Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Алматы қаласындағы жол құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 617 P990617_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосымша жұмыс орындарын құру жөніндегі аймақтық инвестициялық
бағдарламаны қаржыландыру үшін Алматы қаласы әкімінің қарызға қаражат алуы
туралы";
кіріспеде "көше арналары мен жолдардың жай-күйінің" сөздері "қосымша
жұмыс орындарын құру жөніндегі аймақтық инвестициялық бағдарламаны
қаржыландыру" сөздерімен алмастырылсын;
1-тармақта:
"жол құрылысына" сөздері "қосымша жұмыс орындарын құру жөніндегі
аймақтық инвестициялық бағдарлама үшін" сөздерімен алмастырылсын;
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.