге де мал өнiмдерiнiң мал
дәрiгерлiк-санитарлық жағынан кiнәратсыздығын, тағамдық мақсаттарға
пайдалануға жарамдылығын анықтау үшiн мал дәрiгерлiк-санитарлық
сараптамада өткiзiлуге тиiс.
     2. Мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптамадан өткiзiлмеген мал
өнiмдерiн сатуға тыйым салынады.
     27-бап. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қызмет органдарының
             мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет
             органдарымен және жануарлар дүниесiн қорғау,
             ұдайы өсiру және пайдалану саласындағы
             мемлекеттiк бақылау  органдарымен өзара iс-қимылы
     Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қызмет, мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және жануарлар дүниесiн қорғау,
ұдайы өсiру және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары
малға және адамдарға ортақ жұқпалы аурулардың iндеттiк және
эпидемиялық жағдайы туралы үнемi ақпарат алмасып отыруға, осы
аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күрес шараларын әзiрлеуге және
олардың орындалуын ұйымдастыру мен бақылауға мiндеттi.
                     VII Тарау
             Мал дәрiгерлiгiн қаржыландыру
     28-бап. Мал дәрiгерлiгiн қаржыландыру көздерi


      1. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен қаржыландырылады. <*> <*>
      2. Малдың аса қауiптi жұқпалы ауруларының алдын алуға және олармен күресуге бағытталған iндетке қарсы шаралар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылады.
      3. Жеке меншiктегi малдарды мал дәрiгерлiк қамту, сондай-ақ

базарларда мал шаруашылығы өнiмдерi мен шикiзатына диагностикалық
лабораториялық зерттеулер, мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама
жүргiзу жөнiндегi шаралар олардың иелерiнiң қаржысы есебiнен жүзеге
асырылады.
     Аталған қызметтерге ақы төлеу уағдаластық баға бойынша
жүргiзiледi.
     ЕСКЕРТУ. 28-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - 
              Қазақстан Республикасының
              1998.10.07. N 283 Заңымен.  

Z980283_

 
     ЕСКЕРТУ. 28-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда -
              Қазақстан Республикасының        
              1998.12.24. N 334 Заңымен.  

Z980334_

 
                          VIII Тарау
        Мал дәрiгерлiгi заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
        және мал дәрiгерлiк құқықтық қатынастар саласындағы
                       дауларды шешу тәртiбi
     29-бап. Мал дәрiгерлiгi заңдарын бұзғандық
                үшiн жауапкершiлiк


      1. Лауазымды адамдар мен азаматтар төмендегi мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелердi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
      мiндеттi мал дәрiгерлiк алдын алу шараларын орындаудан бас тартқаны, оларды өткiзу мерзiмiн бұзғаны;
      карантин режимi талаптарының шарттарын сақтамағаны;
      малдың жұқпалы ауруларын жою жөнiндегi шараларды уақтылы немесе толық өткiзбегенi;
      малдың жұқпалы ауруларын таратқаны;
      ауыл шаруашылығы малын өз төлiнен ұдайы өсiрген кезде мал дәрiгерлiк-санитарлық ережелердi сақтамағаны;
      республика аумағын жұқпалы мал ауруларын әкелуден қорғау туралы заңдар мен өзге де нормативтiк актiлердiң талаптарын орындамағаны;
      малды, мал өнiмдерi мен шикiзатын тасымалдау кезiнде мал дәрiгерлiгi ережелерiн бұзғаны;
      малды, оның өнiмдерi мен шикiзатын базарларда сататын орындардың, қоймалардың, карантин базаларының, тиеу-түсiру алаңдарының, көлiк құралдарының, контейнерлердiң және мал шаруашылығы жүктерiн тиеу мен түсiруге арналған басқа да

құрылыстардың жай-күйiне қойылатын мал дәрiгерлiк-санитарлық
талаптарды сақтамағаны үшiн жауап бередi.
     2. Мал дәрiгерлiгi заңдарын бұзудың басқа да түрлерi үшiн
Қазақстан Республикасының заңдарымен жауапкершiлiк белгiленуi мүмкiн.
     30-бап. Дауларды шешу тәртiбi
     Осы Жарлықты орындау кезiнде туған даулар сот тәртiбiмен
шешiледi.
                         IХ Тарау
          Мал дәрiгерлiгi саласындағы халықаралық
          ынтымақтастық және халықаралық шарттар
     31-бап. Халықаралық ынтымақтастық


      Республикалық мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн басқару органының басшысы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi инспекторы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша Халықаралық iндетке қарсы бюрода (ХIБ), Дүниежүзiлiк мал дәрiгерлiгi

ассоциациясында (ДМА) және басқа халықаралық мал дәрiгерлiгi
ұйымдарында оның атынан өкiлдiк етедi.
     32-бап. Халықаралық шарттар
     Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында осы
Жарлықтағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады.
                         Х Тарау
     33-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi
     Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi
     
     Мамандар:
       Омарбекова А.Т.
       Нарбаев Е.Ә. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады