Қазақстанның үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуға дайындалуы мен өткізуі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 15 ақпан N 36. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде Қазақстан да кіретін алдағы жаңа мыңжылдыққа адамзаттың қадам басуына байланысты, сондай-ақ азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін ескере отырып, үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуды ұйымдастыру мақсатында қаулы етемін: 
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 
      1) 1999 жылғы 20 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстанда үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуға дайындалу мен өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құрсын. Мемлекеттік комиссияның құрамына ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, іскер топтардың, қоғамдық бірлестіктердің, діни және өзге де ұйымдардың өкілдеріне кіруді ұсынсын; 
      2) 1999 жылғы 25 ақпанға дейін халықаралық ұйымдардың негізгі іс-шараларымен үйлестірілген Қазақстанның үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуға дайындалуы мен өткізуі жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін; 
      3) осы Жарлықтан туындайтын іс-шараларды қаржыландыруды заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізсін;
      4) Қазақстанның жаңа мыңжылдықты салтанатты қарсы алуы шеңберінде көзделген іс-шараларды дайындау мен жүзеге асырудың барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен және уақтылы жариялап отыруды қамтамасыз етсін;
      5) осы Жарлықты жүзеге асыру жөнінде өзге де қажетті шаралар қолдансын.
      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
     3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.      

     Қазақстан Республикасының 
     Президенті 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады