1 Бап
Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар оларға заңмен жүктелген қоғамға қызмет, мамандықтары талап ететіндей жоғары деңгейлі жауапкершілікке сәйкес құқыққа қарама-қайшы іс-әрекеттерден барлық тұлғаларды қорғау секілді міндеттерін тұрақты түрде орындайды.
Түсініктеме:
а) "тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар" термині құқықты қолданумен байланысты полицейлік өкілеттіктерді, әсіресе құқық бұзушыларды тұтқындау өкілеттіктерін орындайтын барлық тағайынданбалы немесе сайланбалы лауазымды тұлғаларды қамтиды;
b) полицейлік өкілеттіктер формадағы немесе азаматтық киімдегі әскери биліктің өкілдерімен немесе мемлекеттік қауіпсіздік күштерімен жүзеге асырылатын болса, онда "тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар" термині осындай қызметтердің қызметкерлерін қамтиды;
с) мұнда қоғамға қызмет құрамына атап айтқанда, жеке, экономикалық, әлеуметтік немесе басқа да төтенше сипаттағы себептер бойынша жедел жәрдемді қажет ететін қоғам мүшелеріне қызмет немесе көмек көрсету кіретіні меңзеледі;
d) мұндағы меңзелетіні, мұндай ереже барлық зорлық-зомбылық, ұрлау немесе зиянды іс-әрекеттерге ғана емес, сонымен қатар қылмыстық заңдарға сәйкес орнатылған тиымдардың барлығына қатысты қолданылады. Ол қылмыстық жауапкершілікті тартуға қабілетсіз тұлғалардың тәртібіне де қатысты қолданылады.
2 Бап
Өз міндеттерін орындау барысында тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар адам абыройын құрметтейді және қорғайды және де сонымен қатар барлық тұлғаларға қатысты адам құқықтарын қолдайды және қорғайды.
Түсініктеме:
а) белгіленген адам құқықтары ұлттық және халықаралық құқықпен орнатылады және қорғалады. Тиісті халықаралық құжаттарға жатады адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларациясы, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакті, азаптаулар және де басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе абыройын төмендететін қарым-қатынас пен жаза түрлерінен барлық тұлғаларды қорғау туралы Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының нәсілдік дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Декларациясы, нәсілдік дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Халықаралық конвенция, апартеид қылмысын бұлтартпау және оны жазалау туралы Халықаралық конвенция, геноцид қылмысы және ол үшін жазалау туралы Конвенция, қамауға алынғандармен қарым-қатынастың Минималды стандартты ережелері және консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы.
b) осы ережеге ұлттық түініктемелерде осы құқықтарды орнататын және қорғайтын ұлттық немесе аймақтық ережелер берілуі тиіс.
3 Бап
Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар тек аса қажет болған жағдайда ғана, және олардың міндеттерін орындау талабына сәйкес түрде ғана күш қолдана алады.
Түсініктеме:
а) бұл ережеде ерекше атап өтетіні, тәртіп сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың күш қолдануы тек қана ерекше сипатты жағдайда орын алуы тиіс; алайда мұндағы тәртіп сақтау бойынша лауазымды тұлғалар белгілі бір жағдайларда қылмыстың алдын алу мақсатында немесе құқық бұзушыларды немесе күдікті құқық бұзушыларды заңды түрде ұстау барысында немесе осындай тұтқындау болған жағдайда көмек көрсету барысында орынды түрде қажет болса күш қолдануға құқылы, бірақ осы мақсаттарда қажетті шектен асып кететін күш қолданыла алмайды.
b) ұлттық заңнама әдетте пропорционалдық қағидасына сәйкес тәртіп сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың күш қолдануын шектейді. Мұны былайша түсінуге болады, осы ережені түсіндіру барысында пропорционалдылықтың ұлттық қағидалары құрметтелуі тиіс. Бұл ереже заңды мақсатқа сәйкес келмейтін шектен тыс күш қолдануға өкілеттік беретіндей түсіндірілуіне ешбір жағдайда жол берілмеуі тиіс.
с) оқпен ататын қаруды қолдану аса қатты қажеттілік болып есептеледі. Оқпен ататын қаруды қолдануға жол бермес үшін бар күшті салу қажет, әсіресе балаларға қарсы. Әдетте, оқпен ататын қару қолданылмауы тиіс, тек қана күдікті құқық бұзушының қарулы қарсылық көрсеткен немесе басқа түрде де басқалардың өміріне қауіп төндірген жағдайларды және күдікті құқық бұзушыны ұстау немесе тию үшін төтенше сипаты басқа шаралар қолдану жеткіліксіз болған жағдайларды есепке алмағанда. Оқпен ататын қаруды қолданудың әрбір жағдайында жедел түрде құзыретті билік органдарына хабарлану қажет.
4 Бап
Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың қолына түсетін құпия мәліметтер құпия түрде сақталады, егер де міндеттері немесе әділетті заң талабы басқаны талап етпесе.
Түсініктеме:
Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар өз міндеттерінің сипаттамасы бойынша басқа тұлғалардың жеке өміріне қатысты болуы мүмкін немесе осындай тұлғалардың мүдделеріне және әсіресе абыройына ықтимал зиянды ақпаратты алады. Міндеттерді орындау барысында ғана немесе әділ сот мақсатында жарияланатын мұндай ақпаратты сақтау және пайдалану барысында аса сақ болу қажет. Мұндай ақпараттың басқа мақсаттарда кез-келген түрде жариялануы толықтай заңға қарама-қайшы.
5 Бап
Бірде бір тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлға өз алдына азаптаулар және де басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе абыройын төмендететін қарым-қатынас пен жаза түрлері болып табылатын кез-келген іс-әрекетті жүзеге асыруына, оны істеуге арандатуға немесе оған шыдамдылықпен қарауына болмайды және бірде бір тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлға азаптаулар және де басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе абыройын төмендететін қарым-қатынас пен жазаларды ақтау мақсатында жоғарыда тұрған лауазымды тұлғалардың бұйыруына немесе соғыс жағдайы немесе соғыс басталу қаупі, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп, ішкі саяси тұрақсыздық немесе басқа да кез-келген төтенше жағдайға жүгіне алмайды.
Түсініктеме:
а) аталмыш тиым Бас Ассамблеямен қабылданған азаптаулар және де басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе абыройын төмендететін қарым-қатынас пен жаза түрлерінен барлық тұлғаларды қорғау туралы Декларациядан келіп шығады, соған сәйкес:
"[мұндай іс-әрекет] адам абыройын таптау болып табылады және де Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттарын бұзу, адам құқықтарының Жалпыға ортақ Декларациясында [адам құқықтарына қатысты басқа да халықаралық құжаттарда] жарияланған адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын бұзу болып саналып, сол үшін айыпталады";
b) Декларация азаптауды келесідей түрде анықтайды:
"... азаптау адамға қасақана қатты жапа шектіру немесе азап көрсету, денесіне немесе санасына,одан немесе үшінші жақ тұлғадан ақпарат алу немесе мойындату, жасаған іс-әрекеті үшін немесе жасады деп күдіктеніп жазалау немесе оны немесе басқа адамдарды қорқыту мақсатында ресми тұлға тарапынан немесе айдап салу арқылы орындалатын кез-келген іс-әрекетті білдіреді. Бұл анықтама құрамына Минималды стандартты қамауға алынғандармен қарым-қатынас ережелеріне барынша сәйкес тек қана заңды түрде бас бостандығынан айырылу салдарынан және осындай жағдайға тап болу әсерінен немесе салдарынан туындайтын жапа немесе азап".
с) "қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе абыройын төмендететін қарым-қатынас пен жаза" ұғымы Бас Ассамблеямен анықталмаған, алайда оны мүмкіндігінше физикалық, сондай-ақ психологиялық сипаттағы асыра пайдаланудан кеңінен қорғалуын қамтамасыздандыратындай түсініктеме беру қажет.
6 Бап
Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар олардың тұтқындаған тұлғаларының денсаулығын толыққанды қамтамасыз етеді, атап айтқанда, қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жедел түрде қолданады.
Түсініктеме:
а) "медициналық көмек" ұғымының астарында кез-келген медициналық дәрігердің, оның ішінде тиісті куәлігі бар практик дәрігер және медициналық қосалқы қызметкерлердің көрсететін қызметтері, аталмыш қызметтер қажет болған жағдайда немесе өтініш бойынша көрсетіледі;
b) медициналық қызметкерлер әдетте тәртіпті сақтау бойынша қызметтерін қоса атқаратындықтан, тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар медициналық қызметкер тәртіпті сақтау бойынша атқарылатын қызметтерге қатыспайтын медициналық қызметкердің кеңесіне немесе көмегіне жүгініп, тұтқындалған тұлғаға тиісті медициналық көмек көрсетуді ұсынған кезде осы қызметкерлердің пікірін есепке алуы қажет;
с) тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар құқық бұзушылық құрбандарына немесе құқық бұзушылық барысында орын алған оқыс оқиғаның құрбандарына медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз етеді деп түсіндіріледі.
7 Бап
Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар қандай да бір сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне бармайды. Олар мұндай сипаттағы кез-келген іс-әрекеттерге барынша кедергі болып, олармен күреседі.
Түсініктеме:
а) сыбайлас жемқорлықтың кез-келген іс-әрекеті кез-келген басқа да билікті асыра пайдалану секілді тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар деген қызметтік мәртебесімен үйлесім таппайды. Сыбайлас жемқорлық әрекетіне барған тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалның кез-келгеніне толыққанды заң қолданылуы қажет, себебі, егер де олар өздерінің лауазымды тұлғалары заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге ниет білдірмесе немесе өз мекемелері аясында қамтамасыз ете алмаса үкіметтер азаматтарынан тәртіпті сақтауын күте алмайды;
b) жемқорлық ұғымы ұлттық заңға сәйкес анықталуы тиіс болса да, ол міндеттерді орындау барысында немесе талап етілген немесе қабылданған сыйлықтар, уәделер немесе соған ынталандырма немесе оларды әрекет немесе әрекетсіздік орын алған әрбір жағдайда заңсыз алу осы міндеттерді орындау себебінен қандай да бір іс-әрекетті орындау немесе орындамауын қамтиды;
с) жоғарыда айтылған "жемқорлық әрекеті" ұғымын сыбайласуға талпынысты қамтитын ұғым ретінде қабылдау қажет.
8 Бап
Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар осы кодекс пен заңды құрметтейді. Сонымен қатар олар бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, барлық бұзушылықтарға барынша қолдан келер шаралармен қарсылық танытып, олардың алдын алады.
Осы Кодекстің бұзылуы орын алды немесе орын алуы мүмкін деп есептеуге негіз туындаған жағдайда тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар жоғары тұрған инстанцияларға хабарлайды, қажет болған жағдайда орын алған оқиға жайлы қадағалау немесе құқықтық бақылау жүргізу бойынша құзыреттіліктерге ие басқа да инстанциялар мен органдарға хабарлайды.
Түсініктеме:
а) осы Кодекс ұлттық заңнама немесе тәжірибеге қосылған кезде барлық жағдайда сақталуы тиіс. Егер де заңнама немесе тәжірибе бойынша осы Кодекстің ережелерімен салыстырғанда одан да қатал ережелерді қарастырған болса, онда бірінші болып мыналар сақталады:
b) осы бап біріншіден көбіне қоғамдық қауіпсіздік соған байланысты болғандықтан, мекемедегі ішкі тәртіпті сақтау қажеттілігімен, екіншіден адам құқықтарының негізгі құқықтарының бұзылуына қарсы күрес қажеттілігі арасындағы теңдікті сақтауға бағытталған. Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар инстанциялар бойынша орын алған бұзушылықтар туралы хабарлайды және басқа қалған мүмкіндіктер болмаған немесе тиімді болған жағдайда ғана инстанциядан тыс өзге құқықтық іс-әрекеттерді қолданады. Тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік немесе өзге де жаза түрлері қолданылмайды, себебі олар осы Кодекстің бұзылуы туралы немесе бұзылу мүмкіндігі туралы хабарлады.
с) "қадағалау немесе құқықтық бақылау бойынша құзыреттіліктерге ие тиісті инстанциялар немесе органдар" ұғымының құрамына қолданыстағы ұлттық құқықтар негізінде құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі мекемелердің аясында, сондай-ақ оларға тәуелсіз статуттық, күнделікті қалыпты немесе тағы басқа да құзыреттіліктермен осы Кодекстің әрекет ету саласындағы орын алған бұзушылықтарға байланысты барлық шағымдар мен наразылықтарды қарастыратын кез-келген мекеме немесе орган кіреді;
d) бірқатар мемлекеттерде бұқаралық ақпарат құралдары жоғарыда берілген с) тармақшасында сипатталғандай шағымдарды қарастыру бойынша қызметтерді орындайтын мекемелер ретінде қарастырылады. Сондықтан да тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар аса қажет жағдайды негізге ала отырып заңдар мен өз елдерінің дәстүрлеріне сәйкес, сонымен қатар осы Кодекстің 4-бабына сәйкес мұндай бұзушылықтарға бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударуына болады;
е) осы Кодекстің ережелерін қатаң сақтанатын тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалар мақтауға, қоғам және өздері қызмет ететін тәртіпті сақтау жөніндегі мекемелердің, сондай-ақ тәртіпті сақтау жұмысына тартылған басқа да тұлғалар тарапынан толықтай қолдау көрсетілуге және ынтымақтастық орнатуға лайық.