Адам құқықтарын қорғау және көтермелеумен айналасатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты қағидалар [Париж қағидалары]

Жаңа

Бас Ассамблеяның 48/134 Қарарына Қосымша, 1993 жыл 20 желтоқсан

Өкілеттіктер мен қызметтер

      1. Ұлттық мекемелерге адам құқықтарын қорғау және көтермелеу міндеті жүктеледі.
      2. Ұлттық мекемелерге құрамы мен жүзеге асыру аясын анықтайтын конституциялық немесе заңнамалық актілерде айқын белгіленетін барынша ауқымды өкілеттіктер беріледі.
      3. Ұлттық мекемелер, атап айтқанда, төмендегідей қызметтерді атқарады:
      а) үкіметке, парламентке және де тағы басқа да кез-келген құзыретті органға кеңес беру негізінде, мүдделі органдар өтініші бойынша немесе өзінен жоғары тұрған инстанцияға жүгінбей кез-келген мәселені қарастыру құқығын жүзеге асыру арқылы адам құқықтарын қорғау мен көтермелеуге қатысты мәселелер бойынша пікірлерін, ұсыныстарын, кеңестерін және де баяндамаларын ұсынады; ұлттық мекеме аталған құжаттарды жариялау туралы шешімді қабылдай алады; бұл қорытындылар, ұсыныстар, кеңестер мен баяндамалар, сондай-ақ кез-келген басқа да ұлттық мекеменің дәргейі келесідей салаларға жатады:
      i) кез-келген заңнамалық және әкімшілік ережелер, сонымен қатар соттық органдарға қатысты және адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыздандыру мен қамтамасыздандырылуын күшейтуге бағытталған ережелер; осыған орай ұлттық мекеме қолданыстағы заңнама мен әкімшілік ережелерді, сонымен қатар заңнамалық жобалар мен ұсыныстарды зерттейді және осы ережелердің адам құқықтарының саласындағы негізгі қағидаларға сәйкестілігін қамтамасыздандыру үшін лайықты деп тапқан ұсыныстарды шығарады; қажет болған жағдайда жаңа заңнаманың қабылдануын, қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізілуін және де әкімшілік шаралардың қабылдануын немесе өзгертілуін ұсынады;
      ii) қарастыру қажет деп шешетін кез-келген адам құқығының бұзылуы орын алған жағдай;
      iii) жалпылама адам құқықтарына қатысты, сонымен қатар нақты бір мәселе туралы мемлекеттегі ережелер туралы баяндамалар дайындау;
      iv) мемлекеттің кез-келген бір аймағында орын алған адам құқығының бұзылу жағдайларына үкіметтің назарын салу, үкіметке осындай бұзушылықтарды бұлтартпауға бағытталған шараларға қатысты ұсыныстар беру, және қажет болған жағдайда үкіметтің оған деген реакциясы мен ұстанатын ұстанымына қатысты өз пікірін айту;
      b) ұлттық заңнаманың, ережелер мен тәжірибенің сол мемлекетті қатысушысы болып табылатын адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттармен келісім табуын қамтамасыздандырады және көтермелейді, және олардың тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
      с) жоғарыда аталған құжаттардың ратификациясына немесе оларға қосылуына ат салысады және олардың тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
      d) мемлекеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымының комитеттері мен органдарына, сонымен қатар өздеріне келісімшарт жүктелген міндеттемелерін орындау үшін аймақтық мекемелерге ұсынатын баяндамаларын дайындауға қатысады, қажет болған жағдайда олардың тәуелсіздігін тиісінше сақтай отырып, аталмыш мәселе бойынша өз пікірін білдіреді;
      е) Біріккен Ұлттар Ұйымымен және де Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің тағы басқа да кез-келген ұйымдарымен, аймақтық мекемелермен және адам құқықтарын қорғау және көтермелеу мәселелері бойынша құзыретті басқа да мемлекеттердің ұлттық мекемелерімен ықтымақтастық орнату;
      f) адам құқықтары бойынша оқу және зерттеу бағдарламаларын дайындауда көмек көрсету және олардың мектептерде, университеттерде және кәсіби орталарда жүзеге асырылуына қатысу;
      g) адам құқықтары саласындағы ережелерді жариялау және қоғамның хабардар болуын арттыру арқылы, атап айтқанда ақпараттандыру және ағарту қызметі арқылы, сондай-ақ, барлық баспа органдарын пайдалану арқылы дискриминацияның барлық түрлеріне, әсіресе нәсілдік дискриминацияға қарсы күресті күшейтуге ат салысу.

Тәуелсіздік пен плюрализм құрамы мен кепілдіктері

      1. Ұлттық мекеменің құрамы мен оның мүшелерін сайлау немесе өзге де әдістермен тағайындау тәртібі адам құқықтарын қорғау мен көтермелеу бойынша қызметтерге қатысатын атап айтқанда, өкілдермен тиімді түрде ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік беретін уәкілеттіктерді пайдалану арқылы немесе өкілдердің қатысуы арқылы қоғамдық күштердің (азаматтық қоғамның) плюралистік өкілеттіктерін қамтамасыздандыру үшін барлық қажетті кепілдіктерін қарастыратын іс-шараларға сәйкес белгіленеді:
      а) адам құқықтары және нәсілдік дискриминацияға қарсы күрес мәселелерімен айналасатын үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, тиісті қоғамдық және кәсіби ұйымдардың, мысалы заңгерлер, дәрігерлер, журналистер және тағы басқа да танымал ғалымдардың ассоциацияларының;
      b) түрлі философиялық және діни ағымдардың;
      с) университеттер мен білікті сарапшылардың;
      d) парламенттің;
      е) үкіметтік мекемелердің ( мұндай жағдайда олардың өкілдері мәселелерді қарастыруға тек кеңесші ретінде қатысады).
      2. Ұлттық мекеменің оның қызметінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыздандыратын инфрақұрылымы, атап айтқанда жеткілікті түрде қаржыландырылуы тиіс. Мұндай қаражыландырудың мақсаты үкіметтен тәуелсіз болу үшін ұлттық мекемеге өзінің қызметкерлері мен жұмыс орындарының болу мүмкіндігін қамтамасыздандыру және тәуелсіздігіне әсер ететіндей қаржылық бақылау астына алынбау болып табылады.
      3. Шынайы тәуелсіздіктің негізі болып табылатын мекеме мүшелері мандатының тұрақтылығын қамтамасыздандыру үшін олардың тағайындалуы мандаттың нақты жұмыс атқару мерзімі көрсетілетін ресми актімен рәсімделеді. Мандат ұлттық мекеме құрамының плюралистік сипатын қамтамасыздандыру үшін қажет болған жағдайда ғана жаңартылуы мүмкін.

Жұмыс істеу тәсілдері

      Өз қызметі аясында ұлттық мекеме:
      а) үкімет тарапынан ұсынылған ба, жоқ па немесе өзінен жоғары тұрған инстанцияға жүгіне отырып қарастыруға қабылданған ба одан тәуелсіз оның мүшелерінің немесе кез-келген өтініш білдірушінің ұсынысы бойынша қызмет саласына байланысты кез-келген мәселелерді еркін қарастырады;
      b) қызмет саласына байланысты жағдайды бағалау үшін қажетті кез-келген құжаттарды, кез-келген ақпаратты алады және кез-келген тұлғаны таңдайды;
      с) кез-келген баспа органы арқылы немесе тікелей қоғамға сөз салу, негізінен өз пікірлері мен ұсыныстарын жариялау үшін;
      d) тұрақты түрде және қажет болған жағдайда, тиісті түрде хабарландырылған соң барлық мүшелерінің қатысуымен отырыстар өткізеді;
      е) қажет болған жағдайда мүшелерінің құрамынан топтар және қызметтерін жүзеге асыруда қолғабыс ету мақсатында жергілікті немесе аймақтық бөлімдер құрады;
      f) адам құқықтарын қорғау және көтермелеумен айналасатын басқа соттық және соттық емес органдармен (атап айтқанда, омбудсмендермен, төрешілермен немесе басқа да бара-бар органдармен) кеңес жүргізеді;
      g) үкіметтік ұйымдардың ұлттық ұйымдар қызметінің кеңейтуде атқаратын рөлін ескере отырып, адам құқықтарын қорғау және көтермелеумен, әлеуметтік және экономикалық дамытумен, нәсілшілдікке қарсы күреспен, айрықша осал топтарды (атап айтқанда, балаларды, еңбек етуші мигранттарды, босқындарды, физикалық және ақыл-ес кемістігі бар тұлғаларды) қорғаумен немесе басқа да арнайы мәселелермен айналасатын үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасты нығайтады.

Соттық сыңайлы өкілеттіктері бар комиссия мәртебесіне қатысты қосымша қағидалар

      Ұлттық мекеме жекелеген тұлғаларға қатысты шағымдар мен өтініштерді тыңдауға және қарастыруға өкілетті. Оған материалдарды жекелеген тұлғалар, олардың өкілдері, үшінші жақ тұлғалары, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтар ассоциациялары немесе өзге де кез-келген өкілеттік ұйымдар бере алады. Мұндай жағдайда комиссияның басқа өкілеттіктеріне қатысты жоғарыда айтылған қағидалар үшін залал келтірілмей жүктелген қызметтер келесідей қағидаларға негізделуі мүмкін:
      а) ымыраға келу, немесе заңмен орнатылған қағидалар аясында міндетті шешімдер шығару арқылы немесе қажет болған жағдайда құпиялыллық негізінде бейбіт жолмен реттеу;
      b) өтініш берген тарапты оның құқықтары туралы, атап айтқанда, қолында бар құқықтық қорғаныс құралдары туралы хабарлау және оларға қол жеткізу үшін қолғабыс ету;
      с) кез-келген шағымдарды немесе арыз-өтініштерді тыңдау немесе оларды заңмен орнатылған өкілеттіктер аясында құзыретті органға жіберу;
      d) құзыретті органдарға заңдарға, ережелер мен әкімшілік тәжірибеге, негізінен арыз-талап берген тұлғалар тап болған қиыншылықтар себебі болып табылған жағдайда олардың құқықтарын қорғау үшін енгізілетін түзетулер немесе өзгертулерді ұсыну арқылы ұсыныстар беру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады