Қазақстан Республикасының Геноцид қылмысының алдын алу және ол үшiн жазалау туралы конвенцияға қосылуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы N 244 Заңы

      Қазақстан Республикасы 1948 жылғы 9 желтоқсанда қабылданған Геноцид қылмысының алдын алу және ол үшiн жазалау туралы конвенцияға қосылсын.

      Қазақстан Республикасының
           Президентi

1948 жылғы 9 желтоқсандағы геноцид қылмысының алдын алу және ол
үшін жазалау туралы Конвенция       (1998 жылғы 24 қарашада күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1946 жылғы 11 желтоқсандағы 96 (1) қарарында геноцидтің халықаралық құқықтар нормасын бұзатын және Біріккен Ұлттар Ұйымының қасиеті мен мен мақсатына қайшы келтіретін қылмыс болып табылатындығын және өркениетті әлемнің оны айыптайтынын 1946 жылғы 11 желтоқсандағы 96 (1) қарарында хабарлағандығын ескере отырып, геноцидтің бірнеше жыл бойы адамзатқа үлкен шығын келтіргенін мойындай отырып және адамзатты осындай бақытсыздықтан арылту үшін халықаралық ынтымақтастықтың қажет екендігіне көз жеткізе отырып, келісуші Тараптар төменде көрсетілгендерге келіседі:

I бап

      Келісуші Тараптар геноцидтің бейбіт немесе соғыс кезеңінде жасалғанына қарамастан халықаралық құқық нормасын бұзатын қылмыс болып табылатынын растайды және оған қарсы алдын алу шараларын және қылмыс жасалғанда оған жаза қолдануға міндеттеледі.

II бап

      Осы Конвенцияда геноцид ұғымымен төмендегілер сияқты қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтарды толықтай немесе ішінара жою пиғылымен жасалған келесі әрекеттер түсіндіріледі:
      а) осы топ мүшелерін өлтіру;
      b) осы топ мүшелерінің денесін жарақаттау немесе осы топ мүшелерінің ақылойына зиян келтіру;
      с) қандай да бір топ үшін оны толықтай немесе ішінара жоюға жағдай туғызу;
      d) осындай топ арасында бала тууды болдырмау шаралары;
      е) адамдардың бір тобынан екінші топқа балаларды күштеп беру.

III бап

      Жазаға тартылатын келесі әрекеттер:
      а) геноцид;
      b) геноцид жасау мақсатындағы қастандық;
      с) тікелей және көпшілік алдында геноцид жасауға азғырушылық;
      d) геноцид жасауға оқталу;
      е) геноцидке қатысушылық.

IV бап

      Геноцид немесе III бапта көрсетілген қандай да бір әрекеттерді жасаушы тұлғалар үкімет конституциясы бойынша олар жауапты, лауазымды немесе жеке тұлғалар болып табылатындығына қарамастан жазаға тартылады.

V бап

      Осы Конвенция ережелерін күшіне енгізу үшін Келісуші Тараптар өздерінің конституциялық процедурасына сәйкес қажетті заңнаманы орындауға, сонымен қатар геноцид немесе III бапта көрсетілген қылмыстардың жасалуына кінәлі тұлғаларды жазалау үшін тиімді шараларды қарастыруға міндеттеледі.

VI бап

      Геноцидтің немесе III бапта көрсетілген басқа әрекеттердің жасалуына кінәлі тұлғалар осы әрекет жасалған аумақтағы мемлекеттің құзырлы сотымен немесе осындай соттың заңды құзырын мақұлдаған осы Конвенцияның Тараптарына қатысты заңды құзыры бар халықаралық қылмыстық сотпен сотталуы керек.

VII бап

      Кінәлілерді әшкерелеуге қатысты геноцид немесе III бапта көрсетілген басқа да әрекеттер саяси қылмыс сияқты қарастырылмайды. Бұндай жағдайда Келісуші Тараптар әшкерелеуді өз заңнамасына және қолданыстағы шарттарға сәйкес жүзеге асыруға міндеттеледі.

VIII бап

Осы Конвенцияның әрбір қатысушысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелеріне сәйкес геноцид актісінің немесе III бапта көрсетілген әрекеттердің біреуінің алдын алу және бұлтартпау мақсатындағы барлық қажетті шараларды қолдану талабымен Біріккен Ұлттардың тиісті органына жүгіне алады.

IX бап

      Геноцидті немесе III бапта көрсетілген әрекеттердің біреуін жасағаны үшін сол немесе басқа мемлекеттің жауапкершілігіне қатысты дауларды қоса, Тараптардың кез келгенінің талабы бойынша осы Конвенцияны түсіндіру, қолдану немесе орындау мәселелері жөнінде келісуші Тараптар арасындағы даулар Халықаралық Соттың қарауына жіберіледі.

X бап

      Тең дәрежеге барабар болып табылатын ағылшын, қытай, испан, француз және орыс мәтіндеріндегі осы Конвенция 1948 жылдың 9 желтоқсан күнімен белгіленеді.

XI бап

      Осы Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымының кез келген мүшесі және Ұйым мүшесі бола алмаған, Бас Ассамблеядан шақырту алған кез келген мемлекет атынан 1949 жылдың 31 желтоқсанына дейін қол қою үшін ашық болады. Осы Конвенция бекітуге жатады және бекіту туралы актілер Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысында сақталады.
      1950 жылдың 1 қаңтарынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының кез келген мүшесі және осы ұйымның мүшесі бола алмаған, маңыздылығы жоғары шақырту алған кез келген мемлекет осы Конвенцияға қосыла алады.
      Қосылу туралы акт Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысында сақталады.

XII бап

      Келісуші Тараптардың кез келгені Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысының атына хабарлама жіберу арқылы кез келген уақытта өзі жауапты барлық немесе кейбір аумақтарға сыртқы қатынастарды жүргізу үшін осы Конвенцияның қолданысын тарата алады.

XIII бап

      Бекіту немесе қосылу туралы бірінші жиырма акті Бас Хатшының сақтауына берілген күні бас Хатшы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық мемлекеттер мен XI бапта қарастырылған Ұйым мүшесі бола алмаған барлық мемлекеттерге көшірме түрінде жолданылатын Хаттаманы дайындайды.
      Осы Конвенция бекіту немесе қосылу туралы жиырмасыншы актінің сақталу күнінен бастап тоқсаныншы күні қолданысқа енеді.
      Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін алынған бекіту және қосылу туралы актілер Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының сақтауына берілген күннен бастап тоқсаныншы күні қолданысқа енеді.

XIV бап

      Осы Конвенция күшіне енген күннен бастап он жыл ішінде жарамды.
      Конвенцияның әрекет етуінің тиісті мерзімінің аяқталуына дейін Келісуші Тараптардың ең аз дегенде алты айға бас тартпауы бойынша Конвенция алдағы бес жылда күшінде болады.
      Бас тарту Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша хабарлау арқылы жүзеге асырылады.

XV бап

      Бас тарту нәтижесінде осы Конвенцияға қатысушылар саны он алтыдан аз болатын болса, соңғы денонсация күшіне енген күні өз әрекетін тоқтатады.

XVI бап

      Осы Конвенцияны қайта қарау туралы талап Бас хатшының атына жазбаша хабарлау арқылы кез келген уақытта Келісуші Тараптардың кез келгенімен берілуі мүмкін.
      Егер Бас Ассамблея қандай да бір шара қолдануды қажет деп таныса, ол осындай талапқа қатысты қандай шара қолдану қажеттігі туралы шешеді.

XVII бап

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелеріне және XI бапта  қарастырылған Ұйым мүшесі бола алмаған мемлекеттерге:
      а) XI бапқа сәйкес алынған қол қою, бекіту және қосылу туралы барлық актілер жайында;
      b) XII бапқа сәйкес алынған барлық өтініштер жайында;
      с) XIII бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшіне енген күні туралы;
      d) XIV бапқа сәйкес алынған бас тарту туралы;
      е) XV бапқа сәйкес Конвенцияның күшін жою туралы;
      f) XVI бапқа сәйкес алынған мәліметтер туралы хабарлайды.

XVIII бап

      Осы Конвенцияның түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мұрағатында сақталады.
      Конвенцияның расталған көшірмелері Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелеріне және XI бапта қарастырылған Ұйым мүшесі бола алмаған мемлекеттерге жіберіледі.

XIX бап

      Осы Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымымен оның күшіне енген күні тіркеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады