Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның үшінші мыңжылдықты қарсы алуға дайындалуы мен өткізуі туралы" 1999 жылғы 15 ақпандағы N 36 U990036_ Жарлығын іске асыру және Қазақстанда үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуға дайындалу жөніндегі 1999 жылы басталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстанда үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуға дайындалу мен өткізу жөніндегі 2000 жылға арналған негізгі іс-шаралардың жоспары бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері, орталық атқарушы органдар Қазақстанда үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуға дайындалу мен өткізу жөніндегі комиссиялардың жұмыс жоспарына тиісті өзгерістер енгізсін.
3. Қазақстанда үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуға дайындалу мен өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 2000 жылға арналған мемлекеттік бюджетте бағдарламалардың атқарылуына жауапты тиісті әкімшілерге көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. "Қазақстанда үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуға дайындалу
мен өткізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 31 наурыздағы N 345
қаулысына (Қазақстан Республикасы
ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 11, 107-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақтың үшінші абзацы "1999 жылға арналған" деген сөздермен
толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанда үшінші мыңжылдықты
қарсы алуға дайындалу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
жоспарында:
тақырыбы "1999 жылға арналған" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 39-жол алынып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 21 қаңтардағы
N 109 қаулысымен бекітілген
Қазақстанда үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуға
дайындалу мен өткізу жөніндегі 2000 жылға арналған
негізгі іс-шаралардың
Жоспары
_______________________________________________________________________
| N | Іс-шаралардың атауы | Іске | Атқарылуы үшін | Іске |
| | | асыру | жауаптылар | асыру |
| | |нысаны | |мерзім.|
| | | | | дері |
|___|____________________________|_______|______________________|_______|
| 1 |Президенттің Жаңа жылдық | Шешім |Астана қаласының әкімі| 2000 |
| |Балын ұйымдастыру | | |жылдың |
| | | | |қаңтары|
|___|____________________________|_______|______________________|_______|
| 2 |Париж қаласында өтетін "Мис.|Ұсыныс |Қазақстанда үшінші | 2000 |
| |сия 2000" парламенттердің | |мыңжылдықты салтанатты|жылдың |
| |жоғары және төменгі палата. | |қарсы алуға дайындалу |наурызы|
| |лары төрағаларының халықара.| |мен өткізу жөніндегі | |
| |лық конференциясына қатысу | |мемлекеттік комиссия | |
|___|____________________________|_______|______________________|_______|
| 3 |Тбилиси қаласында өтетін |Бұйрық |Мәдениетақпаратмині | 2000 |
| |"ХХI ғасырдағы әлем мәдение.| | |жылдың |
| |ті үшін" халықаралық жастар | | | II |
| |конгресіне қатысу | | |тоқсаны|
|___|____________________________|_______|______________________|_______|
| 4 |Нью-Йорк қаласында Біріккен |Ұсыныс |СІМ | 2000 |
| |Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблея. | | |жылдың |
| |сының "Мыңжылдық саммитінің"| | |қыр. |
| |жұмысына қатысу | | |күйегі |
|___|____________________________|_______|______________________|_______|
| 5 |Мәскеу қаласында өтетін ха. |Бұйрық |Мәдениетақпаратмині | 2000 |
| |лықаралық кітап жәрмеңкесі. | | |жылдың |
| |нің жұмысына қатысу | | |қазаны |
|___|____________________________|_______|______________________|_______|
| 6 |Мәскеу қаласында өтетін "ТМД|Бұйрық |Мәдениетақпаратмині | 2000 |
| |елдерінің жастары XXI ғасыр | | |жылдың |
| |табалдырығында" конгресіне | | | III |
| |қатысу | | |тоқсаны|
|___|____________________________|_______|______________________|_______|
| 7 |Лондондағы "Millenium DOM" |Ұсыныс |СІМ, Мәдениетақпарат. | 2000 |
| |көрме орталығына Қазақстан | |мині, Энергетикасауда.|жылдың |
| |Республикасынан экспонаттар | |мині, Ғылымбіліммині, |желтоқ.|
| |ұсыну | |Көлікмині |саны |
|___|____________________________|_______|______________________|_______|
| 8 |"3-мыңжылдық аллеясы" респ-қ|Шешім |Облыстар, Астана мен | Жыл |
| |акциясының ауқымында ағаштар| |Алматы қалаларының |ішінде |
| |отырғызуды жалғастыру | |әкімдері | |
|___|____________________________|_______|______________________|_______|
| 9 |2000 жылдың 31 желтоқсанынан|Шешім |Облыстар, Астана мен | Жыл |
| |2001 жылдың 1 қаңтарына қа. | |Алматы қалаларының |ішінде |
| |раған түні туған нәрселерге | |әкімдері | |
| |ескерткіш сыйлықтар мен кә. | | | |
| |десыйлар тапсыруды ұйымдас. | | | |
| |тыру | | | |
|___|____________________________|_______|______________________|_______|
| 10|100 жасқа толған және асқан |Шешім |Облыстар, Астана мен | Жыл |
| |адамдарға ескерткіш кәде. | |Алматы қалаларының |ішінде |
| |сыйлар тапсыруды ұйымдастыру| |әкімдері | |
|___|____________________________|_______|______________________|_______|
| 11|Ганновер қаласындағы (Герма.|Ұсыныс |Қазақстан Республика. | 2000 |
| |ния) "ЭКСПО-2000" дүниежү. | |сының "ЭКСПО-2000" дү.|жылдың |
| |зілік көрмесін өткізуге қа. | |ниежүзілік көрмесіне | III |
| |тысу | |экспозициялар дайындау|тоқсаны|
| | | |және қатысу жөніндегі | |
| | | |ұйымдастыру комитеті | |
|___|____________________________|_______|______________________|_______|
| 12|Мельбурн қаласында (Австра. |Үкімет.|Спорт және туризм жө. | 2000 |
| |лия) өтетін Олимпиада - |тің |ніндегі агенттік |жылдың |
| |2000-ға қатысу |қаулысы| | III |
| | | | |тоқсаны|
|___|____________________________|_______|______________________|_______|
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.