Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын қалыптастырудың кейбiр мәселелерi және Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерiне көктемгi дала жұмыстарын жүргiзуге көмек көрсету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 2 наурыздағы N 349 P000349_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
"1999 жылдың егiс науқанын тұқымдық астықпен тауарлық несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 341 P990341_ қаулысына сәйкес берiлген 13 955 966 (он үш миллион тоғыз жүз елу бес мың тоғыз жүз алпыс алты) АҚШ доллары сомасындағы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) тұқымдық несие бойынша "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) алдындағы қарызын "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Корпорация) аударуды;
"Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 қыркүйектегi N 1390 P991390_ қаулысына сәйкес тұқымдық несие бойынша берешектердi өтеудiң есебiне облыстардың әкiмдерi қайтарған және сенiмгерлiкпен басқаруға Корпорацияға берiлген 8 400 169,29 (сегiз миллион төрт жүз мың бiр жүз алпыс тоғыз бүтiн жүзден жиырма тоғыз) АҚШ доллары сомасындағы 67 600,64 (алпыс жетi мың алты жүз бүтiн жүзден алпыс төрт) тонна мөлшерiндегi тұқымдық және тауарлық астықты осы мақсатқа жұмсау арқылы Қазақстан Республикасы тұқымдық астығының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруды;
Корпорацияның Қоғам алдындағы тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруға арналып нақты берiлген астықтың көлемiне сәйкес тұқымдық несие бойынша 8 400 169,29 (сегiз миллион төрт жүз мың бiр жүз алпыс тоғыз бүтiн жүзден жиырма тоғыз) АҚШ доллары сомасындағы берешегiн өтеуiн қамтамасыз етсiн";
2-тармақ алынып тасталсын;
3 және 5-тармақтардағы "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық
акционерлiк қоғамына" деген сөздер "Корпорацияға" деген сөзбен
ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.Н.