Тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
"1999 жылдың егiс науқанын тұқымдық астықпен тауарлық несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 341 P990341_ қаулысына сәйкес берiлген 13 955 966 (он үш миллион тоғыз жүз елу бес мың тоғыз жүз алпыс алты) АҚШ доллары сомасындағы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) тұқымдық несие бойынша "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) алдындағы қарызын "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Корпорация) аударуды;
"Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 қыркүйектегi N 1390 P991390_ қаулысына сәйкес тұқымдық несие бойынша берешектердi өтеудiң есебiне облыстардың әкiмдерi қайтарған және сенiмгерлiкпен басқаруға Корпорацияға берiлген 8 400 169,29 (сегiз миллион төрт жүз мың бiр жүз алпыс тоғыз бүтiн жүзден жиырма тоғыз) АҚШ доллары сомасындағы 67 600,64 (алпыс жетi мың алты жүз бүтiн жүзден алпыс төрт) тонна мөлшерiндегi тұқымдық және тауарлық астықты осы мақсатқа жұмсау арқылы Қазақстан Республикасы тұқымдық астығының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруды;
Корпорацияның Қоғам алдындағы тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруға арналып нақты берiлген астықтың көлемiне сәйкес тұқымдық несие бойынша 8 400 169,29 (сегiз миллион төрт жүз мың бiр жүз алпыс тоғыз бүтiн жүзден жиырма тоғыз) АҚШ доллары сомасындағы берешегiн өтеуiн қамтамасыз етсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.09.22. N 1426
қаулысымен. P001426_
2.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.09.22. N 1426
қаулысымен. P001426_
3. "Корпорацияға" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша 1-қосымшаға сәйкес тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстарынан Батыс Қазақстан облысының тауар өндірушілеріне 2000 жылдың егіс науқанының қажеттілігіне жұмсауға екінші деңгейдегі банктің кепілі немесе мүліктік кепілдеме бойынша 46000 (қырық алты мың) тонна тұқымдық астық бөлсін.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.22. N 1426
қаулысымен. P001426_
4. Батыс Қазақстан облысының әкіміне аудандастырылған сорттардың бидай тұқымына тауарлық партиялардан аудандастырылмаған сорттардың тұқымдық материалдарын айырбастап алуға рұқсат берілсін.
5. Батыс Қазақстан облысының әкімі:
бөлінген тұқымдық материалдың ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге дер кезінде жеткізілуін және астық өндірісінің экономикалық қолайлы аймақтарында оны ең аз тәуелдікпен мақсатты пайдалануды;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің берілетін тұқымдық несиені
2000 жылғы 11 желтоқсанға дейінгі мерзімде 2-қосымшаға сәйкес қайтарым
коэффициентімен "Корпорацияға" қайтаруын қамтамасыз етсін.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.22. N 1426
қаулысымен.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 2 наурыздағы
N 349 қаулысына 1-қосымша
Батыс Қазақстан облысының ауылшаруашылығы тауарын
өндірушілеріне "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы"
ЖАҚ беретін тұқымдық астықтың мөлшері
(мың тонна)
----------------------------------------------------------------------
! Мөлшері
!-----------------------------------------
Облыс, ! ! оның ішінде
элеваторлар ! Барлығы !-----------------------------
! ! сортты тұқым ! тауарлық
! ! !партиялардан
! ! ! тұқымдық
! ! ! астық
---------------------------------------------------------------------
Ақмола барлығы ! 12,2 ! 12,2 ! -
оның ішінде:
"Жамантұз элеваторы" АҚ ! 9,9 ! 9,9 ! -
"Макин элеваторы" АҚ ! 2,3 ! 2,3 ! -
Ақтөбе, барлығы ! 6,5 ! - ! 6,5
Батыс Қазақстан, барлығы ! 4,9 ! 1,0 ! 3,9
Қостанай, барлығы ! 22,4 ! - ! 22,4
Барлығы: ! 46,0 ! 13,2 ! 32,8
---------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 2 наурыздағы
N 349 қаулысына 2-қосымша
Тұқымдық несиені қайтарудың ақшалай ара қатынас
коэффициенті
(берілетін және қайтарылатын айырмашылығын есепке алмай)
---------------------------------------------------------------------
Тұқымдық несие ! 1 тонна үшін қайтарым
қарызының ұзақтығы ! коэффициенті
---------------------------------------------------------------------
1 ай ! 1,01
2 ай ! 1,02
3 ай ! 1,03
4 ай ! 1,04
5 ай ! 1,05
6 ай ! 1,06
7 ай ! 1,07
8 ай ! 1,08
9 ай ! 1,09
--------------------------------------------------------------------
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.