Тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстары туралы <*> ЕСКЕРТУ. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1506 қаулысымен. ~P991506

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 қыркүйек N 1390

      Күтпеген жағдаяттар пайда болған ретте, Қазақстан Республикасының негiзгi егiн егетiн аймақтарын тұқыммен қамтамасыз ету үшiн қажеттi тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "1999 жылдың егiс науқанын тұқымдық астықпен тауарлық несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 341 P990341_ қаулысына (бұдан әрi - N 341 қаулы) сәйкес "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамынан (бұдан әрi - Қоғам) тұқымдық астықты қарызға алған облыстардың әкiмдерi қарызға алынған астықты N 341 қаулыда белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруды камтамасыз етсiн.
      2. Қоғамға:
      1) облыс әкiмдерiнiң астықты (N 341 қаулының негiзiнде қарызға алынған) тұқымдық астықпен немесе ақшамен қайтару жөнiнде мүмкiндiгі болмаған жағдайда, кейiннен оны "Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Азық-түлiк корпорациясы) келiсiлген элеваторларға орналастыру арқылы, олардан тауарлы астықты 70 (жетпiс) АҚШ долларына баламды баға бойынша қабылдау;
      2) заңдарда белгiленген тәртiппен облыс әкiмдерiнен N 341 қаулыға сәйкес қарызға алынған тұқымдық астықты қайтару ретiнде түскен тұқымдық астықты (оның iшiнде тауарлы астықты да) Азық-түлiк корпорациясына сенiмдi басқаруға беру ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда

 

белгiленген тәртiппен Қоғам мен Азық-түлiк корпорациясының қатысуымен:

     1) 2000 жылдың 1 қаңтарына дейiн заттай нысанда 100 (жүз) мың

тонна көлемде тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруды

қамтамасыз етсiн;



     2)



     ЕСКЕРТУ. Кіріспедегі және 3-ші тармақтың 1) тармақшасындағы сөздер   

              ауыстырылды, 2) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің

              1999.09.30. N 1506 қаулысымен. 


P991506_



     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Қасымбеков Б.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады