"Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 98 өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 126 өкімі.

      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 98 өкіміне (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 37-38, 212-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Кеңестің лауазымдық құрамында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері үйлестіру кеңесінің лауазымдық құрамы";

      мынадай жол:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының арнайы мақсаттағы бөлімшені тікелей басқаратын орынбасары;"

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - "А" арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры;";

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары;";

      мынадай жолдар:

      "Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы;",

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жедел жоспарлау департаментінің бастығы;" тиісінше мынадай редакцияда жазьшсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы қызметінің Терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы;",

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаментінің бастығы;";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы ережеде:

      10-тармақта "Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығы штабы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы қызметінің Терроризмге қарсы орталығы штабы (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының штабы)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасның Президенті      Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады