"Өнімді табиғи нысанда бөлу туралы келісім-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилері мен үлестерін белгілеу және оны төлеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қыркүйектегі N 1329 P971329_ қаулысына сәйкес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы экономикасын қолдау және ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді 2000 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңіне жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1041
қаулысымен. P001041_
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардағы құзыреттi орган ретiнде Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп:
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес көмiрсутектi шикiзатты жер қойнауын пайдаланушылардың роялти есептеу кезiнде, жер қойнауын пайдаланушылардың төлейтiн роялти есебiне шикi мұнай көлемiн "Мұнай-Импекс" ЭИФ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне (бұдан әрi - Мұнай-Импекс) берудi қамтамасыз етсiн;
жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiм бойынша Қосымша келiсiмдерде жер қойнауын пайдаланушылардың роялти төлеу есебiне шикi мұнай көлемiн беруге белгiленген келiсiм-шарттағы мерзiмдерден ерекше, неғұрлым ерте мерзiмдердi белгiлесiн.
1-1. Жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеудi бүкiл жыл бойына заттай нысанда жүргiзсiн.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.14. N 393
қаулысымен. P000393_
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда, 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР
Үкіметінің 2000.07.10. N 1041 қаулысымен. P001041_
2. Мұнай-Импекс:
1) жер қойнауын пайдаланушылардан кейін олардың сатылуымен заттай нысанда роялтидің есебіне төленетін шикі мұнайдың және одан әрі қайта өңдеуге отандық мұнай өңдеуші зауыттарға берілетін роялти төлемі есебінен алынған шикі мұнайдың мөлшерлерін қабылдасын;
2) жер қойнауын пайдаланушылар есептеген роялтидің сомаларын республикалық бюджетке есептеуді заңдарда роялти төлеу үшін белгіленген мерзімдерде жүргізсін.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.14. N 393
қаулысымен. P000393_
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1041
қаулысымен. P001041_
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1131
қаулысымен. P001131_
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен Мұнай-Импекстiң бюджетке ақшалай түрде роялти төлемiнiң мерзiмiн 2000 жылғы 1 қарашаға дейiн ұзартуға рұқсат берсiн.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1041
қаулысымен. P001041_
4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі:
1) Мұнай-Импекс еркін рынокта жанар-жағармай материалдарының қажетті мөлшерін сатып алуын және көрсетілген мөлшерді Жанар-жағармай материалдарын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сату жөніндегі операторлардың (бұдан әрі - Сату жөніндегі оператор) Жанар-жағармай материалдарын сатудың бағасын айқындауға арналған ведомствоаралық комиссия белгілеген баға бойынша берілетін тауарлық өнімдердің мөлшері үшін толық алдын ала төлеу шартымен одан әрі сатуын қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен Мұнай-Импекс бірлесіп 15 наурызға дейінгі мерзімде Жанар-жағармай материалдарын сатудың бағаларын айқындауға арналған ведомствоаралық комиссияның құрамы бойынша ұсыныс енгізсін.
Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.14. N 393
қаулысымен. P000393_
Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. N 1041
қаулысымен. P001041_
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) облыстарға Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жанар-жағармай материалдарын сатудың бағаларын айқындауға арналған ведомствоаралық комиссиямен келiсiм бойынша көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарының мұқтаждарына берілетін жанар-жағармай материалдары мөлшерлерінің жоғарғы лимиттерін бекітсін;
5-1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегі агенттiгі жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлемiнiң есебiне төлейтін шикi мұнай көлемiн сатуы кезiнде "Мұнай-Импекс" ЭИФ" ЖШС үшiн мұнай тасымалдауға арналған iшкi тарифтердi қолданатын болсын.
Ескерту. 5-тармақ өзгерді, 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.07.10. N 1041 қаулысымен. P001041_
2) облыстардың әкімдерімен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің алынған жанар-жағармай материалдарын мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.
6. Облыстардың әкімдері:
1) тендерлік негізде Сату жөніндегі операторды белгілесін;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп
жанар-жағармай материалдары сатылатын қаржылық-тұрақты ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілердің тізбесін айқындасын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2000
жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.