Бас Ассамблея
Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Бала құқықтары туралы конвенцияны қайта мақұлдай отырып және 2009 жылы Конвенцияның 20 жылдығын атай отырып,
сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі кеңеспен және Бас Ассамблеямен қабылданған және соңғылары болып Кеңестің 2008 жылғы 28 наурыздағы 7/29, 2008 жылғы 24 қыркүйектегі 9/13, 2009 жылғы 26 наурыздағы 10/8 қарарлары мен Ассамблеяның 2008 жылғы 24 желтоқсандағы қарары табылатын, бала құқықтары туралы алдындағы қарарларды қайта мақұлдай отырып,
мәтіні осы қарарға тіркелген Балаларға балама күтім көрсетуде жетекші нұсқаулардың Бала құқтары туралы Конвенция мен ата-ана күтімінен айырылған немесе одан айырылу қаупі төніп тұрған балалардың қамқорлығы мен амандығына қатысты басқа халықаралық келісім шарттардың сәйкес ережелерін жүзеге асыруға шақырылған саясат пен тәжірибе үшін қажетті бағдарлары бар деп есептей отырып,
1. саясат пен тәжірибені әзірлеу кезінде ескеру керек бағдарлардың жиынтығы ретінде осы қарарға қосымшада келтірілген Балаларға балама күтім көрсетуде жетекші нұсқауларды қолдайды;
2. мемлекеттерге Жетекші нұсқауларды есепке алып, оларға сәйкес атқарушы билік органдарының, заңдылық және сот билігінің, құқыққорғаушылар мен адвокаттардың, бұқаралық ақпарат құралдары мен кең жұртшылықтың назарын аудартуды ұсынады;
3. қолда бар шикізаттар шеңберінде Бас хатшыны Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық ресми тілдерінде, соның ішінде барлық мүше мемлекеттерге, аймақтық комиссиялар мен сәйкес үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарға жөнелтілу жолымен таратуға қадамдар жасауды сұрайды.
65-ші жалпы отырыс,
18 желтоқсан 2009 жыл
Қосымша
Балаларға балама күтім көрсетуде жетекші нұсқаулар
I. Мақсаты
1. Осы Жетекші нұсқаулар Бала құқтары туралы конвенция мен ата-ана күтімінен айырылған немесе одан айырылу қаупі төніп тұрған балалардың қамқорлығы мен амандығына қатысты басқа халықаралық келісім шарттардың сәйкес ережелерін жүзеге асырылуын нығайтуға шақырылған.
2. Сол халықаралық келісімдерді назарға ала отырып және сол саладағы жинақталған білім мен тәжірибелерді ескере отырып, Жетекшілік нұсқауларда саясат пен тәжірибе үшін қажетті бағдарлар бар. Олар балама күтім мәселесіне тікелей немесе жанама түрде қатысы бар барлығының арасында кең таратуға арналған, жекелей өздерінің мақсаттары ретінде келесілерді алған:
a) балалар өз отбасының қамқорлығында немесе олардың өз отбасыларының қамқорлығына қайтарылуын немесе, егер ол мүмкін болса, – лайықты және тұрақты шешім, соның ішінде асырап алу мен ислам құқығы бойынша кафалды қоса, табуға бағытталған әрекеттерді қолдау;
b) осындай тұрақты шешімдерді іздеу мерзімінде немесе бұндай шешімдер мүмкін емес жағдайларда немесе баланың жағымды қызығушылықтарына жауап беремесе, оның толық және үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін жағдайларда балаға балама күтімнің лайықты формалары анықталып, қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету;
c) әр мемлекеттегі экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларды ескере отырып, осыған қатысты өзінің жауапкершіліктері мен міндеттемелерін дұрыс орындап, жүзеге асыруында үкіметтерге көмек пен қолдау көрсету;
d) азаматтық қоғамды қоса, мемлекеттік және жеке меншік секторда балалардың әлеуметтік қорғанысы мен адамдығы мәселелерімен айналысатын барлық қызығушы тараптардың саясатын, шешімдері мен қызметін бағыттау.
II. Жалпы принциптер мен перспективалар
А. Бала және отбасы
3. Отбасы қоғамның негізгі ұяшығы мен балалардың өсуін, амандығы мен қамқорлығын қамтамасыз ететін табиғи орта болғандықтан, бірінші кезекте бар күшті бала отбасының қамқорлығында немесе өз ата-анасының немесе сәйкес жағдайларда басқа жақын отбасы мүшелері қамқорлығына қайтарылуға жұмылдырылу керек. Мемлекеттер өздерінің бала күтімі бойынша міндеттерін орындау кезінде отбасыларға қолдаудың қажетті формаларына қол жетімділікті қамтамасыз еткені жөн.
4. Әр бала мен жас өсіпірім оның қабілеттерін толық ашуға жәрдемдесетін, оған қолдау, қорғаныш пен күтімді қамтамасыз ететін ортада өмір сүруі керек. Жеткіліксіз ата-ана қамқорлығын сезінетін немесе ол жоқ балалар осындай тәрбие жағдайларынын айырылуы қаупіне шалдығады.
5. Баланың туған отбасы сәйкес қолдаудың өзінде балаға қажетті күтім көрсете алмаса немесе баланы қалдырса немесе одан бас тартса, мемлекет құзіретті жергілікті органдар мен азамттық қоғамның тиісті түде өкілетті ұйымдармен біріге немесе осындай органдар және ұйымдар арқылы бала құқықтарының қорғалуы мен сәйкес балама күтімді қамтамасыз етуге жауап береді. Мемлекеттің міндетіне құзіретті органдары арқылы балама күтім жағдайларындағы кез келген баланың қауіпсіздігі, амандығы мен дамуын қадағалау және көрсетілетін балама күтімнің қажетті талаптарға сай келіуін үнемі тексеру кіреді.
6. Осы Жетекшілік нұсқаулардың қызмет саласына кіретін барлық шешімдер, басатамалар мен тәсілдер, ең әуелі, баланың қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында жекеше түрде қабылданып, жүзеге асырылу керек және кемсітпеу принципіне сәйкес және гендерлік перспективаларды дұрыс ескере отырып, осы баланың ең жақсы мүдделері мен құқықтарына тұйықталу керек. Бұл кезде баланың онымен кеңеске толық құқығы мен оның барлық қажетті ақпаратқа қол жетімділігі негізінде және оның даму қабілеттеріне сай көз қарастарының ескерілуі сақталу керек. Бұндай кеңестердің өткізілу тілі мен бұндай ақпараттың берілу тілі баланың өзі қалайтын тілде болуына барлық күшті жұмсау керек.
7. Осы Жетекшілік нұсқауларды қолдану кезінде баланың ең жақсы мүдделерін анықтау ата-ана күтімінен айырылған немесе одан айырылу қаупі төніп тұрған балалардың мүдделеріндегі олардың өз отбасындағы, өзінің әлеуметтік және мәдени ортасындағы құқықтарының жан-жақты және жекелей дамуын, бұндай анықтау кезіндегі және ұзақ мерзімді перспективада өздерінің құқық субъектісі ретіндегі мәртебесін ескере отырып, олардың қажеттіліктері мен құқықтық қамтамасыз етілуіне ең жақсы лайықты әрекеттердің тәсілін анықтауға бағытталған. Бұндай анықтау үдерісі кезінде ішінара баланың тыңдап, оның жасы мен кемелділігіне сай оның көзқарастарын назарға алу құқығын ескеру керек.
8. Мемлекеттерге балама күтім көрсетудің қолданыстағы жүйесін жақсартуына назар аудара отырып, осы Жетекшілік нұсқаудағы принциптерді көрсете отырып, олардың жалпы әлеуметтік саясат пен адами әлеуеттің даму саясаты аясында баланың амандығы мен қорғанысын қамтамасыз етудің кешенді саясатын әзірлеп, жүзеге асырған жөн.
9. Балаларды өз ата-аналарынан айыруды алдын алуға бағытталған шаралар аясында мемлекеттер келесілерге шақырылған тиісті және мәдение шараларды қамтамасыз етуге тырысу керек:
a) мүгедектік, нашақорлық пен ішімдік, тұрғылықты халықтар отбасыларына қатысты кемсітушіліктер мен қарулы қақтығыстар немесе шет ел басқыншылығы жағдайлар факторларымен қиындатылған отбасы негізіндегі күтім жағдайларында көмек көрсету;
b) қатыгез қарым-қатынас пен қанаудан зардап шеккен балалар, тастанды балалар, көшеде өмір сүретін балалар, некесіз туылған балалар, ересектерге ілеспеген балалар немесе отбасынан ажыратылған балалар, іштей орын ауыстырылған балар мен босқын балалар, еңбек етуші мигранттардың балалары, қорғанысты қажет етушілердің балалары немесе ЖИТС/АИТС және басқа қасіретті аурулармен өмір сүретін немесе оларға шалдыққан балалар сынды балаларға тиісті күтім мен қорғанысты қамтамасыз ету.
10. Кедейшілік, ұлыстық қатыстылығы, діні, жынысы, психикалық және дене мүгедектігі, АИТС/ЖИТС немесе басқа психикалық және дененің қатерлі аурулары, некесіз туылу, әлеуметтік-экономикалық стигматизация және баладан бас тарту, баланы тастау және/немесе баланы қамқорлықтан шығарудың себептері бола алатын басқа сипаттар мен жағдайларды қоса, баланың немесе оның ата-анасының кез келген мәртебесі негізінде кемсітушілікпен күресуге басты назар аудару керек.
B. Балама күтім
11. Балама күтімге қатысы барлық шешімдерді отбасымен байланыс пен әлеуетті өз отбасына бірігуін жеңілдетіп, оның білім алу, мәдени және әлеуметтік ортасынан ажыратылуын барынша төмендете отырып, баланың қалыпты тұрғылықты жеріне барынша жақын жерде орналасуды қалауын толық ескеріп, қабылдау керек.
12. Балама күтім жағдайындағы, соның ішінде формалды емес күтімді қосқанда, балаларға қатысты шешімдерді балаларға тұрақты тұрғылықты үй қамтамасыз етіліп, олардың ең маңыздысы, басты мақсаты, негізінен, тұрақтылып болып табылатын, оған күтім көрсететіндермен қауіпсіз әрі ең қалыпты байланыс қажеттіліктерін қанағаттандыруы керектігінің маңыздылығын ескере отырып қабылдау керек.
13. Балаларға әрқашан құрметпен және қастерлікпен қарау керек, олар өздеріне күтім көрсететін кез келген қоғамда күтімді қамтамасыз ететін тұлғалардың тарапынан да, құрбылары немесе үшінші тұлғалардан да қатыгез қарым-қатынастан, кемсіту және қанаудың барлық формаларынан сенімді қорғалуы керек.
14. Баланы отбасы қамқорлығынан шығару ең соңғы шара ретінде қаралып, мүмкіндігінше, уақытша және ұзақтығы барынша аз болу керек. Шығару туралы шешім үнемі қайта қаралып, алғашқы шығару себептер аластатылып немесе жойылғанан кейін баланы ата-ана қамқорлығына қайтару керек, төмендегі 49 тармақта көрсетілген бағаға сәйкес баланың ең жақсы мүдделеріне жауап беру керек.
15. Бұндай қажеттілікпен тікелей немесе ерекше түрде туындатылған қаржылық және материалдық қажеттіліктер немесе жағдайлар ешқашан баланы ата-ана қамқорлығынан шығарудың, баланы балама күтім жағдайына орналастыру немесе оның бірігуіне кедергі келтіретін жалғыз негіз бола алмайды, бірақ отбасына қажетті көмек көрсетудің дабылы ретінде қарастырылуы керек.
16. Ата-ана күтімінсіз қалған балаларға аса маңызды басқа құқықтарды, соның ішінде білім алуға, медициналық және басқа негізгі қызметтерге қол жетімділік, ұқсастық, дін немесе сенім еркіндігі, тілге құқығы және мүліктік пен мұрагерлік құқықтардың қорғанысын көтермелеу мен қамтамасыз етіге назар аудару қажет.
17. Бірге тұратын туған аға-інілер мен апалы-сіңілдер балама күтім жағдайына орналастыру нәтижесінде ажырамау керек, оған тек қана қатыгез қарым-қатынастың айқын тәуекелділігі немесе баланың ең жақсы мүдделеріндегі басқа негіздеме бар болғанда ғана бұндайға жол беріледі. Егер бұл олардың ынталары мен мүдделеріне қайшы келмесе, кез келген жағдайда туған аға-інілер мен апалы-сіңілдер бір бірімен байланыста болуына барлық күшті жұмылдыру керек.
18. Көптеген елдерде ата-ана күтімінсіз қалған балаларға күтімді формалды емес түрде туыстары немесе басқа тұлғалар көрсететінін мойындай отырып, мәдени, экономикалық, гендерлік және діни алуындығын және баланың құқықтары мен ең жақсы мүддесіне қайшы келмейтін тәжірибелерді тиісті түрде ескере отырып, осындай формалды емес күтім жағдайындағы олардың амандығы мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін мемлекеттерге осы Жетекшілік нұсқаулармен келесілген сәйкес құралдарды әзірлеуге ұмтылған жөн.
19. Бір де бір бала ешқашан заңды қамқоршысының немесе басқа жауапты ересек адамның не мемлекеттік органның қолдауы мен қамқорлығынсыз қалмау керек.
20. Балама күтім еш бір жағдайда балаға күтім көрсететін тұлғаның саяси, діни неме экономикалық мақсаттарына жету үшін көрсетілмеу керек.
21. Интернат типті мекемелерді қолдану осы нақты бала үшін сол орта ең қолайлы, қажетті және сындарлы болып табылған және оның ең жақсы мүдделеріне жауап берген жағдайлармен шектелуі керек.
22. Мамандардың басым көпшілігінің пікірінше, кішкентай, әсіресе 3 жасқа дейінгі балаларға, балама күтім отбасы негізіндегі ортада көрсетілу керек. Туған аға-інілер мен апалы-сіңілдерді айыруды болдырмау үшін, сондай-ақ қамқорлыққа төтенше жағдайды немесе соңында отбасына бірігу немесе басқа тиісті ұзақ мерзімді шешімге жоспарланған, алдын ала белгіленген және өте шектеулі уақытқа орналастыру жағдайында, бұл принципке бағынбауға жол беріледі.
23. Балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда интернат типті мекемелер мен отбасы негізіндегі күтім бірін бірі толықтырып отыратыны мойындап, интернат типті ірі мекемелер сақталған жерлерде олардың сатылы жойылуын қарастыратын, нақты анықталған мақсаттар мен міндеттері бар, жалпы деинституционализация стратегиясының аясында баламалар әзірлеу керек. Осы мақсатта мемлекеттерге жеке күтім мен кішігірім топтардағы күтім сынды баланың дамуына жәрдемдесетін жағдайлар мен сапаны қамтамасыз ету үшін күтім стандарттарын орнатып, әрекет етуші мекемелерді сол стандарттарға сәйкестік тұрғысынан бағалау керек. Мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік интернат мекмелерді құру туралы шешімді немесе жаңаларды ашуға рұқсат беруді осы мақсат пен стратегияны толық ескере отырып, қабылдау керек.
Қолдануға жәрдемдесу бойынша шаралар
24. Мемлекеттерге осы Жетекшілік нұсқауларды өз шекарасында уақтылы жүзеге асыру үшін бар ресурстардың барынша және сәйкес жағдайлардағы ынтымақтастық шегінде, даму мақсатында адами және қаржылық ресурстарды жұмсау қажет. Мемлекеттерге барлық құзіретті органдар арасындағы белсенді ынтымақтастық пен бұл мәселелермен тікелей немесе жанама түрде айналысатын барлық министрліктердің бала мен отбасының амандығы мәселелеріне баса назар аударуына жәрдемдескен жөн.
25. Мемлекеттер осы Жетекшілік нұсқауды орындау барысындағы халықаралық ынтымақтастық қажеттілігін анықтау мен осындай ынтымақтастық туралы сұраныс жіберуге жауапты. Бұндай сұраныстарды тиісті түрде қарастырып, мүмкіндігінше оларға оң жауап қайтару керек. Осы Жетекшілік нұсқаулардың белсенді іске асырылуы даму мақсатындағы ынтымақтастық бағдарламалырының бір бөлігін құрау керек. Мемлекетке жәрдемдесу барысында шетелдерге осы Жетекшілік нұсқауларға қайшы келетін кез келген бастамалардан бас тарту керек.
26. Осы Жетекшілік нұсқаудағы еш нәрсе сол мемлекетте, соның ішінде ұлттық заңнамада әрекет ете алатын стандарттан төмен стандарттарды көтермелеу немесе мойындау деп талқыланбау керек. Құзіретті биліктерге, кәсіби ұйымдар мен басқа мекемелерге ұқсас түрде осы Жетекшілік нұсқау рухына негізделген ұлттық немесе кәсіби нұсқаулықтар әзірлеуге ұсыныс жасалады.
III. Жетекші нұсқаулардың қамту аясы
27. Осы Жетекшілік нұсқаулар тиісті түрде және заңмен одан ерте кәмелеттік жас қарастырылмаса, 18 жасқа дейінгі тұлғалардың бәріне балама формалды күтім шарттарына қолданылады. Тек қана нақты көрсетілген жерлерде, осы Жетекші нұсқаулар сондай-ақ Бала құқытары туралы конвенциямен 2 қарасытырылғандай өзінің ата-анасы немесе заңды не дәстүрлі қамқоршыларынсыз қалған барлық балаларға қатысты мемлекеттің міндеттері мен кеңейтілген отбасы мен қауым атқаратын маңызды рөлді ескере отырып, формалды емес күтім жағдайларында қолданылады.
28. Осы Жетекші нұсқауларда көрсетілген прициптер сәйкес жағдайларда, әрекет етуші заңнамаға сай кәмелет жасқа толғанан кейін де, ауыспалы кезең барысында балама күтім жағдайындағы және жалғасып жатқан күтім немесе қолдауды қажет ететін жастарға қолдануға жатады.
29. Төмендегі 30 тармақта тізімделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Жетекшілік нұсқаулардың мақстына келесі анықтамалар қолданылады:
а) ата-ана күтімінсіз қалған балалар: кез келген себептермен және кез келген жағдайларда кем дегенде бір ата-ананың тәулік бойы қарауында болмайтын барлық балалар. Өзінің қалыпты тұрғылықты елінен тыс жердегі ата-ана күтімінсіз қалған немесе төтенше жағдайлардың құрбандары келісідей анықталуы мүмкін:
(i) «ілескен адамдары жоқтар» — егер заң бойынша немесе дәстүрге сай оған жауап беретін басқа туыс немесе ересек адам күтім көрсетпесе; немесе
(ii) «ажыратылғандар» — егер олар алдындағы заңды немесе дәстүрлі негізгі қамқоршысынан ажыратылған, бірақ соған қарамастан, басқа туыстарымен ілесіп жүре алатындар;
b) балама күтім келесі формаларды иеленуі мүмкін:
(i) формалды емес күтім: баланың, оның ата-анасының немесе басқа тұлғаның бастамасымен балаға тұрақты немесе мерзімсіз негізде, отбасылық ортада туыстар немесе достар (туыстардың формалды емес қамқорлығы) немесе жеке тұлғалар көрсететін жеке күтімнің кез келген формасы, бұндай күтім формасы әкімшілік, сот немесе басқалай уәкілетті орган шешімімен көрсетілмейді;
(ii) формалды күтім: құзіретті әкімшілік немесе сот органының шешімімен отбасы ортасында көрсетілетін күтімнің барлық түрі, сондай-ақ әкімшілік немесе сот шараларының немесе басқалардың нәтижесінде, интернат типті, соның ішінде жеке меншік мекемелерде көрсетілетін күтімнің барлық түрлері;
c) күтім көрсетілетін ортаға қарай, балама күтім бөлінеді:
(i) туыстар тарапынан қамқорлық: кеңейтілген отбасы шеңберінде отбасы негізіндегі немесе балаға таныс, отбасының жақын таныстарының тарапынан формалды, сондай-ақ формалды емес сипаттағы күтім;
(ii) асыранды отбасында тәрбиелену: балама күтім мақсатында балалар құзіретті органдармен баланың туған отбасы болып табылмайтын, осындай күтім көрсету үшін таңдалатын, аттестациядан өтетін және бекітілетін, әрі қарай оған бақылау жүргізілетін отбасылық ортаға орналастырылатын жағдай;
(iii) отбасы негізінде немесе отбасы сынды ортаға тәрбиеленуге орналастырудың басқа формалары;
(iv) интернат типті мекемелердегі күтім: төтенше жағдайларда балаға күтім көрсетуге қауіпсіз орын, төтенше жағдайлардағы транзиттік орталықтар мен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді күтім көрсету бойынша барлық интернат типті мекемелер, соның ішінде топтық үйлерде көрсетілетін, отбасы негізіндегі емес, топтық ортадағы күтім;
(v) бақыланатын, балалардың тұруына арналған тәуелсіз формалар;
d) балама күтімге жауап беруші тараптар:
(i) ұйымдар — балаларға балама күтім көрсетуді ұйымдастыратын мемлекеттік немесе жеке меншік органдар немесе қызметтер;
(ii) мекемелер — интернат типті балаларға күтім көрсететін жеке мемлекеттік немесе жеке меншік орындар.
30. Бірақ, осы Жетекшілік нұсқаулармен қарастырылған балама күтім келесілерге таратылмайды:
a) жағдайлары Біріккен Ұлттар Ұйымының кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асырыу бойынша минималды стандарт ержелеріне 6 және Бас бостадығынан айырылған кәмелетке толмағандарды қорғауға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының ережелерінің 7 әрекет ету аясына кіретін, сот немесе әкімшілік органның шешімімен, заңды бұзды деген күдікпен, айыпталған немесе танылған, бас бостандығынан айырылған 18 жасқа дейінгі тұлғалар;
b) асырап алу туралы кесімді қаулы негізінде сол бала нақты түрде олардың қамқорлығына өткізілген сәттен бастап асырап алушылар тарапынан көрсетілетін күтім, осы Жеткшілік нұсқау мақсаттарында бала ата-ана қамқорлығында деп саналады. Бірақ Жетекшілік нұсқаулар сәйкес халықаралық келісім шарттар талаптарына қайшы келмейтін дәрежеде баланы әлеуетті асырап алушыларға алдына ала асырап алу немесе сынау кезіне беруде қолданылады;
c) оның шеңберінде, демалу немесе балаға қажетті күтім көрсетуге ата-анасы жалпы қабілетсіз немесе ынталы еместігіне байланысты емес себептермен, шектеулі уақыт мерзімінде, баланың ерікті түрде туыстарымен немесе достарымен тұратын формалды емес күтім формалары.
31. Құзіретті органдарға және басқа мүдделі тараптарға қолданылу мүмкіндігіне қарай интернат, емхана, психикалық және дене ауытқулары мен басқа да ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықтарда, лагерлерде, жұмыс орындарында және балаларға күтім көрсетуге жауапты басқа мекемелерде осы Жетекшілік нұсқауларды қолдану ұсынылады.
_______________________________________
6 40/33 қарар, қосымша.
7 45/113 қарар, қосымша.
IV. Балама күтімге қажеттіліктің алдын алу
A. Ата-ана қамқорлығын көтермелеу
32. Отбасының балаға қатысты өзінің міндеттерін орындауда қолдау көрсетіп, баланың ата-анасының екеуімен де байланыста болуын көтермелеуді қамтамасыз ететін саясатты жүргізген жөн. Бұл саясат басқалардың ішінде, тууды тіргеуке құқықты, тиісті тұрғын үй мен медициналық қызметтерге, білім алу мен әлеуметтік қамтамасыз етілуге қолжетімділікті қамтамасыз етіп, сондай-ақ кедейлікпен, кемсітушілікпен, маргинализация, стигматизация, зорлық, қатыгез қарым-қатынас, сексуалды қол сұғушылық және ішімдік немесе нашақорлықты пайдаланумен күрес шараларын көтермелей отырып, балаларды тастаудың, балалардан бас тартудың және баланың отбасынан ажыратылудың түпкілікті себептерін ескеру керек.
33. Мемлекеттерге ата-аналардың өз балаларына күтім көрсету қабілетін көтермелеп, нығайтуға шақырылған, отбасы дамуының іліспелі және өзара күшейтуші стратегияларын әзірлеп, жүзеге асырған жөн.
34. Мемлекеттерге балаларды тастау, балалардан бас тарту және баланың отбасынан ажыратылуының алдын алатын тиімді шараларды жүзеге асырған жөн. Басқалардың ішінде әлеуметтік саясат пен бағдарламалар отбасыларға балаларына қажетті қорғанысты, күтімді және өз балаларының дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дағдылар, мүмкіндіктер мен құралдар беру керек. Осы мақсатта мемлекет пен азаматтық қоғамның, соның ішінде үкіметтік емес және қауымдық ұйымдарды, діни қызметкерлер мен БАҚ өзара толықтырушы мүмкіндіктерін біріктіру керек. Бұндай әлеуметтік қорғаныс шараларына келесілер кіру керек:
a) ата-аналарға арналған курстар мен сабақтар, ата-аналар мен балалар арасындағы оң қарым-қатынасты көтермелеу, даулы жағдайларды шешу дағдыларын дамыту, жұмысқа тұру, табыс алу және қажет болса, әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері сынды отбасын нығайтушы қызметтер;
b) күндізгі күтім, келістірушілік пен татуластырушылық бойынша қызметтер, ішімдік немесе нашақорлықты пайдалану кезіндегі емдеу, қаржылық көмек және мүгедектігі бар ата-аналар мен балаларға көмек сынды көмекші әлеуметтік қызметтер. Бұндай, басым түрде кешенді және интрусивті емес сипаттағы қызметтер қауым деңгейінде қол жетімді болып, өз мүмкіндіктерін қауым мен күтім көрсетуші тұлға мүмкіндіктерімен біріктіре отырып, отбасылардың серіктес ретінде белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек;
c) жастар күнделікті өмірде тап болатын мәселелерді оң шеше алуы үшін және болашақ ата-аналарды сексуалды және өсімпаздық денсаулғына қатысты құзіретті шешім қабылдауға және өздерінің осы бағыттағы міндеттерін орындауға дайындауға бағытталған жастар саясатын.
35. Отбасын қолдау үшін қолдау көрсету үдерісінде түрленіп отыратын, әр түрлі қосымша шаралар мен әдістерді қолдану керек: үйге бару, басқа отбасылармен топтық кездесулар, нақты жағдайларды талқылау үшін кездесулер мен сәйкес отбасы тарапынан міндеттерді қамтамасыз ету. Олар отбасы ішіндеі қарым-қатынасты нығайтуға жәрдемдесуге бағытталып, осы отбасының қауымға қосылуын көтермелеу керек.
36. Жергілікті заңдарға сай ерекше назарды жалғыз басты ата-аналар және жасөсіпірм ата-аналар мен олардың некедегі, сондай-ақ некесіз туылған балаларын қолдау мен күтім бойынша қызметтерді құру мен көтермелеуге аудару керек. Мемлекеттер жасөспірім ата-аналар артынан олардың ата-ана, сондай-ақ бала мәртебесінен шығатын барлық құқықтарының, олардың жеке дамуына қажетті қызметтерге, ата-аналарға тиесілі жәрдемақылар және олардың мұрагерлік құқықтарының сақталуын қамтамасыз еткен жөн. Жүкті жасөспірім қыздардың қорғанысын қамтамасыз етуші және олардың оқуды жалғастыруына кепілдік беретін шараларды қабылдаған жөн. Сондай-ақ жалғыз басты ата-аналар мен жасөспірім ата-аналардың стигматизациясына қарсы әрекеттерге бағытталған шараларды қабылдау керек.
37. Қолдау мен қызметтерді өздерінің ата-аналарын немесе қамқоршыларын жоғалтып алған, олардың ең үлкені отбасы басшысы болуға қабілетті және ынталы болған жағдайдағы, өз отбасында бірге қалуды шешкен туған аға-інілер мен апалы-сіңілдергі көрсету керек. Мемлекеттерге заңды қамқоршыны, басқа танылған жауапты ересекті немесе сәйкес жағдайларда, жоғарыдағы 19 тармақта көрсетілгендей, қамқоршы ретінде заңды түрде уәкілетті мемлекеттік органды тағайындау арқылы, бұндай отбасылар қанау мен қатыгез қарым-қатынастың барлық формаларынан міндетті қорғанысты алып, әлуеметтік қызметкерлер сынды жергілікті қауым мен құзіретті қызметтердің тараптарынан, балалардың денсаулығы, тұрмыс жағдайы, білім алу мен мұрагерлік құқытарына ерекше қамқорлық көрсетумен қарау мен қолдауды пайдалануын қамтамасыз ету керек. Бұндай отбасы басшысы өзінің отбасы басшысы құқығынан бөлек, өзінің бала мәртебесінен шығатын білім алу мен дамалуға құқығын қоса, барлық құқытарын сақтауына ерекше назар аудару керек.
38. Мемлекеттер ата-аналарға ерекше қажеттіліктері бар балаларға күтім көрсетумен байланысты қосымша міндеттерін қоса, өздерінің отбасына қатысты жалпы міндеттерін жақсы атқаруға мүмкіндік беретін ұзартылған күн мектебін қоса, күндізгі күтім мүмкіндіктерін және әдетте күтім көрсететін тұлғалардың демалысы кезінде уақытша күтімді қамтамасыз ету керек.
Отбасынан ажыраудың алдын алу
39. Құзіретті органдар немесе мекемелер баланың амандығына қауіп төніп тұр деп есептеуіне саналы незідер бар жағдайларда, отбасының балаға күтім көрсетуінің нақты және әлеуетті мүмкіндіктерін қоса, бала және отбасын бағалауға арналған оңтайлы кәсіби принциптер негізінде сәйкес критерилерді әзірлеп, сатылы түрде қолдану керек.
40. Шығару немесе қайта біріктіру туралы шешімді барлық мүдделі тұлғалармен жан-жақты кеңестер жүргізігеннен кейін және баланың болашағын жоспарлау қажеттілігін ескере отырып, құзіретті орган атынан немесе санкциясымен сәйкес біліктілігі мен дайындығы бар мамандармен берген баға негізінде қабылдау керек.
41. Жүктіліктің тиісті дамуы мен балаға күтім көрсетудің лайықты және тең жағдайларын қамтамасыз ету үшін мемлекеттерге жүктілік, бала туу мен омыраумен емізу уақытындағы құқықтарды жан-жақты қорғау мен кепілдендіру үшін шаралар қолдану ұсынылады. Сондықтан болашақ аналар мен әкелерге, әсіресе өздерінің ата-аналық міндеттерін орындауда қиындықтарға тап болатын жасөспірімдерді қолдау бағдарламаларын ұсыну керек. Бұндай бағдарламалардың мақсаты аналар мен әкелерге тиісті жағдайларда және өз балаларынан өздерінің осалдығы үшін бас тартуға мәжбүрлейтін жағдайларға жол бермейтіндей, өзідерінің ата-аналық міндеттерін орындауға мүмкіндік беру болу керек.
42. Баланы тастап кету немесе одан бас тарту жағдайларында мемлекет бұл құпия әрі балаға қауіпсіз түрде және бұл орынды әрі сол мемлекеттің заңнамасымен қарастырылған жағдайда, оның шығу тегі туралы ақпаратқа қол жетімділік құқығының сақталуымен жүруін қамтамасыз ету керек.
43. Мемлекеттерге бала жасырын түрде тасталған кездегі отбасыны іздестіру мен отбасына қайта қосу немесе кеңейтілген отбасына тәрбиеленуге орналастырылу тәртібін қарастыратын нақты саясатты қалыптастырған жөн. Саясат сондай-ақ баланы тұрақты отбасына орналастыру туралы шешімді уақтылы қабылдап, бұндай орналастыруды жедел ұйымдастырудың мүмкіндіктерін алдын ала қарастыру керек.
44. Баладан бас тартқысы келетін ата-ана немесе заңды қамқоршының мемлекеттік немесе жеке меншік ұйымға жүгінуі кезінде мемлекет оларды балаға күтім көрсетуді жалғасытыруға ынталандырып, жағдай жасайтындай кеңес пен әлеуметтік қолдау көрсету керек. Сәтсіздік жағдайында тиісті кәсіби бағалау жүргізіп, балаға тұрақты жауапкершілікті өзінің мойнына алатын басқа отбасы мүшелері бар ма және бұндай қамқорлық формалары баланың ең жақсы мүдделеріне жауап бере ме, соны анықтау керек. Егер осындай қамқорлық формалары мүмкін емес немесе баланың ең жақсы мүдделеріне жауап бермесе, баланы парасатты уақыт ішінде тұрақты отбасына орналастыру үшін жұмыстар жасау керек.
45. Баланы қысқа немесе белгісіз уақыт мерзіміне қамқорлыққа орналастыруды қалайтын ата-ана немесе тәрбиешінің мемлекеттік немесе жеке меншік ұйымға жүгінуі кезінде мемлекет оларды балаға күтім көрсетуді жалғасытыруға ынталандырып, жағдай жасайтындай кеңес пен әлеуметтік қолдау көрсету керек. Баланы балама күтім көрсету жағдайына тек қана осы бағыттағы жұмыстар нәтижесіз болып, оны қамқорлыққа орналастырудың рұқсат етілген және тиімді дәлеледер болған кезде орналастыру керек.
46. Оларға қатыгез қарым-қатынас, қадағалаудың жоқтығы, қанау немесе тастап кету қаупі жағдайларын анықтап, олар туралы құзіретті органдарды ақпараттандыру үшін балалармен жұмыс істейтін ұстаздар мен басқа тұлғалардың арнайы дайындығын қамтамасыз ету керек.
47. Оның ата-анасының еркінен тыс баланы қамқорлығынан алу туралы шешімді әрекет етуші заңнама мен қолданылатын үдерістерге сай, сот қадағалауымен құзіретті органдар қабылдау керек, бұл кезде ата-аналарға шағымдану құқығы мен сәйкес заңды үкіметке қол жетімділік кепілдендірілу керек.
48. Баланың жалғыз немесе негізгі қамқоршысының алдын ала қамауға алу немесе сот шешімі бойынша мүмкін бас бостандығынан айырылуы кезінде, сәйкес жағдайларда баланың ең жақсы мүдделерін ескере отырып, бас бостандығынан айыру және алдын ала қамауға алумен байланыссыз шараларға басымдылық таныту керек. Түрмеде туған және түрмеде ата-анасының бірімен тұратын балаларды ол жерден шығару туралы шешім қабылдаған кезде мемелекеттер баланың ең жақсы мүдделерін ескеру керек. Бұндай балаларды шығаруға ажыратып алу туралы мәселе қаралатын басқа жағдайларға сияқты қарау керек. Өз ата-аналарымен қамау орындарында қалатын балаларға ерікті азамат мәртебесіне және қауымдағы қызметіне қол жетімділікке кепілдік бере отырып, қажетті күтім мен қауіпсіздікті қаматасыз ету үшін барлық жағдайлар жасау керек.
B. Отбасына бірігуге қолдау көрсету
49. Баланы және оның отбасын мүмкін отбасына қайтуға дайындап, бұған қолдау көрсету үшін баланың жағдайы баланың отбасына бірігуінее мүмкіндік бере ме және бұл баланың ең жақсы мүдделеріне жауап бере ме, осы орайды қандай және кімнің қадағалауымен қадамдар қолдану керектігін шешу үшін түрлі мүдделі тараптардың (бала, отбасы, балама күтім көрсетуші тұлға) қатысуымен көп салалы кеңеске қолы жетімді, тағайындалған тұлға немесе топпен бағалануы керек.
50. Осы орайда қайта біріктіру мақсаттары мен отбасы және балама күтім көрсетуші тұлғаның негізгі міндеттері жазбаша түрде жазылып, барлық мүдделі тараптармен келісілу керек.
51. Құзіретті орган интеграция мақсатында бала мен оның отбасы арасындағы тұрақты және қажетті байланысты орнатып, қолдап және бақылау керек.
52. Сәйкес шешімдерді қабылдау жағдайында баланы оның отбасына біріктіру баланың жасын, қажеттіліктерін және дамып келе жатқан қабілеттерін, сондай-ақ отбасымен ажыратылу себептерін ескере отырып, әрі қарайғы қолдау іс-шараларының және шаралармен бірге жүретін сатылы және бақыланытан үдеріс шеңберінде жүзеге асырылу керек.
V. Күтім көрсету жүйесі
53. Ата-ана күтімінсіз қалған әр баланың нақты психоэмоциялық, әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мемлекеттер отбасы мен қоғам негізіндегі күтімге басымдылық көрсете отырып, балама күтімнің қажетті нұсқаларын ұсыну үшін заңнамалық, саяси және қаржылық жағдайларды қамтамасыз ету үшін мемлекеттерге барлық қажетті шараларды қолданған жөн.
54. Мемлекеттер төтенше жағдайдағы көмек, қысқа және ұзақ мерзімді күтім кезінде осы Жетекшілік нұсқаулардың жалпы принциптерімен келісілген балама күтім нұсқауларының жиынтығының болуын қамтамасыз ету керек.
55. Мемлекеттер балаларға балама күтім көрсетумен айналысатын барлық ұйымдар мен жеке тұлғалар осындай қызметті жүзеге асыруға құзіретті органдардың рұқсатын алып, осы Жетекшілік нұсқауға сай соңғылардың тарапынан тұраты бақылау мен тексерулерге ұшырауларын қамтамасыз ету керек. Бұл мақсатта аталған органдар күтім көрсететін тұлғалардың кәсіби және этикалық жарамдылығын бағалау, сондай-ақ олардың аттестациясы, оларды бақылау мен қадағалаудың тиісті критерилерін әзірлеу керек.
56. Кеңейтілген отбасы, достардың немесе басқа тұлғалардың тарапының шеңберінде болсын, балаға формалды емес күтімге қатысты, мемлекеттер, сәйкес жағдайларда, аталған күтім көрсетуші тұлғаларды сәйкес түрде баланың амандығы мен қамқорлығына жәрдемдесу үшін, олардың өздері мен балалар кез келген қажетті қаржылық және басқа қолдауға қол жеткізе алатындай құзіретті органдарды ескертуге ынталандыру керек. Егер бұндай күтім түрі осы уақытқа дейін баланың ең жақсы мүдделеріне жауап беріп, болашақта оларға жауап береді деп күтілсе, мемлекеттер уақыт өте формалды емес күтім көрсететін тұлғалардың сәйкес күтім түрлерін рәсімдеуін көтермелеп, ынталандыруы керек.
VI. Күтімнің барынша лайықты формаларын анықтау
57. Баланың ең жақсы мүддесінде балама күтім туралы шешім қабылдау құқықтық кепілдемелерді қамтамасыз ете отырып, кез келген сот өндірісінде баланың атынан сәйкес жағдайларда сот өкілдігін қоса, соттық, әкімшілік немесе басқа оңтайлы және танылған тәртіпте жүзеге асырылу керек. Шешім орнатылған құрылымдар мен органдарды қолдана отырып, мұқият бағалау, жоспарлау мен сараптау негізінде қабылданып, мүмкіндігінше көп салалы топтың құрамына кіретін тиісті біліктілігі бар маманмен жекелей түрде орындалу керек. Шешім қабылдаудың барлық кезеңдерінде оның дамып келе жатқан қабілеттеріне сай баламен және оның ата-анасы немесе заңды қамқоршысымен ақыл-кеңестік жұмыстар жүргізілу керек. Осы мақсатта барлық мүдделі тараптарға соның негізінде өз пікірлерін құратын қажетті ақпарат берілуі керек. Мемлекеттер осы ережелерді сақтауды қамтамасыз ету үшін күтімнің ең ұтымды формаларын анықтауға жауапты мамандырды дайындау мен тану үшін қажетті құралдар мен арналарды ұсынуға бар күшін салу керек.
58. Бағалау жедел, жан-жақты әрі мұқият жүргізілу керек. Бұл кезде міндетті түрде баланың қауіпсіздігі және амандығымен қатар, оған ұзақ мерзімді күтім мен оның ұзақ мерзімдегі дамуы ескеріліп, оның жеке қасиеттері мен даму деңгейі, ұлыстық, мәдени, тілдік және діни қатыстылығы, отбасылық және әлеуметтік ортасы, денсаулық жағдайы және баланың басқа да ерекше қажеттіліктері қарастырылуы керек.
59. Алғашқы есептер мен тексеру туралы есептер қажетсіз іркілістер мен шешімге қайшы келулерді болдырмау үшін оларды құзіретті органдар қабылдаған сәттен бастап негізгі құралдар ретінде қолданылу керек.
60. Күтім көрсетілетін ортаның жиі ауысуы баланың дамуы мен басқа адамдармен қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне кері әсер етеді, сондықтан бұндай жағдайларды болдырмаған жөн. Қамқорлыққа қысқа мерзімге орналастыру сәйкес тұрақты жағдайларды қамтамасыз ету мақсатын көздеу керек. Баланың тұрақты ортасы баланы оның негізгі немесе кеңейтілген отбасына немесе, мүмкін болса, тұрақты балама отбасы ортасына немесе жоғарыдағы 21 тармақты қолданған кезде, интернат типті тұрақты және сенімді мекемеге орналасыру жолымен артық ірікілістерсіз кепілдену керек.
61. Күтім көрсету мен тұрақты қамқорлықты жоспарлау бала қамқорлыққа алынғаннан бұрын, әр қарастырылып отырған нұсқаның тікелей және ұзақ мерзімді басымдылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ұсыныстарды қарастыра отырып, жүзеге асырылу керек.
62. Күтім көрсету мен тұрақты қамқорлықты жоспарлау кезінде ең әуелі келесілерге: баланың өз отбасына бауыр басуының сипаты мен дәрежесін, отбасының баланың амандығы мен дамуының үйлесімділігіне кепілдік бере алуы, бала өзін отбасы бөлшегі ретінде сезіну қажеттілігі мен қалауы, баланың өз қауымы мен өз мемлекетінде қалу ынтасын, оның мәдени, тілдік және діни тамырларын, олардан айырылудың алдын алу үшін туған аға-інілер мен апалы-сіңілдерімен қарым-қатынасына назар аудару керек.
63. Жоспар баланың қамқорлыққа орналастырылуының мақсаттары мен сол мақсаттарға жеткеннен кейінгі шараларды нақты баяндау керек.
64. Балаға және оның ата-анасына немесе заңды қамқоршысына қолданыстағы балама күтім нұсқалары, әр нұсқаның салдары мен әр жағдайдағы оларды құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат берілуі керек.
65. Оның нақты қажеттіліктері мен еркше қалауларына қатысты баланы қорғау шарасына дайындық, оны орындау мен бағалау барынша мүмкін дәрежеде оның ата-анасының немесе заңды қамқоршылары және әлеуетті асырап алушы тәрбиешілер мен тұлғаларының қатысуымен жүзеге асырылу керек. Баланың сұранысы бойынша ата-аналармен немесе заңды қамқоршылары және бала өміріндегі маңызды басқа тұлғалармен, құзіретті органның қалауы бойынша, кез келген шешім қабылдау үдерісі барысында ақыл-кеңес беру жұмыстары жүргізілу мүмкін.
66. Мемлекеттер уәкілетті сот орыны, трибунал немесе әкімшілік не басқа құзіретті органмен балама күтімге орналастырылған кез келген бала, сондай-ақ оның ата-анасы немесе ата-ана қызметін атқаратын басқа тұлғалар қамқорлыққа алыну туралы шешімге сотта қарсы болуға және өздерінің бұндай құқығы туралы хабардар болып, оны жүзеге асыруда көмек алуын қамтамасыз еткен жөн.
67. Мемлекеттер уақытша қамқорлыққа алынған кез келген баланың, ең әуелі, оның жеке дамуы мен кез келген өзгермелі қажеттіліктерін, отбасы ортасындағы өзгерістерді, сондай-ақ оның осы жерде қамқорлықта болу орындылығы мен қажеттілігін ескеріп, үш айда бір реттен кем емес, тұрақты және мұқият тексеруге құқығын қамтамасыз еткен жөн. Тексеруді баланың және оның өміріне маңызды барлық тұлғалардың қатысуымен білікті және уәкілетті тұлғалар жүргізу керек.
68. Бала жоспарлау мен тексеру үдерісі нәтижесінде оған күтім көрсетілетін ортаның кез келген өзгерісіне дайын болу керек.
VII. Балама күтім көрсету
A. Саясат
69. Мемлекет немесе тиісті үкіметтік орган ата-ана күтімінсіз қалған барлық баларға формалды және формалды емесе қамқорлық мәселелір бойынша келісілген саясатты әзірлеп, жүзеге асыруға міндетті. Бұндай саясат сенімді ақпарат пен статистикалық мәліметтерге негізделу керек. Олар бала қорғанысы, күтімі мен оның дамуын қамтамасыз етудегі бала ата-анасының немесе негізгі тәрбиешілерінің рөлін ескеріп, балаға кім жауапты екенін анықтау үдерістерін алдын ала қарастыруы керек. Егер басқа дәлелденбесе, тұспалды жауапкершілік баланың ата-анасына немесе негізгі тәрбиешілерге жүктеледі.
70. Ата-ана күтімінсіз қалған балаларды қамқорлыққа орнластырумен және оларға көмек көрсетумен айналысатын барлық мемлекеттік ұйымдар азаматтық қоғаммен ынтымақтаса отырып, бұндай балаларға тиімді күтім көрсетуді, қамқорлығы аяқталғаннан кейінгі аялау мен қорғанысты қамтамасыз ету үшін ұйымдар мен жеке тұлғалар арасындағы ақпарат алмасуды және желілерді ұйымдастыруға жәрдемдесетін саясат пен үдерістерді әзірлеп, қабылдау керек. Балаларға балама күтім көрсетуді қадағалауға жауап беретін ұйымның орналасқан орны және/немесе құрылымы ол көрсететін күтім кімге қажет, солардың барлығына қол жетімділігін барынша қамтамасыз ету керек.
71. Ерекше назарды интернат типті мекемелереде де, отбасы негізінде де, әсіресе, күтім көрсететін тұлғалардың кәсіби біліктілігі, оларды таңдау, дайындау мен қадағалауға қатысты жағдайларда көрсетілетін күтімнің сапасына аударуы керек. Олардың міндеттері мен қызметтері нақты анықталып, ата-аналар немесе баланың заңды қамқоршыларының міндеттір мен қызметтеріне қатысты түсіндірілуі керек.
72. Әр елдегі құзіретті ұлттық биліктер осы Жетекші нұсқауларға сай балама күтімге орналастырлыған балалардың құқықтарын көрсететін ережелер әзірлеген жөн. Балама күтім көрсетілетін балалар күтім көрсетілетін ортаның құықтарын, ережелері мен міндеттерін және сол ортадағы өзінің құықтары мен міндеттерін толық түсіну керек.
73. Балама күтімді көрсету күтім көрсетуші тұлғаның мақсаттарын, міндеттерін, қызметі мен біліктілігін көрсетіп, Бала құқықтары туралы конвенция 2, осы Жетекші нұсқаулар мен қолданыстағы құқықпен орнатылған стандарттарды көрсететін жазбаша ережелерге негізделу керек. Күтім көрсететін барлық тұлғалардың тиісті біліктілігі болып, балама күтім қызметтерін көрсетуге қойылатын заңды талаптарға сәйкес аттестациядан өткен болу керек.
74. Баланы балама күтім көрсетілетін ортаға бағыттау немесе қабылдаудың стандарт үдерісін қамтамасыз ету үшін нормативті базаны белгілеу керек.
75. Балама күтім көрсетуге қатысты ол баланың құқықтарымен келісілген және оның ең жақсы мүдделеріне сай келетінін көрсетуге болатын жағдайларда мәдени және діни, соның ішінде гендерлік мәселелермен байланысты тәжірибені құрметтеп, көтермелеген жөн. Бұндай тәжірибені көтермелеудің орындылығын анықтауды барлық мүдделі тараптардың кең қатысуымен, сәйкес мәдение және діни қайраткерлердің, сондай-ақ ата-ана күтімінсіз, ата-анасыз қалған балалармен жұмыс істейтін мамандар мен тұлғалардың және басқа мүдделі тараптардың, сондай-ақ балалрдың өздерінің қатысуымен жүргізу керек.
1. Формалды емес күтім
76. Жеке тұлғалар немесе отбасымен көрсетілетін формалды емес күтім кезіндегі тиісті талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттер бұндай күтім түрінің атқаратын рөлін мойындап, ерекше көмек немесе қадағалауды қажет ететін нақты ортаны бағалау негізінде, оны оңтайлы көрсетілуін қолдауға қажетті шараларды қабылдау керек.
77. Сәйкес жағдайларда құзіретті органдар формалды емес күтім көрсететін тұлғаларды көтермелеп, күтім формасы жайлы ақпарат беріп, оларға балаға күтім көрсету мен оны қорғауды жүзеге асыруға көмектесе алатын қызметтер мен жеңілдіктерге қол жетімділікті қамтамасыз етуге тырысу керек.
78. Мемлекет формалды емес күтім көрсететін тұлғалардың бала үшін нақты жауапкершілігін мойындау керек.
79. Мемлекеттер туыс болып табылмайтындар, балаға таныс емес немесе баланың тұрғылықты жерінен алыс тұратын туыстар көрсететін формалды емес күтімдегі балалар қатыгез қарым-қатынастан, қадағаланбаудан, бала еңбегі мен қанаудың барлық басқа формаларынан қорғалуын қамтамасыз ететін арнайы және сәйкес шараларды әзірлеген жөн.
2. Балама күтімнің барлық формаларына қолданылатын жалпы жағдайлар
80. Баланы балама күтім жағдайына өткізуді барынша сыпайылық пен балаға қатысты достық мәнерінде, әсіресе, негізінде, форма кимеген арнайы дайындалған адамдардың қатысуымен жүргізу керек.
81. Егер бала балама күтім жағдайына орналастырылса, қамқорлыққа қажеттілік пен баланың ең жақсы мүдделеріне сай оның отбасы, сондай-ақ басқа жақын адамдары – достары, көршілері мен бұрынғы тәрбиешілерімен байланысын көтермелеп, оған қолдау жасау керек. Бала олармен байланыс орнатылған жағдайда, өз отбасы мүшілерінің жағдайы туралы ақпарат туралы хабардар болу керек.
82. Мемлекеттер олардың ата-анасы қамауда немесе ұзақ мерзімді емделудегі балама күтім көрсетілген балалар өздерінің ата-аналарымен байланыста болу мүмкіндігін иеленуді қамтамасыз ету керек.
83. Баланың тәрбиешісі бала жергілікті әдеттерге сай, тамақтану нормаларына, сондай-ақ баланың діни сенімдеріне сай келетін пайдалы әрі толық тамақтануын қамтамасыз ету керек. Қажет болса, сәйкес тамаққа қосымшаларды беру керек.
84. Тәрбиешілер жауапты балаларының денсаулықтарына қамқорлық көрсетіп, қажет жағдайда балалар сәйкес дәрігерлік қызмет, кеңес пен көмек ала алатындай шаралар қолдану керек.
85. Балалардың тұрғылықты жері бойынша оқу орындарында формалды, формалды емес және кәсіби оқытылу бойынша, өз құқықтарына сай барынша мүмкін дәрежеде қол жеткізе алу керек.
86. Тәрбиешілер әр баланың, соның ішінде мүгедек балалардың, ЖИТС/АИТС жұқтырған немесе онымен өмір сүретін, немесе басқа ерекше қажеттіліктері барларының ойын арқылы және бос уақытын ұйымдастыруға, сондай-ақ балаларға күтім көрсетіліп жатқан қоғам аясында және одан тыс, олармен айналысуға құқықтары құрметтелуін қамтамасыз ету керек. Басқа балалар және қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасты көтермелеген жөн.
87. Күтімнің барлық формаларында, күтімді қамтамасыз етуші нақты тұлғаға жүйелі түрде бекітілуін қоса, нәрестелер мен кішкентай балалардың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері барларының қауіпсіздік, денсаулықты қорғау, тамақтану, даму мен басқа қажеттіліктер мәселесіндегі ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру керек.
88. Балалар өздерінің діни және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру, соның ішінде өз дінінің білікті мамандарымен кездесу және діни қызметтер, діни білім беру мен кеңес беруге қатысу немесе қатыспауды еркін таңдау құқығын иелену керек. Баланың дәни қатыстылығын құрметтеп, қамқорлықта болу кезінде өзінің дінін немесе сенімін ауыстыруға мәжбүрлеуге немесе нандыруға болмайды.
89. Балаға жауап беретін барлық ересектер жеке өмірге қол сұқпаушылыққа құқығын, соның ішінде гендерлік айырмашылық пен гендерлік өзара әрекеттестікті құрметтей отырып, жеке тазалық сақтау бөлмелерінің және жеке заттарын сақтауға арналған қажетті, қауіпсіз әрі қолжетімді жерлердің болуын құрметтеп, көтермелеу керек.
90. Тәрбиешілер өздерінің балалармен оң, қауіпсіз және конструктивті қарым-қатынастағы рөлін түсініп, оны жүзеге асыра алуы керек.
91. Балама күтімнің барлық формаларында тұрмыстық жағдайлар, денсаулық сақтау мен қауіпсіздіктің талаптарына жауап беру керек.
92. Мемлекеттер өздерінің құзіретті органдары арқылы балама күтім көрсетілетін балалардың тұрмыстық жағдайы мен оларға осындай жағдайларда бақылау оларға қатыгез қарым-қатынастан тиімді қорғаныс беретінін қамтамасыз ету керек. Оның тұрмыс жағдайларын анықтау барысында жас, кемелдік пен осалдық дәрежесіне басты назар аудару керек. Қомқорлыққа алынған балаларды қорғауға бағытталған шаралар олардың қауымындағы сол жастағы балалармен салыстырғанда олардың еркінідігі мен тәртіптерін негізсіз шектеулерді қарастырмай, заңға сай болу керек.
93. Балама күтімінің барлық формаларында балаларға ұрлап кету, саудаға салу, сату және қанаудың барлық басқа формаларынан қорғаныс қамтамасыз етілу керек. Осыған байланысты олардың еркіндігі мен тәртібін барлық шектеулер тек қана оларды осындай іс-әрекеттерден тиімді қорғауды қамтамасыз ету үішін қажетті шаралардан құралу керек.
94. Күтімге жауап беретін барлық тұлғалар балалар мен жасөспірімдердің оның дамушы қабілеттеріне сай, қолайлы тәуекелдер мен баланың жасын ескере отырып, негізделген шешім қабылдап, жүзеге асыруын ынталандыру керек.
95. Мемлекеттер, ұйымдар мен мекемелер, мектептер мен басқа қауымдық қызметтерге балама күтім жағдайына орналастырылған балалар қамқорлыққа орналастырыған немесе одан кейінгі уақытта стигматизацияға ұшырамауы үшін сәйкес шараларды қолданған жөн. Бұған баланы күтімге орналастырған бала ретінде сәйкестендіру мүмкіндіктерін шектеу бойынша шаралар кіру керек.
96. Баланың дене немесе психикалық денсаулығына зиян келтіруі мүмкін азаптау, қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын, соның ішінде оқушаулау немесе жалғыз өзін қамау, немесе, дене немесе психологиялық зорлықтың басқа формалардындағы қатынастарды құрайтын барлық тәртіпке келтіру шаралары мен тәртіпті түзету шаралары адам құқықтары саласындағы халықаралық құқыққа сәйкес қатаң түрде тыйым салыну керек. Мемлекет бұндай тәжірибенің алдын алу үшін және оның заң бойынша жазалануын қамтамасыз ету керек. Жазалау шарасы ретінде баланың отбасы мүшелерімен және балаға аса маңызды басқа тұлғалармен қатынасты шектеу еш уақытта қолданылмау керек.
97. Күш және кез келген сипаттағы әрекет ету шараларын қолдану тек қана баланың немесе басқа тұлғалардың дене немесе психологиялық құл сұқпаушылығын қамтамасыз ету үшін ол абсолютті қажетті болғанда, заңғы сәйкес, баланың негізгі құқықтарын сақтай отырып, негізделген және мөлшерлі түрде болғанда рұқсат етіледі. Дәрілік және медициналық құралдары қолану арқылы әсер ету шаралары емдік қажеттілікке негізделіп, еш уақытта маманның бағалауы мен келісуінсіз пайдаланылмау керек.
98. Қамқорлыққа алынған балалардың олар толық құпиялық жағдайында сене алатын, сенімді тұлғаға қол жетімділігі болу керек. Бұл тұлға баламен келісе отырып, құзіретті органдармен тағайындалу керек. Анықталған жағдайларда, заңдылық немесе этика нормаларына сай құпиялылықты бұзу қажеттілігі туындауы мүмкіндігі туралы бала хабардар болу керек.
99. Қамқорлыққа алынған балалар, оларға қарым-қатынас немесе қамқорлық жағдайлары туралы мәселелері жайлы хабарлай алатын немесе шағым жайсай алатын оларға белгілі тиімді әрі әділ тетіктерді қолдану мүмкіндіктерін иелену керек. Бұндай тетіктерге келесілер кіру керек: алғашқы кеңес, кері байланыс, орындау мен әрі қарайғы кеңес. Бұл үдеріске бұрын қамқорлыққа алынған жас адамдар қатысып, олардың пікірлерімен тиісті түрде санасу керек. Бұл үдерісте балалармен және жас адамдармен жұмыс жүргізу үшін арнайы дайындығы бар құзіретті мамандармен жүргізілу керек.
100. Баланың өзіндік ұқсату сезімін қолдау үшін баламен бірлесе отырып, бала өмірінің әр кезеңіне қатысты тиісті ақпарат, фотосуреттер, жеке заттар мен естіліктер бар, өмір бойы баланың билігінде болатын, оның өмірлік сипатамасы журналын жүргізу керек.
B. Бала үшін заңдылық жауапкершілік
101. Баланың ата-анасы жоқ немесе баланың ең жақсы мүддесіндегі күнделікті шешімдерді қабылдай алмағандықтан, баланы балама күтімге орналастыруға құзіретті әкімшілік немесе сот шешіміне немесе санкциясымен жүзеге асырылған жағдайда, тағайындалған тұлға немесе құзіретті орган баламен толық кеңескеннен кейін ата-ананың орнына бұндай шешімдерді қабылдуға заңды құқықты немесе жауапкершілікті иелену керек. Мемлекеттер бұндай тұлға немесе мекеменің тағайындалу тетігін қамтамасыз ету керек.
102. Бұндай заңдылық жауапкершілік құзіретті билікпен артылып, тікелей олармен немесе үкіметті емес ұйымдарды қоса, ресми уәкілетті ұйым арқылы бақылану керек. Осы тұлға немесе орган үшін жауапкершілік тағайындалған органның мойнына артылады.
103. Бұндай заңдылық жауапкершілік артылған тұлғалар, балалар мәселелері туралы сәйкес білімі бар, тікелей балалармен жұмыс жасай алатын, қамқорлығындағы балалардың кез келген ерекшеліктері мен мәдени қажеттіліктерін түсінетін құрметті азамат болу керек. Бұған қатысты олар қажетті дайындық пен кәсіби қолдау алу керек. Осы нақты баланың ең жақсы мүдделеріне сай келетін және оның амандығына кепілдік беретін тәуелсіз әрі әділ шешім қабылдауға дайын болу керек.
104. Тағайындалған тұлға немесе органның рөлі мен нақты міндеттеріне кіреді:
a) бала құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, әсіресе, балаға лайықты күтім көрсету, тұрғылықты жағдайлар жасау, дәрігерлік көмек, дамуға мүмкіндік, психологиялық-әлеуметтік, білім беру мен тілдік қолдау көрсету;
b) қажет болға жағдайда, баланың заң немесе басқа маманмен жолықтыру, шешім қабылдайтын биліктірмен баланың көзқарастары ескерілу үшін, баламен кеңес өткізу, балаға оның құқықтары туралы кеңес пен ақпарат беру;
c) баланың ең жақсы мүддесінде тұрақты шешім қабылдауға жәрдемдесу;
d) бала және оған қызмет көрсете алатын әр түрлі мекемелер арасындағы байланысты орнтау;
e) баланың отбасын іздеуде көмектесу,
f) репатриация немесе отбасымен қайта қосылу жағдайларында бұл баланың ең жақсы мүдделерінде жүргізілетіндігіне бақылау жасау;
g) сәйкес жағдайларда, бала отбасымен байланыста болу үшін оған көмектесу.
1. Формалды күтімге жауап беретін ұйымдар мен мекемелер
105. Барлық ұйымдар мен мекемелер әлеуметтік қамтамасыз ету қызметінде немесе басқа құзіретті оранда тіркеліп, өз қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат алуын заңнама қарастыру керек, бұл кезде осы заңнаманы орындамау заңмен қудаланытан қылмыс болып табылады. Рұқсат құзіретті органдармен біріліп, кем дегенде, қызмет ету, қызметкерлерді таңдау мен біліктілігіне, күтім жағдайлары мен қаржы ресурстары және ұйым немесе мекеме басқаруы талаптарына қолданылатын стандарт критерилер негізінде үнемі қаралып отыру керек.
106. Барлық ұйымдар мен мекемелердің көрсетілген мақсаттарға жетуі үшін осы Жетекшілік нұсқаулармен келісілген, балаларға күтім көрсететін білікті және тиісті қызметкерлерді жұмысқа алу, бақылау, қадағалау мен бағалау кезіндегі олардың мақсаттарын, саясатын, әдістері мен стандарттарын нақты көрсететін саясаты мен тәжірибесі туралы жазбаша ережесі болу керек.
107. Барлық ұйымдар мен мекемелер осы Жетекшілік нұсқаулармен келесілген қызметкерлер тәртібінің кодексін әзірлеу керек, онда, әсіресе балаларды күтуші әр маман мен қызметкердің рөлі және кез келген қызметкерлермен мүмкін болатын жағдайлардағы өз міндеттерін тиісті атқармауы туралы ақпараттандыру үдерісі нақты жазылады.
108. Еш бір жағдайда күтім көрсетуді қаржыландыру формалары ұйым немесе мекемемен ұйымдастырылған немесе ұсынылған баланың қамқорлықта қажетсіз ұзақ болуын немесе орналастырылуын ынталандырмау керек.
109. Қамқорлықтағы барлық балаларға, штат қызметкерлері мен барлық қаржы операциялары бойынша толық құжаттама кіретін, балама күтім көрсету туралы жан-жақты және жаңартылып отыратын жазбалар жүргізіп отыру керек.
110. Қамқорлықтағы балалар туралы жазбалар толық, уақтылы, құпия және қауіпсіз жерде сақталған болу керек, онда олардың келуі мен кетуі туралы, сондай-ақ әр баланың қамқорлыққа орналастыру түрі, мазмұны мен толық ақпаратты, барлық сәйкес куәләндіруші құжаттар және жеке мәліметтермен бірге қамтылу керек. Баланаың отбасы туралы мәліметтер баланың құжаттамасына, сондай-ақ жүйелі бағалар нәтижесі бойынша есепке кірістірілуі керек. Бұл құжаттама балама күтім көрсетілген барлық мерзім барысында жүргізіліп, баланың ағымдағы күтіміне жауапты уәкілетті мамандар онымен салыстырма тексеру жасап отыруы керек.
111. Көрсетілген құжаттама баланың жеке өміріне қол сұқпаушылық және құпиялылық шектерінде баланың, сондай-ақ оның ата-анасы немесе қамқоршыларымен қолданыла алынады. Құжаттамамен танысар алдында, сол уақытта, одан кейін сәйкес кеңестік көмек көрсетілу керек.
112. Балама күтім көрсететін барлық қызметтердің әр балаға қатысты ақпараттың құпиялылығын сақтау бойынша нақты саясаты болу керек, онымен күтімді көрсететін барлық қызметкерлер танысып, сақтау керек.
113. Алдыңғы қатарлы тәжірибені басшылыққа ала отырып, барлық ұйымдер мен мекемелер жүйелі түрде тәрбиешілер немесе балалармен тікелей қарым-қатынаста болатын қызметкерлер жұмысқа қабылданар алдында олардың балалармен жұмысқа лайықтылығына тиісті және жан-жақты аттестациядан өту керек.
114. Ұйымдар мен мекемелермен алынған тәрбиешілердің еңбекақысын қосқандағы жұмыс жағдайлары орындайтын жұмыспен қанағаттану, уәжді барынша арттыратындай, сәйкесінше, өз міндеттерін ең жақсы түрде әрі тиімді орындауға ұмтылумен сабақтасатындай болу керек.
115. Барлық тәрбиешілер ата-ана күтімінсіз қалған балалардың құқықтары және шұғыл түрде қамқорлыққа алыну немесе олардың тұрғылықты жерінен тыс жерлерге қамқорлыққа орналастырылу сынды ерекше қиын жағдайлардағы балалардың осалдығы жөнінде оқытылу керек. Сондай-ақ мәдени, әлеуметтік, гендерлік және діни аспектілер есепке алынуын қамтамасыз етілу керек. Мемлекеттерге сондай-ақ осы ережелерді жүзеге асыруға септігін тигізу үшін бұл мамандарды тануға қажетті ресурстар мен құралдар берген жөн.
116. Ұйым мен мекеменің барлық штатық тәрбиешілері өрескел тәртіпке қалай қарау керек, соның ішінде балалардың өзіне немесе басқаларға зиян келтіруін алдын алу үшін даулы жағдайларды шешу әдістері мен құралдыран зерделеу бойынша оқытылу керек.
117. Ұйымдар мен мекемелер барлық сәйкес жағдайларда тәрбиешілер ерекше қажеттілігі бар, бірінші кезекте АИТС/ЖИТС өмір сүретін немесе өзге созылмалы дене немесе психикалық аурулары бар және дене мен ақыл-есі кем балалармен жұмыс істеуге дайын болуын қамтамасыз ету керек.
2. Асырап алушы отбасында тәрбиелену
118. Құзіретті органдар немесе мекемелер бала қажеттіліктері мен әлеуетті асырап алушы тәрбиешілердің мүмкіндіктері және ресурстарының үйлесімділігі мен бағалау үшін қызметкерлердің тиісті дайындығын, баланы қамқорлыққа орналастыруға барлық мүдделі тұлғалардың дайындығының жүйесін әзірлеу керек.
119. Әр жерде олардың отбасы, қауым және мәдени топпен байланысын сақтай отырып, балаға күтім көрсетіп, қамқорлығын қамтамасыз ете алатын, аттестациядан өткен асырап алушы тәрбишілер шеңберін анықтау керек.
120. Ол бойынша баланы қамқорлыққа орналастыруға дейін, оның уақытында және одан кейін жүйелі уақыт аралығында өткізілуі тиіс сабақтар ұйымдастыралатын асырап алушы тәрбишілерге арнайы дайындық, қолдау мен кеңес берілу керек.
121. Тәрбиешілер өз пікірлерін атап, тәрбиені қамтамасыз етуші және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен айналысатын басқа жүйелер саясатына әсер ете алу мүмкіндігін иелену керек.
122. Саясат пен тәжірибені әзірлеуге септігін тигізетін және маңызды өзара қолдау көрсете алатын асырап алушы тәрбиешілер ассоциациясын құруды көтермелеген жөн.
C. Интернат типті мекемелердегі күтім
123. Интернат типті мекемелер шағын әрі барынша отбасына немесе кішігірім топқа жақындатылған ортаға баланың қажеттілігі мен құқығын басшылыққа алуы керек. Тұтастай олардың міндеті болып уақытша күтім көрсету мен баланы отбасына біріктіру немесе мүмкін болса, балама отбасылық ортада, соның ішінде сәйкес жағдайларда асырап алу немесе ислам құқығы бойынша кафалды қоса, тұрақты күтімді қамтамасыз ету.
124. Қорғаныс пен балама күтімді ерекше қажет ететін бала қажетті және тиісті жағдайларда қылмыстық заңнама жүйесін жүргізудегі балалардан бөлек орналасуы үшін шаралар қолданылу керек.
125. Құзіретті ұлттық немесе жергілікті орган балалар бұндай мекмелерге тек қана сәйкес жағдайларда ғана қабылдануын қамтамасыз ететін тексерудің қатаң тәртіптерін орнату керек.
126. Интернат типті мекемелерде тығыз тәрбиешінің балаға назарын аудыруын, сәйкес жағдайларда, нақты бір тәрбиешімен сенімді қарым-қатынасын орнату мүмкіндігін мемлекеттер қамтамасыз ету керек. Тәрбиешілер, сондай-ақ күтім көрсету міндеттері мен мақсаттарын тиімді орындап, балаларға қамқорлық көрсететіндей етіп бөліну керек.
127. Заң, саясат және ережелер ұйым, мекеме немесе жеке тұлғалардың тарапынан балаларды интернат типті мекемелерге орналастыруға тарту мен айдауға тыйым салу керек.
D. Тексеру және бақылау
128. Күтім көрсетумен айналысатын ұйымдар, мекемелер мен мамандар, бұдан басқа, әңгімелесу мен қызметкерлер және балаларға бақылау жүргізе отырып, жоспарлы және хабарланбаған тексерулерді қоса, жеке тексерулерді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органға есеп беру керек.
129. Тексеру қызметтеріне мүмкіндігі мен парасаттылығына қарай, мамандарды дайындау мен балаларға күтім көрсету мекемелердің әлеуетін нығайту компоненттері кіру керек.
130. Мемлекеттер адам құқықтарын ынталандыру және қорғаумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты принциптерді тиісті түрде ескере отырып, тәуелсіз ұлттық бақылаушы тетікті құруды ынталандыру керек («Париж принциптері»)8. Бұл бақылаушы тетік балалар, ата-аналар және ата-ана күтімінсіз қалған балаларға жауапты тұлғаларға қол жетімді болу керек. Бақылау тетіктерінің функцияларына келесілер кіру керек:
a) шағым немесе өзіндік бастама бойынша балама күтімнің барлық формалары көрсетілетін балалармен құпия түрде кеңес өткізу, олардың тұру жерлеріне бару және балалардың құқықтарының бұзылуының болжамды жағдайларын тергеу;
b) ата-ана күтімінен айырылған балаларға қарым-қатынасты жақсарту мен оның балалардың қорғанысы, денсаулығы, демуі мен оларға күтім мәселелері бойынша зерттеу нәтижелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында сәйкес биліктер үшін саясатқа қатысты ұсыныстар әзірлеу;
c) заңнамалық акт жобаларына қатысты ұсыныстар мен ескертулерді енгізу;
d) Бала құқықтары туралы конвенцияға 2 сәйкес баяндмаларады ұсыну, соның ішінде мемлекеттердің осы Жетекші нұсқауларды орындауға қатысты бөлімінде Бала құқықтары туралы комитетке мерзімдік баяндамаларын ұсыну үдерісіне тәуелсіз септігін тигізу.
______________________________
8 48/134 қарар, қосымша.
E. Күтім көрсету аяқталғаннан кейінгі қолдау
131. Мекеме және ұйымның күтім көрсету аяқталғаннан кейін және/немесе әрі қарайғы шараларға қажетті қолдауды қамтамасыз ету үшін, олардың балалармен жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарының аяқталуына қатысты нақты саясаты болу керек және олар келісілген іс-шаралар өткізу керек. Күтім көрсету мерзімінің барысында ең әуелі жергілікті қауым өміріне қатысу септігін тигізетін әлеуметтік және өмірлік дағдыларды иелену жолымен қауымға толық бірігіп, өзідігінен өзін қамтамасыз ете алатындай баланы жүйелі түрде дайындау керек.
132. Қамқорлықтан күтім көрсетудің аяқталу кезеңіне өту кезінде, ең әуелі қанауды болдырмау үшін, баланың жынысын, жасын, кемелдігін және ерекше жағдайларын ескеріп, кеңес беріп, қолдау көрсету керек. Күтім көрсетілген ортадан кеткен балаларды күтім аяқталғаннан кейінгі өмірді жоспарлауға жұмылдыру керек. Ерекше қажеттіліктері бар балалар, мысалы мүгедектер, интернат мекмелерге қажетсіз орналасуды болдырмайтын сәйкес қолдау жүйесінің қызметтерін қолдану керек. Мемлекеттік және жеке меншік сектор кәсіпорындарының әр түрлі күтім көрсету қызметерінен, әсіресе ерекше қажеттіліктері бар балаларды жұмысқа алуын көтермелеу керек.
133. Мүмкіндігінше, әр балаға күтім көрсету аяқталғаннан кейінгі өз бетінше өмірге өтуді жеңілдететін арнайы қызметкердің бөлінуіне аса назар аудару керек.
134. Күтім көрсету аяқталғаннан кейінгі өмірге дайындық кез келген жағдайда бала оған күтім көрсетілген мекеме немесе ортадан кететін уақыттан бұрын және оны қамқорлыққа алғаннан кейін барынша ертерек басталу керек.
135. Жалпы және кәсіби дайындық бойынша жүйелі түрде мүмкіндіктер беру оларға күтім көрсетілген мекеме немесе ортадан кеткен жас адамдарға қаржылық тұрғыдан тәуелсіз әрі жеке табыс табу үшін көмектесетін өмірлік дағдыларды қалыптастырудың бір бөлігін құрау керек.
136. Оларға күтім көрсетілген мекемеден немесе ортадан кеткен, сондай-ақ осындай күтім көрсету аяқталғаннан кейін жас адамдарға сәйкес қаржылай көмекпен бірге әлеуметтік, заңдылық және медициналық қызметке қол жетімділікті қамтамасыз ету керек.
VIII. Олардың тұрақты тұратын мемлекетінен тыс жерлерде балалар үшін күтім
А. Баланы қамқорлыққа шетелге орналастыру
137. Осы Жетекшілік нұсқаулар баланы медициналық емдеу, уақытша болу, демалыс немесе басқа себептер болсын, оның тұрақты тұратын мемлекетінен ерекшеленетін мемлекетке қамқорлыққа жіберумен айналысатын мемлекеттік, жеке меншік ұйымдарға және барлық тұлғаларға қатысты қолданылады.
138. Сәйкес мемлекеттер әсіресе, қабылдаушы мемлекеттегі тәрбиешілерді таңдау критерилері, күтім мен әрі қарайғы шаралар сапасына қатысты сақталуы керек нақты стандарттарды анықтау, сондай-ақ бұндай қызметтердің әрекеттерін бақылау мен қадағалау үшін жауапты органның болуын қамтамасыз еткен жөн.
139. Бұндай жағдайларда қажетті халықаралық ынтымақтастық пен баланың қорғанысымен қаматамсыз етілу үшін мемлекеттерге табанды түрде 1996 жылғы 19 қазандағы ата-аналық жауапкершілік пен балаларды қорғау бойынша шараларға қатысты заңи құзірет, қолданылатын заңнама, мақұлдау, орандау мен ынтымақтастық туралы Гаагага Конвенциясын9 ратификациялау немесе оған қосылу ұсынылады.
___________________________________________________
9 United Nations, Treaty Series, vol. 2204, No. 39130.
В. Шетелдегі балаға күтім көрсету
140. Осы Жетекші принциптер, сондай-ақ басқа да сәйкес халықаралық ережелер кез келген себептермен оның тұрғылықты мемлекетінен өзге мемлекеттегі күтімді қажет ететін балаға күтім көрсетумен айналысатын барлық тұлғаларға, жеке меншік ұйымдар мен мемлекеттерге қатысты қолданылу керек.
141. Шекарадан тыс ілескен адамы жоқ немесе ажыратылған балар негізінде, сәйкес елдегі жергілікті балалармен теңдей қорғаныс пен күтім дәрежесін қолдану керек.
142. Күтімнің қажетті формасын анықтау кезінде нақты жағдайға байланысты, ілескен адамы жоқ немесе ажыратылған балалардың әр түрлілігі мен ерекшелігін (мысалы, ұлыстық және миграциялық шығу тегі, мәдение және діни алуандық) есепке алу керек.
143. Ілескен адамы жоқ немесе ажыратылған балалар, соның ішінде елге заңсыз арналар арқылы келгендер, негізінде, тек қана ел шекарасы мен оның шекарасында болуды реттейтін заңдарды бұзған үшін бостандықтан айырылмау керек.
144. Адам саудасының құрбандары болып табылатын балалар полициямен тұтқындалып, заңсыз әрекеттерге мәжүрлеу арқылы қатысқаны үшін жазаланбау керек.
145. Ілескен адамы жоқ бала анықталғаннан кейін мемлекеттер оның мәртебесі анықталып, сәйкес шешімдер қабылданғанға дейінгі барлық үдерістер барысында баланың қасында болатын қамқоршы немесе қажет болса, оның күтімі мен амандығына жауап беретін орган арқылы өкілді тағайындағаны жөн.
146. Ілескен адамы жоқ немесе ажыратылған бала қамқорлыққа алынғаннан кейін егер ол баланың ең жарқын мүдделеріне жауап беріп, қатысушы тараптарға қауіп төндірмесе, оның отбасын іздестіріп, оның отбасылық байланыстарын жандандыру үшін барлық мүмкіндікті қолдану керек.
147. Оның құқықтарының ең жақсы қорғалуы мүддесінде ілескен адамы жоқ немесе ажыратылған балалардың болашағын жоспарлау кезінде жәрдемдесу үшін сәйкес мемлекеттік органдар мен әлеуметтік қаматамсыз етуші қызметтер оның тұрғылықты мемлекетіндегі балаға қауіп-қатер мен әлеуметтік және отбасы жағдайын бағалау үшін құжаттар мен ақпарат алуға бар күшін салу керек.
148. Ілескен адамы жоқ немесе ажыратылған балаларды олардың шығу мемлекеттеріне қайтаруға болмайды:
a) егер, тәуекел мен қауіпсіздікті бағалау нәтижелері бойынша бұл баланың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін екендігіне негіз болса;
b) қайтарылғанға дейін шыққан мемлекетте бала үшін жауапкершілікті алуға дайын, ала алатын және оған қажетті күтім мен қорғаныс бере алатын ата-ана, басқа туыс, басқа ересек қамқоршы, мемлекеттік орган немесе уәкілетті мекеме анықталмаса;
c) егер басқа себептермен, құзіретті биліктің бағалауына сәйкес бұл олардың жақсы мүдделеріне жауап бермесе.
149. Жоғарыдағы мақсаттарды ескере отырып, мемлекеттер, аймақтар, жергілікті билік органдары мен азаматтық қоғам ассоциацияларының арасындағы ынтымақтастықты көтермелеп, нығайтып және дамыту керек.
150. Егер ол баланың ең жақсы мүдделеріне жауап беріп, балаға немесе оның отбасына қауіп төндірмесе, консулдық қызметтердің немесе, мүмкін болса, шыққан мемлекеттің заңды өкілдерінің тиімді қатысуын қарастыру керек.
151. Ілескен адамы жоқ немесе ажыратылған балалардың амандығы үшін жауап беретін тұлғалар бала мен оның отбасы арасындағы қарым-қатынасқа, егер ол айқын түрде баланың жарқын мүддлеріне жауап берсе немесе баланың ынтасына қайшы келмесе, үнемі жәрдемдесіп отыру керек.
152. Асырап алу мақсатында қамқорлыққа алу немесе ислам құқығы бойынша кафал ілескен адамы жоқ немесе ажыратылған бала үшін бастапқы лайықты нұсқа ретінде қаралмау керек. Мемлекет бұл нұсқаны тек қана оның ата-анасының, кеңейтілген отбасын немесе дәстүрлі қамқоршыларының орналасу орнын анықтау бойынша жұмыстары нәтижесіз болған кезде ғана қарасыру керек.
IX. Төтенше жағдайлардағы күтім
A. Жетекші нұсқауларды қолдану
153. Осы Жетекшілік нұсқаулар халықаралық және халықаралық емес қарулы қақтығыстарды, сондай-ақ шетелдік басқыншылықты қоса, антропогендік және табиғи апаттарды қосқандағы төтенше жадайларда да қолданылуды жалғасытырады. Төтенше жағдайда ата-анасының күтімінсіз қалған балалардың мүддесінде жұмыс жасағысы келетін тұлғалар мен ұйымдарға осы Жетекші нұсқауға сай әрекет ету ұсынылады.
154. Бұндай жағдайларда балаларға қызмет көрсететін немесе қызмет көрсетуге ниетті мемлекеттерге немесе сәйкес аймақтағы нақты билікке, халықаралық қауымдастықтарға, сондай-ақ жергілікті, ұлттық, шетелдік және халыақаралық ұйымдарға келесілерге аса назар аудару қажет:
a) ілескен адамы жоқ немесе ажыратылған балалармен айналыстаны ұйымдар мен тұлғалардың оны тиісті түрде жасау үшін қажетті тәжірибесі, дайындығы, ресурстары мен құралдары бар болуын қаматамасыз ету;
b) қажеттілігіне қарай, отбасы негізіндегі уақытша және тұрақты күтім жүйесін;
c) интернат типті мекемелердегі күтімді отбасы негізігнде күтім жүйесі табылғанға дейінгі уақытша шара ретінде ғана қолдану;
d) тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде балалардың үлкен топтарына бір уақытта күтім көрсетуге арналған интернат типті жаңа мекемелерді құруға тыйым салу;
e) төмендегі 160 тармақта көрсетілген жағдайлардан басқа, балалардың халықаралық орын ауысын алды алу керек;
f) отбасын іздеу мен отбасына біріктіру бойынша күштерге жәрдемдесу туралы міндетті талаптарды енгізу.
Ажыратылудың алдын алу
155. Билік ұйымдары мен органдары тек қана баланың ең жақсы мүдделерінде бұл керек болмаған жағдайлардан басқада, балалардың ата-анасы немесе негізгі күтім көрсетуші тұлғалардан айырылуын болдырмау үшін барлық жағдайды жасай отырып, жеңілдіктерді отбасына емес, тек балаға ғана көрсетіп, баланың отбасынан айырылуыға итермелейтін әрекеттерге жол бермеу керек.
156. Баланың ата-анасы немесе басқа күтім көрсетуші негізгі тұлғалардың бастамасымен ажыратылуды келесі жолдармен алдын алу керек:
a) барлық отбасылар негізгі азық-түліктерге, дәрі-дәрмекке және білім алуды қосқандағы басқа қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету керек;
b) интернат типті мекемелердегі ұстау формаларының дамуын және оларды пайдалануды ол абсолютті қажетті жағдайлармен шектеу.
B. Күті формалары
157. Осы жерде сөз болып отырған балалар тап болатын күтім мен қорғаныс мәселелерін бақылау және шешуді жүзеге асыруға қауымның белсенді қатысуына жәрдемдесу керек.
158. Тәрбиеге беруді қосқандағы баланың туған қауымында күтіммен қамтамасыз етілуді ынталандыру керек, себебі бұл әлеуметтену мен даму үдерістерінде сабақтастықты қамтамасыз етеді.
159. Ілескен адамы жоқ немесе ажыратылған балалар қатыгез қарым-қатынасқа ұшырау мен қанаудың жоғарғы тәуелкілділігіне ұшырау мүмкін болғандықтан, олардың қорғанысын қамтамасыз ету үшін тәрбиешілерге нақты көмек көрсету мен бақылау бойынша шараларды қарастыру керек.
160. Төтенше жағдайларда балаларды денсаулықты сақтау, медициналық ойлардан немесе қауіпсіздік ойларымен байланысты бұлтартпайтын дәлелдемелер негізінде уақытша ғана болмаса, балама күтімді қамтамасыз ету үшін олардың қалыпты тұратын жері мемлекетінен шет мемлекеттерге ауыстырмау керек. Бұндай жағдайларда оларды үйлеріне барынша жақын жерлерге, ата-анасының бірімен немесе балаға таныс қамқоршымен, қайтару жоспары нақты орныққан кезде жіберу керек.
161. Егер отбасына бірігу сәйкес мерзім ішінде мүмкін болмаса немесе баланың ең жақсы мүдделеріне сай келмейді деп саналса, асырап алу немесе ислам құқығы бойынша кафал сынды тұрақты және ақтық шешімдерді қайта қарастырған жөн, ал егер ол мүмкін болмаса, асырап алушы отбасында немесе топтық үйлер және өмір сүрудің басқа бақыланушы формаларын қосақанда, интернат типті сәйкес мекемеде тәрбиелену сияқты басқа ұзақ мерзімді нұсқаларды қарастыру керек.
С. Отбасы іздеу және отбасына қайта біріктіру
162. Ілескен адамы жоқ немесе ажыратылған балаларды жеке басын куәләндіру, тіркеу мен құжаттармен жабдықтау кез келген төтенше жағдайда басымдылыққа ие және ең қысқа мерзімде жүзеге асырылу керек.
163. Тіркеу мемлекеттік органдармен немесе олардың тікелей бақылауы мен осы тапсырманың орындалуына жауап беретін, сәйкес тәжірибесі бар, оған уәкілетті ұйыммен жүргізілу керек.
164. Жиналған ақпаратқа қатысты құпиялықты сақтап, ақпаратты қауіпсіз беру мен сақтаудың жүйелерін әзірлеу керек. Отбасын іздеу, отбасына біріктіру мен күтімді қамтамасыз ету мақсатында ақпартты тек қана тиісті түрде уәкілетті ұйымдарға беру керек.
165. Отбасы мүшелерін немесе негізгі заңды немесе дәстүрлі қамқоршыларды іздеумен айналысатын барлық тұлғалар мүмкіндігінше стандарт формалар мен өзара үйлесімді үдерістерді қолдана отырып, келісілген жүйе шеңберінде әрекет ету керек. Бала және басқа мүдделі тұлғаларға олардың әрекеттері нәтижесінде қауіп төнбеу керек.
166. Туыстықтың шынайылылығы және бала мен отбасы мүшелерінің қосылуға дайындығын әр нақты жағдайда тексеру керек. Отбасын іздеу бойынша барлық күш жоққа шығарылғанға дейін асырап алу, есімін ауыстыру немесе отбасының орналасқан орнынан алшақ жерге ауыстыру сынды әлеуетті отбасына біріктірілуге кедергі болатын ешқандай әрекеттерді қолдануға жол берілемейді.
167. Баланы қамқорлыққа алу туралы кез келген құжаттама болашақта оны қайта қосуды оңтайландыру мақсатында сенімді әрі қауіпсіз жерде сақталу керек.