Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 наурыздағы N 261 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 14 наурыз N 392

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Астана қаласын дамыту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 наурыздағы N 261 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3 -тармақтармен толықтырылсын:
      "3-1. Сыртқы iстер министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiк, "Астананы дамыту корпорациясы" ЖАҚ, Астана қаласының әкiмi мен Халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi жапон агенттiгi (ЛСА) арасында келiсiлген Қазақстан Республикасы Астана қаласының мастер-жоспарын зерттеу және оны дамыту жөнiндегi 1999 жылғы 5 қазандағы жұмыс жоспары назарға алынсын.

 

     3-2. Құпия.

     3-3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, агенттiктерi мен

ведомстволары өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде Астана қаласының әкiмiне,

"Астананы дамыту корпорациясы" ЖАҚ-на зерттеу жөнiндегi жұмыстар жоспарын

iске асырумен байланысты мәселелердi шешуге жәрдемдесу жөнiнде шаралар

қолдансын."

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Икебаева А.Ж. 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады