Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Астана қаласын дамыту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 наурыздағы N 261 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3 -тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Сыртқы iстер министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiк, "Астананы дамыту корпорациясы" ЖАҚ, Астана қаласының әкiмi мен Халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi жапон агенттiгi (ЛСА) арасында келiсiлген Қазақстан Республикасы Астана қаласының мастер-жоспарын зерттеу және оны дамыту жөнiндегi 1999 жылғы 5 қазандағы жұмыс жоспары назарға алынсын.
3-2. Құпия.
3-3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, агенттiктерi мен
ведомстволары өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде Астана қаласының әкiмiне,
"Астананы дамыту корпорациясы" ЖАҚ-на зерттеу жөнiндегi жұмыстар жоспарын
iске асырумен байланысты мәселелердi шешуге жәрдемдесу жөнiнде шаралар
қолдансын."
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева А.Ж.