Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2000 жылғы 4 наурыздағы N 353 және 2000 жылғы 17 наурыздағы N 412 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 шілде N 1041

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Заттай нысанда роялти төлеу туралы және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 наурыздағы N 353 P000353_ қаулысына:
      кірiспе "көктемгi дала" деген сөздерден кейiн "және егiн жинау" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардағы құзыреттi орган ретiнде Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп:
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес көмiрсутектi шикiзатты жер қойнауын пайдаланушылардың роялти есептеу кезiнде, жер қойнауын пайдаланушылардың төлейтiн роялти есебiне шикi мұнай көлемiн "Мұнай-Импекс" ЭИФ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне (бұдан әрi - Мұнай-Импекс) берудi қамтамасыз етсiн;
      жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiм бойынша Қосымша келiсiмдерде жер қойнауын пайдаланушылардың роялти төлеу есебiне шикi мұнай көлемiн беруге белгiленген келiсiм-шарттағы мерзiмдерден ерекше, неғұрлым ерте мерзiмдердi белгiлесiн";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеудi бүкiл жыл бойына заттай нысанда жүргiзсiн.";
      2-тармақтағы:
      "БДБ" деген сөз алынып тасталсын;
      1)-тармақшадағы "Қосымша келiсiмнiң ережелерiне сәйкес" деген сөздер "кейiн олардың сатылуымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен Мұнай-Импекстiң бюджетке ақшалай түрде роялти төлемiнiң мерзiмiн 2000 жылғы 1 қарашаға дейiн ұзартуға рұқсат берсiн";
      1) және 2)-тармақшалардағы "БДБ" деген сөз алынып тасталсын;
      5-тармақтың 1)-тармақшасындағы "көктемгi дала" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жанар-жағармай материалдарын сатудың бағаларын айқындауға арналған ведомствоаралық комиссиямен келiсiм бойынша көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегі агенттiгі жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлемiнiң есебiне төлейтін шикi мұнай көлемiн сатуы кезiнде "Мұнай-Импекс" ЭИФ" ЖШС үшiн мұнай тасымалдауға арналған iшкi тарифтердi қолданатын болсын.";
      2) "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушілерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 наурыздағы N 412 P000412_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 16, 159-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жанар-жағармай сатудың ережелерiне:
      1, 7-тармақтардағы "көктемгi дала" деген сөздерден кейiн "және егiн жинау" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі Мұнай және газ өнеркәсiбi бас диспетчерлiк басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - БДБ) мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      8 және 9-тармақтардағы "БДБ" сөз алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне

жанар-жағармай сатудың бағасын айқындауға арналған ведомствоаралық 
комиссия туралы ережеде:
     1-тармағындағы "көктемгi дала" деген сөздерден кейiн "және егiн 
жинау" деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
     "4-1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 
бекiтетiн жанар-жағармай материалдарының жоғарғы лимиттерi көлемдерiн 
келiсу.";
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне 
жанар-жағармай материалдарын сатудың бағаларын айқындауға арналған 
Ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Шырдабаев                         - Қазақстан Республикасы Энергетика,
Жексен Мағауияұлы                   индустрия және сауда министрлiгi
                                    Мұнай және газ департаментiнiң
                                    директоры
Қасымов Борис                     - "Қазагро" Қазақстан республикалық
Ибрагимұлы                          фермерлер қауымдастығының
                                    президентi;
     көрсетiлген құрамнан Айдар Сағадатұлы Демеуов шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады