Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 19-бабының 10) тармақшасына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесінің лауазымдық құрамы;
2) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
Қазақстан Республикасы | |
Президенті | Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 98 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері үйлестіру кеңесінің лауазымдық құрамы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 25.08.2020 № 126 өкімімен; 22.11.2021 № 693; 19.01.2022 № 779 Жарлықтарымен.
Кеңестің мүшелері:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - "А" арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының арнайы мақсаттағы бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы қызметінің Терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаментінің бастығы;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 14776 әскери бөлімінің командирі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 98 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік
органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
2. Кеңес ұлттық қауіпсіздікке төнетін нақты және ықтимал қауіп-қатерлерді ескере отырып, мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері (бұдан әрі - АрМБ) қызметінің бірыңғай саясаты жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау мақсатында құрылатын консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
3. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
2. Кеңестің міндеттері мен функциялары
4. Кеңестің міндеттері:
1) АрМБ күтілетін даму жай-күйінің өлшемдерін айқындау, нақтылау;
2) АрМБ даму және жарақтандырудың басым бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау.
5. Кеңестің функциялары:
1) АрМБ қызметін кадрлық, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық, ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудегі басым бағыттары, мақсаттары, міндеттері мен тәртібі бойынша мемлекеттік басқару органдарына ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
2) даму және жарақтандырудың басым бағыттары бойынша АрМБ ұсыныстарын қарау;
3) Кеңес шешімдерінің орындалу барысы мен жай-күйі туралы Кеңес мүшелерін тыңдау.
3. Кеңесті қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру
6. Кеңес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесіне бағынады және есеп береді.
7. Кеңес Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарына АрМБ қызметінің мәселелер бойынша материалдар дайындайды, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының тапсыруы бойынша талдау және зерттеу жұмысын орындайды.
8. Кеңесті оның мүшелері қатарынан ротациялық негізде екі жыл мерзімге сайлайтын Кеңес төрағасы басқарады.
9. Кеңес төрағасы:
1) Кеңес қызметіне басшылық етеді;
2) оның отырыстарына төрағалық етеді;
3) Кеңестің жұмыс жоспарын бекітеді;
4) Кеңестің шешімдерінің орындалуына ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
5) Кеңес шешімдерін орындау мәселелері бойынша Кеңес хатшысы есебін тыңдайды;
6) жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей есепті кезеңдегі Кеңес қызметінің негізгі нәтижелері туралы Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысын хабардар етеді;
7) Кеңес отырысын өткізу мерзімін, уақыты мен орнын айқындайды.
10. Кеңес хатшылығына басшылық ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы қызметінің Терроризмге қарсы орталығы штабы (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының штабы) бастығының орынбасары Кеңес хатшысы болып табылады.
Кеңес хатшысы оның мүшесі болып табылмайды, Кеңес төрағасына тікелей бағынады және оған есеп береді, Кеңестің тиісті жұмысын қамтамасыз етеді:
1) Кеңестің жұмыс жоспарын (бұдан әрі - жұмыс жоспары) жасайды және оның орындалуына бақылау жасайды;
2) Кеңес мүшелерін отырыстың өткізілу мерзімі, уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
3) Кеңес отырысына шығарылатын материалдарды әзірлеуді ұйымдастырады және бақылайды;
4) Кеңес отырысының хаттамасын ресімдейді;
5) Кеңестің шешімдерінің орындалуына мониторинг ұйымдастырады және жүзеге асырады, Кеңес төрағасына олардың орындалу барысы туралы баяндайды;
6) Кеңес отырысына материалдарды дайындауда Кеңес мүшелеріне тиісті ақпаратты және материалдарды ұсыну туралы сұрау салуды жолдауға құқылы;
7) Кеңес қызметінің негізгі нәтижелері туралы есепті сол кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей қалыптастырады;
8) осы ережеде қарастырылған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 25.08.2020 № 126 өкімімен.11. Кеңес хатшылығының дербес құрамын құрамына өкілдері кіретін Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдардың қызметкерлері қатарынан Кеңес бекітеді.
12. Кеңес қызметі есепті кезеңнің бірінші айының 10-ынан кешіктірілмей бекітілетін, қабылданған жартыжылдық жұмыс жоспары негізінде құрылады.
Кеңес мүшелері жоспарлы кезеңнің алдындағы айдың 10-ынан кешіктірмей Кеңес хатшысына жұмыс жоспарына ұсыныстарын жолдайды.
Кеңес мүшелерінің Кеңес міндеттері мен функцияларына жатпайтын мәселелер бойынша ұсыныстары қарауға және жұмыс жоспарына енгізуге жатпайды.
Жедел жағдайдың өзгеруін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының тапсырмаларын ескере отырып, бекітілген жұмыс жоспарына түзетулер енгізілуі мүмкін.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 17.04.2019 № 26 Жарлығымен.13. Кеңестің отырысын қажеттілік бойынша оның төрағасы шақырады және оның мүшелері санының кемінде үштен екі кворумы кезінде құқықтық күші болады.
Кеңес отырыстарына Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органдардың өкілдері қатыса алады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 17.04.2019 № 26 Жарлығымен.14. Кеңестің қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының штабы жүзеге асырады.
15. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Кеңес шешімдері Кеңес төрағасы және мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
16. Кеңес шешімдерінің тиісті мемлекеттік органның АрМБ-дағы орындалуын Кеңес мүшелері ұйымдастырады.
17. Кеңестің шешімін уақтылы орындау мүмкін болмаған жағдайда, орындауға жауапты Кеңес мүшелері орындалмау себептері туралы және осы шешімді одан әрі іске асыру туралы ұсыныстары бар Кеңестің мүдделі мүшелерімен келісілген ұстанымды бақылау күнінен он жұмыс күні бұрын Кеңес төрағасына баяндайды.
4. Кеңестің қызметін тоқтату
18. Кеңестің қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негіз болып табылады.