Қосымша жұмыс орындарын құру жөніндегі аймақтық инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін Алматы қаласы әкімінің қарызға қаражат алуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 мамыр N 617

      ЕСКЕРТУ. Атауы мен кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.14. N 237
               қаулысымен. P000237_
 
      Алматы қаласындағы қосымша жұмыс орындарын құру жөніндегі аймақтық инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру күрделі ахуалын ескере отырып, "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Алматы қаласы әкімінің заңдарда белгіленген тәртіппен, "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жергілікті атқарушы органдардың жиынтық қарыз алуының шегінде Алматы қаласындағы қосымша жұмыс орындарын құру жөніндегі

 

аймақтық инвестициялық бағдарлама үшін 700,0 (жеті жүз) миллион

теңге көлемінде қарыз алу туралы ұсынысына келісім берілсін.



     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.18. N 1180         

              қаулысымен. 


P991180_



     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.14. N 237          

              қаулысымен. 


P000237_




     2.



     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.02.14. N 237  

              қаулысымен. 


P000237_




     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

     1) Алматы қаласының әкімі жүзеге асыратын заемдардың шарттарына

қаржылық сараптама жүргізсін;


 
       2) мемлекеттік борышты басқарудың шеңберінде жергілікті атқарушы

 

органдардың заемдарын тартудың, өтеудің және оларға қызмет көрсетудің

мониторингін қамтамасыз етсін.

     3-1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы

қаласының әкімі нақты заемдар тартқан жағдайда, заем туралы шарттың

(келісімнің) құқықтық сараптамасын жүргізсін.



      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді және 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР      


               Үкіметінің 1999.08.18. N 1180 қаулысымен. 


P991180_



     4. Алматы қаласының әкімі жергілікті бюджеттердің қаражатынан

тартылған заемдарды өтеуді және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



      Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады